"Тамақ инженериясы және биотехнология" және "Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар" бағыттары бойынша үшінші нөмірге жарияланымдарды қабылдау жабық!

Прием публикаций на третий номер по направлениям «Пищевая инженерия и биотехнология» и «Автоматизация и информационные технологии» закрыт!

The reception of publications for the third issue in the areas of "Food Engineering and Biotechnology" and "Automation and Information Technology" is closed!

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу
№ 2(22) (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

6-19 9
Аңдатпа

Қазіргі таңда спорт пен дене шынықтыру саласында жаттығу процесінің тиімділігін арттыру, жарақат алу қаупін төмендету және оқыту мен жаттықтыруды жекелендіру мәселелері өзекті болып отыр. Осыған байланысты жасанды интеллект (ЖИ) пен компьютерлік көру технологияларын қолдану негізінде физикалық жаттығуларды автоматтандырылған түрде талдау және бағалау бағытындағы зерттеулер қарқынды дамуда. Аталған технологиялар адамның қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалап, биомеханикалық параметрлерді дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыста физикалық белсенділікті тануға, жаттығуларды орындау техникасын талдауға және пайдаланушыларға жедел кері байланыс ұсынуға арналған компьютерлік көруге негізделген интеллектуалды фитнес көмекшісін әзірлеу қарастырылады. Ұсынылған жүйе терең оқыту әдістеріне сүйене отырып, Ultralytics YOLO архитектурасын және OpenCV кітапханасын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Жүйе дененің негізгі нүктелері мен буындарын анықтап, олардың кеңістіктік орналасуын талдау арқылы жаттығулардың орындалу дұрыстығын бағалайды, қайталау санын есептейді және тиімділік көрсеткіштерін анықтайды.

Зерттеу барысында әртүрлі жаттығу қозғалыстарын қамтитын бейне деректер жиыны жиналып, алдын ала өңделді және аннотацияланды. Терең нейрондық желі модельдері оқытылып, олардың дәлдігі мен өнімділігі бағаланды. Сонымен қатар, биомеханикалық модель негізінде дене бөліктеріне түсетін жүктемелер есептеліп, қозғалыс сапасын жақсартуға арналған түзету ұсыныстары қалыптастырылды.

Эксперименттік нәтижелер ұсынылған жүйенің жаттығуларды тану дәлдігі жоғары екенін және нақты уақыт режимінде тиімді жұмыс істейтінін көрсетті. Әзірленген бағдарламалық шешім үйде жаттығу жасаушы адамдарға, спортшыларға, жаттықтырушыларға және дене шынықтыру саласындағы мамандарға жаттығу процесін бақылау мен оңтайландыруда қосымша құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологияларын фитнес және спорт саласында кеңінен қолданудың перспективалы екендігін дәлелдейді.

19-29 8
Аңдатпа

Бұл мақалада электрондық цифрлық қолтаңбаларды аппараттық іске асыруға арналған мамандандырылған криптографиялық контроллер үшін формалдандырылған әзірлеу ағыны ұсынылады және эксперименттік түрде тексеріледі. Ұсынылған бағдар криптографиялық контроллерді әзірлеудің толық циклін қамтиды және архитектуралық синтезді, RTL іске асыруды, ППВМ (Пайдаланушы Программалайтын Вентильді Матрица) верификацияны және MPW ағынында физикалық іске асыруды біріктіреді. Контроллер архитектурасы модульдік принципті қолдану арқылы әзірленген, мұнда жүйе жеке модульдер ретінде әзірленген және верификацияланған функционалдық тәуелсіз аппараттық блоктар жиынтығымен ұсынылған. Әрбір модуль ППВМ түптүрлілеу кезінде RTL іске асырудан, бағдарламалық интерфейсті қалыптастырудан және аппараттық верификациядан өтеді. Бұл әзірлеудің басында функционалдық және интерфейс қателерін анықтауға мүмкіндік береді. Маңызды модульдер RTL-GDS ағынында қосымша DRC және LVS физикалық жобалау верификацияларынан өтеді. Модульдік верификациядан кейін блоктар біріктіріледі, жад картасы жасалады және жүйенің аппараттық верификациясы орындалады. Ұсынылған тәсілдің эксперименттік тексеруі GOWIN Tang Primer 20K және TinyTapeout (PDK SkyWater SKY130) платформаларын пайдаланып TinyQV (RISC-V) ядросына негізделген демонстрациялық есептеу модулінде жүргізілді. Нәтижелер ұсынылған тәсілдің қайталану мүмкіндігін және оның мамандандырылған криптографиялық контроллерлер мен қауіпсіз кірістірілген жүйелерді әзірлеу үшін қолданылуын растайды.

29-40 8
Аңдатпа

Мақалада ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) үшін екі жолақты көп кірісті және көп шығысты антенна жүйесінің өнімділігі жан-жақты талданды. ҰҰА мен жердегі басқару орталықтары арасындағы жоғары жылдамдықты және сенімді деректер тасымалын қамтамасыз ету қазіргі заманғы байланыс технологияларының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осыны ескере отырып, ұсынылған антенна массиві екі жиілік диапазонында (қосжолақты режимде) тұрақты жұмыс істейтін етіп жобаланды. Сандық модельдеу нәтижелері көрсеткендей, бұл антенна массиві жоғары оқшаулауды (23 дБ және 19 дБ) және кең өткізу жолағын (2.14-3.25 ГГц және 5.4-7.4 ГГц) қамтамасыз етеді. Бұл деректер тасымалының жоғары жылдамдығын, элементтер арасындағы өзара ықпалдың аздығын және спектрлік ресурстарды тиімді пайдалануды көрсетеді. Сонымен қатар, антеннаның радиациялық сипаттамаларын талдау нәтижесінде корреляция коэффициенті мен диверсификация коэффициентінің оңтайлы мәндері анықталды, бұл MIMO технологиясының кеңістіктік әртүрлілік пен сенімділікті арттырудағы маңызын айқындайды.

Аталған тұжырымдар модельдеу нәтижелеріне сүйене отырып ұсынылған шешім ҰҰА байланыс жүйелері үшін перспективалы болғанымен, болашақта прототип жасап, эксперименттік өлшеулер арқылы сипаттама жүргізуді қажет етеді.

40-50 9
Аңдатпа

Құбырлар суды, мұнайды, газды және басқа сұйық және газ тәрізді орталарды тасымалдау үшін кеңінен қолданылады. Құбыр жүйелерінде ағып кетудің пайда болуы табиғи ресурстардың айтарлықтай жоғалуына әкеледі және қоршаған ортаға және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты ағып кетуді уақтылы анықтау және оқшаулау міндеті мұнай-газ саласының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жұмыста қысым өлшеу деректері негізінде жасанды интеллект әдістерін пайдалана отырып, құбырдағы ағып кету координатын анықтау қарастырылады. MATLAB ортасында жүзеге асырылатын радиалды-базистік нейрондық желіні қолдана отырып, қысымның төмендеуінің ағып кету ағынына және ағып кету орнына дейінгі қашықтыққа тәуелділігін жуықтауға негізделген ағып кетуді оқшаулау тәсілі ұсынылды. Эксперименттік деректер әртүрлі ағып кету режимдерін имитациялау кезінде ағып кетуді анықтау жүйесін сынау арқылы алынады. Модельдеу нәтижелері әзірленген модель зерттелетін тәуелділіктің тиімді жуықтауын қамтамасыз ететінін және орташа және ірі ағып кетулер үшін шамамен 1,9 км орташа квадраттық қателікпен ағып кету координатын анықтауға мүмкіндік беретінін көрсетті, бұл құбыр жүйелерін бақылау кезінде нейрондық желі әдістерін қолдану перспективасын растайды.

50-58 9
Аңдатпа

Ұсынылған жұмыста динамикалық кинетикалық модельді модельге негізделген болжамды басқару контурына интеграциялау арқылы жүзеге асырылған бидай сабанының екі сатылы гидролизін басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және эксперименттік верификациялау нәтижелері берілген. Басқару объектісі сызықтық емес динамикамен, технологиялық шектеулердің болуымен және шикізат құрамының, соның ішінде целлюлоза, гемицеллюлоза және лигнин мөлшерінің өзгеруіне жоғары сезімталдықпен сипатталады, бұл болжамды басқару әдістерін қолдануды негіздейді.

АБЖ құрылымында иерархиялық архитектура іске асырылған: жергілікті PID-реттегіштер температуралық және pH режимдерін тұрақтандырады, ал модельге негізделген болжамды басқару температура, қысым және өңдеу уақыты бойынша шектеулерді ескере отырып, қант шығымын максимизациялау критерийі бойынша басқарушы әсерлерді оңтайландырады. Математикалық модель қышқылды гидролиз кинетикасын (гемицеллюлоза-ксилоза-фурфурол) және ферменттердің ингибирленуі мен инактивациясын ескеретін модификацияланған Михаэлис-Ментен теңдеуіне негізделген ферментативті кезеңді қамтиды.

Басқару 1 минуттық қадаммен дискретті күй моделінде және өтпелі процестерді ескере отырып жүзеге асырылады. Жүйе деректерді жинау және визуализациялау үшін SCADA-мен біріктірілген бағдарламаланатын логикалық контроллер негізінде жүзеге асырылған. Эксперименттік апробация нәтижелері қант шығымының 76-85 %-ға дейін артуын, вариация коэффициентінің 4 %-ға дейін төмендеуін, ингибиторлар концентрациясының азаюын, тұрақтану уақыты мен энергия шығындарының қысқаруын, сондай-ақ жүйенің сыртқы әсерлер мен шикізат құрамының өзгерістеріне төзімділігін көрсетті.

59-70 9
Аңдатпа

Бұл жұмыста кремний негізіндегі күн элементінің оптикалық сипаттамалары мен тиімділігіне антишағылысу қабатының әсерін кешенді математикалық модельдеу нәтижелері ұсынылған. Талдау Френель теңдеулеріне және жұқа қабықшалардың интерференциялық моделіне негізделген, олардың көмегімен 400-1100 нм толқын ұзындықтары диапазонында күн сәулесінің шағылу және жұтылу коэффициенттерінің спектрлік тәуелділігі бағаланды. Ерекше назар түсетін сәуленің кремний бетімен өзара әрекеттесуіне және құрылғы тиімділігін шектейтін оптикалық шығындардың рөліне аударылды.

Алынған нәтижелер кремний нитриді (Si₃N₄) негізіндегі антишағылысу қабатын қолдану беткі шағылуды айтарлықтай төмендетіп, түскен күн сәулесінің жұтылуын арттыратынын көрсетті. Қабат қалыңдығына байланысты шағылу коэффициентінің өзгерісі егжей-тегжейлі модельденіп, стандартты жарықтандыру жағдайларында антишағылысу қабатының оңтайлы қалыңдығы анықталды. Алынған нәтижелер теориялық бағалаулармен және жарияланған эксперименттік деректермен жақсы сәйкес келеді.

Сонымен қатар, күн сәулесінің спектрлік таралуын және оның фототок генерациясына қосатын үлесін ескере отырып, оптикалық шығындардың фотоэлектрлік тиімділікке әсері бағаланды. Шағылу шығындарының азаюы фототоктың артуына және фотоэлектрлік энергияны түрлендіру тиімділігінің жоғарылауына тікелей ықпал ететіні көрсетілді. Ұсынылған тәсіл заманауи жоғары тиімді кремнийлі күн элементтері үшін жұқа қабықшалы жабындарды жобалау мен оңтайландыруда тиімді құрал ретінде қолданылуы мүмкін, сондай-ақ оны басқа фотоэлектрлік материалдар мен көпқабатты жабындарға да бейімдеуге болады.

71-80 9
Аңдатпа

Жүрек-қантамыр аурулары өлім-жітімнің жетекші себептерінің бірі болып қала береді, бұл кардиологиялық кескіндерді талдаудың тұрақты әдістерін және пациенттерді мониторингтеу жүйелерін әзірлеудің өзектілігін айқындайды. Осы жұмыста ғылыми жоба (IRN: AP05132044) аясында әзірленген биомедициналық кескіндерді автоматтандырылған алдын ала өңдеу және сегментациялау жүйесі ұсынылып, валидтелді. Эксперименттік протокол ашық Heart Database деректер жиыны негізінде (18 пациент, 3D+t МРТ) жүзеге асырылды, бағалау үшін эндокардтың сараптамалық маскалары және 36 кесінді (диастола/систола) пайдаланылды. Бағалау PSNR, SSIM, Dice және IoU метрикалары бойынша жүргізілді. Салыстырмалы талдау алдын ала өңдеудің бес режимін қамтыды: none, Gaussian, wavelet, NLM және hybrid (wavelet + NLM + CLAHE). Нәтижелер NLM әдісінің шу басу сапасы бойынша ең жоғары көрсеткішке ие екенін көрсетті (PSNR = 26,07±0,33 dB, ал baseline үшін 22,85±0,21 dB, p=1,46·10⁻¹¹, Уилкоксон критерийі), ал сегментацияның ең жоғары дәлдігі hybrid-алдын ала өңдеу кезінде байқалды (Dice = 0,681±0,176, ал алдын ала өңдеусіз 0,636±0,153, p=0,018). «Күрделі жағдайларды» талдау сегментация сапасының эндокард контрастына және жүрек циклі фазаларындағы геометриялық күрделілікке тәуелді екенін көрсетті. Алынған нәтижелер алдын ала өңдеу кезеңінің downstream-сегментация сапасына статистикалық тұрғыдан маңызды әсер ететінін көрсетеді және «алдын ала өңдеу-сегментация-бағалау» кешенді конвейерін клиникалық мониторинг жүйелерін әзірлеудің инженерлік негізі ретінде қолданудың орынды екенін дәлелдейді. Ұсынылған тәсіл нақты деректердің гетерогенділігі жағдайында тұрақты және қайта өндірілуі мүмкін жұмысқа бағытталған және оны клиникалық ақпараттық жүйелерге одан әрі енгізудің негізі ретінде қарастыруға болады.

80-89 10
Аңдатпа

Мақалада анықталмаған параметрлi және сыртқы әсері бар сызықтық емес қатаң кері байланыс класс нысанын басқару есебі зерттеледі. Зерттеудің негізгі мақсаты – жүйенің робасттылығын қамтамасыз ететін және барлық сигналдардың кең ауқымды бірқалыпты шектелгендігін қамтамасыз ететін адаптивті басқару алгоритмін әзірлеу.

Белгісіз динамикалық функцияларды компенсациялау үшін рекурсивті синтез (backstepping) әдісі мен адаптивті аппроксимация заңдары біріктіріліп қолданылды. Тұйықталған жүйенің кең ауқымды орнықтылығы Ляпунов функциялар әдісі арқылы аналитикалық түрде дәлелденіп, бақылау қатесінің нөлдің шектелген маңайына жинақталатыны көрсетіледі.

Зерттеу нәтижесінде анықталмаған параметрлері және шектелген сыртқы әсерлері бар екінші ретті қатаң кері байланыс түріндегі сызықтық емес жүйелер үшін басқару есебі қойылып, осы есептің адаптивті-робастты басқару арқылы шешілетіні конструктивті түрде көрсетілді. Атап айтқанда, берілген эталондық траекторияны бақылауды қамтамасыз ететін басқару заңының бар болуы backstepping әдісі негізінде енгізіліп, оны құрудың кезеңдік синтез жолы ұсынылды: алдымен виртуалды басқару құрылып, кейін адаптивті басқару заңдары анықталды. Ляпунов функциялары әдісі арқылы тұйықталған жүйенің орнықтылығы, барлық сигналдардың бірқалыпты шектелгендігі және бақылау қатесінің нөлдің шектелген маңайына жинақталуы дәлелденді. Осылайша, жұмыста тек жеке басқару алгоритмі ғана емес, анықталмаған сызықтық емес жүйелер класы үшін басқару есебінің шешілімділігін негіздейтін теориялық және конструктивті тәсіл ұсынылды.

Ұсынылған әдістің практикада тексеру мақсатында бірбуынды робот-манипулятордың динамикасына сандық модельдеу жүргізілді. Нәтижелер ұсынылған адаптивті бэкстеппинг алгоритмінің жүктеме параметрі кенет өзгерген және сыртқы әсер болған жағдайда жүйенің шектелген қозғалыс режимін сақтайтынын көрсетті. Сандық салыстыру MSE, максимал қате және орнығу уақыты көрсеткіштері бойынша жүргізіліп, басқару сапасының алгоритм параметрлерін таңдауға тәуелді екені анықталды. Бұл әдіс параметрлік белгісіздігі бар мехатроникалық және роботтандырылған жүйелерді басқару үшін қолданылуы мүмкін, алайда практикалық қолдану алдында басқару коэффициенттерін қосымша баптау қажет.

89-96 8
Аңдатпа

Ашық қолжетімді құрылымдалған клиникалық деректер негізінде бауыр қатерлі ісігі қаупін болжауға арналған машиналық оқыту модельдері салыстырмалы түрде бағаланды. Зерттеуде Kaggle платформасынан алынған деректер жиынтығы қолданылды (N=5000): мақсатты айнымалы Liver_cancer, 13 белгі (9 сандық, 4 категориялық), кластар теңгерімсіз (0: 78,22%, 1: 21,78%).Деректерді алдын ала өңдеу, модельдерді үйрету және бағалау кезеңдері бірыңғай эксперименттік протокол шеңберінде орындалды. Сандық айнымалылар стандарттау арқылы нормаланды; категориялық айнымалылар бинарлы форматта кодталды.

Салыстырмалы талдауға логистикалық регрессия (Logistic Regression), тірек векторлар әдісі (Support Vector Machine, RBF ядросымен), k ең жақын көршілер (k-Nearest Neighbors), кездейсоқ орман (Random Forest) және градиенттік бустинг (Gradient Boosting) модельдері енгізілді. Барлық модельдер дәлдік (accuracy), нақтылық (precision), сезімталдық (recall/sensitivity), ерекшелік (specificity), F1-өлшемі (F1-score) және ROC қисығы астындағы аудан (ROC-AUC) көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Нәтижелер бойынша градиенттік бустинг (Gradient Boosting) ең жоғары жиынтық тиімділікті көрсетті: ROC-AUC=0.999498, Accuracy=0.9754, Precision=0.998967, Sensitivity=0.887971, Specificity=0.999744, F1=0.940204. Салыстыру деректерінде SVM (RBF) және Random Forest тұрақты дискриминация бергенімен, сезімталдық пен F1 бойынша Gradient Boosting-тен төмен болды. Жұмыстың нәтижелері құрылымдалған клиникалық белгілер негізінде модель таңдауда метрикалардың кешенді талдауы қажет екенін көрсетеді; шектеулер ретінде деректердің теңгерімсіздігі және сыртқы валидацияның болмауы атап өтіледі.

