Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу
№ 3(91) (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ

4-8 178
Аннотация

Мақалада Бүкіләлемдік банктің деректер көзінен алынған 1990-2014 жылдары арасындағы еліміздің энергетика саласында көмір отынынан түзілген электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі пайыздық үлесінің стохастикалық динамикасы қараcтырылады. Статистикалық деректерді пайдалана отырып эконометриялық және ақпараттық моделі көмегімен энергетика өнеркәсібі өндірісінің экономикалық мінез-құлқы зерттелінеді, нәтижесінде көмір отынынан түзілген электр энергиясын өндіруі динамикасы экономикалық өмір циклі талаптарына сай сыныпталады. Сыныптау екі сатыда орындалады: бірінші сатысы өлшемділік белгісіне негізделген және электр энергиясын өндіруі стохастикалық динамикасын құрылымдау арқылы тәуелсіз тенденциялар алынады. Екінші сатысында, осы алынған әрбір тенденция процестік белгі бойынша тереңірек, яғни, ыдырау және жинақталу критерийлерімен зерттеледі. Сондай-ақ, көмір отынынан түзілген электр энергиясын өндіруі динамикасының математикалық моделі жасалады және MS Exсel процессорында есептеу алгоритмі құрылады.

8-11 189
Аннотация

Мақалада негізгі назар жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің үйлесімдік мәселесін шешуге бағытталған. Бұл мәселе қазіргі уақытта жасанды интеллектің белсенді дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселе болып табылады. Бұл жұмыста компьютерлік жүйелердің үйлесімдік проблемасының өзектілігі негізделеді, ұсынылған және аталған мәселені шешуге мүмкіндік беретін негізгі принциптер қарастырылады. Жұмыста компьютерлік жүйелердің семантикалық модельдерін интерпретациялаудың аппараттық платформасы болып табылатын семантикалық ассоциативті компьютерді құру принциптерін сипаттауға бөлінген:
– біртекті семантикалық желілер негізінде білімді интеграциялау мәселесін шешу [1];
– гибридті білім базаларының семантикалық модельдерін жобалау технологиясын жасау [2];
– интеллектуалдық жүйелер есептерін шешушілердің үйлесімді жобалау технологиясын жасау [3].

12-15 145
Аннотация

Көбінесе математика тәжірибеден алынған нәтижелерді өңдеу үшін қажет. ЭЕМ-нің пайда болуы мен дамуы математиканың ғылымдағы есептеу функциясын жоғарғы сатыға көтерді. Тәжірибелік нәтижелерді математикалық өңдеу арқылы белгілі бір тәжірибелік заңдылықты табамыз. Мысалы Кулон, Паскаль, Кеплер т.б заңдар осындай жолмен табылған. Есептеу практикасында көбінесе жуық есептеулер орындауға тура келеді.

Қатарлар көмегімен логарифмдердің, әртүрлі дәрежелік түбірлердің, тригонометриялық функциялардың анықталған интегралдардың жуық мәндерін есептеуге, жуық түрде теңдеулерді, дифференциалық теңдеулерді шешуге болады. Осы мақалада дәрежелік қатарлар функция мәндерін жуықтап есептеуде, анықталған интегралды жуықтап есептеу мақсаттарына шектеусіз қатарларды қалай пайдалануға болатындығын нақты мысалдар арқылы түсіндіретін боламыз. Бұл мақаланы техникалық жоғары оқу орындарының студенттері де пайдалануға болады.

15-20 840
Аннотация

Тағамдық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін тағамдық құндылығы бойынша жемісті езбенің салыстырмалы сипаттамалары қарастырылған. Тағамдық құндылық көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштернімен салыстырмалы сипаттамаларынан езбенің табиғи және пайдалы өнім ретінде пайдасы анықталады және қант диабетімен ауыратын адамдарға мұндай өнімдерді пайдаланудың қауіпті факторлары және нормасы белгіленеді. Зерттелетін жемісті езбеге сіңірілетін көмірсулар түссе, жемісті-жидекті езбеге сахароза түседі, ал сіңірілмейтін көмірсулардан пектин. Дайын өнімге жүргізілген анализдер тағамдық құндылықтың қойылған талаптарға сәйкестігі және оның аналогтарымен салыстырғанда өзіндік құндылығы төмен екенін көрсетеді.

20-23 612
Аннотация

Мақалада құрт негізінде өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік беретін жоғары тағамдық және биологиялық құндылықтарға ие құрт өндіру тәсілдері қарастырылған.

Бүгінгі таңда сиыр, қой немесе ешкі сүтінен сүт қышқылды стрептокококтардың таза культураларымен ашытылған, сарысуды ұйытудан кейін бөліп және сүзбені кептіре отырып құрт өндіру әдісі белгілі. Жүргізілген зерттеу жұмыстары құрт шикізатына әр түрлі өсімдік қоспаларын қосып, оның химиялық, физико-химиялық құрамының, қасиетінің өзгерістерін зерттеуге арналған.

Зерттеу жұмысы барысында құрт өнімдерінің келесідей технологиясы ұсынылды: сүтті қалыпқа келтіру және пастерлеу, ашытқы енгізу және тығыз ұйытқыны алғанға дейін ашыту, екінші қыздыру, сарысуды төгу, ұйытқыны нығыздау, құртты қалыптау және кептіру, престелген ұйытқыны қалыптау алдында нұсқаға байланысты оған өсімдік қоспасын (ұсақталған сары өрік, сәбіз, сәбіз шырыны, қызылша, қызылша шырыны, жалбыз, шпинат) қосу, 10-15 минут бойы араластыру, өнімді қалыптау және кептіру.

23-27 161
Аннотация

Қазіргі уақытта математикалық статистика әдістері қолданылмайтын білім саласын атап айту қиын. Тіпті адам анатомиясы сияқты математикадан өте алыс сала да математикалық статистиканы қолданады. Сондықтан математикалық статистика көптеген салаларда, атап айтсақ, химияда, инженерияда, биологияда (медицина), лингвистикада, психологияда, өндірсте, т.б салаларда кеңінен қолданысқа ие. Математикалық статистика сандық әдістердің көмегімен қоғамдық өмірдің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қалыпты(Гаусс) үлестірім заңы математикалық статистиканың теориясында және практикасында маңызды орын алады. Сондықтан да бұл мақаланың мақсаты − қоғам өмірінде болып жатқан процестерді математикалық статистика әдісі Гаусс үлестірім заңымен ұштастыру болып табылады. Мақалада қалыпты үлестірім және нормаланған қалыпты үлестірім заңдары толық түсіндіріліп, есеп жүзінде мысалдар келтірілген.

27-30 152
Аннотация

Осы мақала кукык коргау саласындагы идентификация термин латынның identificare – теңдестіру деген сезден шыккан. Caycaқ ізінің идентификациясы дегеніміз ол оның келесідей осылай кайталанбайтындылыгы, жеке даралыгы сиякты басқа адамның caycaқ іздерінең табылған айырмашылыгы. Caycaқ ізімeн тeңіcтірy eң кeн тaрaлғaн биoмeтрик тeхнoлoгия бoлып тaбылaды.

Тeңecтірyді өткізy үшін, caycaқтaрдын cyрeт бірeгeйлігі қoлдaнылaды. Caycaқ ізің cкaнeр aрқылы aлaды. Цифрлік кoдқa қaйтa ayдaрылып этaлoндaрдың тізімдeрімeн caлыcтырылaды.

Caycaқ іздeрдің cкaнeр мoдyльдeрі, cөзcіз, биoмeтрик тeңіcтірy прoцecc қoлaйлығын жәнe жeңілдігің acырaды. Жинay, тіркey, caлыcтырy жәнe caycaқ іздeрдің іздeyің өтe жeңілдeтілeді.

Ұcынылып oтырғaн ғылыми жұмыcтa FPM10A cкaнeр мoдyлі Arduino Uno микрoкoнтрoллeрғa қocy aрқылы caycaқ ізімeн тeңecтірyі тaбыcты іcкe acырылғaн. Ocығaн ұқcac cкaнeр – Arduino микрoкoнтрoллeр кeшeндeр ecік құлып қoргay жүйeлeр қayіпcіздігін жoғaрлaтaды.

31-34 112
Аннотация

Мақалада Қазақстанда пайдаланылатын жылу оқшаулағыш пенополиуретан қабықшадағы болаттан жасалған жылумен жабдықтау құбырын зерттеу нәтижелері келтірілген.

Зерттеудің негізгі міндеті отандық және шетелдік стандарттарда келтірілген әдістемелер негізінде 150°C дейінгі температурада жоғары тығыздықты полиэтиленнен жасалған полимерлік қабығы бар жылу құбырларының қызмет ету мерзімін анықтау болып табылады.

Қарағанды (Қазақстан) үшін 130/70°C температуралық кестеге сәйкес жылу желілерінің жұмыс режимінің мүмкін нұсқасы ұсынылған. Жоғары қысымды полиэтиленнен жасалған қорғаныш қабықпен полиуретанды көбік жылу оқшаулауындағы құбырлардың қызмет ету мерзімін ұлғайту туралы қорытынды жасалады. Оқшаулауға арналған материалдар мен қорғаныс қабығын таңдаудың тәуелділігі сипатталған. Жылу құбырларының қызмет ету мерзіміне тікелей байланысты жылумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігі талданады.

34-37 127
Аннотация

Мaқaлaдa жылy қoндыpғылapының қyaтын caндық әдіcпeн peттey тypaлы зepттeyдің нәтижeлepі кeлтіpілгeн. Жылытқыш қoндыpғылapын жылyтacымaлдaғышты шyнттaycыз тізбeктeй қocy, 50% жәнe тoлық шyнттay кeзіндeгі нұcқaлap қapacтыpылғaн. Зepттey жұмыcы бepілгeн тeмпepaтypa 90°C бoлғaндaғы cұйықтықтың әpтүpлі қoзғaлыcтapындa жүpгізілді. Зepттeyлep, жылyтacымaлдaғыштың тoлық шyнттaлyымeн тізбeктeй қocылyы кeзіндe eкінші жылытy қoндыpғыcы біpінші жылытy қoндыpғыcымeн caлыcтыpғaндa, oның жылyтиімділігін apттыpaтын eң жaқcы жaғдaйдa opнaлacқaнын көpceтті. Зepттey нәтижecі бoйыншa жүйeнің жұмыcтaғы нoминaлды peжимінe шығy yaқытынaн жылытy қoндыpғылapы мeн тeмпepaтypaның жылy қyaтынaн тәyeлділік cызбacы aлынғaн. Мaтeмaтикaлық өңдey нәтижecіндe eceптeлгeн yaқыт пapaмeтpінeн зepттeлeтін көpceткіштepді aнықтay бoйыншa eceптік тeңдeyлep aлынды.

37-40 150
Аннотация

Үлкен экономикалық өзгерістер автомобильдену деңгейін бірнеше рет көтеріп қана қоймай, сонымен бірге, көше-жол торабының ең жоғарғы жүктемесін анықтайтын, іс сапар қатынасының кенеттен өсуіне себепші болды. Мақалада қаланың көше-жол торабындағы бағдаршам объектілерін жобалау кезінде және одан кейін көлік ағыны қарқындылығының өзгеруіне байланысты бағдаршам белгілерінің ұзақтығын өзгерту моделінің әдістемесі қарастырылады. Қазіргі жол торабына көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік ағынын бәсеңдету талаптары қойылады. Бірақ көліктер сұранысының тез өрістеуі қозғалыс көлемінің өсуіне және көліктердің едәуір іркілісіне алып келді, жол торабының бастапқы функциясы біртіндеп жойылды, сол уақытта олардың адам өміріне кері әсері, соның ішінде жолкөлік оқиғасы саны және қоршаған ортаның ластануы айқын көріне бастады.

40-44 174
Аннотация

Мақалада университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін құрудың алғышарттары қарастырылған. ЖОО қызметкерлері қызметінің негізгі мақсаттарының бірі білімді қалыптастыру және беру болып табылады. Бұл мақсатқа жету тәсілдерінің бірі ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін жариялау болып табылады. ЖОО ғылыми қызметінің тиімділігін бағалаудың көптеген модельдері мен әдістері бар, бірақ әрқайсысының өзінің басымдылығы және кемшілігі бар. Мақалада ғылыми қауымдастықтарға қатысты негізгі объектілер және олардың арасындағы қатынастарды модельдейтін ғылыми зерттеулердің онтологиялық моделі негізінде университеттің зерттеу қызметін басқаруды қолдау үшін тиімділікті бағалаудың көпкритериалды әдісі ұсынылған. Бұл тәсіл ақпаратты жинау мен жүйелеу кезеңдерін, оны өлшеу мен көрсеткіштерді талдауды, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдау мен бақылауды қамтиды. Бағалау жүйесін жетілдіру өз шешімін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде шешуді талап ететін өзекті мәселе болып табылады.

44-48 122
Аннотация

Мақалада тез нейтронды реактордың төменгі пленумына белсенді аймақ материалдарының балқымасын шығару мүмкіндігін зерттеу бойынша реактор ішілік эксперименттік қондырғыда (ЭҚ) қауіпсіз зерттеу жұмысын жүргізу мүмкіндігі қарастырылады. Эксперименттің жоспарланған оқиғаларының реттілігі талданды. ANSYS бағдарламалық кешенінде эксперименттік қондырғының есептік моделі әзірленді және эксперимент жүргізудің штаттық режимінде және апаттық жағдай туындаған кезде де эксперименттік қондырғының жылу жағдайына талдау жүргізілді. Жылубөлгіш жүйенің қабықшасының толық балқу уақыты және белгіленген нормадан аспайтын ЭҚ күштік корпусының температурасының жоғарылауы көрсетілген. Яғни апаттық жағдайда жылубөлгіш жүйенің қабықшасының және ЭҚ корпусының бүтіндігі сақталатындығы анықталды.

48-52 269
Аннотация

Осы мақалада Павлодар облысының фермаларында алынатын ешкі және сиыр сүтінің құрамын зерттеу бойынша орташа статистикалық мәліметтер берілген. Ешкі сүті негізінде сүзбе өнімін және оның сиыр сүтімен қоспасын алудың биотехнологиялық аспектілері зерттелген. Сүзбе өнімінің тағамдық және биологиялық құндылығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер анықталды. Негізгі функционалдық тағамдық ингредиент ретінде пайдаланылған пробиотикалық микроорганизмдер ассоциациясын қамтитын белсендірілген нысандағы DVS-дақылдардың ашытқысын пайдалану эксперименталды негізделген. Эксперименталды зерттеулер мен алынған деректерді талдау негізінде ешкі сүті негізінде сүзбе өнімін өндіру биотехнологиясының негізгі параметрлеріне ғылыми негіздеме берілді. Сонымен қатар, ешкі сүті негізіндегі сүзбе өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығын сипаттайтын химиялық көрсеткіштері анықталды. Ешкі сүтінің негізіндегі сүзбе өнімдерінің жаңа түрлерін – функционалдық тағамдық өнімдерді класына жатқызуға болады.

53-58 220
Аннотация

Мақалада ешкі сүті негізіндегі функционалды ингредиенттері бар жаңа ашыған сүт өнімінің өндірісін зерттеуге арналған зерттеу нәтижелері берілген. Ешкі сүтінен жаңа сүт өнімдерін әзірлеу Қазақстанның сүт өнеркәсібінің қазіргі кезеңдегі негізгі міндеттерінің бірі. Жаңа биойогурт өндіру үшін Павлодар облысы Үміт ауылының жеке шаруашылығы заанен тұқымды ешкі сүтін пайдаланды. Функционалдық ингредиенттер ретінде таңдалған; пробиотикалық микроорганизмдер, лактитол пребиотигі, сондай-ақ пектин бар ашытқы дақылы. Ешкі және сиыр сүтінен қоспалы композицияны таңдау бойынша зерттеулер жүргізілді. Ешкі және сиыр сүтінің құрамы және олардың негізінде әртүрлі композициялары зерттелген. Ұйыған тығыздығы сиыр сүтінің 70/30-ке арақатынасында өседі. Қазіргі заманғы сүт өнеркәсібіндегі перспективті және тиімді ингредиенттердің бірі болып табылатын тағамдық талшықтарды – пектинді таңдау дәлелденген. ГЕНУ® пектин жүйесін тұрақтандыратын LM-106 as-YA типті тәжірибелік өнімдердің консистенциясына оң әсері көрсетілген. Тұрақтандыру жүйелерінің тәжірибелік өнімдердің микробиологиялық көрсеткіштеріне әсері зерттелді. Жұмысты орындау барысында тұрақтандырғыш жүйелердің түрі мен саны анықталды.

58-62 167
Аннотация

Мақалада студенттер өмірінің көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны әзірлеу және жасау мәселелері қарастырылады: кураторлық сағат қашан болатынын, пән бойынша үйге не қойылғанын немесе соңғы жаңалықтарды білу. Қазіргі уақытта көптеген адамдар ақпаратқа мобильді және жылдам қол жеткізуді қалайды. Жыл сайын мобильді құралғыларын пайдаланушылардың пайызы өсіп келеді. Бұл студенттер аудиториясына да толық қатысты. Заманауи студенттер техникалық және психологиялық тұрғыдан оқу процесінде мобильді технологияларды пайдалануға дайын, сондықтан мобильді құрылғылардың әлеуетін тиімді пайдалану үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыру қажет. Бұл жұмыста бағдарламалық өнімнің жобасы әзірленді және Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ресми сайтынан алынған мәліметтермен толтырылған ақпараттық мобильді қосымша іске асырылды.

62-65 284
Аннотация

Қалалардың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін атмосфераға шығарындылардың мониторингін жүзеге асыру бойынша бағалау және бақылау жүйесін құру қажет. Бұл мақала қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен экологиялық міндеттерді шешу мәселелерін көрсетеді. Экологиялық процестерді зерттеу нәтижесінде атмосфералық ауаның ауыр металдармен ластануын мониторингтеу үшін әзірленетін ақпараттық жүйенің функционалдық схемасы жасалды. Жүйенің негізгі мақсаттары, модульдері және олардың функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.Мақалада жүйенің ақпараттық қамтамасы сипатталып, деректерді берудің таңдалған технологиясы негізделді. Деректер базасының серверіне, сондай-ақ серверлік/клиенттік қосымшаға қойылатын аппараттық және бағдарламалық талаптар ұсынылды. Ақпараттық жүйені әзірлеу үшін қолданушылардың келесі түрлері анықталды: әкімші, оператор, пайдаланушы, сарапшы, сонымен қатар олардың функциялары да келтірілді. Зерттеулер Алматы қаласы мысалында жүргізілді.

65-68 225
Аннотация

Қазіргі уақытта шет тілдерін тиімді оқыту мәселесі өзекті болып отыр. Оқытушылар оқушылардың қызығушылығын арттыратын және білім сапасын жақсартатын түрлі технологияларды қолданады. CLIL (content and language integrated learning), “пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту” сияқты жаңа білім беру технологиясын белсенді енгізу оқушыларға өз білімдері мен іскерліктерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін бірегей құрал болып табылады. Мақалада CLIL технологиясы жоғары білім беруде шет тілдерін оқытудың инновациялық әдісі ретінде сипатталған. Қазіргі қоғамдық-саяси және экономикалық ахуал икемді ойлау қабілеті бар және проблемаларға жан-жақты көзқараспен қарайтын болашақ мамандарды даярлау үшін жоғары оқу орындарында оқытудың интеграцияланған тәсілдерін енгізуді талап етеді. Мақалада осы технологияның тарихы мен әдіснамалық ерекшеліктері, оның жоғары білім жүйесіндегі артықшылықтары қарастырылады. Осы мақаланың авторлары қолданған зерттеу әдістері әдебиеттерді, жоғары білім саласындағы құжаттарды талдау, кәсіби қызметіндегі бақылау және талдауды қамтиды.

69-72 547
Аннотация

Мақалада SketchUp программасының мүмкіндіктері және SketchUp ортасында сәулет ғимараттарының 3D модельдерін құру тәсілдері қарастырылды. Қоғамдің әр түрлі саласында біз үш өлшемді графикамен кездесеміз. Бұл журнал бетіндегі суреттерді форматтау да, видео-роликтегі жарнамалар болсын т.б. әрекеттер. Интернеттеде барлық сайттардағы жарнамалар үш өлшемді графикасыз болмайды. Ең көп пайдаланатын қазіргі заман компьютерлік ойындары үшін, киноматографияда, телевиденияда, баспа өнімдерін шығаруда. Үш өлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған. Бүгінгі таңда 3D модельдер адам қызметінің әртүрлі салаларында қолданылады: сәулет, медицина, кино индустриясы және т.б. Соңғы жылдары үш өлшемді модельдеудің ең танымал бағыттарының бірі − бұл саяжай үйлерінің, коттедждердің және басқа да сәулеттік құрылымдардың дизайнының 3D моделін құру.

73-76 318
Аннотация

Мобильді технологиялар – бұл кез келген өндіріс орындарының жаңа қызметі, тәжірбиелік біліктілік, келешек. Мобильді технологиялар мобильді құрылғылардың қазіргі заманғы пайдаланушысының кез келген қажеттіліктерін қамтамасыз етеді: түрлі тақырыптар бойынша жаңалықтарды оқудан, бейнелерді, тікелей эфирдерді және эксклюзивті трансляцияларды көруден, нарықтық ақпаратты әлеуметтік қарым-қатынасқа дейін, пайдаланушылық фото мен бейнелерді алмасудан, жеке контентті құрудан. Қазіргі заманда адамдар интернет желісіне ұялы телефондар және портативті компьютерлер көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Мақалада заманауи білім беру жүйесіндегі мобильді оқытуды қолдану аясы, білім беруге арналған мобильді қосымшалар құру және мобильді қосымшаларды құру арналған АPPY PIE программасының мүмкіндіктері қарастырылды. Отандық білім беру жүйесіндегі мобильді оқытуды және аралас оқытуды енгізу мәселелері талқыланды. Мектеп оқушылары мен жастардың мобильді оқыту арқылы білім алуға қызығушылығын арттыру және мобильді құрылғылардың мүмкіндігін білім беруге тиімді пайдалану мақаланың түйіні болып табылады.

76-78 174
Аннотация

Ақпараттық есептеу техникасын қолдану және енгізу сұрағы көптеген елдердің ғылымдарының назарын аударып келеді. Ақпараттық жүйелер – алдын – ала жинақталған құжаттар жиыны мен ақпараттық технологиялар, сонымен қатар есептеу техникасы мен байланыс құралдарын қолдану арқылы ақпараттық процестерді жүзеге асыратын жүйелер. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер дегеніміз – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы жүйелер. Мақалада автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру принциптері қарастырылған. Кез келген өнірістің жұмыс орнын автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылатындығы туралы айтылады. ЖШС «Волна» дүкені қоймасында жұмыс істейтін жұмысшылар, ондағы тауарлар туралы мәліметтерді, яғни тауарлардың кірісі мен шығысы, қалдығы және пайда т.б. мүмкіндіктері қарастырылады.

79-82 198
Аннотация

Қазіргі заманғы компьютерлік техниканың жоғары деңгейіне қарамастан, қазіргі уақытқа дейін бірқатар практикалық міндеттер қалып отыр, оларды шешу айтарлықтай проблемалы болып табылады. Мұндай міндеттердің қатарына визуалды ақпаратты автоматты тану және интерпретациялау міндеті жатады. Бұл көбінесе көрінетін бейнелерді қабылдау процесін формализациялау күрделілігіне байланысты. Сондықтан адам қоршаған заттарды тану міндетін шешетін айқын жеңілдікке қарамастан, тану процесін тиімді жүзеге асыратын әдістерді, алгоритмдерді және автоматты құрылғыларды конструктивті әзірлеуге мүмкіндік беретін “әмбебап” математикалық немесе технологиялық тәсіл жоқ. Алайда, кейбір жеке жағдайлар үшін, математикалық модельдер қандай да бір практикалық міндет үшін қолайлы болып табылады, қолайлы нәтиже алуға болады. Мақалада бейнелерді танудың әдістері, таңдау алгоритмі мен сүзгілеу қажеттілігі, Вейвлет-түрлендірулері, Фурье түрлендіруі, математикалық морфология әдістері, Машинамен оқыту және шешім қабылдау әдістері қарастырылды.

82-87 179
Аннотация

Беріліп отырған мақалада энергетикалық ресурсты шектеу шарттарындағы және олардың қолданылуының артуы жағдайларындағы электр қуатын рационалды қолдану мәселелері қарастырылған, олар қазіргі кезде өзекті шешілуі керек мәселенің бірі, ал олардың шешімі стратегиялық тапсырма болып табылады. Электр қуатын қолданудан бас тарту мүмкін емес, сонымен қатар, экономиканың дамуы оның қуаттылығын арттыруды талап етеді, әрі 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің есептеулері бойынша электр қуатына деген сұраныс 50% арттырылатындығын болжайды. Бұл деректер энергияның тиімдігін арттыру сұрағы күннен күнге өзекті мәселе болып келетіндігін нақтылайды. Жаңадан енгізілген қазіргі заманауи технологиялар энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыздандыруға әрі электрэнергиясының тапшылығын болдырмауға мүмкіндіктер береді. Жарықдиодты жарықтандыру экономикада кеңінен қолданылады және жақында жарықтандырудың дәстүрлі түрлерін алмастырады. Бірақ көптеген әлеуетті пайдаланушылар бастапқы инвестиция салуға дайын емес. Жарықдиодты жарықтандыру құрылғысының бөлігі ретінде жарықдиодты қуат көздерінің құны олардың жарық диодтарының өзіндік құнымен салыстырылады, сондықтан жарықдиодты драйвердің құнын төмендету, тиімділігі мен сенімділігін арттыру жолдарын зерттеу өзекті болып табылады.

87-93 150
Аннотация

Мақалада басқару құралы ретінде байланыс және құжаттарды басқару процесін жетілдіруге қабілетті стандарттау тұжырымдамасын әзірлеу туралы айтылған. Кез-келген кәсіпорында жетістікке бағытталған процедуралық тәсілдің маңыздылығы жақсы қамтылған. Процестерді басқару, әсіресе ұйымдағы құжаттарды басқару өте маңызды, өйткені оларды талдау және жетілдіру құралы ретінде қолданылады. Жақсы ұйымдастырушылық құрылым уақытты, сапаны және шығындарды тиімді басқару тәжірибесіне алып келеді, осылайша ұйымның өнімділігі артады. Құрылыс саласындағы қарым-қатынас дағдыларын тану деңгейі төмен болып қалатындықтан, құрылыс индустриясында стандарттау арқылы коммуникациялық дағдыларды пайдалану және хабардарлықты жақсарту бойынша ұсыныстар сақталады. Байланыстарды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша тақырыптық әдебиеттерге шолу және талдау. Нәтижесінде стандарттау және қабылданған байланыс құралдары тиімді өзара әрекеттесуді орнатуда маңызды рөл атқарады деген қорытынды жасалды. Стандарттар мен байланыс құралдарының құжаттамасын жетілдіру қажеттілігі туындайтыны анық. Нәтижелерге перспективалық жобалардың ұйымдастырылуын өзгерте алатын, атап айтқанда бизнеспроцестер мен жұмыс процедураларының қалай жасалынатын, жоспарланған және іске асатын әртүрлі функционалдық деңгейлердегі өзара әрекеттесу процестері мен жобалық технологияларды жетілдіру кіреді.

93-96 134
Аннотация

Көптеген тамақ өнімдерін өндіруде кептіру, әдетте, міндетті операция болып табылады және процестің энергияны шығыны көп технологиялық сатысы болып табылады. Кептірілген өнімнің сапасы үлкен дәрежеде аппаратуралық-технологиялық ресімделуі мен кептіру режиміне байланысты.

Бұл мақалада тамақ, химия, фармацевтика және басқа да салаларда қолданылуы мүмкін полидисперсті материалдарды кептіруге арналған пайдалы үлгі қарастырылады. Қондырғы, атап айтқанда, жоғары температураның ұзақ әсер етуі қажет емес термолабильді материалдарды кептіру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Мақалада полидисперсті материалдарды кептіруге арналған қондырғының құрылымы мен жұмыс принципі сипатталған. Кептірілетін материал қабатының кедергісін азайтуды, кептіргіш агенттің тегеуірін шығының азайтуды, жұмсақ гидродинамикалық режимді құруды қамтамасыз ететін ұсынылатын техникалық шешім қаралды.