96-104 9
Аңдатпа

Бұл жұмыста уақыт бойынша кешігуі бар коммутацияланатын сызықты емес жүйелердің тұрақтылығы мәселесі қарастырылады. Қарастырылатын жүйе динамикасы бірнеше ішкі жүйелер арасында ауысуды сипаттайтын коммутация сигналы арқылы анықталады және уақыттық кешігу әсері ескеріледі. Коммутация сигналы ерікті түрде өзгеретін жағдайда жүйенің орнықтылығын қамтамасыз ету басқару теориясындағы күрделі әрі өзекті ғылыми мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеу барысында Ляпунов-Красовский функционалына негізделген әдіс қолданылып, кешігуі бар коммутацияланатын сызықты емес жүйелер үшін тұрақтылықтың жеткілікті шарттары алынды. Ұсынылған тәсіл жүйенің сызықты емес қасиеттерін, уақыттық кешігу мүшелерін және коммутация әсерін бір уақытта ескеруге мүмкіндік береді, бұл классикалық нәтижелерді жалпылауға жол ашады. Сонымен қатар, жүйені шекті уақытта тұрақтандыру шарттары зерттеліп, сәйкес күйлік кері байланыс басқару заңы ұсынылды. Бұл басқару заңы жүйе күйлерін шектеулі уақыт ішінде нөлдік тепе-теңдікке жеткізуді қамтамасыз етеді және асимптотикалық тұрақтылықпен салыстырғанда жылдам тұрақтануды қамтамасыз етеді. Алынған теориялық нәтижелер сандық модельдеу арқылы тексерілді. Модельдеу нәтижелері жүйе күй айнымалыларының коммутация мен кешігу әсеріне қарамастан нөлдік тепе-теңдікке ұмтылатынын көрсетті. Сонымен қатар, коммутация сигналының бірнеше рет өзгеруі жүйенің орнықтылығына кері әсер етпейтіні байқалды. Зерттеу нәтижелері ұсынылған әдістің тиімділігін дәлелдей отырып, оны кешігуі бар коммутацияланатын сызықты емес жүйелерді басқару есептерінде қолдануға болатындығын көрсетеді.

104-114 8
Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары оқу орындарының зертханаларында материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану тарихын есепке алуды, сәйкестендіруді және тіркеуді автоматтандыруға арналған зертханалық жабдықтардың цифрлық паспорттарының ақпараттық жүйесін әзірлеу ұсынылған Зерттеудің өзектілігі қағаз журналдар мен электрондық кестелерден жабдықтар туралы деректердің ашықтығын, қолжетімділігін және құрылымдалған сақталуын қамтамасыз ететін неғұрлым сенімді цифрлық шешімдерге көшу қажеттілігімен байланысты.

Зерттеудің мақсаты QR-кодтарды пайдалана отырып, зертханалық жабдықтарды жылдам сәйкестендіруді және веб-интерфейс арқылы өзекті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін жүйенің прототипін әзірлеу және сынау болып табылады. Бағдарламалық негіз ретінде Python бағдарламалау тілі, Flask микрофреймворкі, кіріктірілген SQLite деректер базасы және QR-кодтарды генерациялауға арналған qrcode кітапханасы пайдаланылды. Жабдықтың цифрлық паспорты бірегей идентификаторды, атауын, инвентарлық нөмірді, орналасқан жерін, пайдаланушы туралы мәліметтерді, сондай-ақ пайдаланудың басталу және аяқталу күні мен уақытын қамтиды.

Зерттеу аясында жүйенің минималды өміршең нұсқасы іске асырылып, Шәкәрім университетінің "Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар" кафедрасының зертханасы базасында сынақтан өткізілді. Тестілеу нәтижелері негізгі модульдердің дұрыс жұмыс істеуін растады: QR-кодтарды генерациялау, тіркеу, жабдықты пайдалануды бастау және аяқтау, деректер базасындағы жазбаларды сақтау және пайдалану тарихын көрсету. Ұсынылған шешім қолмен жасалатын операциялардың көлемін азайтуға, деректерді жоғалту қаупін азайтуға және зертханалық жабдықтарды есепке алудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы жүйені басқа зертханалар мен білім беру ұйымдарына бейімдеу мүмкіндігінде. Сондай-ақ мақалада ағымдағы нұсқаның шектеулері мен одан әрі даму перспективалары, соның ішінде функционалдықты кеңейту, жөндеуді есепке алу, есептерді экспорттау және университеттің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселелері қарастырылған.

114-123 8
Аңдатпа

Мақала Байес талдауын қолдану арқылы дербестендірілген медицина әдістерін зерттеуге арналған. Қазіргі медицинада әр пациенттің генетикалық, клиникалық және өмір салты ерекшеліктерін ескере отырып тиімді шешім қабылдау маңызды тәсілдердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты белгісіздік жағдайында деректерді талдаудың ықтималдық тәсілдері ерекше қолданысқа ие. Жұмыста медициналық деректердің түрлі көздерін біріктіру арқылы аурулардың даму ықтималдығын бағалау және емдеу стратегияларын оңтайландыру мүмкіндіктері қарастырылады. Байес әдісі алдын ала білім мен жаңа клиникалық ақпаратты біріктіреді. Сол арқылы диагноз қою дәлдігін арттыру мен тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында ықтималдық модельдерді қолдану арқылы медициналық шешім қабылдау процесін қолдаудың тиімді жолдары талданады. Сонымен қатар дербестендірілген тәсілдің практикалық маңызы айқындалады. Соның ішінде ерте диагностика мен емдеуді жекелендіру мәселелері қарастырылады. Ұсынылған әдіс медициналық деректерді өңдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Дербестендірілген медицина ережелерін дамытуға бағытталған.

124-131 10
Аңдатпа

Бұл мақалада орта білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеуге арналған интеллектуалды көпагентті жүйені жобалау және тәжірибелік іске асыру мәселелері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі білімді тек ретроспективті бақылаудан оқушының «цифрлық ізіне» негізделген жеке білім беру траекторияларын алдын ала басқаруға көшу қажеттілігімен айқындалады. Авторлар жүйенің үш түрлі мамандандырылған агенттен тұратын архитектурасын ұсынады: Диагност-Агент, ӘдіскерАгент және Болжамдаушы-Агент. Жүйенің математикалық аппараты оқу тәуекелдерін төрт негізгі критерий бойынша (үлгерім, сабаққа қатысу, белсенділік және оқу материалын меңгеру қарқыны) жіктеуге арналған иерархиялық модельдерді қолдануға негізделген. Python тілінде әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету «Түсіндірілетін жасанды интеллект» (XAI) тұжырымдамасын жүзеге асырып, педагог үшін диагностикалық қорытындылардың айқындылығы мен интерпретациялануын қамтамасыз етеді. Жүйені оқушылар іріктемесінде апробациялау барысында маңызды оң нәтижелер анықталды: мониторинг процесін автоматтандыру сыныптың аналитикалық есептілігін дайындауға кететін уақытты 70-80%-ға қысқартуға мүмкіндік берді, сонымен қатар қорытынды бағаларды болжау дәлдігін арттырды. Жүйе анықталған кедергілердің нақты түріне бейімделген педагогикалық араласудың дербестендірілген сценарийлерін автоматты түрде қалыптастырады. Талқылау бөлімінде пайдалылық функциясының салмақ коэффициенттерін динамикалық түрде баптау және әзірленген шешімді мемлекеттік үлгерімді есепке алу ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қажеттілігіне қатысты шешілмеген мәселелер көрсетілген.

132-141 9
Аңдатпа

Автоматты морфологиялық талдау агглютинативті тілдер үшін әрдайым күрделі мәселе болып табылады, себебі мұндай тілдер бай сөзтүрлендіру жүйесіне, өнімді сөзжасамға және күрделі морфофонологиялық ережелерге ие. Қазіргі заманғы нейрондық модельдер, әсіресе трансформерге негізделген архитектуралар, жоғары эмпирикалық нәтижелер көрсетуде. Алайда олар көбінесе лингвистикалық айқындықтың жеткіліксіздігімен сипатталады және төмен ресурсты жағдайларда жүйелі жалпылауда қиындықтарға тап болады. Бұл зерттеуде төмен ресурсты агглютинативті морфологияның үлгісі ретінде қазақ тілі негізінде морфологиялық талдауға арналған формалды (ережеге негізделген және ақырлы автоматтар) және нейрондық (KazBERT негізіндегі) тәсілдерге салыстырмалы және интегративті талдау ұсынылады. Алдымен түбір-аффикс құрылымын, сингармонизмді және морфотактикалық шектеулерді айқын сипаттайтын формалды морфологиялық модель ұсынылады. Одан кейін морфологиялық дизамбигуация мен таңбалау үшін бірнеше нейрондық архитектуралар, соның ішінде CRF-негізіндегі декодтаумен біріктірілген KazBERT моделі зерттеледі. Дәстүрлі дәлдік метрикаларымен қатар, қателердің жан-жақты типологиясы мен лингвистикалық талдау жүргізіліп, әртүрлі модельдер морфологиялық көпмәнділікпен, сирек сөзформалармен және ұзын аффикс тізбектерімен қалай жұмыс істейтіні қарастырылады. Нәтижелер нейрондық модельдердің таза ережеге негізделген жүйелерге қарағанда беткі дәлдігі жоғары болғанымен, морфологиялық тұрғыдан күрделі және сирек құрылымдарда тұрақты әлсіз тұстарға ие екенін көрсетеді. Ал формалды модельдер тілдік шектеулерге сүйене отырып, неғұрлым сенімді жалпылауды қамтамасыз етеді. Осы нәтижелерге сүйене отырып, нейрондық шығарылымға символдық шектеулерді енгізетін гибридті морфологияны ескеретін архитектура ұсынылады. Бұл тәсіл әртүрлі бағалау жағдайларында нәтижелерді тұрақты түрде жақсартады. Зерттеу агглютинативті тілдер үшін сапалы морфологиялық талдау жүргізу нейрондық көріністерді үйрену мен айқын лингвистикалық құрылымды біріктіруді талап ететінін көрсетеді. Алынған нәтижелер бір ғана тілмен шектелмей, төмен ресурсты ортадағы морфологияға сезімтал NLP үшін кең ауқымды маңызға ие.

141-152 8
Аңдатпа

Екінші ретті сызықты емес динамикалық жүйелер үшін шығыс бойынша кері байланыс негізінде бекітілген уақыттағы орнықтандыру тұжырымдамасына сүйенген басқару алгоритмін синтездеудің жаңа әдісі ұсынылған. Зерттеу күй айнымалыларына толық қолжетімділік жоқ кеңауқымды жазық сызықты емес объектілер класына бағытталған. Ұсынылған әдістеменің негізін би-шектік біртектілік теориясы мен орнықтандыруды классикалық Ляпуновтық талдау қағидаларын біріктіру құрайды. Осындай тәсіл бастапқы шарттар мен бағалау қателеріне тәуелсіз жүйенің өлшенбейтін күйін кепілді түрде бағалайтын, жинақталу уақыты бекітілген үздіксіз бақылаушыны жасауға мүмкіндік берді. Осы бағалау негізінде жүйені алдын ала берілген бекітілген уақытта орнықтандыруды қамтамасыз ететін үздіксіз реттегіш құрастырылды.

Әдіс бірқатар артықшылықтарға ие: орнықтандыру мен жинақталу бастапқы шарттардың шамасы мен таңбасына тәуелді емес; басқару сигналы үздіксіз болып қалады, бұл атқарушы құрылғылардың дірілін болдырмайды; шектелген сыртқы әсерлер мен өлшеу шударына жоғары робасттылық қамтамасыз етіледі. Алгоритмді жоғары жиілікті дискретизацияны талап етпей-ақ микроконтроллерлерде жүзеге асыруға болады, бұл оны практикалық қолдану үшін тартымды етеді. Мысал ретінде айқын сызықты емес электромеханикалық объект болып табылатын микромеханикалық айна (MEMS mirror) динамикасы қарастырылған. Сандық модельдеу жүргізіліп, оның нәтижелері ұсынылған басқару тиімділігін растайды. Қолданыстағы шекті уақыттағы реттегіштермен салыстырғанда өтпелі үдеріс уақыты төрт еседен артық қысқарған, ал жүйенің ауытқуы мен энергия шығындары шамамен екі есеге азайған. Алынған нәтижелер әзірленген әдісті микро- және макромеханикалық жетектерді жоғары дәлдікпен басқару міндеттерінде, сондай-ақ интеллектуалды робототехникалық және виброоптикалық жүйелерде қолдануға болатынын дәлелдейді.

152-159 9
Аңдатпа

Мақалада арнайы пәндерді оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолданудың әдіснамалық негіздері, олардың педагогикалық әлеуеті мен соған байланысты тәуекелдерді анықтау тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясының қарқынды жүруімен және оқу үдерісінің тиімділігі мен бейімделгіштігін арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық құралдарға деген сұраныстың өсуімен түсіндіріледі. Жұмыста жасанды интеллектті білім беру тәжірибесіне енгізудің негізгі бағыттары талданған, оның ішінде бейімделген оқыту жүйелері, интеллектуалды оқыту платформалары, білімді автоматтандырылған бағалау және дербестендірілген білім беру траекториялары қамтылған. Сонымен қатар, аталған технологияларды тиімді енгізуді қамтамасыз ететін әдіснамалық қағидаттарға, атап айтқанда білім беру мақсаттарына сәйкестігіне, дидактикалық негізділігіне және технологиялық тұрғыдан кеңейтілген білім беру ортасындағы оқытушының рөліне ерекше назар аударылған.

Алайда зерттеуде жасанды интеллектті қолданумен байланысты бірқатар сынқатерлер мен тәуекелдер қарастырылған. Олардың қатарына алгоритмдік шешімдердің ықтимал біржақтылығы, академиялық адалдық мәселелері, сыни ойлау деңгейінің төмендеуі және білім алушылардың цифрлық құралдарға тәуелділігінің артуы жатады. Технологиялық инновациялар мен педагогикалық бақылау арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттілігі атап көрсетілген. Зерттеу нәтижелері жоғары білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын құрылымдалған түрде енгізуге, арнайы пәндерді оқыту сапасын арттыруға және ықтимал теріс әсерлерді азайтуға бағытталған ғылыми-әдістемелік тәсілді қалыптастыруға ықпал етеді.

159-168 9
Аңдатпа

Мақалада заманауи сымсыз байланыс желілерінің тұрақтылығы мен сенімділігін зерттеуге арналған деректерді сымсыз тасымалдау жүйелеріндегі кедергілерді модельдеу және талдауға арналған бағдарламалық-аппараттық платформа ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі Интернет заттары құрылғылары санының артуымен, Wi-Fi және 5G желілерінің қарқынды дамуымен, сондайақ сыртқы электромагниттік әсерлер жағдайында сымсыз байланыстың сапасы мен тұрақтылығына қойылатын талаптардың күшеюімен түсіндіріледі. Жұмыстың мақсаты – деректерді сымсыз беру арналарындағы әртүрлі кедергілерді генерациялау, модельдеу және талдау үшін әмбебап құрал әзірлеу және процестерді нақты уақыт режимінде визуализациялау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Платформаның аппараттық бөлігі ESP32 микроконтроллерлері негізінде жасалған таратқыштан, қабылдағыштан және кедергі генераторынан тұрады. Құрылғылар мен модельдеу сценарийлерін басқару үшін Arduino IDE ортасында C++ бағдарламалау тілінде бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді. Модульдер арасындағы деректер алмасу бірыңғай Wi-Fi желісінде WebSocket протоколы арқылы жүзеге асырылады, бұл сигналдарды нақты уақыт режимінде синхронды түрде беру мен өңдеуді қамтамасыз етеді. Жұмыста құрылғылардың электрлік сұлбалары, модульдердің өзара әрекеттесу архитектурасы және жүйенің жұмыс алгоритмдері ұсынылған.

Әзірленген платформа электромагниттік, шуылдық және көршілес арналардан туындайтын кедергілерді модельдеуге, амплитудалық модуляцияның деректерді беру сапасына әсерін талдауға және сымсыз байланыс арналарының тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Эксперименттік зерттеулер ұсынылған модельдің тиімділігі мен жүйенің жұмыс қабілеттілігін растады. Платформаның икемді архитектурасы оны Wi-Fi, Bluetooth және ZigBee технологияларын зерттеуге бейімдеуге, сондай-ақ сымсыз желілердің кедергіге төзімділігін арттыру әдістерін әзірлеуде ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалануға мүмкіндік береді.

168-181 10
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында мектеп түлектерінің білім беру траекторияларын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлар негізінде болжау моделін әзірлеу қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі демографиялық өзгерістер мен білім беру жүйесінің трансформациясы жағдайында түлектерді әртүрлі білім алу бағыттары бойынша бөлу үдерістерін ғылыми тұрғыдан негіздеу қажеттілігімен айқындалады. Жұмыста 1992–2025 жылдар аралығындағы ресми статистикалық деректер пайдаланылды, оның ішінде туу деңгейі, халықтың өмір сүру деңгейі және мектеп түлектерінің білім беру траекториялары бойынша бөліну көрсеткіштері (жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім, шетелде білім алу және баламалы қызмет түрлері). Демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен білім беру бағытын таңдау арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін корреляциялық және дисперсиялық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері туу деңгейі, халық табыстары және түлектердің білім беру бағыттары бойынша бөлінуі арасында статистикалық тұрғыдан маңызды байланыс бар екенін көрсетті. Демографиялық ауытқулар түлектер санының көлемін қалыптастырса, әлеуметтікэкономикалық факторлар олардың білім беру таңдау құрылымын айқындайтыны анықталды. Ұсынылған болжау моделі білім беру жүйесіне түсетін болашақ жүктемені бағалауға және білім беру саясаты саласында негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

181-189 9
Аңдатпа

Бұл зерттеу сүт бездерінің патологиясын тиімді анықтау үшін заманауи машиналық оқыту әдістерін, атап айтқанда YOLOv8 және Faster R-CNN, қолдану арқылы жетілдірілген әдістерді зерттеуге және дамытуға бағытталған. Сүт безі ауруларын диагностикалаудың дәстүрлі тәсілдері сын тұрғысынан қаралып, олардың тиімділігі қазіргі автоматтандырылған әдістермен салыстырылды. Ұсынылған модельдер маммографиялық кескіндерге қолданылады және патологиялық өзгерістерді аурудың ауырлық деңгейі мен сипаттамаларын ескере отырып, алты деңгейге жіктейді. Бұл көпдеңгейлі жіктеу аурудың дамуын дәлірек бағалауға мүмкіндік береді және емдеуді жекелендірілген жоспарлау үшін маңызды ақпарат ұсынады.