96-102 339
Аннотация

Мақалада ветеринария саласындағы қолданыстағы сараптамалық жүйелер туралы ақпарат келтірілген. Мақалада әлемде бар интеллектуалды жүйелердің салыстырмалы сипаттамасы берілген. Осы ақпарат негізінде ветеринариялық мәселелерді шешу үшін сараптамалық жүйенің дамуы туралы мәліметтер алынды. Дамыған сараптамалық жүйе қолданыстағы аналогтармен ұқсас сипаттамаларға ие. Қолданыстағы интеллектуалды жүйелердің артықшылығы мен кемшіліктері ескеріледі, сәулет, салыстырмалы талдау, құрылымдық бөліктер және құру әдістемесі жүзеге асырылды. Олардың негізінде жүйе әзірлеген ұйымдастыру және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша қорытындылар жасалды. Мақалада блок-схема ұсынылған және дамыған сараптамалық жүйенің негізгі параметрлері, сондай-ақ жекелеген компоненттердің өзара әрекеттесуінің жалпы диаграммасы сипатталған. Жүйе Солтүстік Қазақстан жағдайына бейімделеді және диагностикалық аурулардың кең ауқымына ие болады.

102-106 492
Аннотация

Мақалада білім беру қызметі нарығындағы бизнес бірлігі ретінде ЖОО кафедрасының бизнес-бағыттары мен бизнес-үдерістеріне талдау жасалды. Кафедра қызметінің сызбасы құрылды, кафедраның бизнес-үдерістері анықталды, жауапкершілікті бөлу матрицасы әзірленді.

Бұл мақалада IDEF0 әдістемесін қолдануға бағытталған іскерлік процестерді функционалдық модельдеу үшін құралдардың бір класына шолу келтірілген. IDEF0 функционалдық моделдеу әдістемесі корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерге тапсырыс берушінің қызмет саласын зерттеуге және осы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жеткілікті қарапайым құрал болып табылады.

Функционалдық модельдеуді қолдану тапсырыс берушінің ақпараттық технологиялармен байланысты техникалық мәселелерін ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушінің қызмет саласына қатысы бар проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Осы мақала аясында біз IDEF0 функционалдық моделдеудің ең жиі қолданылатын әдістемесін қарастырамыз.

106-111 222
Аннотация

Мақалада детонациялық бүрку әдісімен энергетикалық қондырғылар бөлшектерінің пайдалану қасиеттерін арттыру мәселелері қарастырылады. Ыстық коррозиямен, тотығумен, материалдардың эрозиясымен байланысты мәселелерді шешу үшін детонациялық бүрку технологиясын зерттеу бойынша ғалымдардың жұмыстары талданады. Ni20Cr жабындары негізінде қорғаныс жабындарын (детонациялық бүрку, HVOF және суық бүрку) алудың әртүрлі әдістері қарастырылған. Әр түрлі авторлардың зерттеулері көрсеткендей, энергетикалық қондырғылар бөлшектерінің пайдалану қасиеттерін арттыру мәселесін шешуде детонациялық тозаңдандыру төмен кеуектілік, жоғары беріктік және алынған жабындардың жақсы адгезиясы арқасында жақсы нәтиже береді. Ыстық коррозияға төзімділікті жақсарту үшін Ni-Cr негізіндегі жабындарды сирек кездесетін жер элементтерінің немесе осы элементтердің оксид бөлшектерінің қоспаларымен қолданудың артықшылықтары сипатталған.

111-115 140
Аннотация

Мақала протеин коктейльдері үшін сарысуы бар ақуызды зерттеуге және құрамын жақсартуға арналған. Сараптама негізінде, сондай-ақ ғылыми-техникалық әдебиеттерді тарта отырып, жоғары сапалы спорттық тамақтану мәселесі өте өзекті екендігі анықталды. Автор табиғи қоспаларды қолданудың нұсқаларын ұсынды. Мұндай шикізаттың пайдалы қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді. Негізгі міндет ретінде асқабақ, чиа мен жүзім тұқымдарының протеин коктейльдері үшін табиғи қоспалар ретінде тиімділігі мен пайдалы әсерін бағалау әрекетін анықтау болды. Сонымен қатар, қазақстандық спорттық тамақтану нарығына және оның әлемде қандай орын алатынына назар аударылады. Зерттелген мәліметтер негізінде қорытынды жасалды. Мұндай көзқарас функционалды және спорттық өнімдер өндірісі бойынша мамандарды қызықтырады.

116-119 147
Аннотация

Талшықты-оптикалық технологияның дамуы оны әртүрлі салаларда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Физикалық қасиеттеріне байланысты оптикалық талшық мыс кабелінің кемшіліктерінен босатылады. Өлшеу – бұл оптикалық талшықтардың тағы бір маңызды қолданылуы. Торларға арналған қосымшалар әзірленуде. Қолданбалардың бірі – Брегг торларын пайдаланып температураны өлшеу [1]. Брэгг тор үлгісіне сәйкес келетін өлшем жоқ. Брэгг торлары хроматикалық дисперсияны өтеу құрылғыларында талшықты-оптикалық байланыс жүйелерінде кеңінен қолданылады. Мұндай торларды талшықты-оптикалық өлшеу жүйесінің сезімтал элементтерін құруда кеңінен қолдануға болады.

Мақалада Брегг торларының математикалық моделі бойынша зерттеулер ұсынылған. Модель құру үшін тиімді сыну көрсеткіші, тор периоды, тор ұзындығы және басқа кіріс параметрлері сияқты негізгі параметрлерді анықтау қажет.

119-122 217
Аннотация

«Сайт» ұғымы қазір өте кең таралып, біздің лексиконның бір бөлігіне айналды. Бұл көбіне интернеттің дамуына және оны белсенді пайдалануына байланысты. Бұл мақалада web-портал ұғымына анықтама беріліп, оны жобалаудың кезеңдері қарастырылған. Веб-сайттарды жобалаудың қандай жолдары бар және осы үшін қандай құралдар пайдалану керегі түсіндірелген. Веб-портал – пайдаланушыға осы сайт аясында жұмыс істейтін әртүрлі интерактивті интернет-қызметтерді ұсынатын компьютерлік желідегі сайт. Статикалық және динамикалық веб-сайттардың салыстырып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, дизайнның айырмашылықтары көрсетілген. Деректер базасы не үшін қажет және қай деректер базасын қолдану керек түсіндірілген. Мақалада веб-сайтты дамытудың негізгі кезеңдері, атап айтқанда техникалық жоспарлау, сайт дизайнын жасау, өнімді орналастыру және тестілеу, сондай-ақ хостинг көрсетілген.

122-126 382
Аннотация

Бұл мақалада Python тіліне анықтама беріліп, оның қазіргі таңдағы қолданысы мен маңыздылығы қарастырылған сонымен қатар Веб және мобильді бағдарламаларда python тілінің ерекшеліктері кеңінен сипатталған. Python-ды ойындарды бағдарламалау, web және мобильді қосымшаларды жазу үшін қолдануға болады, бірақ соған сәйкес құралдардың болуына қарамастан, тіл Data Science және бэкенд жағында ең танымал. Python-бір мезгілде қарапайым және қуатты объектілі-бағытталған бағдарламалау тілі болып табылады. Ол, жоғары деңгейдегі деректер құрылымын қамтамасыз ететін, талғампаздық синтаксисі бар және динамикалық теруді пайдаланады, ол түрлі қосымшалар арқылы бірнеше платформаларында жұмыс істей алатын тамаша тіл. Әлемге танымал болған Instagram атты әлеуметтік желісі осы тілде жазылған. Бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие болған тілдің болашағы зор.

126-129 166
Аннотация

Бұл мақалада қазіргі таңда дамыған фитнес саласындағы студияға арналған мобильді қосымшаның құрылымы баяндалған. Мобильді қосымшаларды әзірлеудің негізгі кезеңдеріне мыналарды жатқызуға болады:Есептің қойылымы кезеңінде бизнес-модельге талдау жүргізіліп, мобильді қосымшаның орындылығы мен перспективасы бағаланды, сондай-ақ бәсекелестер мен қолданыстағы сервистерге талдау жүргізілінеді.Дизайн және жобалау кезеңінде техникалық тапсырма әзірленіп, құрылатын мобильді қосымшаның мақсаттары мен міндеттері қалыптастырылады. Прототиптеу кезеңінде жобаның маңызды бөлігі. Қолданушылардың ісәрекеттерінің нәтижесін егжей-тегжейлі құрылымдауға мүмкіндік беретін шешім макеттері және дизайн, құрылымдық графика жасалады. Әзірлеу кезеңінде күрделі және шығынды кезең. Бұл кезеңде техникалық тапсырманың мазмұны, сондай-ақ шешімнің дизайны мобильді қосымшада іске асырылады. Әр түрлі ұялы құрылғылармен әзірлемелердің үйлесімділігіне ерекше көңіл бөлінеді Әр түрлі ұялы құрылғылармен әзірлемелердің үйлесімділігіне ерекше көңіл бөлінеді.

129-133 137
Аннотация

Бұл мақалада толық факторлы экспериментті жоспарлау әдісін қолдана отырып, шнекті май сығымдағышта асқабақ дәндерінен май сығымдау үдерісі қарастырылған. Асқабақ дәндерінен май сығымдау үдерісіне әсер ететін әртүрлі факторлардың өзара әрекеттесуін зерттеу мақсатында экспериментті жоспарлаудың математикалық әдістері қолданылды. Зерттеу нысаны ретінде асқабақ дәндері пайдаланылды (майлылығы 32-36 %). Мақалада шнекті май сығымдағышта асқабақ дәндерінен май сығымдау үдерісін эксперименталды түрде зерттеу нәтижелері келтірілген. Эксперименталды нәтижелердің статикалық сараптамалар негізінде асқабақ дәндерінен май сығымдау үдерісінің статикалық және математикалық моделі жасалынған. Сонымен қатар әсер етуші эксперименталды факторлардың рационалды тұрақты параметрлері анықталған. Зерттеуге орталық композициялық және ротатабелді униформ жобалау қолданылған және толық факторлы эксперимент әдісі таңдалған.

133-137 162
Аннотация

Қазіргі уақытта даму үрдісі табиғи өсімдік майларын, ақуыздарды, витаминдер мен минералдық заттарды, сондай-ақ тағамдық талшықтарды тұтыну тапшылығын толықтыруға бағытталған дұрыс тамақтану жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасы ресми мойындалды. Нарықта бар жемістердің көпшілігінің маусымдық сипаты сақтау мен қайта өңдеудің барабар емес жағдайларымен ұштастыра отырып, оларды ел халқының көпшілігінің тұтынуын шектеді.

Осыған байланысты консистенция, сақталуы мен тағамдық құндылығын арттыру сияқты өнімнің ерекше пайдалы қасиеттерін реттеуді қамтамасыз ететін әртүрлі функционалдық-технологиялық қасиеттері бар жаңа өнімдер мен аралас тағамдық қоспаларды жасау жөніндегі зерттеулер өзекті болып табылады. Мақалада қарбыз шырынынан жасалған мармелад түріндегі қауіпсіз кондитерлік өнімдердің ассортиментін кеңейту мүмкіндігі қарастырылады.

137-143 153
Аннотация

Кобальт титанаты (CoTiO3) – көрінетін жарықта судың фотокаталитикалық тотығуына белсенді үміткерлердің бірі. Бұл зерттеуде көп қабатты үш өлшемді кеуекті құрылымдардың түзілуі Co3O4 және TiO2 наноқұнтақтарын кеуек түзетін агенттерді қосып араластыру және кейіннен күйдіру арқылы жүзеге асырылды. Кеуекті CoTiO3 кристаллиттерінің әртүрлі өлшемдері кальцинация температурасын өзгерту арқылы алынған. Дайындалған үш өлшемді кеуекті CoTiO3 XRD, SEM, BET, оптикалық өлшеу әдістерін қолдану арқылы сипатталды.Кристаллиттердің мөлшері 600-800 C аралығында кальцинация температурасының жоғарылауымен өседі. Үш өлшемді кеуекті CoTiO3 фотокаталитикалық белсенділігі 300 мВт/см2 ксенон шамымен сәулелену кезінде KOH электролитінің 0,5 М сулы ерітіндісінде бөлінгенде H2 бөліну жылдамдығын өлшеу арқылы зерттелді.

143-147 136
Аннотация

Бұл жұмыста бетінің ауданы жоғары үш өлшемді кеуекті фотоанодтар кеуектерінің өлшемдерінің, кеуік түзетін заттың мөлшері мен температураға байланысты өзгеруінің нәтижелері келтірілген. Үш өлшемді құрылымы бар ең үлкен беттік аудан, анодтық материалда кеуік түзуші рөл атқаратын материалдар қоспасын қолдана отырып, жетілдірілген технологияны қолдану арқылы қол жеткізіледі. Бұл бірнеше фотокаталитикалық материалдардан аралас немесе көп қабатты құрылымын құру арқылы жарық сіңіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

148-153 125
Аннотация

Нарықтағы көптеген жемістердің маусымдық сипаты сақтау мен өңдеудің жеткіліксіз жағдайларымен бірге оларды ел халқының көпшілігінің тұтынуын шектеді. Жемістерден жасалған кептелістерде С және А витаминдері сияқты антиоксиданттар бар, олар қатерлі ісік ауруының алдын-алуда, жүрек-тамыр проблемаларында және көру қабілетін жақсартуда маңызды рөл атқарады. Қарбыз жемістері қоректік қасиеттерге ие және антиоксиданттық қасиеттерге бай, олар еркін радикалдарды сіңіре алады, осылайша дененің антиоксиданттық жағдайын жақсартады.

Осылайша, тез бұзылатын өнімдерден Джем жасап, оларды жыл бойына қол жетімді ету, сонымен қатар әртүрлі тамақ өнімдеріне қосу орынды деп саналады.