Эксперименттік нәтижелер жоғары дәлдікті және кескінді жылдам өңдеуді көрсетіп, сүт безіндегі ықтимал патологияларды сенімді және жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері машиналық оқыту алгоритмдерінің диагностика процесін едәуір жақсарта алатынын, дәрігерлерге дәлірек және уақытында ақпарат беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл зерттеу автоматтандырылған жүйелердің ерте диагностика, емдеу стратегияларын оңтайландыру және науқастардың жағдайын жақсартудағы әлеуетін көрсетеді. Нәтижелер медициналық визуализацияда жасанды интеллекттің рөлі артып келе жатқанын және сүт безі ауруларын басқаруға әсерін көрсетеді.

189-200 8
Аңдатпа

Соңғы онжылдықтарда виртуалды шындық (VR) пен толықтырылған шындықты (AR) білім беру саласында қолдану айтарлықтай өсуде. Виртуалды шындық (VR) және толықтырылған шындық (AR) Қазақстандағы білім берудің цифрлық трансформациясының негізгі бағыттарының біріне айналуда. Олардың иммерсивті және интерактивті табиғаты оқытушылар мен студенттерге күрделі ұғымдар мен орталарды бірлесіп зерттеуге бірегей мүмкіндіктер береді. Жаңа технологиялар оқу үдерісінің сапасын арттыруға, заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейтуге және оқушылардың тез өзгеріп жатқан экономика жағдайында сұранысқа ие практикалық дағдыларын қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. VR-ды қолдану арқылы толық иммерсивті білім беру орталарын құруға болады, онда студенттер зертханалық тәжірибелер жүргізуден бастап күрделі техникалық үдерістерді меңгеруге дейінгі нақты жағдайларды қауіпсіз түрде модельдей алады. Мұндай оқыту сыни ойлауды дамытуға, мотивацияны арттыруға және қатысу әсерінің арқасында материалды жақсы меңгеруге ықпал етеді.

AR технологиялары, өз кезегінде, цифрлық ақпаратты қоршаған физикалық әлемге қабаттастыра отырып, оқыту үдерісін көрнекі әрі интерактивті етеді. Қазақстандағы мектеп және жоғары оқу орындарында AR-ды қолдану қазірдің өзінде жоғары тиімділігін көрсетуде: оқушылар анатомиялық құрылымдарды, геологиялық қабаттарды, тарихи артефактілерді және түсінуі күрделі басқа да нысандарды визуализациялай алады. Бұл абстрактілі ұғымдарды оңай түсінуге және жеке оқу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары Қазақстанда VR/AR технологияларын білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған мемлекеттік және жеке бастамалар белсенді жүзеге асырылып келеді. Арнайы зертханалар, цифрлық кабинеттер, инженерлік, медициналық және гуманитарлық бағдарламалардағы пилоттық жобалар ашылуда. Бұл технологиялардың дамуы инновациялық білім беру экожүйесін қалыптастыруға, цифрлық сауаттылықты арттыруға және жастардың болашаққа қажетті құзыреттерін дамытуға ықпал етеді.

Осы мақсатқа жету үшін мақалада бастамаларға талдау жүргізіліп, цифрлық құралдардың пәндік білімді ғана емес, сонымен қатар трансверсалды құзыреттерді дамытуға қалай ықпал ететіні зерттелді. Таңдалған мысалдардың ішінде бұл мақала виртуалды және толықтырылған шындық технологияларының педагогикалық құндылығын, олардың артықшылықтары мен университеттік ортадағы практикалық қолданысын ерекше атап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері иммерсивті технологиялардың оқу үдерісін тартымды, икемді және студентке бағдарланған етуге мүмкіндік беретінін дәлелдейді. Осылайша, VR және AR Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудың қуатты құралдарына айналуда. Олардың интеграциясы цифрлық экономика талаптарына және елдің стратегиялық даму бағыттарына сай келетін икемді, қолжетімді және тәжірибеге бағытталған оқу моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

200-212 8
Аңдатпа

Су ресурстарының тапшылығы мен экологиялық талаптардың күшеюі жағдайында ағынды суларды биологиялық тазарту процестерінің энергия тиімділігін арттыру ерекше маңызға ие болды. Аэрациялық камера қондырғының ең энергия сыйымды және динамикалық күрделі компоненттерінің бірі болып табылады, оның жұмысына келіп түсетін ағынды сулардың шығыны мен құрамының ауытқуы қатты әсер етеді. Дәстүрлі ПИД-реттеу жүйелері ауытқулардың болжамды компенсациясын қамтамасыз етпейді және көбінесе шамадан тыс аэрацияға және энергия тұтынудың артуына әкеледі. Зерттеуде цифрлық егізге негізделген басқарудың интеллектуалды тәсілі, нейрондық желінің көмегімен келіп түсетін ағынды сулардың шығынын болжау және модельдік-болжамды басқару (MPC) ұсынылады. Цифрлық егіз биологиялық процестің динамикалық моделі болып табылады, ол негізгі күй айнымалыларын, соның ішінде субстраттың, белсенді лайдың және еріген оттегінің концентрациясын қамтиды. Нейрондық желі моделі ұзақ мерзімді статистикалық бақылаулар негізінде келіп түсетін сарқынды сулар шығынының тәуліктік өзгергіштік коэффициентін болжау үшін қолданылады. Болжамды мәндер MPC алгоритміне өлшенген ауытқулар ретінде енгізіледі, бұл болжау функциясы бар аэрация жүйесін құруға мүмкіндік береді. Модельдеу нәтижелері ауыспалы ағын жағдайында еріген оттегі деңгейінің тұрақтануын және артық аэрацияның алдын алу есебінен энергия тұтынудың төмендеуін көрсетеді. Ұсынылған архитектура қолданыстағы өнеркәсіптік PLC-SCADA жүйелеріне консультативтік MPC режимінде енгізуге қолайлы және энергия тиімділігін, сенімділігін және экологиялық көрсеткіштерін арттырады.

МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ МЕХАНИКА

213-223 8
Аңдатпа

Қазіргі уақытта өзін-өзі баптайтын жүйелер робототехникада, автономды көлікте және аэроғарыш саласында кеңінен қолданыс табуда. Д. Вейнс бағдарламалық тұрғыдан күрделі жүйелердегі өзіндік бейімделудің негізгі қағидаларын, инженерлік тәсілдерін және қолданылу аймақтарын қарастырып, оның болашақ технологиялық міндеттерді шешудегі маңызының артып келе жатқанын атап өтеді.

Дж. Боллингер өнеркәсіпте де, ғылыми-зерттеу қондырғыларында да қолданылатын автоматтандырылған жетектер мен басқару жүйелеріне шолу жасайды. Көпкоординатты роботталған жүйелер басқару үдерістері теориялық шектеулермен қатар жүретін күрделі техникалық нысандар ретінде сипатталады.

Өзіндік бейімделу мүмкіндіктерін кеңейту сыртқы жүктеменің өзгерістеріне энергия параметрлерін реттеусіз-ақ жауап бере алатын адаптивті механикалық жетектерді енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда басқару негізінен жеке жетектік элементтердің жұмысын үйлестіруге келіп тіреледі.

Осы зерттеу аясында басқару жүйесін қолданбай жұмыс істейтін, қозғалтқыш пен адаптивті механикалық түрлендіргіштен тұратын ықшам өзін-өзі реттейтін адаптивті жетек қарастырылады.

Жұмыста басқару жүйесінсіз кең ауқымда реттеуді қамтамасыз ететін адаптивті механикалық түрлендіргіші бар ықшам сатылы емес жетекті әзірлеудің теориялық негіздері талданады.

223-229 8
Аңдатпа

Бұл мақала тау-кен өнеркәсібіндегі IoT мониторинг жүйелерінің архитектурасын салыстырмалы талдау нәтижелерін ұсынады. Бұл өнеркәсіптік ортада бақылау мен басқару тиімділігін арттыру үшін Заттар интернеті технологияларын енгізуді қарастырады. Негізгі назар қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, өнімділікті арттыруға, экологиялық тұрақтылықты нығайтуға және нормативтік талаптарға сәйкестікке аударылады. Сонымен қатар, мақала тау-кен өнеркәсібіндегі ақпараттық технологиялардың қазіргі жағдайын қарастырады, ескірген жабдықтар мен сенімсіз бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіптері мен салдарына, сондай-ақ цифрландыру деңгейіне назар аударады. Бұл зерттеу тау-кен өнеркәсібіндегі қолданыстағы ақпараттық жүйелерге IoT технологияларын интеграциялауды, олардың қауіпсіздік, тиімділік және тұрақтылық деңгейлерін арттыруды қарастырады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – тау-кен өнеркәсібіндегі әртүрлі операцияларға жарамды IoT жүйесінің архитектурасының феноменологиялық моделін жасау. Зерттеу нақты уақыт режимінде маңызды деректерді жинап, өңдеп, талдайтын таратылған сенсорлық жүйелердің жұмысы мен процестерді оңтайландыру бойынша егжей-тегжейлі талдауды ұсынады. Алынған ақпарат негізінде тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз етуге арналған интеллектуалды мониторинг және басқару жүйелерін енгізу жөніндегі негізделген шешімдер қабылданады.

229-236 8
Аңдатпа

Жұмыста KEIT (Knowledge ESP32 Integration Trainer) оқу-жаттығу стендінде MICROPYTHON микробағдарламасын және Thonny әзірлеу ортасын пайдалана отырып, ESP32 микроконтроллерін бағдарламалауды оқыту процесі ұсынылған. Әзірленген және өндірілген стенд пен жұмыс принципі толықтай сипатталған және электр схемасы мен платасы берілген. MicroPython бағдарламалауды оқыту жоспары негізгі GPIO басқарудан (жарықдиодты шамдар, түймелер, буззер) бастап MQTT протоколы арқылы бұлттық қызметтерге біріктіруге дейінгі 12 зертханалық сабақты қамтиды. Тапсырмаларды дәйекті орындау студенттерге сандық және аналогтық интерфейстермен жұмыс істеу негіздерін меңгеруге, сенсорлармен, дисплейлермен және атқарушы құрылғылармен өзара әрекеттесуді үйренуге және ESP32 желілік мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік береді. Практикалық аспектілерге ерекше назар аударылады: түймелерді бұруға қарсы, үзілістермен жұмыс, PWM сигналдарын генерациялау, уақыт аралықтарын өлшеу. Сондай-ақ, авторлар әзірлеген «KEIT master Control» арнайы басқару бағдарламалық жасақтамасы ұсынылған, ол бүкіл аппараттықбағдарламалық кешеннің қосымша буыны болып табылады және MicroPython-да микроконтроллерді бағдарламалау негіздерінің теориялық дамуын бекітеді. Аяқталатын сабақтар ESP32-де қарапайым веб-сервер құруға және MQTT брокері арқылы мәліметтер алмасуға арналған, бұл студенттерде заттар интернетінің принциптері туралы негізгі түсінікті қалыптастырады. Ұсынылған курс үйренген технологияларды біріктіретін және автоматтандыру жүйелері мен смарт үй үшін ESP32 қолдану мүмкіндіктерін көрсететін шағын жобалармен («ақылды бөлме», «тұрақ көмекшісі», «Wi-Fi метеостанциясы») аяқталады. Оқу жоспарын жоғары оқу орындары мен колледждерде «Ақпараттық технологиялар», «Автоматтандыру», «Мехатроника» және «Радиоэлектроника» бағыттарындағы студенттерді оқыту кезінде пайдалануға болады.

ПИЩЕВАЯ ИНЖЕНЕРИЯ И БИОТЕХНОЛОГИЯ

237-243 11
Аңдатпа

Жүргізілген зерттеу жұмыстары жалаңаш сұлы, тритикале, жалаңаш арпа және жасыл қарақұмық сияқты дәстүрлі емес дақылдардың дәндерінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін зерттеуге бағытталған. Зерттелетін дақылдардың тамақ өнеркәсібінде шектеулі қолданылуына қарамастан, олардың дәні пайдалы қасиеттері бар ақуыздардың, флавоноидтардың, витаминдердің, тағамдық талшықтардың, антиоксиданттардың және фенол қышқылдарының жоғары болуына байланысты айтарлықтай әлеуетке ие. Зерттеулер нәтижесінде ақуыздың ең көп мөлшері жалаңаш сұлы дәнінде (16,17%), ал майдың ең аз мөлшері жасыл қарақұмық дәнінде (1,54%) болатыны анықталды. Көмірсулардың талдауы жасыл қарақұмықтың құрамында көмірсулардың ең жоғары екенін көрсетті. Күлділік арқылы бағаланатын минералды құрам жасыл қарақұмықта 0,16%- дан жалаңаш арпада 1,22%-ға дейін өзгереді. Шикі талшықтың ең көп мөлшері жасыл қарақұмықта (3,52%) байқалады. Дәннің аминқышқылдық құрамына талдау да жүргізілді, мұнда сұлы фенилаланиннің жоғары құрамымен, арпа валиннің жоғары мөлшерімен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелері бұл дәстүрлі емес дәнді дақылдардың тамақ өнеркәсібі үшін маңыздылығын көрсетеді, өйткені олар белоктардың, аминқышқылдарының және диеталық талшықтың құнды көздері ретінде, сондай-ақ жақсартылған тағамдық қасиеттері бар функционалды тағамдарды жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.

243-250 8
Аңдатпа

Бұл жұмыста құрылымдаушы ретінде қолданылатын балауыз, моноглицерид және олардың тең мөлшердегі қоспасы (50:50) негізіндегі тағамдық олеогельдерді алу бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Олеогельдердің құрылымдық-механикалық (қаттылық, серпімділік) және функционалдық-технологиялық (май байланыстыру қабілеті) қасиеттерін май өнімдерінің технологиясында қолдану үшін бағалау негізінде оңтайлы құрылымдаушыны таңдау негізделген. Барлық зерттелген үлгілер біртекті құрылымы бар бір-бірімен байланыстырлған олеогельдерді құрайтыны анықталды. Құрылымдық түзгіштердің тең мөлшердегі қоспалары арқылы алынған үлгілер бір компонентті үлгілермен салыстырғанда қаттылық, серпімділік және май байланыстыру қабілетінің жоғары мәндерімен сипатталатыны көрсетілген. Бұл кеңістіктік гель желісінің тиімдірек қалыптасуын және майды ұстау қабілетінің жоғарылауын көрсетеді. Балауыз күшті кристалды құрылымның пайда болуына ықпал етеді, ал моноглицеридтер икемділік пен майдың сақталу қабілетін жақсартады. Оларды бірлесіп қолдану құрылымдық-механикалық және функционалды-технологиялық сипаттамалардың оңтайлы үйлесімі бар құрылымдық гель жүйесінің қалыптасуына әкеледі және сонымен қатар құрылымдаушылардың синергетикалық өзара әрекеттесуінің болуын көрсете алады. Алынған нәтижелер құрылымды құраушылардың тең мөлшердегі қоспасы жүйелерін пайдаланудың орындылығын және олардың спрэдтер мен басқа да май өнімдерін әзірлеу кезіндегі перспективалылығын растайды.

250-264 9
Аңдатпа

Ферментативтік реакциялар бұлшықетінің етке трансформациялануында және ет өнімдерінің сапа көрсеткіштерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Постмортем кезеңінде жүретін гликолиз, протеолиз және липолиз үдерістері эндогенді ферменттер – кальпаиндер, катепсиндер, аминопептидазалар мен липазалар – әсерімен жүзеге асырылып, өнімнің құрылымдық, түс және дәм мен хош иістік сипаттамаларын айқындайды. Ақуыз-липидтік матрикстің қосымша модификациясы старттық культуралармен, сондай-ақ құрылымдық және сенсорлық қасиеттерді реттеу мақсатында қолданылатын өсімдіктекті экзогенді протеазалар арқылы қамтамасыз етіледі. Олардың белсенділігі еркін аминқышқылдарының, пептидтердің және өнімнің өзіндік дәмі мен хош иісін қалыптастыратын ұшқыш қосылыстардың жинақталуына ықпал етеді. Алайда ферментативтік реакциялардың табиғи жылдамдығы және олардың рН, температура, тұз мөлшері мен су белсенділігіне тәуелді күрделі реттелуі басқарылатын интенсификациялау әдістерін қолдануды талап етеді.

Ғылыми шолуда ет өнеркәсібінде ферментативтік үдерістерді жеделдетуге және оңтайландыруға бағытталған инновациялық технологиялар саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер жүйеленген. Ультрадыбыстың (US), импульстік (PEF) және орташа электр өрістерінің (MEF), жоғары гидростатикалық қысымның (HHP), сондай-ақ аса критикалық көмірқышқыл газының (SC-CO₂) протеазаларды белсендіру, тіндердің өткізгіштігін арттыру және ферменттік белсенділікті реттеу тұрғысындағы әсері қарастырылады. Ферментативтік емес интенсификациялау әдістерін дәстүрлі ферментация және жетілдіру технологияларымен ықпалдастыру өндірістік циклдің қысқаруына, сапаның тұрақтылығының артуына және функционалдық ет өнімдері ассортиментінің кеңеюіне мүмкіндік беретіні айқындалады. Ұсынылған тұжырымдар ет өнеркәсібіндегі ферментация және жетілдіру үдерістерін жаңғыртуға арналған ғылыми негізделген бағдарламаларды әзірлеудің теориялық негізін қалыптастырады.

264-272 8
Аңдатпа

Бұл ғылыми жұмыста түйе сүтінің биохимиялық және технологиялық артықшылықтарын ескере отырып, кептірілген өрік қосылған ұлттық құрт өнімін өндіру технологиясы әзірленді. Зерттеу барысында түйе сүтінің физика-химиялық қасиеттері, оның ашытуға қолайлы табиғи параметрлері және құрт дайындау тиімділігі талданды. Кептірілген өріктің тағамдық және функционалдық қасиеттері анықталады, атап айтқанда табиғи қант, калий, β-каротин және пектиндер құрттың сапалық көрсеткіштерін арттыру үшін қолданылды.

Зерттеу жұмысы дайын өнімнің химиялық құрамын, органолептикалық белгілерін, ылғалдылығын, қышқылдылығын, дәрумендік құрамын және энергетикалық құндылығын анықтауды қамтиды. 3%, 5%, 7% кептірілген өрік қосылған үлгілер салыстырмалы түрде зерттелді. Олардың ішінен 5% кептірілген өрікті нұсқа дәмдік, құрылымдық және дәрумендік құрам бойынша ең тиімді деп танылды.Таңдап алынған үлгідегі В тобының дәрумендік тобы төмендегідей нәтиже көрсетті: В1- 0,057±0,011, В2-0,208±0,085, В3-4,22±0,818, В5-0,330±0,064, В6-0,125±0,023.