Бұл мақалада қарбызды джемге өңдеу мүмкіндігі қарастырылған. Алынған Джем үлгілері 30,60-35,30%, ақуыз 0,40-0,80%, май 0,20-0,40%, күл 1,20-1,70%, шикі талшық 0,10-0,30%, көмірсулар 62,10-6 7,16%, β-каротин 610-1 350 мкг / 100 г және аскорбин қышқылы 9,60-15,40 мг / 100 г Джем үлгілері өте қоректік және жоғары микробқа қарсы және антиоксиданттық қасиеттерге ие екендігі анықталды, олар еркін радикалдарды сіңіріп, дененің антиоксиданттық жағдайын жақсарта алады. Сенсорлық бағалау тестілері үлгілердің коммерциялық импортталған брендпен тиімді және тиімді салыстырылғанын көрсетті. Микробиологиялық зерттеу көрсеткендей, қышқыл қоспай Джем үлгілері көгерген саңырауқұлақтармен жұқтыруға бейім болды, мәселе концентрацияланған миногор шырынын қосу арқылы шешілді.

БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ

154-158 161
Аннотация

Бұл мақала құрамында күкірт бар препарат ерітіндісінің тиімділігін биологиялық сипаттамалары мен соя өнімділігі бойынша талдауға мүмкіндік береді. Тәжірибе жұмыстары үшін қону, суару, бекіту, анатомиялық бақылау, биометриялық деректерді талдау әдісітері қолданылды.

Жүрізілген зерттеу жұмысының мақсаты күкіртті препараттың құрамы және оның Қазақстан топырағындағы таралуын агроэкологиялық бағалануы, сонымен қатар топырақ құнарлылығын сақтау және оларды пайдалану орындылығын ескере отырып, күкірт тыңайтқыштарындағы дақылдарға қажеттілікті ғылыми негіздеу болды.

Мақалада сояның морфологиялық және анатомиялық құрылымы зерттелді және өсімдікті өсіру үшін әртүрлі және өнімділігінің арттыру үшін ең қолайлы жағдайлары талданды, сондай-ақ бұл әдістердің Қазақстандағы маңыздылығы көрсетілді.

Қорытындысы күкіртті препараттар тыңайтқыш ретінде пайдаланылуы мүмкін, өйткені олар оң нәтиже береді және Қазақстанның ауыл шаруашылығында өте маңызды.

158-163 258
Аннотация

Бүгінгі таңда бұршақты дақылдар ХХІ ғасырдың өсімдіктері деп аталады, сондықтан осы жұмыста нано күкіртті препараттың бидайдың, ноқат пен сояның өнуіне және өсуіне әсері зерттелген. Қолайлы факторларының әсерінен зерттелген өсімдіктердің физиологиялық параметрлерінің өзгеруі (өсуі, дамуы, су балансы, фотосинтез) туралы көрнекі эксперименталды дәлелдер алынды. Нано күкіртті препаратты пайдалану кезінде анықталған әсер өсімдіктердің өсуін стимулдайтын препараттарды жасау үшін қолданыла алады. Сондай-ақ, деректерді жоғары өнімді сорттарды құру үшін селекциялық мақсатта пайдалануға болады. Бұл өсімдік ақуызын өндірудің жаһандық проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Нано күкірт – бұл экологиялық таза өнім. Тәжірибе нәтижесінде нано күкіртті препаратты (ерітінді және құрғақ наносер) бар варианттар бақылаумен салыстырғанда өсімдіктердің өсуі мен өсу қарқындылығына оң әсер ететіні байқалды.

163-167 167
Аннотация

Мақалада Fritillaria meleagroides Patrin ex Schult сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің екі жаңа өсіп тұрған нүктелеріне флористикалық сипаттама берілген. Қазақстан Алтайында. Бұл зерттеудің мақсаты өсудің жаңа орындарын құру, сонымен қатар жаңару жағдайы мен дәрежесін анықтау болып табылады. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлердің қатысуымен фитоценозды құрайтын өсімдіктердің түрлік құрамын анықтауда «Қазақстан флорасы» мен» Сібір флорасы» іргелі есептері пайдаланылды. Экспедициялық сапарлар кезінде Калба жотасынан кеңейтілген оқшауланған екі ценопопуляция табылды: Калба жотасының шығыс бөлігінде, округте. с Жоғарғы тон және Көктау тауларының оңтүстік-шығыс шетінде, Сибинскі ойпатының шығыс бөлігінде. Флористикалық композиция құрылды, мекендеу жағдайлары бағаланды, жаңару дәрежесі анықталады. Фитоценоздардың шекті факторлары анықталды, қорғау шаралары ұсынылды.

168-171 292
Аннотация

Мақалада қыналар атмосфера құрамындағы ластаушы заттардың негізгі индикаторы ретінде қарастырылған. Биоиндикация − қоршаған ортаның жай-күйін бағалаудың маңызды биологиялық әдістерінің бірі. Биоиндикатор ретінде тірі организмдердің ерекше түрі – қыналар жиі қолданылады, олар қолайсыз сыртқы орта факторларына өте сезімтал және кең таралға. Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы қыналардың таралуы көптеген факторларға, соның ішінде ауаның ластану деңгейіне байланысты. Олар оның тазалығының көрсеткіші бола табылады. Қоршаған ортаның экологиялық мониторингі тірі организмдердің табиғи ортасына антропогендік әсерді бақылаудың ең маңызды және перспективалық әдістерінің бірі болып саналады. Сондықтан Бурабай мемлекеттік ұлттық бағында туындаған экологиялық мәселелерді зерттеудің негізгі ғылыми бағыттарында басқа өсімдік түрлерімен қатар, қыналардың биоиндикациялық ролін пайдалану қажет.

171-176 187
Аннотация

Бұл мақалада 2018 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде жүргізілген Екібастұз МАЭС-1 салқындатқыш су қоймасында және Павлодар облысының Қазақ ұсақ адырының аумағында орналасқан Біржанкөл көлінде мекендейтін, жыл бойы судың температурасы бойынша ажыратылатын балықтардың неғұрлым жаппай түрлерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Жоғары температураның негізгі биологиялық көрсеткіштерге әсері зерттелді, әртүрлі температуралық режимі бар су қоймаларында балықтардың мөлшерлі құрамы және жетілу сатылары бойынша бөлінуі анықталды. Екібастұз МАЭС-1 салқындатқыш су қоймасында табиғи су температурасы бар көлге қарағанда бозша мөңкенің, Сібір тоғанының және кәдімгі алабұғадың биологиялық көрсеткіштері 1,5 есе жоғары екендігі көрсетілген.

176-181 351
Аннотация

Мақалада Кетпентаудағы пайдалы және дәрілік өсімдіктердің Қызыл кітапқа енген түрлері жайында талдау жасалған. Яғни, 1981 жылы жарық көрген «Қазақ ССР Қызыл кітабы» мен 2014 жылы шыққан «Қазақстанның Қызыл кітабы» бөлімдеріндегі саны азайған немесе қайта қалпына келген өсімдіктерге жалпы сипаттама беріліп, олардың барлық мүшелерінің ерекшеліктері, гүлдену мерзімі мен пісіп-жетілу және көбею кезеңдері туралы да келтірілген. Сонымен қатар, бұл өсімдіктердің тек Кетпенде ғана емес, республикамыздың басқа да аймақтарында таралуы мен топырақ ерекшеліктеріне байланысты таралуы жайында айтылып олардың биологиялық жүйеленуіне, қай туысқа, қай тұқымдасқа жататындығына талдау жасалған және бұл өсімдіктерді бақылауға алып, қорғау және қайта қалпына келтіру жайы да қарастырылған. Қызыл кітаптың екі бөліміне енген өсімдіктердің 30-дан астам жылдай уақыттағы саны азайған немесе қайта қалпына келгендеріне де жалпы шолу жасалған.

182-185 242
Аннотация

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысының «Көкшетау» МҰТС Айыртау филиалының экологиялық жағдайына баға береді. Мониторинг тұрақты бақылау пунктері желісінің белгіленген бағыты бойынша өткізілді.

Зерттеу нәтижесінде топырақтың, өсімдік қауымдастығының, жануарлар әлемінің жай-күйі сипаттамасы, антропогендік факторлар әсерінің талдауы берілді. Антропогендік әсердің белгілі бір түрлерінің және табиғи кешендердің қалыпты өзгеруінің болуын ескере отырып, ерекше қорғалатын аумақтардың экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде шаралар ұсынылды.

Жүзеге асырылатын, ормандарды молықтыру, биотехникалық іс-шаралар (жануарларды азықтандыру, құстарға арналған жасанды ұяларды орналастыру) күзет іс-шаралары жүйесімен қатар, орман күзетін өрт қауіпсіздігіне, әуесқойлық аңшылық, балық аулау ережелерінің сақталуына, ормандарда болу ережелерінің сақталуына қатаң бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.

Ұсынымдар ретінде ағартушылық экологиялық қызмет ұсынылады: аншлагтар ілу, БАҚ-та сөз сөйлеу, халықпен үгіт-насихат жұмыстары.

186-191 168
Аннотация

Дала жағдайында таксидермиялық экспонаттарды дайындау үшін қол жетімді табиғи шикізаттан толтырылған материалдарды пайдалану мүмкіндігі талқыланады. Авторлар ұсынған тұлыптар мен академиялық тушкаларға арналған Толтырғыш материал құрғақ өсімдік шикізатының (мас.(Lythrum salicaria) немесе шыбық тәрізді (Lythrum virgatum) – 20,0; Батпақты (Ledum palustris) жабайы гүлшетен ұсақталған шөбі – 20,0.

Ұсақ аңдар мен құстардың тұлыптары мен академиялық тушкаларын дайындау үшін толтыру материалдарын пайдалану мынадай түрде жүзеге асырылады. Ұсақ жануардан тері шұлық, жалпы қабылданған әдістемелер бойынша алынады, ішінен 40% формалинмен немесе басқа да антисептикпен өңделеді. Ұшаны толтыру дайындалған материалдың көмегімен жүзеге асырылады, ол тері экспонатқа табиғи көлем мен пішін бергенге дейін толтырылады.

191-195 182
Аннотация

Берілген мақалада Сырдариялық Қаратаудың физика – географиялық сипаттамасы және Сousinia mindschelkensis В.Fedtsch. сирек, эндем түрінің Қазақстан флорасындағы рөлі көрсетіледі. Таулы аймақтың терең флоралық құрамын зерттеу үлкен ғылыми қызығушылықты тудырады. Сонымен қатар аз зерттелген аймақтардың флорасын зерттеу, соның ішінде сирек, жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сырдариялық Қаратауда 1500 – ден аса өсімдік түрлері кездеседі, 153 – тен аса түр эндемдік түрлер болып табылады. КСРО флорасында көбенқұйрықтың 272 түрі кездеседі, олар 41 секцияға, 6 подсекцияға бөлінген. Қазақстанда көбенқұйрықтың 56 түрі кездеседі, Сырдариялық Қаратауда 26 түрі кездеседі, оның ішінде 3 түр эндемдік болып табылады. Зерттеуге алынып отырған нысан – сирек, эндем түр Cousinia mindschelkensis B.Fedtsch.

195-198 146
Аннотация

Мақала полиморфизмді − табиғатта кең таралған құбылыс ретінде және дененің биохимиялық жүйелерін қоса алғанда түрлі ерекшеліктерді қамтуды зерттеуге арналған. Ол кезкелген популяцияда бірнеше фенотиптік күйлерде байқалады, бұл көптеген аллелдер мен белгілі бір локусқа байланысты болады.

Сүт ақуыздарының полиморфизмі бойынша алғашқы жұмыстар 1955-1957 жылдарда көрсетілген, Р. Ашаффенбург және И. Друри A мен B бета-лактоглобулиннің түрлері болуын бірінші болып анықтады.

Бір, екі және үш лактациялар кезінде жеке сиырларда бета-лактоглобулиннің түрлерін анықтау, сонымен қатар, олардың түрлері берілу сипатын айқындаумен, авторлар мынадай қорытындыға келді, онда бета-лактоглобулиннің синтезі генетикалық түрге негізделеді. Осы локуспен бақыланатын ақуыздарды синтездеуді зерттеу нәтижесінде анықталғандай, ол екі автосомдық кодономдық аллель гендері мен А, В синтезделеді, бұл өзгерістер зерттелген жануарлар тектерінде байқалған. Көптеген тұқымдас жануарларда B аллелі А аллельге қарағанда концентрациясы жоғары болады. Нәтижесінде, ұрпақты болу кезінде анықталған генотиптерді пайдалану жануарлардың өнімділік және селекциялық қасиеттерін жақсартуға әсер етеді. Бета-казиннің қалыптасқан генотиптерінің екеуі АА және АВО 92,26% жағдайда АА бета-казеин анықталған.

199-202 128
Аннотация

Мақалада жент өнімінің сапасын жақсарту үшін қосылған тұт жемісінің биологиялық құндылығын зерттеу қарастырылады. Біз күнделікті қолданатын өнімнің қаншама тиімді деген сұрақты үнемі қоямыз. Өзіміз үйреніп қалған жеміс пен көкөністерді, біздің тамақ рационымыздың қажетті бір бөлігі болып қалған: олар өте дәмді, құндылығы жоғары және сонымен бірге өте тиімді. Күнделікті тамақ тізбегін дұрыс құру үшін және қандай өнім біздің ағзамызға қалай әсер ететінін білу үшін оның қасиеттерімен танысу керек. Осындай өнімдердің бірі мүлдем алмастырылмайтын түт ағашының жемісі болып табылады. Түт ағашының жемісі – бір қатар емдік қасиетке ие және құндылығы жоғары жеміс болып табылады. Түт ағашының жемісінің екі түрі болады: (ақ түсті) және қара түсті. Түт ағашының ақ жемісі (Morus alba) қара түстіге қарағанда жиі өседі және біздің Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлерінде көптеп кездеседі. Ақ түт ағашы қабығы ақшыл тегіс, ал жемістері қара түт жемісіне қарағанда тәттірек. Ақ түт жемісінің өлшемдері, қара түстіден үлкенірек. Орнатылғандай, 100 г тұт жидегін тұтынған кезде адам ағзасына бір тәулікке қажетті 20% тағам талшықтарымен, 30% пектинді заттармен және 50% инулинмен қамтамасыз етеді.

202-207 153
Аннотация

Мақалада екіншілік сүт шикізат концентратынан ірімшікті сүзбе алудың алғышарттары қарастырылады. Ақуыз бен май мөлшері, дәрумен мен кальций, фосфор және магний тұздары концентрациясының жоғары болуы ірімшіктің тағамдық құндылығын жоғарлату шартты болып табылады. Ірімшіктің нақты шамадағы бөлігі адам ағзасымен оңай сіңіріледі. Сонымен қатар, ірімшік ақуызында нақты шамада мөлшерде барлық алмастырылмайтын аминқышқылдары бар. Ақуызы жоғары өнімдерді (ірімшік және сүзбе) өндірісінің дәстүрлі процесі сүттің ақуызды-майлы бөлігін концентрлеуден және осы компоненттерді қосылыстарға тасымалдаудан тұрады. Бұл өнімнің ерекше физика-химиялық және органолептикалық көрсеткіштеріне негізделеді: казеинат сүзбенің құрылымды матриксін түзеді, ал май оған белгілі текстурамен, дәм мен иіс береді. Минералды заттар құрылымына нақты шамада әсер етеді, ал лактоза сүтті қышқыл бактериялардың ферментациясына арналған қажетті субстрат болып табылады.

Қазіргі уақытта көптеген өндірістерде бастапқы сүт шикізатын толығымен бөлі үшін ультрасүзгілеу және микросүзгілеу әдістері қолданылады. Біз өзіміздің жұмысымызда бастапқы сүт шикізаттырын ары қарай құраушы комбинирленген компоненттер бөлу үшін осы екі әдісті қолдандық. Микросүзгілеу және ультрасүзгілеу сепарационды процестер болып табылады, бұл жерде қысым арқылы түйіршікті полимерлі немесе бейорганикалық материалдарды қолданумен іске асырдық.

207-211 127
Аннотация

Мақалада түт ағаш жеміс экстрактісінің антиоксиданттық қасиеттерін зерттеу қарастырылады. Біз күнделікті қолданатын өнімнің қаншама тиімді деген сұрақты үнемі қоямыз. Өзіміз үйреніп қалған жеміс пен көкөністерді, біздің тамақ рационымыздың қажетті бір бөлігі болып қалған: олар өте дәмді, құндылығы жоғары және сонымен бірге өте тиімді. Күнделікті тамақ тізбегін дұрыс құру үшін және қандай өнім біздің ағзамызға қалай әсер ететінін білу үшін оның қасиеттерімен танысу керек. Осындай өнімдердің бірі мүлдем алмастырылмайтын түт ағашының жемісі болып табылады. Түт ағашының жемісі – бір қатар емдік қасиетке ие және құндылығы жоғары жеміс болып табылады. Түт ағашының жемісінің екі түрі болады: (ақ түсті) және қара түсті. Түт ағашының ақ жемісі (Morus alba) қара түстіге қарағанда жиі өседі және біздің Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлерінде көптеп кездеседі. Ақ түт ағашы қабығы ақшыл тегіс, ал жемістері қара түт жемісіне қарағанда тәттірек. Ақ түт жемісінің өлшемдері, қара түстіден үлкенірек. Өңделіп шыққан кондитерлік өнімі ретінде ұсынылып отырған, сонымен қатар, женттің асқазан жолдарына пайдалылығын және емдік қасиетін жоғарлату мақсатында оған құрғақ бифидобактерия ұнтағын қостық.

211-215 152
Аннотация

Мақалада зығыр ұнын қолдана отырып, нан-тоқаш өнімдірінің тағамдық құндылығын жоғарлату қарастырылады. Тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығын жақсарту үшін олардың құрамындаақуыздық, витаминдік, минералдық қосындылар құрамын көтеру қажет. Көптеген елдердебұл мәселе негізгі 3 бағытта шешіледі: мал және өсімдіктен алынатын ақуызы бар шикізаттардың дәстүрлі түрлерін байытушы ретінде қолдану, сондай-ақ шоғырланған ақуыз өнімдерін пайдалану; шикізатқа табиғи жолмен енген тағамдық заттарды ұтымдытүрде пайдалану; микробиологиялық және химиялық синтез арқылы алынған ақуыззаттар, витаминдер, микро және макро элементтерді қолдану. Осы күні қолданыстажүрген тамақ өнімдерін шығарудың дәстүрлі әдістерінде бірқатар кемшіліктер бар.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде дәрумендік құрамы (мг/100г): Р − белсенді заттар – 324,6; С – 230,0; β-каротина -7,8; РР − 0,36; В6 – 0,2; В2 – 0,11; В1 – 0,06. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі орнатылғандай, майда еритін дәрумендердің жоғары мөлшерде кездесетіні – токоферол (альфа, дельта, гамма), сонымен қатар В1 және В6 дәрумені, фолий қышқылы, ал аз мөлшерде В2 дәруменімен және никотин қышқылы кездеседі.

Зығыр тұқымдарын және зығыр өнімдерін қайта өңдеу өнімдерін қолдану мақсатында функционалды тағам өнімдерін құру үшін, зығыр тұқымының тағам құндылығы анықталды, оларға мынадай сипаттамалардан тұрады, бұл биологиялық құндылығы және биологиялық тиімділігі.

215-219 156
Аннотация

Мақалада банан жемісін қайта өңдеп, екіншілік өнімнен тағам талшықтарын алуды зерттеу қарастырылады.Тағамдық талшықтардың кейінгі жүйеліліг ібойынша оларды зерттеу және қолдануды жүзеге асыратын белгілерге байланысты қатары қызығушылық танытады. Ол оның келесі ерекшеліктеріне байланысты. Кейбір зерттеулерге байланысты тағамдық талшықтар өсімдік шикізатында келесі түрлерге байланысты кездеседі.

Белгілі әдістермен тағам талшықтарын алуда банан жемісін өңдеуден кейін екіншілік өнім ретінде оны қолдану мүмкіндігін растау үшін, банан жемісінің жеуге болатын және жеуге жарамайтын бөліктерінің мссалық мөлшері зерттеліп, олар қайта өңделген өнімдерде құрамында айтарлықтай мөлшері бар (бананның қабығы жалпы жеміс өнімінің 35% құрайды). Бананның қайта өңдеуден кейінгі екіншілік өнім құрамының химиялық және көмірсу құрамын зерттей отырып, олардан тағам талшықтарын алуды жөн көрдік.

Кептірілген банан жемісінің қабығындағы полисахаридтердің фракционды құрамын зерттей отырып, оның құрамында жоғары мөлшерде тағам талшықтарының бар екенін көрсетті, банан қабығының 16% құрайды, сәйкесінше бұл оларды тағам талшықтарының көзі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Банан жемістерін қайта өңдеуден кейінгі кептірілген екіншілік өнімнің минералды құрамы көрсетіп тұрғандай, банан қабығында магний мөлшерінің жоғары болуымен ерекшеленеді (4079,5 мг/100г қ.з.), сондай-ақ магний мөлшері (69,9 мг/100гр қ.з.) және кальцийдің мөлшері (20,3 мг/100 гр қ.з.) жоғары.  

219-224 162
Аннотация

Уақыт өте келе, картоп дақылдарының сапасы нашарлау қасиеттері пайжа болады, онда оның сорттық қасиеттері жоғалады, жинау саны азаяды. Мүмкіндігінше, картоп сорттарын әрбір бес-сегіз жылда жаңарту керек. Жоғары сапалы тұқымдық картоп қымбат, бірақ, егілетін материалды жаңартуға болады. Картоп көбейтудің қол жетімді әдістері кездеседі.

Картоп өсіру екі жолмен жүреді: вегетациялық; тұқыммен көбейту.

Вегетативтік әдісі ең жылдам және ең танымал болып саналады. Ол түйнек, қалемшелер, өскіндерден тұрады. Картопты тұқыммен таңдау, жаңа сорттарын өсіру үшін пайдаланылады, бірақ кейбір бағбандар осы әдісті пайдаланып дақылдарды өсіреді.

Бірнеше түйнекті жарықта өсіреді, қажетті температура 16-18 градус. Өндіруге арналған түйнектерді кеуіп кетуден қорғайды, ол үшін оларға әрбір бес күнде бір рет су шашу керек.

Өнген ұрықты түйнектерден бұрап бөліп алады. Өскіндерді кесуге болмайды, ол қайта өндіру үшін бүршіктерді зақымдамау керек. Түйнектерден өскіндерді әрбір үш күнде алуға болады.

Түйнектерді 30 күн бойы жарыққа отырғызады,содан кейін қысқа қашықтықта парниктерге отырғызады. 8 см дейін өсіп болғаннан кейін ұрық жерден жойылады. Желілер бұралып, түйнектер жерге кері кетеді. Жол бір картоптан жиырма қабатқа дейін алуға мүмкіндік береді.

225-229 136
Аннотация

Мақалада сорго өсімдігін өсіруде топырақ және тұқымды егіске дайындау әдістерін пайдалану керектігі қарастылылады. Құмайды өсіру кезінде дәстүрлі технология бойынша тазалау жұмыстарынан соң соқамен 7-8 см тереңдікте тырмалау арқылы топырақты өңдеу қажет. Содан соң 10-15 күн өткеннен кейін 25-27 см тереңдікке дейін жер жыртылады. Көктем мезгілінде топырақты өңдеу жұмыстары егістік өрістерін тырмалау арқылы тегістеуді қамтиды.

Қазақстанда негізінен құрғақшылыққа төзімді мәдениеттің сорттары Қазақстанның оңтүстігіне, батысына және шығысында аудандастырылады. Бірақ екі жылдан бері Солтүстік Қазақстанның оңтүстік қара топырақтары мен қоңыр топырақтары үшін астық құмырсқасының сортын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттың перспективалығы жартылай құрғақ және құрғақ дала егіншілік аймақтарындағы егіс алқаптарын кеңейтудің әлемдік үрдісімен дәлелденеді.

Осыған байланысты әлемнің түрлі елдерінен келген сорго бастапқы материалының кең әлеуетін зерттеу және оны селекциялық процеске тарту өте өзекті, теориялық және практикалық маңызы зор. Біздің елімізде, құрлықтық климат жағдайында, оның аумағының жартысынан астамы құрғақшылыққа ұшыраған кезінде, ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің жылдар бойынша қатты ауытқуы байқалады. Дәнді дақылдар арасында құрғақшылыққа төзімділігі жоғары және тұздылығымен құмай бөлінеді,бұл оның жыл бойғы түсімінің жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Арамшөптермен күрес кезінде механикалық әдіс қымбатқа түседі және көбіне пайдасыз болады. Химиялық әдісте топырақты егіске күзгі және көктемгі дайындауда глифосат-құрамды препараттарды қолдануға негізделген.

230-233 161
Аннотация

Мақалада сорго өсімдігін өсіру, топырақ және тұқымды егіске дайындау әдістерін қалай пайдалану керектігі қарастылылады. Сорго өсімдігінен қантты зат алумен қатар, қалған қалдықты малға сүрлем ретінде жіберуге болады. Қант соргосы негізінен 3 бағытта өнім алу үшін қолданылады: тағам өндірісі, жануарларға сүрлем және биоэнергетика. Бұл жағдай сорго өсімдігін өсіру қаншалықты тиімді екенін көрсетеді.

Сорго егілетін егіс алқабындағы барлық агротехникалық шаралар арамшөптердің көзін жою, ылғалды жинау және топырақ бетінің тегістелуіне қарай бағытталуы қажет. Сорго егілетін жерге алдынғы егілген өсімдіктер жарма және отамалы дақылдар болуы мүмкіндігі айтылады.

Сонымен қатар, топырақтың ластануына байланысты 6-8 см дискілі аудару егін алқабы арамшөптерден таза немесе біржылдық ластану немесе 8-10 см үйіндісіз соқалы аудару егін алқабы тамыр арқылы таралған арамшөптер немесе екі жылдық арамшөптермен ластанған болуы мүмкін. Жер жыртуды тармалармен 10-12 күн өткеннен кейін, 25-27 см тереңдікте жүргізілетіні айтылған. Сорго дәндерін егудегі агротехниканың ең басты әдісі дәндерді себудің оптималды тереңдігін білу болып табылады. Дәндерді 5-6 см тереңдікке ылғал егіс алқабына егілуі тиіс. Бір өсімдіктің қоректену аумағы 70 х 15 немесе 35 х 30 см болуы тиіс.

Қоршаған ортаның қолайлы жағдайларында (ауаның оптималды температурасында және жердің ылғалдылығы) өскіндер егілген күннен 6-8 күн өткен соң өскіндер шығады, кейінгі 25-30 күнде соргоның жер асты бөлімі өте баяу өседі,сондықтан өсу қабілеті жоғары арамшөптермен ығыса бастайды. Егістікке жағдай жасау жерді жыртуға негізделеді. Вегетациялық кезеңде жерді 3 реттен кем емес жырту қажет.

233-237 138
Аннотация

Мақала мұнайдың азот айналымына қатысатын микроорганизмдердің әртүрлі топтарына және геосистемалардың экологиялық бағалауына әсерін зерттеуге арналған. Зерттеудің барлық кезеңдерінде ластанған топырақта азотфиксациялаушы микроорганизмдер мен олигонитрофилдер саны ластаусыздан жоғары болады. Ластанған топырақтағы азоттың бекітілу қарқындылығын жоғарылату оңай қол жетімді органикалық заттардың құрамына – спирттерге, органикалық қышқылдарға, аминоқышқылдарға және басқа қосылыстарға байланысты болуы мүмкін.Бұл Clostridium тектес анаэробты азот түзеткіштері топтары санының артуымен байланысты. Азот фиксаторлы микроорганизмдер көмірсутегі-тотықтыратын микроорганизмдердің метаболикалық өнімдерін қолдануы мүмкін. Азотты бекітетін микроорганизмдермен ластанған топырақтың ұлғаюын бірқатар зерттеушілер атап өтті.