Ғылыми жұмыс нәтижесінде кептірілген өрік қосылған түйе сүтінен құрт өндірудің ғылыми негізделген технологиялық сұлбасы ұсынылып, өнімнің тағамдық құндылығы мен функционалды қасиеттерін арттыру мүмкіндігі дәлелденді. Бұл технология ұлттық өнімдерді жаңғыртуға және олардың нарықтағы сұранысын кеңейтуге мүмкіндік береді.

273-281 8
Аңдатпа

Бұл мақалада поликомпонентті май эмульсиясын әзірлеу және оның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу қарастырылады. Эмульсияның pH мәні 5,64 ± 0,12 болып, тағамдық қолдануға қолайлы және тұрақты құрылымдық қасиеттерін көрсетеді. Күріш балауызы мен ноқат ұнының әсерінен түзілген құрылымдық липидтік матрица 4°C температурада сақтау кезінде эмульсия тұтастығын сақтады. Су белсенділігі (aw) 0,947 болып, май-судағы эмульсияларға тән салыстырмалы жоғары еркін ылғал деңгейін көрсетті, бұл микробиологиялық тұрақтылық үшін дұрыс сақтау жағдайларын талап етеді. Реологиялық талдау псевдопластикалық ағындық қасиет көрсететіні анықталды: тұтқырлық 83,43-тен 29,60 мПа·с дейін төмендеді, бұл ішкі құрылымдық байланыстардың кернеу әсерінен үзілуін көрсетеді. Эмульсияның түс параметрлері мен май ұстап қалу қабілеті біркелкілік пен тиімділікті растады. Жалпы, эмульсия жақсартылған липидтік құрам мен технологиялық тиімді қасиеттерді біріктіріп, әртүрлі тағам өнімдерінде құрылымдық май немесе жануар майының жартылай алмастырушысы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Алдағы зерттеулерде бұл эмульсияның пісірілген шұжық өнімдерінде жануар майының ішінара алмастырғышы ретінде қолданылу мүмкіндігі зерттеледі.

281-291 8
Аңдатпа

Мақалада май суын концентратын пайдалана отырып, құрама сүт қоспасын ашыту процесінің технологиялық параметрлерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Жұмыстың өзектілігі жоғары тағамдық және биологиялық құндылыққа ие екінші реттік сүт ресурстарын тиімді пайдалану перспективаларымен, сондай-ақ функционалдық қышқыл сүт өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологияларын әзірлеу қажеттілігімен негізделеді. Зерттеудің мақсаты құрама сүт қоспасын әртүрлі температуралық режимдерде ферментациялау кезінде әртүрлі ашытқы дақылдарының тиімділігін бағалау болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде майсыз сиыр сүті, ешкі сүті және май суын енгізілген сүт қоспасы қолданылды. Зерттеу барысында ашытқы дақылдарының құрамы мен ферментацияның температуралық режимдерінің физикахимиялық көрсеткіштерге, қышқыл түзілу процесіне және ұйытқы құрылымының қалыптасуына әсері қарастырылды. Мезофильді және термофильді сүтқышқылды микроорганизмдердің үйлесуі ферментация қарқындылығына, титрленетін қышқылдыққа және өнім құрылымының тұрақтылығына елеулі әсер ететіні анықталды. Оңтайлы температуралық режим өнімнің органолептикалық және физика-химиялық сипаттамалары жақсартылған біртекті ұйытқы түзілуіне ықпал ететіні көрсетілді, ал оңтайлы параметрлерден ауытқу құрылымның бұзылуына және өнім сапасының төмендеуіне әкеледі. Алынған нәтижелер айран сарысуы концентратын пайдалана отырып, құрама сүт қоспаларын ашыту кезінде ашытқы дақылдары мен температуралық режимдерді кешенді түрде таңдаудың тиімділігін дәлелдейді және жаңа қышқыл сүт өнімдерін өндіру технологияларын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

291-300 8
Аңдатпа

Мақалада жылқы етін тұздау технологиясын жетілдірудің заманауи тәсілдері қарастырылған. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – жылқы етінің тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ сақтау мерзімін ұзарту үшін өсімдік негізіндегі тұздық қоспасы мен шоктық мұздату әдісін қолданудың тиімділігін анықтау болып табылады. Тәжірибелік зерттеу барысында тұздық қоспасының құрамына ас тұзы, ламинария, кептірілген шпинат және сарымсақ енгізілді. Бұл компоненттер ет өнімінің минералдық және биологиялық белсенді заттармен байытылуына ықпал етеді.

Ет үлгілері -45°С температурада 3 сағат бойы шоктық мұздатудан өткізілді, бұл әдіс өнімнің құрылымын сақтауға және микробиологиялық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік берді. Өсімдік текті тұздық қоспасының әртүрлі мөлшерін (5%, 10%, 15%) қолдану арқылы алынған үлгілердің органолептикалық, құрылымдық және сапалық көрсеткіштері кешенді түрде бағаланды. Зерттеу нәтижелері бойынша 10% тұздық қоспасымен тұздалған жылқы еті дәмі, хош иісі және текстурасы жағынан ең оңтайлы үлгі ретінде анықталды.

Ламинария мен шпинатты қолдану өнімнің минералдық құрамын байытып, әсіресе йод тапшылығы жиі кездесетін өңірлер үшін функционалдық маңызын арттырды. Жалпы алғанда, алынған нәтижелер өсімдік негізіндегі тұздық қоспасы мен шоктық мұздату әдісін үйлестіре қолдану жылқы етінің тағамдық құндылығын сақтай отырып, ұзақ мерзімге дейін сапалы күйде сақтауға мүмкіндік беретін тиімді технология екенін көрсетті.

300-308 8
Аңдатпа

Мақалада өсімдік шикізатын – зығыр және қарасора ұнын пайдалана отырып, ет-өсімдік паштеттерінің рецептурасын әзірлеуге арналған кешенді зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу объектісі ретінде күркетауық пен үйрек етінен дайындалған паштеттер алынды, оған өсімдік компоненттері 4-10% аралығында, 1:1 қатынасында қосылды. Жұмыста стандартты физико-химиялық, функционалды-технологиялық және органолептикалық талдау әдістері қолданылып, дайын өнімнің сапасы жан-жақты бағаланды. Өсімдік шикізатын енгізу паштеттердің химиялық құрамына елеулі әсер ететіні анықталды: ақуыз мөлшері 19,8%-ға дейін артты, минералдық заттар мен көмірсулардың үлесі көбейді, ал ылғал мөлшері төмендеді. Зығыр және қарасора ұнын қосу өнімнің функционалды-технологиялық қасиеттеріне оң әсер еткені көрсетілді: ылғалды ұстап қалу қабілеті 82%-ға дейін өсті, фарштың құрылымдық-механикалық сипаттамалары жақсарды, ал судың активтілігінің төмендеуі микробиологиялық тұрақтылықты арттырып, сақтау мерзімін ұзартады. Органолептикалық бағалау нәтижелері бойынша, өсімдік шикізатының оптималды мөлшері 6% (зығыр ұны – 3%, қарасора ұны – 3%) болып, дәм, иіс, түс және консистенцияның ең жақсы үйлесімі қамтамасыз етіледі. 8-10% мөлшерге арттыру органолептикалық көрсеткіштердің нашарлауына, әсіресе ащылықтың пайда болуына және өнімнің текстурасының өзгеруіне әкеледі. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – паштеттердің сапалық көрсеткіштеріне кешенді әсерді ескере отырып, ет және өсімдік шикізатын рационалды үйлестіруді негіздеу. Зерттеудің практикалық маңызы – әзірленген рецептураны биологиялық құндылығы жоғары, заманауи сау тамақтану талаптарына сай функционалды ет өнімдерін өндіруде қолдануға мүмкіндік береді.

308-316 8
Аңдатпа

Жануар тектес майлардың тағамдық және биологиялық құндылығы олардың анатомиялық орналасуына, физика-химиялық қасиеттеріне және май қышқылдық құрамына тікелей байланысты. Қазіргі таңда функционалдық тағам өнімдерін әзірлеуде жоғары биологиялық белсенділігі бар табиғи липидтік шикізаттарды тиімді пайдалану маңызды ғылыми бағыттардың бірі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда жылқы майы дәстүрлі тағамдық ресурс ретінде ғана емес, сонымен қатар перспективалы функционалдық ингредиент ретінде ғылыми қызығушылық тудырады.

Осы мақалада жылқының іш майы, ішкі май (қазы) және теріасты майының (жая) физикахимиялық және май қышқылдық қасиеттері салыстырмалы түрде зерттелді. Зерттеу барысында қышқылдық, пероксидтік және йод сандары, ылғал мен ұшқыш заттардың массалық үлесі, сондай-ақ негізгі май қышқылдарының құрамы анықталды. Эксперименттік нәтижелер май үлгілері арасында тотығуға төзімділік пен қанықпаған май қышқылдарының үлесі және сапалық көрсеткіштер бойынша елеулі айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Әсіресе теріасты майында қанықпаған май қышқылдарының мөлшері жоғары екені анықталып, оның тағамдық және биологиялық тұрғыдан құндылығы жоғары екендігі дәлелденді.

Алынған деректер жылқы майының әртүрлі анатомиялық түрлерін тағам өнімдерінде мақсатты түрде қолдану мүмкіндігін негіздейді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері жылқы майын функционалдық, дәстүрлі және құрама тағам өнімдерінің рецептураларын әзірлеуде тиімді пайдалану үшін ғылыми алғышарттарды қалыптастырады және отандық тағам өнеркәсібінде жоғары сапалы май өнімдері ассортиментін кеңейтуге негіз болады.

316-324 8
Аңдатпа

Мақалада шие (Prunus cerasus), стевия (Stevia rebaudiana) және соя бұршақтарының (Glycine max) экстракттарындағы органикалық қосылыстардың салыстырмалы талдауы қарастырылған. Қосылыстардың құрамын анықтау газды хроматография-масс-спектрометрия (ГХ-МС) әдісі арқылы жүргізілді. Зерттеу барысында зерттелген экстракттардың негізгі компоненттері анықталып, олардың салыстырмалы мөлшері белгіленді. Шие экстрактында фуран туындыларының басым екендігі анықталып, олардың ішінде 5-hydroxymethylfurfural қосылысы идентификацияланды. Соя бұршақтарының экстрактында антиоксиданттық белсенділікке ие қант туындылары мен фенолдық қосылыстар анықталды. Стевия экстрактында полиолдық және фенолдық қосылыстар, соның ішінде hydroquinone табылды. Фуран туындыларының, фенолдық қосылыстардың және полиолдардың болуы антиоксиданттық және қабынуға қарсы қасиеттердің байқалуына ықпал етуі мүмкін екендігі анықталды. Алынған нәтижелер зерттелген өсімдіктердің табиғи биологиялық белсенді заттардың перспективалы көзі екенін көрсетеді.

324-330 9
Аңдатпа

Мақалада ерігіш өсімдік тектес тағамдық талшықтың функционалды йогурттағы сүтқышқылды бактериялардың өміршеңдігі мен микробиологиялық тұрақтылығына әсерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі қышқыл сүт өнімдерінің функционалдық құндылығын арттыру және сақтау мерзімі бойы пробиотикалық микрофлораның тұрақты деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.

Зерттеу нысаны ретінде майлылығы 1,0% пастерленген сүттен дайындалған, құрамында Streptococcus thermophilus және Lactobacillus delbrueckii subsp. Bulgaricus бар ашытқы қолданылған йогурт алынды. Ерігіш өсімдік тектес тағамдық талшық 0,3; 0,5 және 1,0 % мөлшерінде енгізілді.

Сүтқышқылды бактериялардың өміршеңдігі MRS-агарға себу әдісі арқылы анықталып, колония түзуші бірліктерді санау нәтижелері log КТБ/г түрінде көрсетілді. Зерттеулер 4 ± 2 °C температурада сақтау кезінде 1, 7 және 14 тәуліктерде жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері өсімдік тектес тағамдық талшықтың сүтқышқылды микрофлораның дамуына тежеуші әсер етпейтінін көрсетті. Керісінше, талшық қосылған үлгілерде бақылау нұсқасымен салыстырғанда бактериялардың өміршеңдігі жоғары деңгейде сақталды. Сақтаудың 14-тәулігінде бақылау үлгісінде өміршең жасушалар саны 7,6 log КТБ/г дейін төмендеген болса, 0,5 % концентрациясында 8,1 log КТБ/г деңгейінде сақталды.

Алынған нәтижелер өсімдік тектес тағамдық талшықтың ықтимал пребиотикалық әсерін және өнімнің микробиологиялық тұрақтылығына оң ықпалын көрсетеді. Ең тиімді концентрация ретінде 0,5 % анықталды, ол микрофлора тұрақтылығы мен технологиялық көрсеткіштердің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз етеді. Әзірленген өнім нормативтік талаптарға сәйкес келеді және функционалды қышқыл сүт өнімдерін өндіруде қолдануға ұсынылады.

331-340 9
Аңдатпа

Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібі тұтынушыға өсімдік тектес әр түрлі биологиялық белсенді компоненттерді қолдана отырып, ашытылған нан ұсынады. Микроорганизмдерді мақсатты түрде өсіретін ашымалды пайдалану сапалы, бәсекеге қабілетті нан өндіруге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты итмұрын концентратын қолдана отырып, өздігінен ашитын бидай ұнынан жасалған ашымалдың рецептурасын жасау және оның физикохимиялық сапа көрсеткіштерін зерттеу болды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде итмұрын концентраты негізінде өздігінен (табиғи) ашитын ашымалдың рецептурасы жасалды. Бидай ашымалысы 7 күнде алынады. Оңтайлы ферментация үшін 21°C-тан 28°C-қа дейінгі температура сақталады. Дайын ашымал күшті, көпіршікті, жағымды қышқыл-жемісті иіске ие болуы тиіс. Итмұрын концентратының мөлшері 2,5-тен 17,5%-ға дейін ұлғайған сайын бастапқы қышқылдық 5,2-31,6%-ға, соңғы қышқылдық 2,3-45,45%-ға артқаны анықталды. 2,5, 5,0, 7, 5 және 10,0% итмұрын концентраты қосылған ашытқы үлгілерінің көтеру күші бақылау үлгісінен кем түспеді, одан әрі ұлғаю ашымалдың көтерілу күшінің нашарлауына әкеледі. Осылайша, ашымалдың жоғары физикахимиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ететін итмұрын концентратының ең қолайлы мөлшері анықталды, ол – 10,0%-ға дейінгі үлесі.

340-348 11
Аңдатпа

Түйелер (Camelus dromedarius) экстремалды климаттық жағдайларға өте төзімді, азық-түлік қауіпсіздігін және Қазақстандағы жайылымдық шаруашылықтардың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ферменттік коагуляция ірімшік жасаудағы маңызды кезең болып табылады, өнімнің құрылымын, өнімділігін және сапалық сипаттамаларын анықтайды. Коагуляцияның тиімділігі және протеолиздің қарқындылығы коагулянттың табиғатына және оның сүтті ұйыту және протеолитикалық белсенділігіне байланысты, бұл әсіресе түйе сүтін өзінің ерекше ақуыз құрамымен өңдеу кезінде маңызды.

Бұл зерттеудің мақсаты микробтық және жануарлардан алынатын ферменттерді пайдаланып өндірілген түйе сүтінен жасалған ірімшіктерді салыстыру болды. Құрғақ заттардың мөлшері, өнімділігі, құрылымдық сипаттамалары және ірімшіктің пептидтік профилінің қалыптасуына коагулянт түрінің әсері бағаланды. Нәтижелер әртүрлі температуралық жағдайларда Kalase ферментінің ұзағырақ коагуляция уақытын көрсеткенін, 34°C температурада 224,8 секундтан 95,6 секундқа дейін өзгергенін көрсетеді. 40 градуста, Chy-Max ферментімен салыстырғанда 34°C температурада 180 с-тан 40°C температурада 88 с-қа дейін, ал жоғары температурада (38-40°C) айырмашылық 7,6-9 с-қа дейін азайды. Синерез Chy-Max ферментін қолданған кезде сүзбе орта есеппен 55,6% сарысу бөлетінін көрсетті, ал Kalase ферментін қолданатын ірімшік үлгілерінде синерезис деңгейі 45,6% төмен болды. Chy-Max ферментін қолданатын ірімшік өнімділігі 20,9%, ал жануар текті мәйектен жасалған Kalase ферментімен 18,7% болды. Chy-Max және Kalase қолданатын ірімшік үлгілеріндегі құрғақ зат сәйкесінше 48,4% ± 0,05 және 47,3% ± 0,05 көрсетті. Ірімшіктердің текстуралық көрсеткіштері микробтық ферментпен тығызырақ құрылымды көрсетті. Екі ірімшік үлгісінде де биологиялық белсенді пептидтер анықталды, олар гипертонияға қарсы, антиоксидантты, микробқа қарсы және иммуномодуляциялық қасиеттерге байланысты.

348-356 9
Аңдатпа

Мақалада Оңтүстік Қазақстан жағдайында Halyomorpha halys Stål үлгілерін ерте анықтауға, цифрлық паспорттауға және молекулалық-генетикалық верификацияға дайындауға арналған интеграцияланған техникалық схема ұсынылып, сынақтан өткізілді. Зерттеудің мақсаты ошақтарды GPS-байланыстыруды, үлгілерді стандартталған есепке алуды және COI мен ITS1 маркерлері бойынша кейінгі талдауға жарамды коллекция қалыптастыруды біріктіретін қайталанымды жүйені әзірлеу болды. Жүйені далалық сынақтан өткізу Алматы қаласының Ботаникалық бағында алма мен алмұрт ағаштарында феромондық тұзақтар мен аулағыш белдеулерді пайдалану арқылы жүргізілді. Бақылау барысында дамудың әртүрлі сатыларындағы 215 дара тіркелді. Ең жоғары саны зерттелген аумақтың орталық бөлігінде анықталды; ең жоғары көрсеткіштер D1 және D2 нүктелерінде тіркелді (тиісінше 30 және 33 дара). Феромондық тұзақтардың ересек имаголарды неғұрлым толық анықтауды қамтамасыз ететіні, ал аулағыш белдеулердің нимфалық сатылардың анықталуын арттыратыны белгіленді. Үлгінің біріздендірілген цифрлық паспорты ұсынылды, ол іріктеп алу сәтінен бастап зертханалық өңдеу және кеңістіктік талдау кезеңіне дейінгі деректердің қадағалануын қамтамасыз етеді. Әзірленген жүйе H. halys инвазиялық популяцияларының молекулалық құрылымы бойынша диссертациялық зерттеулердің бірінші кезеңі және өңірлік фитосанитарлық мониторинг бағдарламаларының негізі бола алады.