Мұнайдың ластануына аса сезімтал микроорганизмдердің агротехникалық маңызды тобы болып табылатын нитрилендіретін бактериялар. Олардың саны мұнай концентрациясының ұлғаюымен төмендеді және белгілі бір уақыт өткеннен кейін фондық деңгейге дейін қалпына келмеді және ластанған топырақты тыңайтқыштардың кешені ретінде және белсенді шлам мен басқа стимуляторлар ретінде пайдаланған кезінде қолданылады.

Мұнаймен ластанған учаскелердің микробиологиялық сараптамасы микробиологиялық тәжірибеде жалпы қабылданған әдістерге сәйкес жүргізілді. BWM-ның бөлінуі КОК әдісімен MПA және Ворошилова-Дианова орталарында жүзеге асырылды және микроорганизмдердің көміртектік қоректенуі үшін мұнай өнімдері ретінде мұнай өнімдерінің түрлі фракциялары пайдаланылды.

237-245 222
Аннотация

Картоп ауруы − барлық фермерлердің негізгі мәселесі. Картоп − өте өнімді дақыл, бірақ аурулар мен зиянкестер барлық жұмыстарды жоюы мүмкін. Картоп аурулары өте тез таралады, қоздырғыштар сабақтарынан түйнекке өтеді, онда егістік өнімділігі төмендейді. Осыларды алдын алу үшін, отырғызылатын материалдарды егу алдында өңдейді, сонымен қатар, өсіру процесінде көкөністерді бақылауға алады. Аурулардың алғашқы белгілері анықталғанда, арнайы құралдармен өңдеуді жүргізеді.

Картоп ауруларының негізгі пайда болу себептері, отырғызу материалдарын дұрыс таңдамау, су берудің бұзылуы және өсімдіктерге дұрыс күтім жасамау болып табылады.

Картоптың көптеген заманауи гибридтер сорттары ауруға төзімді. Бірақ, нақты климат үшін жарамсыз сорттарын өсіру кезінде, бұл қасиеті жоғалады. Сондықтан, климаттық және топырақ жағдайларына бейімделген жергілікті сорттарын өсіру ұсынылады.

Картопты өсіру кезінде су беруді бақылау маңызды рөл атқарады. Аурудың пайда болуына әсер ететін микроағзалар өте жиі топырақта қалады және су беру реттілігі бұзылған жағдайда жетілу сатысының басында немесе түйнектер жетілу кезеңінде дақылды зақымдайды.

Сондай -ақ картопқа дұрыс күтім жасамау, аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін. Мысалы, шамадан тыс суару фитофтороз пайда болуына, ал жоғары температура саңырауқұлақ аурулары пайда болуына әсер етеді.

Картоп ауруларының негізгі ерекшелігі, олар түйнектерді көп зақымдайды. Нәтижесінде, егін жинау, адамның тұтынуына арналған тағамдар төмендейді, сондай-ақ тұқым сапасын нашарлатады.

245-249 185
Аннотация

Жеміс дақылдарының зиянкестері мен олардың зиянын азайтуда: негізгі зиянкестердің биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; абиотикалық және биотикалық факторлардың олардың санының динамикасының өзгеруіне әсерін бағалау; осы зиянкестердің зияндылығының экономикалық шегін әзірлеу және интеграцияланған күрестің жекелеген әдістерінің тиімділігін бағалау. Мақалада Павлодар қ. аумағындағы бақша дақылдарының зиянкестерінің түрлік құрамын зерттеу нәтижелері, олардың санының динамикасының бағасы және оның қоршаған орта факторларына тәуелділігі, мәдени өсімдіктерге келтірілген зияны, түрлердің экономикалық зияндылық шегін анықтамасы және оның химиялық қорғаныс құралдарын қолданудың орындылығын ескере отырып негіздемесі келтірілген. Бақылау жылы вегетациялық кезеңде қалыпты ылғалды ауа-райы ықпал еткен бітенің, калифорниялық сымырдың масштабты көбеюі байқалды. Жеміс дақылдары зиянкестерінің байқалатын түрлерінің саны экономикалық зияндылық шегінен асып түсті, бұл инсектицидтермен химиялық өңдеу жүргізу қажеттілігін анықтады.

250-255 159
Аннотация

Мақала өсімдіктердің морфометриялық параметрлеріне модификацияланған Р19 супрессорының әсерін анықтауға арналған. Өсімдіктер қатарынан N. Benthamiana өсімдіктерінің бақылау, Трансген 1 және Трансген 2 өсімдіктері таңдалып, арнайы жабдықталған ортада өсірілді. Вирустық патогеннің өсімдіктердің сыртқы параметрлеріне әсерін анықтауда өсімдіктерді зақымдайтын материалдың алу жолдары мен зақымдау іс-әрекеті жазылып бейнеленген. Патогенмен зақымдалған өсімдіктердің морфологиялық параметрлері жеті және он төрт күн өткеннен кейінгі алынған нәтижелер суретке түсіріліп бейнеленді. Нәтижелер бақылау мен трансген өсімдіктерінің арасында саралау мен талдау нәтижесінде морфометриялық параметрлерінің өзгерісі сипатталған. Алынған нәтижеден келесі қорытынды жасалды: ТР1 өсімдігі Бақылау мен ТР2 өсімдіктеріне қарағанда өзінің тіршілігін жалғастырды, яғни жаңа шыққан өскіндері ары қарай дамыды, ал Бақылау өсімідігі толықтай өліп, ТР2 өсімдігі апикальды некрозға ұшырады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ

256-259 154
Аннотация

Мақалада Арал теңізінің жалаңаш табанын 1985 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта ғылыми зерттеудің нәтижелері келтірілген. Арал теңізінің жалаңаш табаны жерлерін орманмелиорациялдаудың ғылыми негіздері бейнеленген, оның нәтижесі әртүрлі топырақ жағдайлары және механикалық құрамға арналған мелиоративтік алқаағаштарды құру бойынша ұсыныстар. Қазіргі уақытта, АТҚТ-ғы жеңіл механикалық құрамды топырақтар негізінде игерілген және жалпы алаңның 20% жақынын құрайды. Сондықтан да, мақалада механикалық құрамы бойынша ауыр топырақтардағы зерттеулердің нәтижелері анағұрлым егжей-текжейлі бейнеленген. Әзірленген ұсыныстар жобалық ұйымдар және өндірістік мекемелерде кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта теңіздің құрғаған табаны жерлерінде 150 мың га аса орманмелиоративтік алқаағаштар құрылды.

259-264 147
Аннотация

Бұл мақалада өсімдік үшін қолайлы: су, ауа, жылу және микробиологиялық тұрғыдан қолайлы болатын, гербицид және улы химикаттарды үнемдейтін ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, климаттық жағдайы төмен құрғақ аридттік аймақтарда да дақылдардан өнім алуға бағытталған, сондай-ақ, энергияның аз шығындалуын, суарудың толық автоматтандыру мүмкіндігін және суармалы су арқылы ерітілген тыңайтқышты салу мүмкіндігін және микроэлементерді қосуға болатын, пайдалану және жөндеу жеңілдігін, барлық жүйені тез арада қайта құру мүмкіндігін және шығындарды азайту, қарапайым қондырғыларды қолдану және арзан полиэтиленді жолақты бөлшектерді пайдалану мүмкіндіктерін беретін даму тарихы әртүрлі кезеңдерге бөлінген, шетел ғалымдарының басты еңбек табысы болып табылатын тамшылатып суғару тәсілінің даму тарихы мен оның ерекшеліктері қарастырылған.

264-267 133
Аннотация

Бұл мақалада сиырларды азықтандыру түрлерінің сүт өнімділігіне, сүттің химиялық құрамына және 1 кг сүт өндіруге арналған жемдік бірлік шығындарының әсері бойынша зерттеу нәтижелері берілген. Әр түрлі құрылымдағы рациондардың және дайындау технологияларының сүттегі май, ақуыз және соматикалық жасушалардың болуына әсерін салыстырмалы зерттеу нәтижелері келтірілген. Сауын сиырларға сүрлем-шөп-концентраты және пішен-шөп-концентраты рациондарды қоректендіру сүттегі майдың мөлшері 3,68-3,79% кезінде, 1 кг сүтке 0,80-0,86 мал азықтық бірлік шығынында 10,41-15,45 кг шегінде тәуліктік сауым алуды қамтамасыз ететіні анықталды. Бұл ретте өнімділіктің неғұрлым жақсы көрсеткіштері пішен-шөп-концентраты рационын алған сиырларда белгіленген.

268-273 332
Аннотация

Осы мақалада ноқат дақылын өсіру кезінде ылғал-қор үнемдегіш топырақ өңдеу технологияларының тиімділігін анықтау жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Танаптық зерттеу жұмыстары Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы күңгірт-қара топырағы жағдайында дақыл алмастырылатын ауыспалы егістіктерде жүргізілді. Топырақ өңдеудің дәстүрлі (қалыпты\әдеттегі), минималды және нөлдік технологияларының топырақтағы өнімді ылғал қоры динамикасына, жырту қабатының құрылымы (қалыптасуы) мен ноқат дақылының өнімділігіне әсері зерттелді. Топырақ өңдеудің дәстүрлі технологиясымен салыстырғандаминималды және нөлдік технологияларды қолдану ноқат дақылы өнімділігінің расталған артуы\жоғарылауы анықталған. Дәстүрлі көп операциялық технологияларымен салыстырғанда топырақты қысқартылған және нолдік топырақ өңдеу негізіндегі қор үнемдегіш технологиялары дақылдардың өсу және даму жағдайлары оңтайладырумен қатар ауылшаруашылық техниканың санын және оның амортизациясын азайту арқылы операциялық шығындардың төмендеуін және өнімнің өзіндік құнын арзандатуын қамтамасыз етті, өндірістің рентабельділігін арттырды. Өндірісте қор үнемдегіш технологияларын игеру органикалық заттардың минерализациялау жылдамдылығын азайтуға мүмкіншілік береді, топырақты су және жел эрозиясынан қорғайды, астық өндіруін жоғарлатады.

273-276 131
Аннотация

Мақала бидай өскінімен байытылған жылқы еті негізіндегі жартылай дүмбілдің қауіпсіздігін зерттеуге арналған. Қaзiргi нaрықтa тұтынушылaрдың жoғaрғы сұрaнысы жaртылaй дaйын өнiмдeр бoлып тaбылaды, қoлдaнылaтын шикiзaтқa бaйлaнысты oның тұтынушылық қaсиeтi aнықтaлaды.

Бидaй өсiп кeлe жaтқaн кeзeңiндe, oның бeлсeндi өсуiнe бaрлық кeрeктi зaттaрды бeру үшiн, дән өз құрaмындaғы бaрлық зaттaрды жұмылдырaды. Сoнымeн қaтaр құрaмындaғы бeлсeндi зaттaры сiңiрiлуi үшiн oлaр тeңeстiрiлгeн бoлуы кeрeк. Сoндықтaн бидaй өскiнi пaйдaлы тaғaм ғaнa eмeс, тұтынудa зияны жoқ жәнe aдaм aғзaсындa тoлықтaй сiңiп кeтeтiн биoлoгиялық бeлсeндi тaбиғи қoспa бoлып тaбылaды.

Жaртылaй дaйын дүмбіл eт өнiмдeрiнiң қaуiпсiздiк көрсeткiштeрi қaтaл қaдaғaлaнады. Токсикалық элeмeнттeрдiң жәнe вeтeринaриялық прeпaрaттaрдың қaлдықтaрының мөлшері, микрoбиoлoгиялық көрсеткіштері aнықтaлды. Бұл көрсеткіштер жaртылaй дaйын eт өнiмдeрi құрaмындa белгіленген нормадан аспауы тиіс. Бидай өскіні технологиясында арнайы технологиялық процестер белгіленді.

277-281 150
Аннотация

Мақалада Батыс Қазақстан облысы селекциясының "Хафиз" шаруа қожалығының қазақ ақбас тұқымының әр түрлі зауыттық іздері төлдерінің тірілей салмақ динамикасы және экстерьерлік-конституциялық ерекшеліктерінің зерттеу нәтижелері кеклтірілген. отандық популяциядағы қазақтың ақбас тұқым малдарын жетілдірудің негізгі әдістері қазіргі кезеңде аталық із бойынша өсіру, сондай-ақ дене бітімі жоғары тұқымдас бұқаларды іріктеу және қарқынды пайдалану болып табылады. Жүргізілген зерттеулер барлық зауыттық желілердің бұқашықтары мен қашарларында барлық жас кезеңдерінде тірілей салмақтары тұқым стандартының талаптарынан асып түскенін көрсетеді, бұл ретте тірілей салмақ бойынша 6 ай жасында Кактус 7969 зауыттық желісінің және 12 ай жасында Король 13682 зауыттық ізінің ұрпақтары ерекшелік көрсетті. Дене бітімінің негізгі өлшемдері бойынша 12 айлық жасында бұқашықтарда аталық іздер арасында айырмашылықтар байқалды, ал 15 айлық жасында олар біртектілікпен сипатталды.

281-285 249
Аннотация

Тұзданған сұр топырақтың алынған топырақтық-экологиялық мәліметтері негізінде, суармалы аймақтарда су ресурстарын тиімді пайдалану үшін, экологиялық-мелиоративтік шараларды жақсарту мақсатында терең қопсыту әдісі жасалынды. Топырақтың есептік қабатындағы қауіптілік деңгейін сипаттайтын экологиялық коэффициенттер анықталды.

Қарастырылған топырақтың тозу процестерін сандық бағалау үшін топырақтың есептік қабатындағы қауіптілік деңгейін сипаттайтын экологиялық коэффициенттер анықталды.

Тозған топырақты қалпына келтіру және оларды суармалы аймақтарда тиімді пайдалану үшін терең қопсыту, экологиялық-мелиоративтік жағдайларды жақсарту әдістері әзірленді және зерттелетін учаскені шаюдың оңтайлы нормалары анықталды.