356-365 8
Аңдатпа

Фитогормондарды қолданудың тиімділігі едәуір дәрежеде олардың жылдам ыдырауымен, тұқым бетіне біркелкі таралмауымен және өну процесі кезінде босап шығуын бақылаудың болмауымен шектеледі. Осы жұмыста соя тұқымдарына фузикокцин (FC) фитогормонын бақыланатын түрде жеткізу үшін минералды толтырғыш (тальк) және полисахаридті толтырғыш (картоп крахмалы) қолданылған метилцеллюлоза негізіндегі көпқабатты полимерлі қабықша әзірленіп, зерттелді. Қаптамалардың физика-химиялық сипаттамалары, жағылу біркелкілігі, деградация кинетикасы және әртүрлі температуралық-ылғалдылық жағдайларында белсенді заттың босап шығуы зерттелді. Метилцеллюлоза мен тальк негізіндегі композициялардың крахмал негізіндегі жүйелермен салыстырғанда механикалық тұрақтылығы жоғары, ісінуге бейімділігі төмен және деградация уақыты ұзақ екені анықталды. FC босап шығуы 0,025 сағ⁻¹ жылдамдық константасымен және 27,8 сағаттық жартылай ыдырау кезеңімен бірінші ретті кинетикаға бағынатыны көрсетілді. Алынған нәтижелер тұқымды себу алдындағы өңдеу технологияларында фитогормондарды ұзақ мерзімді және бақыланатын жеткізу үшін әзірленген метилцеллюлоза-тальк қабықшаларын қолданудың перспективалы екенін растайды. Болашақта бұл деректер тұқымның өну жағдайындағы полимерлі жабындарды зерттеу саласында пайдаланылатын болады.

366-371 10
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы балдың тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның түпнұсқалығын растау жүйесіндегі мелиссопалинологиялық талдаудың рөлі қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі тағам өнімдерінің сапасына қойылатын талаптардың күшеюімен, балдың ботаникалық шығу тегін дәлелдеудің қажеттілігімен және өнімді бұрмалап таңбалау тәуекелдерімен түсіндіріледі. Жұмыстың мақсаты - мелиссопалинологиялық талдаудың балдың шығу тегін анықтаудағы және фальсификацияны айқындаудағы тиімділігін негіздеу. Зерттеу халықаралық нормативтік құжаттар мен мелиссопалинология, бал аутентификациясы және ботаникалық құрамды верификациялау мәселелеріне арналған ғылыми еңбектерді шолу және талдау негізінде орындалды. Тозаңдық спектрдің балдың табиғи маркері екені және мелиссопалинологиялық талдаудың ботаникалық шығу тегін анықтауға, таңбалану сәйкессіздігін табуға және сапаны бағалауда дәлелді база қалыптастыруға мүмкіндік беретіні көрсетілді. Әдебиеттерді талдау нәтижесінде Қазақстан үшін мелиссопалинологиялық, физика-химиялық және молекулалық деңгейлерді біріктіретін бал сапасын бақылаудың ықпалдастырылған моделі ұсынылды. Зерттеу нәтижелері зертханалық тәжірибеде, ветеринариялық-санитариялық сараптамада және мемлекеттік бақылау жүйесінде қолдануға ұсынылады.

372-380 8
Аңдатпа

Мақалада ашыту үдерістерінің негізгі қатысушылары болып табылатын микроорганизмдердің нан пісіру өндірісіндегі рөлі қарастырылады. Ашытқылар мен сүтқышқылды бактерияларға, олардың өзара әрекеттесуіне және нанның құрылымын, дәмін, иісін және тағамдық құндылығын қалыптастыруға әсеріне ерекше назар аударылады. Тестідегі микроорганизмдердің метаболикалық белсенділігі туралы заманауи ғылыми деректер талданды, сондай-ақ олардың өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар, соның ішінде температура, орта құрамы және технологиялық параметрлер қарастырылды. Нан пісіруде пробиотикалық дақылдарды қолданудың заманауи тәсілдері өнімнің функционалдық құндылығын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, шикізат пен дайын өнімнің микробиологиялық контаминациясын бақылау әдістеріне назар аударылады, бұл нан-тоқаш өнімдерінің қауіпсіздігі мен тұрақты сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Басқарылатын микробиологиялық үдерістерді қолдану технологиялық сипаттамаларды жақсартып қана қоймай, өнімнің биологиялық құндылығын арттыруға мүмкіндік беретіні көрсетілген.

Осылайша, нан пісіру өндірісінің дамуы микроорганизмдердің рөлін терең түсінумен тығыз байланысты. Микробиология және биотехнология саласындағы заманауи жетістіктер технологияларды жетілдіруге, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға жағдай жасайды, бұл тағам өнімдеріне қойылатын талаптардың өсуі жағдайында ерекше маңызды.

380-389 9
Аңдатпа

Өсімдік қалдықтары көміртегі айналымында және гумустың түзілуінде шешуші рөл атқаратын экожүйенің маңызды құрамдас бөлігі және топырақ үшін органикалық заттардың көзі болып табылады. Құрғақ климатпен сипатталатын Түркістан облысының жағдайында өсімдік қалдықтарының микробтық әртүрлілігін зерттеу әсіресе целлюлоза мен полисахаридтердің ыдырау процестерін бағалауға қатысты.

Зерттеудің мақсаты өсімдік қалдықтарындағы целлюлозолитикалық микроорганизмдердің құрамын зерттеу және олардың биотехнологиялық қолдану үшін функционалдық әлеуетін бағалау болды. Жұмыстың негізгі бағыттарына бактериялар мен саңырауқұлақтарды оқшаулау, олардың морфологиялық және сандық сипаттамалары, MALDI-TOF идентификациясы және целлюлозаның ыдырауындағы және топырақ гумусының түзілуіндегі рөлін талдау кірді.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы құрғақ аймақтың өсімдік қалдықтарының микробтық қауымдастығының құрылымын нақтылау және целлюлозолитикалық бактериялар мен саңырауқұлақтар туралы Білімді кеңейтетін ферментативті белсенділігі жоғары түрлерді анықтау болып табылады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған деректерді өсімдік қалдықтарын өңдеудің биотехнологиялық тәсілдерін әзірлеу және топырақтың құнарлылығын арттыру үшін пайдалану болып табылады.

Әдістеме ретінде стандартты қоректік орталарда микроорганизмдерді оқшаулау, колонияларды морфологиялық бағалау, Коэ/г-да сандық анықтау, сондай-ақ микроорганизмдерді анықтаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз ететін maldi-tof арқылы бактериялар мен саңырауқұлақтарды түрлерді анықтау қолданылды.

Зерттеу барысында Bacillus Cereus, Bacillus megaterium, Acinetobacter lwoffii бактериялары оқшауланды. Bacillus spp. талшықтар мен полисахаридтердің бастапқы ыдырауын қамтамасыз етіңіз, саңырауқұлақтар құрылымдық целлюлоза мен лигниннің ыдырауына қатысады, ал Acinetobacter lwoffii ыдыраудың жанама өнімдерін өңдейді және микробтық қауымдастықтың функционалды әртүрлілігін қолдайды.

Зерттеу аридті экожүйелердегі целлюлозолитикалық микроорганизмдердің функционалдық әртүрлілігін түсінуге үлес қосты және олардың Биотехнологиядағы рөлін атап өтті. Жұмыстың практикалық маңыздылығы ферменттік препараттарды құру, ауылшаруашылық қалдықтарын биоконверсиялау және аймақтың агроэкологиялық жүйелерінің тұрақты дамуына ықпал ететін био тыңайтқыштарды әзірлеу мүмкіндігі болып табылады.

389-399 10
Аңдатпа

Мақалада ысталып-кептірілген тауықтың төс етінің сапасын жүйелі талдау және жетілдіру мақсатында QFD (Quality Function Deployment) әдіснамасын қолдану нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі ет өнімдері нарығындағы бәсекелестіктің күшеюімен, сондай-ақ тұтынушылардың өнім қауіпсіздігіне, табиғилығына және органолептикалық көрсеткіштерінің тұрақтылығына қоятын талаптарының артуымен негізделеді. Жұмыс барысында сауалнама жүргізу әдісін пайдалану арқылы маркетингтік зерттеу жүзеге асырылып, тұтынушылардың негізгі талаптары айқындалып, сандық тұрғыда бағаланды. Алынған деректер негізінде тұтынушылар талаптары мен өнімнің техникалық сипаттамалары арасындағы өзара байланыстарды көрсететін «Сапа үйі» матрицасы құрылды. Жүргізілген QFD-талдау ысталып-кептірілген тауықтың төс етінің техникалық сипаттамаларының тұтынушылар қанағаттануына ықпалын жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік берді. Салмақталған коэффициенттер әдісін қолдану арқылы технологиялық параметрлердің салыстырмалы басымдылығы есептелді. Зерттеу нәтижесінде тұтынушылар қанағаттануына ең жоғары әсер ететін көрсеткіштер ретінде ылғалдың массалық үлесі (26,65%), рецептуралық құрам (25,48%) және сақтау параметрлері (18,26%) анықталды. Өнімнің қауіпсіздігі мен органолептикалық көрсеткіштеріне ықпал ететін ылғалдылық, ақуыз мөлшері және сақтау шарттары арасындағы технологиялық өзара тәуелділіктер айқындалды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы нәтижелерді рецептураларды оңтайландыруда, технологиялық режимдерді жетілдіруде және ет өңдеу кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолдану мүмкіндігімен сипатталады.

399-409 9
Аңдатпа

Ұсынылған жұмыста мақсары дақылдарын қауыздау сатысының майдың сапасына, физика-химиялық көрсеткіштеріне, органолептикалық қасиеттері мен биохимиялық құрамына әсері зерттелді. Қауызсыздандырылмаған дақылдар мен қауыздалған ядродан алынған майдың қышқылдық және асқын тотығу сандары, ылғалдың массалық үлесі, тотығу тұрақтылығының динамикасы, май қышқылдарының құрамы мен минорлы компоненттердің (токоферолдар, фитомелан, хлорофиллдер) мөлшері салыстырмалы түрде талданды.

Зерттеу нәтижелері қабықты алып тастау майдың органолептикалық қасиеттерін (дәмі, иісі, түсі, мөлдірлігі) айтарлықтай жақсартатынын, қышқылдық және асқын тотығу сандарын төмендететінін, ылғал мөлшерін азайтатынын және тотығуға төзімділігін арттыратынын көрсетті. Биохимиялық талдау линол және олеин қышқылдарының үлесінің артқанын, токоферол концентрациясының өскенін және фитомелан сияқты антинутриенттердің болмауын растады.

Осылайша, дақылдарды қабықтан тазалау технологиясы майдың сапасы мен тағамдық құндылығын кешенді түрде жақсартып, оны қосымша қарқынды рафинацияны қажет етпейтін, тұтынуға дайын жоғары класс өнімге айналдырады. Зерттеу нәтижелері жоғары сапалы өсімдік майларын өндірудің технологиялық процестерін оңтайландыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Зерттеу барысында алынған деректер қауыздау процесін оңтайландыру арқылы шикізатты кешенді өңдеудің тиімділігін арттыруға болатынын көрсетті. Ұсынылған технологиялық тәсілдер экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, экономикалық жағынан тиімді және өндірістік жағдайда қолдануға бейімделген. Осы нәтижелер өсімдік майларын өндіру саласында инновациялық шешімдерді енгізуге және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз бола алады.

409-416 9
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі әртүрлі өндірушілердің бірінші сортты наубайханалық бидай ұнының физика-химиялық және реологиялық қасиеттеріне салыстырмалы бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі ұн тарту және нан пісіру салаларының маңыздылығымен, ұн сапасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және нан өнімдерін өндіру тиімділігін арттыру қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу нысандары ретінде өңірлік нарықта кең таралған «Пионер», «Ордабасы-Нан», «Цесна» және «Кемел» сауда маркаларының ұн үлгілері алынды. Зерттеулер ылғалдылықты, құлау санын, шикі желімтектің мөлшері мен сапасын, сондай-ақ желімтектің деформация көрсеткіштерін анықтаудың стандартты әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Қамырдың реологиялық қасиеттері альвеография әдісімен бағаланып, ұнның күші, серпімділігі, созылғыштығы және суды сіңіру қабілеті анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша «ОрдабасыНан» ұнының технологиялық көрсеткіштері ең жоғары деңгейде екені анықталды: шикі клейковина мөлшері – 36 %, ұн күші – W = 492 Дж/10⁻⁴, қамырдың серпімділігі мен созылғыштығының теңгерімді қатынасы және жоғары су сіңіру қабілеті. Алынған нәтижелер зерттелген үлгінің қалыпты нан және орташа қалыңдықтағы тандыр нан өнімдерін өндіруге жоғары технологиялық жарамдылығын көрсетті. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған деректерді оңтайлы наубайханалық қасиеттеріне ие ұнды таңдауда және дайын өнім сапасының тұрақтылығын арттыруда қолдану мүмкіндігімен сипатталады.

417-424 9
Аңдатпа

Мақалада өсімдік текті тағамдық талшық – псиллиум (Plantago ovata husk) қосылған функционалдық йогурт өндіру технологиясы ұсынылған. Псиллиумды 0,3-1,0 % мөлшерде енгізудің өнімнің физика-химиялық, реологиялық және органолептикалық көрсеткіштеріне әсері жан-жақты зерттелді. Зерттеу нәтижелері псиллиумның сүтқышқылды микрофлораның дамуына кері әсер етпейтінін және ашыту процесінің қалыпты жүруіне кедергі келтірмейтінін көрсетті. Өсімдік талшығын қосу тұрақты ақуыз-полисахаридті құрылымның түзілуіне ықпал етіп, тұтқырлықты 1120 мПа·с-қа дейін арттырып, бақылау үлгісімен салыстырғанда сарысудың бөлінуін 1,9 %-ға дейін төмендететіні анықталды.

Ең тиімді концентрация ретінде 0,5 % мөлшер белгіленді, себебі бұл көрсеткіш йогурттың дәстүрлі дәмі мен хош иісін сақтай отырып, құрылымдық және сенсорлық қасиеттердің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз етеді. Псиллиумды қолдану синтетикалық тұрақтандырғыштарды пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді және «clean label» тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.

Әзірленген өнім еритін тағамдық талшықтардың болуына байланысты жоғары тағамдық құндылыққа ие, пребиотикалық қасиеттерімен ерекшеленеді және функционалдық, профилактикалық әрі диеталық тамақтану үшін ұсынылады. Технологияның жаңалығы Қазақстан Республикасында өнертабысқа патент алуға өтінім берумен расталған.

424-435 8
Аңдатпа

Осы шолудың мақсаты-өсімдік сығындыларының сүт коагуляциясына әсер ету механизмдерін талдау және олардың сиыр мен түйе сүтінің қоспаларына қолданылуын бағалау. Шолу мақаласына кіретін сүт-өсімдік протеазаларының коагуляциялық белсенділігі, полифенол қосылыстарының казеин мицеллаларының агрегациясына әсері және процестің технологиялық параметрлерінің рөлі.

Талдау нәтижелері өсімдік сығындылары екі негізгі механизм арқылы әрекет ете алатынын көрсетеді. Бірінші механизм κ-казеиннің протеолитикалық гидролизімен және мицелла агрегациясының басталуымен байланысты. Екінші механизм полифенолдар мен пектиндік заттардың ақуыздармен өзара әрекеттесуіне байланысты, бұл гельдің бөлшектік өзара әрекеттесуі мен суды ұстау қабілетін өзгертеді. Сығындылардың тиімділігі олардың құрамына, концентрациясына, ортаның рН-на, температураға және кальций құрамына байланысты.

Дегенмен, өсімдік протеазалары көбінесе химозинмен салыстырғанда төмен селективтілікке ие. Бұл артық протеолизге және тромб құрылымының әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сиыр мен түйе сүтінің қоспаларында ақуыз профиліндегі және компоненттердің коллоидтық тұрақтылығындағы айырмашылық қосымша рөл атқарады.

Шолу өсімдік коагуляциясының модификаторларын қолдану перспективасын растайды, бірақ технологиялық жағдайларды дәл оңтайландыру және оларды қолдануға механикалық көзқарас қажеттілігін көрсетеді. Практикалық іске асыру үшін гельдің микроқұрылымын, ақуызды сақтауды және протеолитикалық белсенділіктің тепе-теңдігін бағалауға бағытталған зерттеулер қажет.

435-444 8
Аңдатпа

Мақалада қазіргі уақытта тамақ өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұтымды тамақтанудың, денсаулықты сақтаудың, ақыл-ой мен физикалық өнімділіктің және дененің қорғаныс жүйелерін қолдаудың маңызды шарты болып табылады. Қазіргі экологиялық жағдай халықтың тамақтану жағдайын анықтайтын факторлардың бірі болып табылады.

Өсімдік шикізаты ретінде итмұрын жапырағының сығындысы қолданылды. Итмұрын жапырағы сығындысының тиімді мөлшері анықталды. Итмұрын жапырағы сығындысы құрамында әртүрлі қосылыстар класына жататын биологиялық белсенді заттар флавоноидтар, таниндер, гликозидтер, алкалоидтар, оганикалық қышқылдар астықтың және өнімнің микробиологиялық көрсеткіштерін төмендетуге көмектеседі. Тұтас дәнді нан өнімі бөлме температурасында (t= 20 ÷ 25 0C) жоғары ылғалдылықта 40-50 % сақталды.

4% итмұрын жапырағы сығындысы қосылған нан үлгісінде 96 сағаттан кейін МАжФАМС табылған жоқ. Бақылау үлгісінде 24 сағаттық сақтаудан кейін МАжФАМС көбеюі байқалады. Бақылау үлгісіне 2-тәулікте зең пайда бола бастады, ал 4 % итмұрын жапырағы сығындысы қосылған нан үлгісінде зең табылған жоқ. Зерттеу нәтижелері итмұрын жапырағы сығындысы өнімнің микробиологиялық қауіпсіздігін төмендетеді. Алынған нәтижелер итмұрын жапырағы сығындысы дайын өнімнің тағамдық құндылығын арттырады және дайын өнімнің сақтау мерзімін ұзартатындығын көрсетеді. Осылайша, итмұрын жапырағы сығындысы қосылған нан өнімдерін 72 сағаттан 96 сағатқа дейін сақтауға болады.

445-457 10
Аңдатпа

Геном тұрақтылығы жасушалардың тіршілікке қабілеттілігінің, организмдердің эволюциялық тұрақтылығының және олардың функционалдық тұтастығын сақтаудың негізі болып табылады. Эндогенді зақымданулар, әсіресе жасушалық метаболизм нәтижесінде пайда болатын азотты негіздердің тотығу арқылы модификациялануы, ДНҚ құрылымын бұзатын негізгі факторлардың бірі болып саналады. Мутациялардың жиналуын болдырмау үшін жасушалар негіздерді кесіп алып тастау арқылы жүретін репарация жүйесін (BER) қолданады, мұнда ДНҚгликозилазалар шешуші рөл атқарады. Бұл ферменттер зақымданған немесе қате жұптасқан негіздерді танып, оларды алып тастау арқылы репарация реакцияларының каскадын бастайды.

MutY/MUTYH тұқымдасына жататын адениндік ДНҚ-гликозилазалар зақымданған негіздерді тікелей алып тастамай, гуаниннің тотығу зақымдануы нәтижесінде туындайтын репликациялық қателерді түзетуімен ерекшеленеді. Бактерияларда бұл қызметті MutY ферменті атқарса, эукариоттарда оның гомологы – MUTYH орындайды. Бұл ферменттер G:C → T:A типті транзициялық мутациялардың бекітілуінің алдын алып, спонтанды мутагенез деңгейін едәуір төмендетеді.

Осы шолуда геном тұрақтылығын сақтаудағы ДНҚ-гликозилазалардың рөлі қарастырылып, адениндік ДНҚ-гликозилазаның молекулалық механизмдері, оның BER жүйесіндегі орны, эволюциялық консервативтілігі, сондай-ақ биотехнология, молекулалық генетика және қолданбалы зерттеулердегі маңызы талданады.

457-465 9
Аңдатпа

Зерттеу бройлер тауық етінің микробиологиялық қауіпсіздігі, сапасы және органолептикалық қасиеттерін бағалауға бағытталған, рационға жүзім дәндерінің ұнтағы енгізілген жағдайларды ескере отырып. Зерттеу екі бройлер тобында жүргізілді: стандартты теңдестірілген рацион алған бақылау тобы және рационға табиғи полифенолды қосылыстар мен антиоксиданттар көзі ретінде жүзім дәндерінің ұнтағы қосылған тәжірибелік топ. Салқындатылғаннан кейін, соғылған күні алынған толық тушка мен бауырдың микробиологиялық талдауы тәжірибелік топта микробтық ластанудың төмен екенін көрсетті. Толық тушкалардағы мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің жалпы саны тәжірибелік топта 4×10¹ КОЕ/г-дан төмен болса, бақылау тобында 1,1×10² КОЕ/г болды; ал бауырда — 1,1×10³ КОЕ/г қарсы 2,1×10⁴ КОЕ/г, бұл нормативтік көрсеткіштерден айтарлықтай төмен. Listeria monocytogenes және Salmonella spp. сияқты патогенді микроорганизмдер екі топта да анықталған жоқ. Зерттеу нәтижелері бойынша токсикалық элементтердің (қорғасын, мышьяк, кадмий және сынап) мөлшері анықтау шегінен төмен болып, еттің токсикологиялық қауіпсіздігін растады. Сақталу мерзімін бағалау көрсеткендей, тәжірибелік топтағы ет бақылау тобындағы етке қарағанда 2 күнге ұзақ жарамды болып шықты, сонымен қатар иіс өзгерісі мен шіріктің белгілері кеш байқалды. Вареная төс және жамбас филеін органолептикалық бағалау тәжірибелік топта біршама жоғары көрсеткіштерді көрсетті, әсіресе иіс, шырындылық, жұмсақтық және жалпы сапа бағасы бойынша (төс филесі: 9,1 қарсы 8,9; жамбас филесі: 9,4 қарсы 9,2). Зерттеу нәтижелері жүзім дәндерінің ұнтағын бройлерлердің рационына енгізу микробиологиялық қауіпсіздікті арттыратынын, сақтау мерзімін ұзартады және сенсорлық қасиеттерді жақсартады, органолептикалық қасиеттерге теріс әсер етпейтінін көрсетеді. Бұл деректер жүзім дәндерінің ұнтағын функционалды жемдік қосымша ретінде, соның ішінде балаларға арналған өнімдерде қолданудың тиімділігін растайды.

465-477 8
Аңдатпа

Комбинирленген сүт шикізатын ұтымды пайдалану жұмсақ ірімшік технологиясының перспективалы бағыты болып табылады, өйткені ол ірімшікке жарамдылықты арттыруға және дайын өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеуде сиыр, ешкі және түйе сүтінің арақатынасының коагуляция процестеріне және жұмсақ ірімшіктің сапасына әсері зерттелді. Ұйытудың температуралық режимдері, ұйыту ұзақтығы, өнімнің органолептикалық, физикахимиялық және текстуралық көрсеткіштері зерттелді.

Комбинирленген сүт шикізатының коагуляциясының оңтайлы шарттарына 40 °С температурада және ұзақтығы 40 минутта қол жеткізілетіні анықталды. Оңтайлы нәтиже 60% сиыр, 20% ешкі және 20% түйе сүтінің арақатынасы бар үлгі көрсетті, бұл бақылаумен салыстырғанда ірімшік массасының 3,3% жоғарылауын, өнімнің біркелкі құрылымының тұрақты ұюы мен қалыптасуын және титрленетін қышқылдықтың 106 °Т дейін төмендеуін қамтамасыз етті.

1-үлгідегі ірімшік өнімділігі мен коагуляция тұрақтылығының жоғарылауы аралас сүт шикізатындағы ақуыздар мен майлардың теңдестірілген қатынасына байланысты болуы мүмкін.

Нәтижелер жұмсақ ірімшік технологиясында комбинирленген сүт шикізатын пайдалану амалын растайды және органолептикалық және құрылымдық-механикалық қасиеттері жақсартылған өнімдерді әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

477-485 8
Аңдатпа

Мақалада өсімдік тектес шикізаттың және оның негізінде дайындалған «киёма» десерт өнімінің физика-химиялық көрсеткіштері, антиоксиданттық және реологиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нысандары ретінде шафран, куркума және зімбір, сондайақ әртүрлі рецептуралық шешімдер қолдану арқылы әзірленген киёма үлгілері пайдаланылды.

Осы зерттеудің мақсаты – антиоксиданттық белсенділігі жоғары өсімдік ингредиенттерін функционалдық жеміс-көкөніс-жидек негізіндегі «киёма» десертін әзірлеуде қолданудың мақсаттылығын негіздеу, сондай-ақ олардың дайын өнімнің құрылымдық-механикалық сипаттамаларына әсерін бағалау болып табылады. Жемістер, көкөністер және дәмдік-хош иісті өсімдік шикізаты негізінде табиғи десерттер ассортиментін дамыту дәстүрлі қантты тәтті өнімдерді тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары өнімдермен алмастыру арқылы рационалды тамақтануды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Эксперименттік зерттеулер барысында өсімдік шикізатының ылғалдылығы, күлділігі, рН көрсеткіші, биологиялық белсенді қосылыстардың мөлшері және антиоксиданттық белсенділігі анықталды. Зерттеу нәтижелері шафранның кроцин мен флавоноидтардың жоғары мөлшеріне байланысты ең жоғары антиоксиданттық белсенділікке ие екенін, ал куркума мен зімбірдің куркумин есебінен композицияны толықтыратынын көрсетті.

Киёманың реологиялық қасиеттері тұтқырлық, айналу моменті, ағымдылық, жабысқақтық және адгезия көрсеткіштері бойынша бағаланды. Зерттелген үлгілердің псевдопластикалық ағу сипатына ие тұтқыр-пластикалық жүйелерге жататыны анықталды, сондай-ақ рецептуралық айырмашылықтардың олардың құрылымдық-механикалық қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететіні көрсетілді. Алынған нәтижелер әзірленген «киёма» десертінің функционалдық тағам өнімі ретінде перспективалы екенін растайды.

485-496 9
Аңдатпа

Мақала тағамдық биотехнологияның өзекті мәселесіне – сублимацияланған бие сүтін алу технологиясын жетілдіруге және оның негізінде сақтау мерзімі ұзақ ашытылған сүт сусынын әзірлеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі жеңіл сіңірілетін ақуыз фракцияларын, биологиялық белсенді компоненттерді және полиқанықпаған май қышқылдарын қамтитын бие сүтінің жоғары тағамдық және биологиялық құндылығымен негізделеді. Сонымен бірге қанықпаған липидтердің жоғары мөлшері сақтау кезеңінде сүт майының тотығу үдерістеріне сезімталдығын арттырады, бұл өнімді тұрақтандырудың технологиялық тәсілдерін қолдануды қажет етеді.

Жұмыста сублимацияланған бие сүтін алудың технологиялық кезеңдері нақтыланды, олар алдын ала пастерлеуді, салқындатуды, терең мұздатуды, вакуум жағдайында бастапқы кептіруді және ылғалдың қалдық массалық үлесі 5%-дан аспайтын деңгейге жеткенге дейін қосымша кептіруді қамтиды. Балғын және сублимацияланған бие сүтінің қауіпсіздік көрсеткіштеріне, химиялық құрамына және тағамдық құндылығына салыстырмалы талдау жүргізілді. Липидтік фракцияның тотығуға тұрақтылығын арттыру мақсатында табиғи антиоксиданттарды — дигидрокверцетинді, α- және γ-токоферолдарды сүттің май фракциясының массасына қатысты технологиялық тұрғыдан негізделген концентрацияларда енгізу мүмкіндігі зерттелді. Алынған деректер дигидрокверцетин мен γ-токоферолды қолдану құрғақ бие сүтін сақтау барысында липидтердің асқын тотығу өнімдерінің жинақталуын баяулатуға ықпал ететінін көрсетеді. Ең айқын тұрақтандырушы әсер аталған антиоксиданттарды май фракциясы массасының 2,0% концентрациясында қолданған кезде байқалды, бұл бақылау үлгісімен салыстырғанда асқын тотығу санының төмен мәндерімен сипатталды. Балғын және қалпына келтірілген сублимацияланған бие сүтінің негізінде А және Е дәрумендерімен, сондай-ақ дигидрокверцетинмен байытылған ашытылған сүт сусыны әзірленді. Антиоксиданттық кешенді қолдану сусынның органолептикалық қасиеттері мен тағамдық құндылығын сақтай отырып, оның сақтау мерзімін 25 тәулікке дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері дәстүрлі отандық шикізат негізінде арнайы сүт өнімдерін әзірлеу үшін практикалық маңызға ие және тотығу өзгерістеріне тұрақтылығы жоғары функционалдық тағам өнімдерін жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКАСЫ

497-512 8
Аңдатпа

Бұл шолу мақаласында электр доғалы бүрку әдісімен алынатын жабындардың пайдалану сипаттамаларын арттырудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Ерекше назар электр доғасы арқылы энергияны бағыттап тұндыру технологиясы (Directed Energy Deposition, DED-Arc) саласындағы зерттеулерге аударылған, оның ішінде бүрку параметрлерін таңдау, негіз бетінің дайындалуы, сондай-ақ жаңа типтегі сымдар мен композициялық материалдарды қолдану мәселелері қамтылады. Коррозияға төзімді, термиялық төзімді және тозуға төзімді қорғанысқа арналған бастапқы материалдарды дамытудағы жетістіктер қарастырылған. Атап айтқанда, Zn, Al-Mg және Zn-Al-Mg жүйелері, биологиялық обрастануға қарсы қолдануға арналған Al-Cu ұнтақтысымды материалдар, тот баспайтын болаттар мен NiCrMoAl қорытпалары, керметтік жабындар, сондай-ақ вольфрам карбидімен (WC) упрочнёнген жоғары энтропиялы қорытпалар талданады. Жабындардың адгезиялық беріктігін арттыру үшін лазерлік беттік текстуралау әдістерін қолдану және электр доғалы бүрку технологиясын электрөткізбейтін негіздерге бейімдеу бойынша соңғы нәтижелер келтірілген. Сонымен қатар «процесс-құрылым-қасиет» өзара байланысының жабындардың пайдалану қасиеттеріне әсері қысқаша талданады. Жалпыланған деректер электр доғалы бүрку технологиясының әртүрлі өнеркәсіптік қолдану салаларында алдын ала берілген қасиеттері бар функционалдық жабындарды алу үшін икемді әрі экономикалық тұрғыдан тиімді әдіс екенін көрсетеді.

512-524 9
Аңдатпа

Мақалада ауыл шаруашылығы машина жасау, автомобиль өнеркәсібі және металл өңдеу сияқты әртүрлі салаларда индукциялық жылыту жүйелерін әзірлеу және қолдану талқыланады. Индукциялық қондырғылар мен дәстүрлі жылыту әдістерінің салыстырмалы талдауы келтірілген, олардың жоғары қыздыру жылдамдығы мен тиімділігі, процесті басқарудың жақсаруы және энергия тұтынудың төмендеуі сияқты артықшылықтары көрсетілген. Индукциялық қыздыру жүйелеріне арналған жиілік түрлендіргішінің математикалық моделі көп өлшемді айнымалылардың динамикасын сипаттайтын дискретті теңдеулер жүйесіне негізделген. Қолданыстағы тәсілдерден айырмашылығы, бұл модель жұмыс жиіліктерінің оңтайлы диапазонын ескереді, қуат транзисторларының санын азайтады және орнатылған қуатты ескереді, мұның бәрі жоғары энергия тиімділігін сақтайтынын байқатады. Зерттеу аясында бір фазалы және үш фазалы қуат көзімен 2-20 кГц диапазонында жұмыс істейтін прототиптік жиілік түрлендіргіші және 6 кВт индуктор әзірленіп, шығарылды. Эксперименттік зерттеулер ұсынылған модельдің жарамдылығын және оның нақты технологиялық жағдайларда қолданылуын растады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы машина жасау мен ауылшаруашылық машиналарында оңтайлы индукциялық қыздыру технологияларын таңдау үшін әзірленген модель мен прототипті пайдалану мүмкіндігінде жатыр, осылайша сенімділіктің артуын, энергия тұтынудың төмендеуін және шығындардың төмендеуін қамтамасыз етеді. Нәтижелер ұсынылған модельдің жеткіліктілігін көрсетті және оның практикалық қолданылуын растады.Түрлендіргіш параметрлеріндегі өзгерістер оңтайлы индукциялық қыздыру режимін таңдауға айтарлықтай әсер ететіні көрсетілді, бұл білім беру мақсаттары үшін де, өнеркәсіптік енгізу үшін де практикалық маңызды.

524-533 8
Аңдатпа

Жұмыста TiCN-SiC-Si жүйесінің механикалық белсендірілген ұнтақ қоспаларын реактивті плазмалық тозаңдату әдісімен алынған TiSiCN жабындарының термиялық тұрақтылығы, трибологиялық және электрохимиялық қасиеттері зерттелді. Доғалық ток күшінің (400-600 А) қалыптасқан қабаттың сынақ нәтижелері мен сипаттамаларына әсері көрсетілген. Рентгендікфазалық талдау және сканерлейтін электрондық микроскопия әдісімен көлденең тегістегіштерді зерттеу Ti-Si-C-N жүйесі жабынының қалыптасуын растайды және оның қалыңдығы мен микроструктуралық ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді. N₂ атмосферасында жүргізілген термогравиметриялық талдау 950 °C дейін қыздыру кезінде жабындардың термиялық тұрақтылығын салыстырмалы бағалау үшін пайдаланылады. Трибологиялық сынақтардың деректері бойынша үйкеліс коэффициентінің тозаңдандыру режиміне тәуелділігі белгіленген және токтың жоғары мәндері кезінде оны тұрақтандыру үрдісі белгіленген. NaCl 3,5% ерітіндісіндегі электрохимиялық зерттеулер төсеммен салыстырғанда жабындылардың коррозиялық сипаттамаларының жақсарғанын көрсетті. Алынған нәтижелер TiSiCN жабындарын үйкеліс, қызу және коррозиялық ортаның әсері жағдайларында қолдану үшін перспективалы қорғаныс қабаттары ретінде сипаттайды.

534-542 10
Аңдатпа

Зерттеу барысында O₂/C₂H₂ қатынасы 2,6-3,7 аралығында өзгертіле отырып, детонациялық бүрку технологиясы арқылы химиялық таза Grade 2 титан негіздеріне гидроксиапатиттің биоактивті жабындары қалыптастырылды. Рентгенфазалық талдау гидроксиапатит фазасының басым екенін айқындап, детонациялық ағынның жоғары температурасы мен қарқынды динамикалық үдерістерінің ықпалынан α-трикальцийфосфаттың ішінара түзілетінін көрсетті. Қалыптасқан жабындар айқын гидрофобтылығымен, жоғары құрылымдық біртексіздігімен және дамыған микрорельефті беткі топографиясымен сипатталады, бұл сүйек ұлпасымен өзара әрекеттесудің жақсаруына және остеоинтеграция үдерістерінің жеделдеуіне ықпал етеді. Құрғақ жағдайларда және Рингер ерітіндісінде жүргізілген трибологиялық сынақтардың нәтижелері бастапқы Grade 2 титанымен салыстырғанда тозуға төзімділіктің едәуір артқанын көрсетті. Үйкеліс коэффициентінің ең тиімді мәндері мен тозу көлемінің минималды көрсеткіштері O₂/C₂H₂ = 3,0 және 3,3 қатынастарында алынған жабындарда байқалды, бұл кристалдылық дәрежесінің, фазалық құрамның және трибологиялық қасиеттерінің оңтайлы үйлесуімен байланысты. Аталған режимдерде қалыптасқан жабындар физиологиялық жағдайларда тұрақты трибологиялық сипаттамаларды қамтамасыз етеді. Алынған нәтижелер детонациялық бүрку әдісімен алынған гидроксиапатитті титан имплантаттарының ұзақ мерзімділігін, биосәйкестілігін және пайдалану сенімділігін арттыру үшін тиімді екенін дәлелдейді.

542-552 8
Аңдатпа

Жұмыста әртүрлі ылғалдылық деңгейлеріндегі жүгері дәнінің және жүгері собығының жылуфизикалық қасиеттері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – жүгеріні жылулық өңдеу және кептіру процестерін талдау үшін жылусыйымдылықты, жылуөткізгіштікті және температураөткізгіштікті анықтау болды. Қосымша түрде жүгері дәні мен собығының тығыздығын қоса алғанда, жылуфизикалық сипаттамалары анықталып, олардың ылғалдылық деңгейіне тәуелділігі белгіленді. Алынған тәуелділіктер жүгеріні кептіру және сақтау кезінде жылу мен ылғалдың тасымалдану процестерін неғұрлым дәл сипаттауға мүмкіндік береді.Жүгері собығының жылуфизикалық қасиеттерін анықтау үшін негізгі жылуфизикалық параметрлерді қажетті дәлдікпен өлшеуді қамтамасыз ететін ИТП МГ4-100 аспабы қолданылды. Сонымен қатар, жүгері дәнінің жылуфизикалық қасиеттерін анықтау және материалдың негізгі жылулық сипаттамаларын есептеу үшін шарлы бикалориметр пайдаланылды. Жүгері собықтарының беткі температуралық параметрлерін өлшеу «Fluke» инфрақызыл термометрі арқылы жүзеге асырылды, бұл эксперимент барысында температураны бақылауға мүмкіндік берді.Үлгілерді кептіру белгіленген температура және ылғалдылық режимдерінде «ШС-40 СПУ» кептіру қондырғысында жүргізілді. Зерттеу барысында әртүрлі ылғалдылықтағы жүгері дәні мен собығының жылуфизикалық қасиеттері анықталды. Сондай-ақ ылғал алмасу процестері зерттеліп, кептіру нәтижесінде өнімнің ылғалдылығы 72%-дан 60%-ға дейін төмендеді. Эксперименттік деректер мен алынған тәуелділіктерді талдау жүгеріні кептірудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жылулық өңдеу және кептіру технологияларын әзірлеуге ықпал етеді.