286-288 199
Аннотация

Бұл зерттеу тұрақты экологиялық менеджменттің өзекті мәселесін шешуге бағытталған. Зерттеу нысаны − Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры болып табылады. Бұл зерттеулердің мақсаты − қара сексеуіл орман дақылдарының қауіпсіздігін арттыру, осы мақсатта өсу стимуляторларымен және тыңайтқыштармен бірге гидрогель ретінде перспективті әртүрлі ылғалды соратын заттарды қолдануды зерттелді. Бұл мақалада 2019 жылы қара сексеуілдің жерсінуі мен өсуін сипаттайтын қорлардың нәтижелері көрсетілген. Сондайақ аталған мақалаға сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізген әр түрлі авторлардың зерттеулері қысқаша берілген. Бақылау нәтижелері бойынша әр түрлі ылғалды соратын қосылыстарды (гидрогельдер), өсу стимуляторларын (эпин), тыңайтқыштарды, сондайақ оларды толығымен қолдану (гидрогель + стим. Өсім + тыңайтқыш) оң нәтиже бергені анықталды.

289-293 239
Аннотация

Мақалада Қазақстанның шығыс бөлігінің жергілікті түрі – Ледебуров бадамының микроклонды көбеюі үшін қоректік ортаны таңдап алу нәтижелері келтірілген. Іn vitro дақылындағы Ледебуров бадамы экспланттарының өміршеңдігіне және өсім ерекшеліктеріне гормонсыз және фитогормондармен (6-бензиламинопурин, кинетин, тидиазурон) толықтырылған Мурасиге және Скуг, Гамборг және Эвелег, және Woody Plant Medium қоректік орталарының әсері зерттелді. Қоректік ортаның құрамы in vitro дақылындағы Ледебуров бадамының өркендерінің ұласып өсуіне және өсім ерекшеліктеріне (р<0,05) әсер ететіндігі айқындалды. MS қоректік ортасы Ледебуров бадамын in vitro дақылына енгізу үшін құрамы бойынша ең жақсы қоректік орта болды. Қоректік ортаның құрамына 1,0 мг/л қоюлықпен 6-БАП өсімдіктердің өсімін ынталандырғышты енгізу есебінен өркендердің ұласып өсуі және өсім көрсеткіштерінің жоғарылауына қол жеткізілді.

293-296 153
Аннотация

Кәдімгі қарағайды түрішілік қайтармалы будандастырудың нәтижелері келтірілген. Будандастыру үшін жұптар іріктелді, будандастыру нобайлары құрастырылды. Мегастробилдерді оқшаулау орындалды, сынақталушылардың тозаңдары оқшаулағышқа енгізілді. Түйіндердің (күздіктер) сақталуына есеп жүргізілді және бақыланатын және еркін тозаңданудан алынған өнімнің сапасы анықталды. Қайтарымды бақыланатын будандастырудың ең жақсы нұсқалары анықталды – 53×1×53 және 74×30×30, оларда бір жаңғақтағы толық дәнді тұқымдардың орташа саны бақылаудан 1,3-3,2 есе артық болды. 53×1×53 нұсқада тұқымдардың шығымы бақылаудан 2,5 есе артық. Себілген тұқымдардан сеппе көшеттердің жоғары шығымы (50-ден 100% дейін) 4 будандастыру нұсқаларында алынды. 71×1×71 және 72×1×72 екі будандық тұқымдастар айқындалды, оларда біржылдық сеппе көшеттердің орташа биіктігі жартылай сибстердің биіктігінен 3-32%-ға артық.

296-299 161
Аннотация

Бұл мақалада 2018-2019 жж. зерттеу нәтижелері келтірілген.Қауын өзінің салыстырмалы жағынан шыққан тегімен, сондай-ақ тұтас адам құрған жалғыз ауыл шаруашылығы мәдениетімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта селекционерлердің қарқынды жұмысы басталды, олар құрамында қанттың көп мөлшерде бар қауын алуға ұмтылды. Оның жемістерінде клетчаткалар, пектиндер, органикалық қышқылдар , амин қышқылдары (лизин, валин, бетанин, бетаин және т.б.) бар, ВВ витаминдері, С витаминдері, фолий және пантотен қышқылдары, калий, темір, марганец, йод, күкірт, кобальт, мыс, мырыш және Менделеев кестесінің басқа да маңызды элементтері бар.Қауын-агротехника тұрғысынан күрделі мәдениет. Көбінесе бұл еңбекті қажет ететін және тиімсіз процесс. Егіс алдында жер мұқият дайындықты талап етеді, ауыспалы егісті сақтау қажет. Тырмалау, суару мерзімдері, тыңайтқыштарды енгізу мерзімдері, топырақты қопсыту қауынды вегетациялау кезеңдеріне сәйкес жүргізілуі тиіс, әйтпесе түсімділік төмендетіледі және соңғы өнім-қауын оны өсіруге арналған шығыстарды өтемейді. Өнімділікті арттыру мақсатында гербицидтер қолдандық. Олардың қауын өнімділігіне әсері осы ғылыми мақаланың өзекті мәселесі болып табылады.

299-303 141
Аннотация

Бұл мақалада тұқымдардың өнгіштігіне өсу стимуляторларының әсерін анықтау бойынша тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижелері, сондай-ақ асқабақ дақылдарының биометриялық көрсеткіштері берілген. Асқабақтың таңдалған сорттарының биометриялық көрсеткіштеріне бор қышқылының әсері, сондай-ақ Хлоргексидиннің өңдеуден кейінгі тұқымның өнгіштігіне белсенді әсері анықталды. Өсімдік шаруашылығының қазіргі заманауи дамуының перспективалық бағыты биологиялық препараттар мен өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды пайдалану болып табылады. Жүргізілген зерттеулердің негізгі мақсаты минералды тамақтану деңгейін оңтайландыру және өсу стимуляторларын қолдану негізінде асқабақ сорттарын өсірудің ғылыми негізделген параметрлерін әзірлеу болып табылады. Асқабақтың әр түрлі сорттарын өсіру тәжірибесі 2018-2019 жж.аралығында Шығыс Қазақстан облысының ашық қоңыр топырағы жағдайында салынған болатын. Асқабақтың әр түрлі сорттарын өсіру нәтижелері өсуді ынталандырғыштарды және тауарлық өнімді қалыптастыруға минералдық тамақтанудың әр түрлі деңгейлерін бірлесіп қолданудың жоғары тиімділігін көрсетеді,бұл зерттелетін дақылдың су тұтыну коэффициентіне айтарлықтай әсер етті.

304-308 223
Аннотация

Талданып, заңдылықтары өнімділігі мен сапасын жемшөп еркекшөптің байланысты доза минералдық тыңайтқыштар, құмайт Шығыс Қазақстан облысы. Сендегі шикі протеиннің ең көп өнімділігі мен құрамы тыңайтқыштардың n80p50k40 дозасын енгізген кезде бірінші жылғы житнякта алынды. Шығыс Қазақстан облысының құрғақ дала және құрғақшылық аймақтарында жүргізілген зерттеулермен дәнді-буланған, дәнді және жемдік ауыспалы егіс жүйесінде өңделмеген стерне бойынша еркекшөпті себу перспективасы анықталды. Житняк-Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінде кең таралған жем-шөп өсімдіктерінің бірі-көпжылдық шөптердің егісі (тимофеевкамен клевер), сидералды дақылдар жақсы нәтиже береді. Шығыс Қазақстан облысында топырақ құрылымы құмды. Құмды топырақтар әдетте құрылымсыз, су өткізбейтін, жақсы аэрациясы бар, өңдеу кезінде аз қарсылық көрсетеді. Бұл топырақтар, әдетте, гумус, азоттардың күл элементтеріне кедей. Мұндай топырақтарда тыңайтқыштар жиі енгізу керек [1].

308-312 179
Аннотация

Мақалада жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарында, алынған төлдерді сақтап қалу тиімділігі зертелінді. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ірі қара малының ауыр төлдеуін азайтып, жеңіл төлдеудің тиімді екені анықталынды.

Ғылыми зерттеу жұмыстары Республикамыздың үш аймағында өсірілетін қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарына жүргізілді. Зерттеулер жас төлдердің өлім − жітімінің салдары енесінен ауыр туылуына және дұрыс күтіп бағуына байланысты екенін анықтаудан тұрады. Жас төлдерді толықтай өлім-жітімнен сақтап қалудағы, кешенді зерттеу жұмыстары алғаш рет Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарына жүргізілуде.

Етті бағыттағы әрбір аналық сиырдан жыл сайын толық жетілген, дені сау бұзау алынуы керек. Ол үшін малды дұрыс азықтандыру, селекциялық жұмыстарды дұрыс жүргізу, мал қораларының стандартқа сай болуларын қамтамасыз ету, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау, жұмыс күші мен техниканың талапқа сай болуы керек.

312-315 486
Аннотация

Мақалада Қазақстанның солтүстік-шығысындағы құрғақ дала аймағы жағдайында нотты егудің үздік мерзімдері мен тәсілдерін анықтау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Құрғақ дала аймағы жағдайында нот үшін ең жақсы болып 5-10 мамыр аралығында 15-30 см қатарлар арасында себу мерзімдері болып табылады. Осылайша, орташа есеппен төрт жылда ең көп өнімділік 5 мамырда егілген кезде қалыптасты. 10 мамырда егілген кезде өнімділіктен сәл төмен. Кейін себу мерзімінде ноттың өнімділігінің төмендеуі неғұрлым сиретілген сабанмен байланысты болды. Осылайша, барлық себу мерзімінде 0.9 млн/га нотты егудің оңтайлы нормасы болып саналады. Себу нормасын 1,2 млн/га-ға дейін ұлғайту егістік материалының өнімсіз шығынына алып келеді. Мұнда бұршақтар аз, бұршақтар шағын қалыптасады, олардың саны азаяды, бұршақтардың қараңғылығы төмендейді.

316-319 197
Аннотация

Келтірілген зерттеулер нәтижелері бойынша минералдық тыңайтқыштарды қолдану жағдайында құрғақ дала аймағының солтүстік-шығыс Қазақстан. Зерттеу деректері бойынша қолдану кешенді тыңайтқыштар N40 p40 және N40 P40K40 мүмкіндік береді қалыптастыру астық дейінгі шекте 12.9-13.6 ц/га-бапта нақты көрсетілген үздік ғылыми зерттеулер нысанасы болып табылатын талдау және ұсынымдар пайдалану кезінде минералдық тыңайтқыштар сөнеді Қазақстанның солтүстік-шығысында.

Бапта нақты көрсетілген үздік ғылыми зерттеулер нысанасы болып табылатын талдау және ұсынымдар пайдалану кезінде минералдық тыңайтқыштар ноқат тұқымын Қазақстанның солтүстік-шығысында.

Бап ықпал етеді жақсы түсінуге мамандары ауыл шаруашылығы рөлін минералдық тыңайтқыштар ноқат тұқымын дамытуда астық өндірісінің ерекшеліктері мен өсіру технологиясы сөнеді жағдайында Қазақстанның солтүстік-шығыс.

319-322 213
Аннотация

Мақалада Қазақстанның солтүстік-шығысындағы құрғақ дала аймағы жағдайында нотқа арналған предшественниктерді іріктеу бойынша зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Құрғақ дала аймағында нут үшін ең жақсы предшественники таза бу мен жүгері болып шықты. Нут өнімі құрылымы элементтерінің жылдың қалыптасқан метеожағдайларына тәуелділігі анық көрінеді. Мәселен, неғұрлым құрғақ жылы 1000 дәннің массасы 226-241 ж.салыстырмалы түрде аз болды, бірақ бұршақтардың саны және олардың қараңғылылығы сияқты элементтер өзгерістерге ұшырайды. Ноттың өнімділігіне айтарлықтай әсер ететін факторлардың бірі-предшественник. Нут үшін ең жақсы предшественник бу болды, өйткені оның осы предшественник бойынша өнімділігі барлық басқа предшественниктерге қарағанда жоғары.

323-326 117
Аннотация

Бұл берілген мақалада Шығыс Қазақстан обылысы Шемонайха ауданы «Камышинское» шаруа қожалығы жағдайында өсірілетін қазақстандық үштұқымды «Ертіс» типті сүтті бағыттағы симментал сиырларының және олардың будандарының (Ертіс х қызыл-ала голштин және ертіс х симментал) 305 күндік бірінші сауын маусымындағы сүт өнімділік көрсеткіштерінің нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмыстары барысында бақылауға алынған «Ертіс» типті симментал сиырларынан бірінші сауын маусымында сауылған сүттерінің мөлшерін және сол сүттің құрамындағы май мен белоктың пайыздық үлестерін олардың будандарының бірінші сауын маусымында көрсеткен нәтижелерімен салыстырылған. Келтірілген мәліметтер бойынша сауын маусымында әрбір айда сауылған сүттің мөлшерлері салыстырылып, нәтижелері бойынша «Ертіс» типті симментал сиырларының және олардың будандарының бірінші сауын маусымының қисығы келтірілген.

326-329 127
Аннотация

Бұл берілген мақалада Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы «Камышинское» шаруа қожалығы жағдайында өсірілетін қазақстандық сүтті бағыттағы «Ертіс» типті симментал сиырларының және олардың будандарының (Ертіс х қызыл-ала голштин және ертіс х симментал) бірінші сауын маусымы кезіндегі экстерьерлік көрсеткіштерінің нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысы кезінде зерттеуге алынған ертіс х қызыл-ала голштин және ертіс х симментал будан тұмса сиырларының бірінші сауын маусымы кезіндегі әртүрлі дене өлшемдерінің көрсеткіштері алынып, бақылауға алынған «Ертіс» типті симментал сиырларының бірінші сауын маусымы кезіндегі дене өлшемдерінің нәтижелерімен салыстырылып, олардың қорытындысы бойынша «Ертіс» типті сиырларының және олардың будандарының дене тұрқыларының индекстері анықталды. Алынған дене өлшемдеріне сүйене отырып, «Ертіс» типті симментал сиырларының және олардың будандарының экстерьерлік профильі келтірілді.