552-561 8
Аңдатпа

Мақалада ауа күн коллекторы негізінде жұмыс істейтін тәжірибелік кептіру қондырғысын пайдалана отырып, жүгеріні кептіру процесін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Жылутехникалық тәжірибелер жүргізіліп, ауа ағынының жылдамдығы өлшенді және кептіру барысында жүгерінің ылғалдылығының өзгеруі тіркелді. Сонымен қатар күн гелиоколлекторының конструктивтік және пайдалану сипаттамалары талданып, тәжірибе аймағындағы күн радиациясының көрсеткіштері зерттелді, бұл қолжетімді күн энергиясының деңгейін және оның ауаны қыздыру тиімділігіне әсерін бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде ауа коллекторының жылулық қуаты анықталып, оның ұзындығы бойынша температураның таралуы бағаланды және жүйенің оңтайлы жұмыс режимдері белгіленді. Күн энергиясын пайдалану жүгеріні кептіру кезіндегі энергия шығындарын едәуір төмендетіп, процестің энергия тиімділігін арттыратыны және жаңартылатын энергия көздерін орнықты пайдалануға ықпал ететіні анықталды. Қосымша түрде тәжірибелік нәтижелер есептік тәуелділіктермен салыстырылып, жүгері қабатындағы жылу және ылғал алмасу кинетикасы нақтыланды. Алынған деректер ауылшаруашылық өнімдерін кептіруге арналған күн кептіргіш қондырғыларын жобалау және жетілдіру кезінде, сондай-ақ өзгермелі инсоляция мен табиғи желдету жағдайында кептірудің ұтымды режимдерін негіздеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

562-573 8
Аңдатпа

Мақалада атом саласы кәсіпорнында KPI көрсеткіштерін стандарттау, түзетуші және алдын алу іс-қимылдарын басқару (CAPA), сондай-ақ жасанды интеллекттің аналитикалық құралдарын қолдану негізінде сапаны басқарудың цифрлық контурын қалыптастыруға арналған әдістемелік тәсіл ұсынылған. Зерттеу 2020-2024 жылдар аралығындағы деректерге негізделген. Бұл деректерге еңбек қауіпсіздігі және өндірістік қауіпсіздік көрсеткіштері, LTIFR, А тобы персоналының дозалық бақылауы, экологиялық көрсеткіштер, сондай-ақ сапаның цифрлық контурын енгізудің сценарийлік экономикалық бағалауы кіреді.

Қауіпсіздік, радиациялық және экологиялық бақылау көрсеткіштері сапаны басқару жүйесінің тұрақтылығын сипаттайтын практикалық метрикалар ретінде қарастырылуы мүмкін екені көрсетілген. Талдау жүргізілген кезеңде жазатайым оқиғалар саны 2020-2021 жылдардағы 1-2 жағдайдан 2022-2024 жылдары нөлдік мәндерге дейін төмендеген, ал LTIFR көрсеткіші 0,28-ден 0,00- ге дейін азайған. Радиациялық көрсеткіштер жылына 10 мЗв бақылау деңгейінен төмен болғанымен, максималды дозалардың 5,2 мЗв-қа дейін жетуі тек орташа мәндерді ғана емес, сонымен бірге жергілікті эпизодтарды да басқару қажеттілігін растайды. Экологиялық KPI көрсеткіштері жылдар бойынша құбылмалылық танытады, бұл шекті бақылауды және ауытқу себептерін талдауды қажет етеді.

Жұмыста «KPI – шекті мәндер – ауытқу – CAPA – тиімділікті тексеру – аудит» цифрлық контурының логикасы ұсынылған. Бұл модельде жасанды интеллект аномалияларды анықтау, талдауларды басымдық бойынша сұрыптау және себептерді жіктеу үшін қосымша аналитикалық құрал ретінде қолданылады. Экономикалық бағалау нәтижелері бойынша CAPEX 30 млн теңге және OPEX жылына 6 млн теңге болған жағдайда есептік өтелу мерзімі шамамен 1,67 жылды, ал консервативті сценарийде шамамен 2,5 жылды құрайды. Алынған нәтижелер сапаның цифрлық контурын кезең-кезеңімен енгізудің орынды екенін растайды: деректерді және CAPA жүйесін стандарттаудан бастап аналитика мен предиктивті модельдерге дейін.

573-582 9
Аңдатпа

Мақалада қышқыл-негіздік тепе-теңдік (ҚНТ) бұзылыстарын диагностикалауға арналған клиникалық шешімдерді қолдау жүйесі қарастырылады. Жүйе қанның газдық құрамын (ABG) талдауға және Henderson-Hasselbalch equation теңдеуіне негізделген. Қазіргі клиникалық тәжірибеде диагностиканың дәлдігі мен жылдамдығына қойылатын талаптардың артуы ABG көрсеткіштерін алгоритмдік өңдеудің маңыздылығын күшейтеді. Зерттеу жұмысы қан газдарының негізгі параметрлерін (рН, 𝑃𝑎𝐶𝑂2 , 𝐻𝐶𝑂3 − , BE) жүйелеуге, олардың физиологиялық өзара байланысын талдауға және қышқыл-негіздік бұзылыстарды автоматты түрде жіктейтін логикалықматематикалық модель құруға бағытталған. Алгоритмдік тәсіл метаболикалық және респираторлық бұзылыстарды, сондай-ақ аралас түрлерін компенсациялық механизмдерді ескере отырып анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде компьютерлік модельді қолдану диагноз қоюдың объективтілігін арттырып, клиникалық шешім қабылдау сапасын жақсартады.

583-593 8
Аңдатпа

Бұл зерттеу қатты абразивті жағдайларда жұмыс істейтін тиегіштерде қолданылатын 30CrMnSi маркалы шөміш тістерінің тозуға төзімділігін арттырудағы электролиттік-плазмалық өңдеудің тиімділігін қарастырады. Үлгілер әртүрлі өңдеу әдістеріне ұшыратылды, соның ішінде электролиттік-плазмалық шынықтыру, азоттау, цементациялау, азот-көміртекпен қанықтыру және шынықтыру процестері жүргізілді. Үлгілердің құрылымын, фазалық құрамын және механикалық қасиеттерін жан-жақты сипаттау үшін бірнеше талдау әдістері қолданылды: сканерлеуші электрондық микроскопия, энергия-дисперсиялық спектроскопия, рентгенқұрылымдық талдау және микротвердостық өлшеулер. Материалдардың трибологиялық қасиеттері TRB3 трибометрі көмегімен бағаланды, ал абразивтік тозу сынақтары ГОСТ 23.208-79 стандартына сәйкес жүргізілді. Нәтижелер электролиттік-плазмалық өңдеу кезінде қалыңдығы 15-25 мкм болатын диффузиялық қабаттардың түзілетінін көрсетті. Бұл процесс карбид, нитрид және карбонитрид фазаларының (Fe₄C, Fe₇C₃, Fe₄N, Fe₂N және Fe₃(CN)) түзілуімен қатар жүреді. Аталған өңдеу беткі қаттылықты айтарлықтай арттырып (810 HV-қа дейін) және тозуға төзімділікті жақсартады. Зерттеу нәтижелері электролиттік-плазмалық азоттаудың қаттылық пен тұтқырлықтың оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз ететінін, соның нәтижесінде үйкеліс коэффициенті төмендеп, абразивтік тозуға төзімділіктің артатынын көрсетті. Бұл технологияны дамыту жер қазу және тау-кен жабдықтары бөлшектерінің қызмет ету мерзімін ұзартуға, техникалық қызмет көрсету шығындары мен жабдықтың тоқтап қалу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

593-605 9
Аңдатпа

Бұл жұмыста HVOF әдісімен алынған Cr₃C₂-NiCr негізіндегі газотермиялық жабындардың БКЗ-320-140 қазан агрегатының экрандық бу қыздырғыш құбырларының жылуфизикалық сипаттамаларына әсері талданды. Қорғаныш жабынның жылуалмасу процестеріне, соның ішінде конвективті және сәулелік жылуалмасуға, сондай-ақ жоғары температуралы түтін газдары әсеріндегі металлдың температуралық күйіне ықпалы қарастырылды. Температуралық өріс ELCUT 6.6 бағдарламалық кешенінде соңғы элементтер әдісі арқылы бейстационарлық режимде есептелді. Модельдеу барысында бу қысымы мен температурасы, ағын жылдамдығы және материалдардың жылуфизикалық қасиеттері ескерілді. Нәтижелер көрсеткендей, жабынның болуы «құбыр қабырғасы – жабын» жүйесінің жалпы жылулық кедергісін аздап арттырады. Сонымен қатар жабынның температуралық режимге және жылу ағынының тығыздығына әсері мардымсыз. Cr₃C₂- NiCr жабындарын қолдану қыздыру беттерінің коррозиялық-эрозиялық төзімділігін арттырып, қазан агрегатының жылутехникалық тиімділігін төмендетпейтіні анықталды нақты өндірістік жағдайларда. Алынған нәтижелер жылу электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын жобалау, жаңғырту және оңтайландыру кезінде Қазақстан өнеркәсіптік энергетикасында қолданылуы мүмкін.

606-613 9
Аңдатпа

Бұл жұмыста әртүрлі өңдеу шарттарындағы плазмалық шынықтырудың ШХ15 мойынтіректік болатының микроқұрылымы мен трибологиялық қасиеттеріне әсері зерттелді. Жергілікті жоғары жылдамдықты қыздыруға және кейінгі өздігінен шынығуға негізделген плазмалық өңдеу сұйық салқындатқыш орталарды қолданбай-ақ беріктендірілген беткі қабаттың қалыптасуын қамтамасыз ететіні көрсетілді. Эксперименттік зерттеулер плазмалық доға тогын (120-140 А) және плазма түзуші газ шығынын (0,2-0,25 л/мин) өзгерту арқылы жүргізілді. Алынған нәтижелер плазмалық шынықтырудың мартенситтен, қалдық аустениттен және перлиттен тұратын градиентті микроқұрылымның қалыптасуына алып келетінін, сонымен қатар оның бастапқы перлиттік құрылымға біртіндеп ауысатынын көрсетті. Беріктендірілген қабаттың максималды микрокаттылығы 250 мкм тереңдікке дейін 700 HV мәніне жетеді. «Шар-диск» сұлбасы бойынша жүргізілген трибологиялық сынақтар плазмалық өңдеуден кейін үйкеліс коэффициентінің артатынын, ал тозу жылдамдығының бастапқы күймен салыстырғанда 3-3,5 есе төмендейтінін көрсетті. Алынған нәтижелер ШХ15 болатының тозуға төзімділігінің едәуір артқанын дәлелдейді және плазмалық шынықтырудың бетті беріктендіру әдісі ретінде тиімділігін растайды.

ХИМИЧЕСКАЯ ТЕХНОЛОГИЯ

614-628 9
Аңдатпа

Су негізіндегі лак-бояу композиттері құрылыста, өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданылып келеді. Бұл, ең алдымен, экологиялық (органикалық еріткіштердің эмиссиясын төмендету) және экономикалық (судың органикалық еріткіштерге қарағанда арзандығы әрі қолжетімділігі) факторларымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, жағу технологиялылығын және тез қатаюын сақтай отырып, су негізіндегі жабындардың тосқауылдық және механикалық қасиеттерін арттыру негізгі міндет болып қала береді. Сумен сұйылтылатын жүйелерді модификациялаудың екі негізгі тәсілі қолданылады: полимерлі байланыстырғыштарды химиялық модификациялау және полимерлерді блендтеу. Полиуретанның жұмсақ/қатты сегменттерінің құрылымын мақсатты түрде түрлендіру, сондай-ақ акрилат компонентін және функционалдық қоспаларды (пластификаторлар, нанотолтырғыштар) енгізу айқас байланысу дәрежесі мен фазалардың таралуын басқаруға мүмкіндік беріп, соның нәтижесінде жабындардың адгезиясын, тозуға төзімділігін және тосқауылдық қасиеттерін арттыратыны көрсетілді.Модификацияланған су негізіндегі жүйелердің ішінде полиуретанды және акрил-полиуретанды жабындар қасиеттерінің бірегей үйлесімі арқасында ерекше қызығушылық тудырады және мақалада осы жүйелерге басым назар аударылған. Аталған жүйелер әртүрлі материалдарға арналған қорғаныш және сәндік жабындарды қоса алғанда, жабындардың жоғары беріктігін және қолданылу аясының кеңдігін қамтамасыз етеді. Оларды модификациялау тәсілдеріне ерекше назар аударылады. Коррозияға қарсы қорғауда полиуретанды және акрил-полиуретанды су негізіндегі жабындардың перспективалылығы, сондай-ақ пайдалану жағдайларын ескере отырып, құрамдарды мақсатты түрде таңдаудың қажеттілігі атап өтіледі.

629-636 8
Аңдатпа

Мақалада жабайы өсетін Rumex rechingerianus Losinsk. өсімдігінен friedelan-3-one тритерпеноидты қосылысын бөліп алу және оның құрылымын сәйкестендіру нәтижелері ұсынылған.

Зерттеу нысаны 2022 жылдың қазан айында Іле Алатауы (Алматы облысы, Қазақстан) бөктерінде вегетациялық кезеңде жиналған өсімдіктің жер үсті бөлігі болды, ботаникалық сәйкестендіру ҚР БҒМ ҒК «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК маманымен бірлесіп жүргізілді.

Жұмыстың өзектілігі осы эндемикалық түрдің химиялық құрамының жеткіліксіз зерттелуіне және Фитохимия мен фармакогнозияға қызығушылық тудыратын табиғи тектес тритерпеноидты қосылыстар туралы ақпаратты кеңейту қажеттілігіне байланысты.

Биологиялық белсенді заттарды экстракциялау 70% этанолды қолдану арқылы мацерация әдісімен жүргізілді. Алынған экстракт вакуум жағдайында қоюландырылып, дихлорметан-метанол еріткіштер жүйесінің градиентін пайдалана отырып вакуумдық сұйықтық хроматографиясы әдісімен фракцияланды.

Мақсатты фракцияларды қосымша бөлу силикагельде бағаналық хроматография әдісімен жүзеге асырылды, ал бөлінген қосылыстардың тазалығы жұқа қабатты хроматография әдісімен бақыланды.

Бөлініп алынған қосылыстың құрылымын сәйкестендіру ¹H, ¹³C және DEPT ЯМРспектроскопиясы, сондай-ақ масс-спектрометриялық детектормен жабдықталған газдық хроматография әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Спектрлік деректердің жиынтық талдауы алынған қосылыстың тритерпеноидтар қатарына жататынын растады және оның friedelan-3-one екендігін бірмәнді түрде анықтауға мүмкіндік берді.

Алынған нәтижелер Rumex rechingerianus Losinsk. өсімдігінің химиялық құрамы туралы мәліметтерді толықтырады және оны әрі қарай фитохимиялық және фармакологиялық тұрғыда зерттеуге негіз бола алады.

636-648 9
Аңдатпа

Экстракциялық фосфор қышқылы (ЭФК) өндірісінде түзілетін фосфогипсті кәдеге жарату және сақтау проблемасы өте өзекті болып табылады, өйткені ол су объектілерінің, жердің және атмосфераның ластануының экологиялық проблемаларымен байланысты. Фосфогипстің үлкен көлемде жиналуы оны қайта өңдеудің тиімді әдістерін әзірлеуді қажет етеді. Фосфогипсті химиялық өңдеудің негізгі талаптарының бірі – оның гранулометриялық құрамы, ең алдымен кристалдардың өлшемі мен пішіні. Жұмыста ЭФҚ алу режимінің және сұйық пен қатты фазалардың арақатынасының (С:Қ) фосфогипстің химиялық құрамына, кристалдардың өлшемі мен габитусына, сондай-ақ оның сүзгілеу қасиеттеріне әсері зерттелді. Фосфогипсті алу дигидратты және жартылай гидратты әдістермен С:Қ = 2,5:1 және 3:1 жағдайында зертханалық ортада, сондай-ақ «Қазфосфат» компаниясының «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалындағы технологиялық процесс жағдайында жүргізілді. Үлгілердің құрамы мен морфологиясы рентген-флуоресцентті және рентгендік фазалық әдістермен және электронды микроскопиямен көмегімен зерттелді. Рентгендифракциялық талдау арқылы 90-95ºС температурада өндірістік жағдайларда алынған фосфогипс тұнбасының сүзілу қабілетінің төмендеуін тудыратын ұсақ дисперсті ангидриттің болуы анықталды. Экстракцияны дигидратты режимде С:Қ = 3:1 қатынасында жүргізу гипстің ірі, біртекті, изометриялық кристалдарының түзілуіне ықпал ететіні және сүзгілеудің ең жоғары өнімділігін қамтамасыз ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері ЭФҚ өндірісін оңтайландыруда пайдаланылуы мүмкін.

648-673 8
Аңдатпа

Өнеркәсіп секторларының қарқынды дамуымен бірге су ресурстарының ластануы жаһандық экологиялық мәселеге айналды. Осы шолу мақаласында функционалданған наноцеллюлоза негізіндегі адсорбенттердің судағы органикалық (синтетикалық бояғыштар, фенолдар, антибиотиктер, пестицидтер) және бейорганикалық (Pb2+, Cd2+, Hg2+, Cr(VI), Cu2+, As) ластаушыларды жоюдағы тиімділігі жүйелі талданды. Негізгі нәтижелер бойынша, ең жоғары сорбциялық сыйымдылыққа TEMPO- тотыққан наноцеллюлоза мен амин-функционализацияланған композиттер қол жеткізеді: метилен көгі үшін 2500 мг/г-ге дейін, қорғасын иондары үшін 2270 мг/гге дейін. Наноцеллюлоза негізіндегі молекулалық таңбаланған полимерлер (МТП) бәсекелес қосылыстар болған жағдайда фенолдарды 97% тиімділікпен селективті адсорбциялайды. Адсорбенттердің басым бөлігі 20 циклге дейін регенерацияланғанда 80–90% сыйымдылықты сақтайды. Мақалада наноцеллюлозаның үш негізгі түрі (ЦНК, НФЦ, БНЦ), олардың алу әдістері (қышқылдық гидролиз, TEMPO-тотығуы, механикалық және ферменттік өңдеу) және беттік функционалдандыру стратегиялары (изоцианаттық, амин- және тиол-функционализация) қарастырылды. Ауылшаруашылық қалдықтарынан (күріш қауызы, соя қабығы) наноцеллюлоза өндіру тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетіндігі атап өтіледі. Сондай-ақ масштабтау, реальды ағынды суларда тұрақтылық пен экономикалық тиімділік сияқты шешілмеген мәселелер мен болашақ зерттеу бағыттары айқындалды.

674-689 9
Аңдатпа

Қазіргі уақытта жылу электр станцияларынан түзілетін күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу және олардың құрамындағы алюминий сияқты бағалы металдарды тиімді алу экологиялық және экономикалық тұрғыдан маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Дәстүрлі түрде алюминий алу әдістері – қышқылды және сілтілі шаймалау, жоғары температуралы термиялық өңдеу, пирометаллургиялық және органикалық экстракция әдістері – энергия шығынының жоғары болуымен, экологиялық тұрғыдан қоршаға ортаға тигізетін зияны мен қатар экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуымен сипатталады.

Осы шолу жұмысында өнеркәсіптік күл-қож қалдықтарынан алюминийді алудың қолданыстағы заманауи әдістеріне кешенді талдау жүргізіліп, олардың тиімділігі, энергетикалық шығындары мен технологиялық тұрғыдан алғандағы шектеулері салыстырмалы түрде қарастырылды. Әсіресе аморфты графитті қолдана отырып микротолқынды пеште шаймалау технологиясына ерекше назар аударылып, оның дәстүрлі әдістермен салыстырғандағы артықшылықтары жүйеленді.

Жүргізілген әдеби шолулар нәтижесінде микротолқынды пеште шаймалау әдісінің энергия үнемділігі, реакцияның жылдамдығын арттыруы, алюминийдің ерітіндіге өту дәрежесін жоғарылатуы және экологиялық жүктемені азайтуы тұрғысынан перспективалы бағыт екендігі анықталды. Сонымен қатар, бұл шолу аталған технологияның ғылыми тұрғыдан артықшылықтарын нақтылап, және оны дамытуға қажетті негізгі бағыттарды – микротолқындардың ену тереңдігін, қуат пен температура режимдерін оңтайландыруды – айқындайды.

Осылайша, берілген шолу жұмысы күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу саласында микротолқынды технологияларды қолданудың ғылыми негіздерін жүйелеп, қалдықтың құрамындағы алюминийді тиімді алудың жаңа, экологиялық қауіпсіз әдістерін дамытуға үлес қосады.

689-696 8
Аңдатпа

Полимерлерге ультракүлгін сәулеленудің әсерін зерттеу ғылым мен техника саласындағы маңызды әрі өзекті бағыт болып табылады, себебі ол неғұрлым берік және тиімді материалдарды жасауға жаңа тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыста ультракүлгін сәулеленудің ұзақ уақыт әсері кезінде қанықпаған полиэфирлер негізіндегі полимерлерде жүретін өзгерістер қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – полиэтиленгликоль малеинаты мен полипропиленгликоль малеинаты негізінде акрил қышқылымен шамамен 70:30% массалық қатынаста алынған полимерлік материалдардың ұзақ мерзімді ультракүлгін сәулеленудің әсерінен термиялық тұрақтылығын зерттеу. Үлгілер ультракүлгін сәулеленудің әсерінен пайда болатын микрожарықшаларды анықтау үшін микроскопиялық әдіспен зерттелді. Сонымен қатар зерттелген материалдардың түсінің өзгеруі мен лайлану құбылысы визуалды түрде бағаланды. Сонымен қатар полимерлердің фотооксидтік деградация дәрежесін сандық тұрғыда бағалау мақсатында карбонил индексі анықталды. Бұл көрсеткіш ультракүлгін сәулеленудің әсерінен полимер тізбегінің ыдырауы нәтижесінде түзілетін карбонил топтарының жинақталуын сипаттайды және материалдардың фототозу процесінің тереңдігін бағалауға мүмкіндік береді. Сополимерлердің термиялық тұрақтылығы термогравиметриялық талдау әдісі арқылы, яғни үлгілерді 21 тәулік бойы ультракүлгін сәулеленуге ұшыратқанға дейін және кейін термиялық деформация басталу температурасын анықтау арқылы бағаланды. Алынған нәтижелер полиэтиленгликоль малеинаты негізінде синтезделген полимерде ультракүлгін сәулеленуден кейін термиялық деформация басталу температурасының анағұрлым айқын төмендейтінін көрсетті. Бұл көрсеткіш полипропиленгликоль малеинаты негізіндегі сополимермен салыстырғанда төмен, яғни соңғысы ультракүлгін әсерге анағұрлым жоғары төзімділік көрсетеді.

696-704 8
Аңдатпа

Мақалада н-бутанның палладийді тасымалдағышқа отырғызылған катализаторларында 400-600 оС температура аралығында, стационарлық жағдайда, атмосфералық қысымда, газдың көлемдік жылдамдығы 250 сағат–1 н-бутанның өзгерісі келтірілген. Катализаторларды тасымалдағыштың ылғал сыйымдығы негізінде сіңіру әдісімен даярланды, палладий концентрациясы 1 мен 3%, тасымалдағыш ретінде γ-Al2O3 және SiO2 (силикагель) алынды. Катализаторлар эксперимент алдында реакторда сутекпен тотықсыздандырылды. Н-бутан дегидрлеуімен бірге крекинг, изомерлену, ыдырау реакциялары жүреді, бұл түзілген олефиндермен (этилен, пропилен, бутен-1, цис- және транс-бутены-2) мен алкандармен (метан, этан, пропан, изобутан) дәлелденеді. Н-бутан изобутанға изомерледі, ал басқа реакциялардың көлемі аз. Контакт газдың құрамындағы анықталған сутектің көлемі дегидрлеу мен ыдырау өнімдеріне эквивалентті. Реакция өнімдерінің құрамында конденсацияланбаған сұйық пентан мен ароматты қосылыстардың ізі табылады. Катализаторлардың меншікті беті БЭТ әдісімен анықталып, СЭМ-ЭДС арқылы бетінің химиялық құрамы анықталды.

704-715 9
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешенінің техногендік қалдықтары түсті және сирек кездесетін металдардың перспективалы екінші реттік көзі ретінде қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Балқаш байыту фабрикасының мыс кендерін байыту қалдықтары алынды, олар силикатты матрицамен (Si ≈ 36 %) және Cu (≈0,32 %) мен Zn (≈0,77 %) қалдық мөлшерлерінің болуымен сипатталады. ICP-OES әдісімен олардың химиялық, гранулометриялық және физика-химиялық құрамына кешенді талдау жүргізілді. Шикізатты дайындау процестері, оның ішінде ұсақтау, майдалау және жіктеу зерттелді, сондай-ақ майдалау режимдерінің оңтайландырылуы жүргізілді. Бөлшек өлшемін < 40 мкм дейін азайту шаймалау тиімділігін арттырудың негізгі факторы екені көрсетілді. Микрофлюидтік бөлу мен биошаймалауды қамтитын интеграцияланған қайта өңдеу технологиясы ұсынылды. Микрофлюидтік бөлу процесі мақсатты фракцияда мыстың 0,52-0,58 %-ға дейін селективті концентрленуін және 70-75% деңгейінде алынуын қамтамасыз ететіні анықталды. Оңтайлы жағдайларда (pH 1,8-1,9; T ≈ 31-32°C) жүргізілген биологиялық шаймалау нәтижесінде металдарды бөліп алу дәрежесі Cu 60-63 %, Zn – 55-58 % дейін жететіні көрсетілді. Алынған нәтижелер биологиялық шаймалау процесін техногендік қалдықтарды кешенді өңдеуде және оның қоршаған ортаға әсерін азайту үшін пайдалану мүмкіндігін дәлелдейді.

715-725 8
Аңдатпа

ұл жұмыста майларды регенерациялаудың заманауи тәсілдері, соның ішінде физикалық, химиялық және сорбциялық әдістер қарастырылып, адсорбциялық тазарту экологиялық қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан қарапайым балама ретінде негізделді. Табиғи және модификацияланған бентонитті сорбенттерді қолдану арқылы пайдаланылған мотор майларын тиімді тазарту және кәдеге жарату әдісі әзірленді. Зерттеу нысандары ретінде KIXX 10W-40 пайдаланылған мотор майы, П1Т1А және «13 горизонт» бентониттері, сондай-ақ олардың қышқылдық және пероксидтік активация арқылы алынған түрлері қолданылды. Эксперименттік зерттеулер вакуумдық май тазарту қондырғысы мен сорбциялық сүзу әдістерін пайдалану арқылы жүргізілді. Тазарту тиімділігін бағалау үшін FTIR-спектроскопия, термогравиметриялық талдау (TGA) және ICP-MS әдістері қолданылды.Зерттеу нәтижелері май құрамындағы су, тотығу өнімдері, күкіртті қосылыстар мен металл қоспаларының айтарлықтай азайғанын көрсетті. Ең жоғары тиімділік модификацияланған П1Т1А бентонитін қолданғанда байқалды. Модификация сорбенттің меншікті беті мен сорбциялық сыйымдылығын арттырып, адсорбция процесінің тиімділігін жоғарылатады. Сонымен қатар, бұл әдіс энергия шығынын азайтып, экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған тәсіл қарапайым, үнемді, масштабтауға қолайлы және екінші реттік улы қалдықтар түзбейді, сондықтан оны өнеркәсіпте кеңінен қолдануға болады.

726-736 8
Аңдатпа

Пайдаланылған кофе ұнтағы (WCG), мол лигноцеллюлозалық агроөнеркәсіптік қалдық, гидротермиялық көміртек адсорбенттеріне айналдырылды, содан кейін сілтілі активация арқылы су ерітінділерінен метилен көкті (MB) тиімді түрде кетіру үшін. Гидротермиялық көміртектеу (HTC) 180-220°C температурада және 2-6 сағат тұру уақытында судың аса маңызды емес жағдайында жүргізілді, нәтижесінде реттелетін физика-химиялық қасиеттері бар көмірсутектер алынды. Алынған гидрокарбондар кейіннен беттік функционалдылық пен кеуектілікті жақсарту үшін микротолқынды реакторда калий гидроксидін пайдаланып белсендірілді. Материалдардың құрылымдық, текстуралық және химиялық сипаттамалары N₂ физисорбциясын (BET беттік ауданы және кеуек өлшемінің таралуы), Фурье түрлендіру инфрақызылын (FTIR), сканерлеуші электронды микроскопияны (SEM), рентгендік дифракция/Раман спектроскопиясын және элементтік талдауды (XRF/EDX) қолдану арқылы жан-жақты талданды.

Метилен көкке қатысты адсорбция кинетикасын, тепе-теңдік изотермаларын және термодинамикалық мінез-құлықты бағалау үшін партиялық адсорбция тәжірибелері жүргізілді. Кофе ұнтағынан алынған белсендірілген көміртектер белсендірілмеген көмірсутектермен салыстырғанда жылдам адсорбция кинетикасын және адсорбция сыйымдылығын айтарлықтай арттырды. Бұл жақсартылған өнімділік дамыған микро- және мезокеуекті құрылымдардың синергетикалық әсерлеріне және бетіндегі оттегі бар функционалды топтардың көптігіне байланысты болды. Механикалық талдау метилен көк адсорбциясының кеуектерді толтыру, электростатикалық тартылыс, хош иісті көміртек беті мен бояғыш молекулалары арасындағы π– π донор-акцепторлық өзара әрекеттесулер, сутектік байланыс және кеуекішілік диффузияның үйлесімі арқылы жүзеге асатынын көрсетті.

Нәтижелер гидротермиялық көміртектенудің жұмсақ сілтілі активациямен біріктірілуі пайдаланылған кофе ұнтағын жоғары тиімді адсорбенттерге айналдырудың тиімді және тұрақты жолын қамтамасыз ететінін көрсетеді. Бұл зерттеу синтез жағдайлары, беттік химия, текстуралық қасиеттер және адсорбция тиімділігі арасындағы байланысты анықтайды, пайдаланылған кофе ұнтағынан алынған белсендірілген көмірдің ағынды суларды тазартуда практикалық қолдану әлеуетін көрсетеді.

736-753 8
Аңдатпа

Ауыр металдардан ластанған су ресурстары қазіргі замандағы ең ауқымды мәселесіне айналған, сол үшін ауыр металдарды судан тазартуға арналған жаңа және эффективті материалдарды ойлап табу керек болады. Ғалымдар екі өлшемді өтпелі металл карбидтері мен нитридтерін (MXenes) жақсы адсорбент санағанымен, бұл материалдың бастапқы үлгілерінде табиғи құрылымдық дефектілер жиі кездеседі. Материалдың толық потенциалын ашуға кедергі жасап отыған – нанопарақтардың бір-біріне жақын орналасып қабаттасуы және бетіндегі активті орталықтардың аз болуы. Осы мақалада вакансиялық инженерияның металл (VM), көміртек/азот (VX) және беткі терминалдық вакансиялардың (VTx) ауыр металдарды тазалау кезіндегі рөлі мен механизмін ашып айтамыз. Атомдардың байланысы мен электрондық құрылымын арнайы модификациялау арқылы біз вакансиялық дефектілерді қабаттардың жабысуын азайтуға ғана емес активті термодинамикалық тұзақ ретінде жұмыс істетуге де болады. Қолдан жасалған атомдық дефектілер электрондардың бір жерге топтасып қайта таралуына әкеледі және бұл құбылыс ауыр металдармен байланыс орнатудағы Гиббс энергиясы айтарлықтай азайтады. Осындай қолдан жасалған дефектілер материалды актиытендіріп оның адсорбциялық қабілетін бірнеше есе арттырады(мысалы, Pb²⁺ үшін >400 мг/г) және судағы Cr⁶⁺ сияқты ауыр металдардың өздігінен тотықсыздануына әкеледі. Біз бұл мақалада құрылымдық ақауларды дәл енгізетін жаңа синтездеу технологияларын егжей-тегжейлі талқыладық. Зерттеу соңында өнеркәсіптік үлкен көлемдік шығару мен ұзақ уақытқа сақталу мәселелерін ескерте отырып таза су сүзгілеріне арналған жаңа буын MXene материалдарын жасап шығарудың стратегиялық бағытын ұсынамыз.

754-763 11
Аңдатпа

Су нысандарында полимерлі микробөлшектердің жиналуы оларды жоюдың жаңа, тиімдірек әдістерін іздеуді талап етеді. Ең қиын ыдырайтын ластағыштардың бірі – полистирол. Оның құрамындағы ірі фениль топтары микробтардың әсеріне кедергі жасап, материалдың химиялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, бұл жұмыста Фентон жүйесін (FeSO4* 7H2O / H2O2) қолдана отырып, судағы полистирол бөлшектерінің тотығу арқылы ыдырауы зерттелді.Тәжірибелер 35-40°C температурада және pH 2-3 қышқылдық ортада жүргізілді. рН деңгейін осы тар ауқымда ұстап тұру өте маңызды: бұл темір иондарының белсенді болуына көмектеседі және олардың тұнбаға түсуіне жол бермейді. Мұндай жағдайда гидроксил радикалдары (•OH) белсенді бөліне бастайды. Олар өте күшті тотықтырғыш болғандықтан, полимер қаңқасынан сутегі атомдарын тартып алады. Бұл көміртегі байланыстарының үзілуіне және молекулалық массаның төмендеуіне әкеледі. Реакцияға дейінгі және одан кейінгі үлгілердің беткі өзгерістері оптикалық және сканирлеуші электронды микроскопия (СЭМ) әдістерімен бағаланды. Алынған суреттерден пластик бетінің бұзылғаны анық көрінеді: терең жарықтар, сызаттар мен ойықтар пайда болған. Сонымен қатар, бөлшектердің өлшемі динамикалық жарық шашырату (ДЛС) әдісімен тексерілді. Нәтижелер өңдеуден кейін бөлшектердің едәуір кішірейгенін растады.Тәжірибе нәтижелері Фентон реакциясы төзімді полимерлерді тиімді ыдырататынын дәлелдейді. Сондықтан бұл әдісті өндірістік ағын суларды тазарту жүйелері үшін болашағы зор кезең ретінде қарастыруға болады.

763-771 9
Аңдатпа

Бұл ғылыми-зерттеу жұмысында жоғары тазалықтағы нанокеуекті кремнийді синтездеу мақсатында Қызылорда облысының күріш қауызынан бөлініп алынған аморфты кремний диоксидін магнийтермиялық тотықсыздандыру (МТТ) процесі жан-жақты әрі егжей-тегжейлі зерттелді. Кремний диоксиді алдын ала химиялық өңдеу, яғни сілтілік шаймалау және одан кейінгі қышқылдық тұндыру әдістерімен алынды, бұл меншікті беті кеңінен дамыған жоғары сапалы прекурсорды алуға мүмкіндік берді. Тәжірибелік зерттеулер барысында аргонның инертті атмосферасында 650-700°C температуралық диапазонда процестің негізгі термодинамикалық заңдылықтары мен кинетикасы талданды. Реакцияның күшті экзотермиялық әсерін бақылау және құрылымның балқып, бірігуін болдырмау үшін жылу сіңіргіш агент ретіндегі натрий хлоридінің (NaCl) атқаратын маңызды рөліне ерекше назар аударылды. Магний оксиді (MgO) және қалдық SiO2 сияқты жанама өнімдерді тиімді жою мақсатында HCl–H₂O–EtOH жүйесінде көп сатылы гидрометаллургиялық тазарту жұмыстары жүргізілді. Алынған үлгілердің фазалық құрамы мен морфологиялық ерекшеліктері рентгенфазалық талдау (РФТ) және сканерлеуші электрондық микроскопия (СЭМ) әдістерімен нақты сипатталды. Нәтижелер биогендік прекурсордың бастапқы құрылымынан толық мұраланған бірегей иерархиялық кеуекті морфологиясы бар поликристалды кремнийдің түзілуін толықтай растады. Ұсынылған әдістеме еліміздегі жаңартылатын агроөнеркәсіптік шикізатты пайдалана отырып, отандық жоғары технологиялық наноматериалдар өндірісін дамытудың жоғары тиімділігі мен стратегиялық экологиялық маңыздылығын айқын көрсетеді.



ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X