329-332 157
Аннотация

Мақалада соңғы 13 жылда 64 жылдық ұзақ мерзімді шабындық шөптер, тыңайтылмаған фонда және тыңайтқыштармен теңгерімсіз қосымша қоректендірілмеген кезінде дәнді дақылдардың құрамы 80%-ды құрайтын жайылымдық түрге айналып, оның ішінде 61%-ын қызыл бетеге алған зерттеулер нәтижелері келтірілген. NРK фонында шабындық түрдегі шөп шабындықтары сақталды, онда шалғындық түлкіқұйрықтың шөптегі құрамы 74%-ға жетеді, ал азот тыңайтқыштарының жоғары мөлшерінде (N180 ) қылтықсыз арпабас 40%-ға дейін жетті. Регрессивтік сукцессия нәтижесінде қалыптасқан шабындық шөптердің өнімділігі 3,6-5,8 т/га құрады, прогрессивтік кезінде − 6,3-8,4 т/га құрғақ зат алынды. Ұзақ мерзімді шабындықты құру үшін күрделі шығындар қалыптасқан баға түзілу жағдайында 9-10 мың рубль/га құрайды және 1-2 жылда өтеледі. Ұзақ мерзімді шабындықтарды күтіп ұстау және пайдалану режимі капиталды салымдарды 6,8-10 есе үнемдеп олардың жоғары өнімділігін (3,2-5,8 мың азықтық бірліктер/га) қамтамасыз етеді.

ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ

333-339 179
Аннотация

Әр түрлі аумақтарда (шаруашылықтарда, елді мекендерде, әкімшілік аудандарда және т.б.) бір жұқпалы аурудың эпизоотиялық процесінің көріну белсенділігі оған әртүрлі антропогендік және биогенді факторлардың әсер етуінен әрдайым әр түрлі болады. Әрбір ауру кезінде бағалаудың негізгі және қосымша критерийлері бар, олардың көріну сипаты мен қарқындылығы эпизоотиялық процестің өршуін немесе сөнуін анықтайды. Сондықтан осы жұмыста біз Қазақстан Республикасының аумағында шошқаның африкалық обасы қоздырғышының әкелінуі мен таралуына әсер ететін негізгі қауіп факторларын анықтау және зерттеу бойынша зерттеулер жүргіздік. Шошқаның африкалық обасының эпизоотиялық процесінің дамуына әсер ететін қауіп-қатерлерді көп факторлы талдауда аймақтау принциптерін қолдану Қазақстан аумағында шошқаның африкалық обасының сценарийінің жағымсыз дамуы кезінде шошқа шаруашылығын жүргізу ерекшеліктері, әртүрлі деңгейдегі шаруашылықтарда шошқаларды ұстау мәдениеті және қабылдағыш мал басының болуы аурудың эпизоотиялық процесінің эпидемиялық дамуына тікелей немесе жанама ықпал ететінін көрсетті. Бұл ретте ең ықтимал тәуекел аймағына Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты аймақтар кірді.

339-342 200
Аннотация

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында эхинококкоздың таралуы бойынша проблеманың өзектілігі ауыл шаруашылығы жануарларын сою өнімдерінің сауда алдындағы сараптамасы кезінде ларвальды нысандардың жиі кездесуімен, шаруашылық жүргізуші субъектілерде ет қоректі эхинококкоздың таралуы туралы сенімді мәліметтердің болмауымен байланысты, ал өңірлік эхинококкозға қарсы іс-шараларды жетілдіру қажеттілігі біздің зерттеулерімізді айқындау үшін негіз болды.

Ларвальды эхинококкоздың жануарлардың жекелеген түрлері бойынша кеңдігі мен аумақтық шектелуі анықталды. Эхинококкоздағы эпизоотиялық процестің ерекшеліктерін зерттеу кезінде алынған мәліметтер эпизоотияға қарсы шаралар жүйесін жетілдіруге негіз болады.

ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫ

343-347 163
Аннотация

Бұл мақала Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің биполярлық жуйе құлағанынан кейінгі кеңестік дәуірден соңғы кеңістіктегі саяси дамуы тарихы туралы. Авторлар тарихи және хронология, жүйелеу және салыстыру әдістерін қолданады.

Эмпирикалық материалға сүйене отырып, олар екі мемлекеттің сыртқы саясаты геосаяси бәсекелестік екендігін дәлелдейді. Әр тарап өзінің кеңестік дәуірден кейінгі жеке жаңа ішкі және сыртқы саяси моделінің параметрлерін посткеңестік кеңістікте калыптастыруға тырысты.

АҚШ және Ресей карым-қатынастарының тарихы өте күрделі және бірнеше даму кезеңдерінен тұрады. Ең өткір жаңа "қырғи-қабақ" соғыстың бастауына себеп болған Қырымды «аннексиялау» мәселесі. Авторлар АҚШ пен Ресейдің бұрынғы кеңестік мемлекеттерге қатысты саясатының механизмдеріне де назар аударады, атап айтканда, демократия мен либералды құндылықтарды насихаттау.

347-352 190
Аннотация

Әлемнің көне түркілік бейнесі, түркілер тарихы бізге көне түркі руникалық ескерткіштері арқылы жақсы таныс, әрі біз бұл халықтарға тән кейбір ерекшеліктерді де байқай аламыз. Түркі мәдениетінің маңызды ерекшелігі ер адамның тек қана отбасындағы емес, тұтас империя мен хандықтарды басқарған мемлекеттегі ерекше орны екені анық. Бұл ретте ұлттық бас киім үлгісі арқылы оның қызметінің маңыздылығын да анықтауға мүмкіндік болғанын атап өтуге болады. Осман империясы мемлекетінде ең маңызды орынды әскер иеленді, сол себепті әскери киімге ерекше артықшылық берілді, оның ішінде шенді көрсететін бас киімнің рөлі де айтарлықтай. Қазақтар уақытының көбін ат үстінде өткізді, сондықтан бас киімнің түр-түрімен жүруге қажеттілік туындады, бас киімнің рәсімге арналған түрлері болғаны да мәлім. Бұл мақалада қазақ және түрік халықтарындағы ерлердің бас киімінің ерекшеліктері қарастырылады. Біз қазақ және түрік халықтарындағы ерлердің бас киімінің ерекше белгілерін талдаймыз. Зерттеу аясында ерлердің бас киімінің ұқсас және айырма белгілері тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері анықталды.

353-358 147
Аннотация

Бүгінгі таңда қазақ қоғамының мәдениет саласындағы негізгі міндеттерінің бірі тарихи және мәдени мұраны тиімді сақтау мен белсенді пайдалану арқылы рухани жаңаруды көздейді. Бұл мәселе әлемдік тарих тұрғысынан алғанда тарихи бастауын ерте кезеңдерден алып, қай дәуірде және қандай елде болмасын өзектілігін жоғалтқан емес. Осыған орай берілген мақалада Халықаралық ұйымдар, Еуропа, АҚШ, Ресей, Қазақстан және т.б. мемлекеттердің тарихи тәжірибесі зерделенеді. Әлемдегі ең бірінші мұраны сақтау жөніндегі ұлттық қоғамдық ұйымдарының, Рерих пактісі, 1954 жылғы Гаага конвенциясы мен ЮНЕСКО-ның 1970, 1972 жылдардағы конвенцияларының тарихи рөлі сипатталады. Сондай-ақ тарихи-мәден мұра ескерткіштерін сақтау мен қорғауды мемлекет тарапынан қамтамасыз ететін алғашқы нормативтік құқықтық актілер қарастырылып, олардың маңызы баяндалады.

358-362 298
Аннотация

«Қазақ халқының материалдық мәдениетіне негізделген топонимдер» мақаласы көшпелі қазақ елінің атадан-балаға мұра болып келе жатқан кең байтақ жеріміздің топонимдерінің мағынасы мен мәні, шығу тарихы жайлы дәйекті мысалдар мен географиялық дереккөздер негізінде жазылған. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан өңірінің мысалы негізінде топонимдердің қалыптасу себебі бірнеше топтарға жіктеліп, олардың пайда болу, өзгеру тарихы көрсетілген. Халық елді мекен, жер, су, өзен, көл атауларының мағынасы мен мәніне, шығу тарихына аса зор мән берген. Бұл кездейсоқ құбылыс емес, өйткені атаулар әр заманның ескерткіштері ретінде халық туралы хабар беретін зерттеу нысаны Қазақ елінің тарихи тағылымын негізге ала отырып жазылған бұл мақала ұлтымыздың мәдени-мұрасын жаңғырту жолында өте маңызды тақырып болып табылмақ.

363-368 135
Аннотация

Ұсынылып отырған мақалада Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 1991-2018 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастардағы қызметін ғылыми тұрғыда жүйелі және жан-жақты зерттеу болып табылады Қазақстан Республикасынң халықаралық аренадағы саяси беделінің қалыптасуы – тарихи тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, жаппай саяси сауаттылық үшін де, яғни идеологиялық мақсатта да маңызы зор. Себебі, бұл тақырыпта жазылған зерттеулер, яғни Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты тарихы, өзекті мәселелері жаһандану жағдайында ашып көрсететін қажетті деректермен қамтуды қарастырдық. Зерттеудің маңыздылығы еліміздің тәуелсіз тарихындағы оқиғаларды, яғни Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымын, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты және Азиядағы өзара ісқимыл сенім шаралары жөніндегі кеңесін құрудың бастамашысы қана болып қоймай, осындай ұйымдарға басшылық еткендігі туралы пайдалы ақпарат беретіндігінде болып отыр. Мақала мұрағат деректеріне негізінде талданып, сараланды.

369-372 168
Аннотация

Мақалада Мауараннахр аймағында ілімі мен ғылыми әдіснамасы діни рационализмге негізделетін әһлі рай мектебінің белді ғалымдарының бірі – Әбу Мансұр әл-Матуридидің ғылыми әдісіне талдау жасалады. Имам Матуридидің антропоцентристік діни санаға, ақыл қорытындыларына қаншалықты мән бергені, оның ақыл мен діни мәтінді қалай үйлестіргені аңдатылады. Сонымен қатар имам Матуридидің ғылыми әдісінің мұғтазилиттермен салыстырғанда діни мәтінге көбірек негізделетіні дәлелденеді. Бұған қоса теологиялық мәселе төңірегінде таласқа түскен «нақылшылар», «рационалистер» және «сопылар» арасындағы айырмашылықтарды атап көрсету арқылы, діни танымда ақылдың орны айтарлықтай маңызды екендігі баяндалады. Имам Матуридидің пікірінше, «ақылға негізделген дәлел», негізгі бес сезім мүшесі арқылы қол жеткізілген мәліметтерді ақылға салып саралау нәтижесінде пайда болады.

373-378 171
Аннотация

Аталған ғылыми мақалада орта ғасырларда Қазақ даласындағы Исфиджаб қаласынан шыққан ханафи мәзһабының құқықтанушысы, үлкен ғалым – Әбу Насыр Ахмад ибн Мансур әл-Исфиджабидің өмірі мен шығармашылығы баяндалады. Атап айтар болсақ, ғалымның есімі мен лақабтары, туылған жылы, шыққан өлкесі және ондағы саяси-діни ахуал мен халықтың әлеуметтік жағдайлары зерттеледі. Сонымен қатар оның білім алған жолы мен қызметі, соңында қалдырған іргелі еңбектері мен өмірден өткен жылы, ғалымның Орта Азия ханафи фиқһ мектебіне қосқан үлесі көрсетіледі.

Сонымен қатар Ахмад ибн Мансур әл-Исфиджабидің еңбектерінің аты мен саны тарихи және биографиялық еңбектерге жүгіну арқылы нақтыланады. Олардың қаншасы күні бүгінге дейін қолжазба күйінде жеткендігі әрі әлемнің қандай кітапханаларында сақталғандығы жайлы нақты мәліметтер беріледі. Биографиялық әдебиеттердегі ғалымның еңбектері мен өмірден өткендігі жайлы мәліметтер тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы сараланады.

Ахмад ибн Мансур әл-Исфиджабидің күні бүгінде қолжазба күйінде жеткен еңбектері жүйеленіп, оларға идентификация жасалады. Сондай-ақ ғалымның аталған қолжазба еңбектерін өңдеп, қазақ тіліне аудару және қазақстандық исламтану мектебіне негіз ету мен ғылыми айналымға енгізу мәселелері қарастырылады.

379-385 384
Аннотация

Аталған ғылыми мақалада ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезінде қазақ даласындағы Көкшетау қаласынан шыққан діни қайраткер, имам – Наурызбай Таласұлының өмірі мен қайраткерлігі баяндалады. Атап айтар болсақ, имамның шын есімі мен лақабтары, туылған жылы, шыққан өлкесі, жанұясы мен ұрпақтары және ондағы саяси-діни ахуал мен халықтың әлеуметтік жағдайлары жан-жақты қарастырылып зерттеледі. Сонымен қатар оның білім алған жолы, жасаған қызметі мен өмірден өткен жылы және имамның қазақ жерінде мұсылманшылықты сақтап қалу мақсатында қосқан үлесі көрсетіледі. Сондай-ақ оның ұстаздары, шәкірттері Шәймерден Қосшығұлұлы, бажасы әрі шәкірті Ақан сері мен жақтастары да аталады. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезі патша үкіметінің шоқындыру арқылы орыстандыру саясатына қарсы әрекеттері қозғалады.

Сонымен қатар Наурызбай Таласұлының кеңес үкіметі тұсында демонизацияланған образын ақтауға түрлі мәліметтер мен ақпараттар келтіріледі. Ол жайлы жазылған түрлі кітаптар мен қойылымдарға талдау жасалады.

Науан Хазіреттің Абай Құнанбайұлымен, алаш зиялыларымен замандас болғандықтан, олармен арадағы байланыс, қарым-қатынас жайлы әрі хазіреттің сол уақыттағы ұстанымы да айтылады.

ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ

386-390 189
Аннотация

Мақалада Қазақстандағы кәсіпорындар экономикасының инновациялық дамуының теориялық және практикалық негіздері, заманауи жағдайда кәсіпорынның инновациялық әлеуетін қалыптастыру және инновациялық қызметті ұйымдастырудың әдіснамалық тәсілдері берілген. Инновациялық факторлар мен білім мен технологияларды үнемі жаңартып отыру процесі экономикалық өсудің негізіне айналатыны көрсетілген. Инновацияның мемлекет ішінде экономикалық өсу процесіне әсерін сипаттайтын ұғымдар зерттеледі. Инновациялық факторлар мен ғылымды қажет ететін салалардың әсеріне сүйене отырып, автор Қазақстандағы инновациялық өнімдер шығаратын кәсіпорындардың санын береді, олардың 2014-2018 жылдарға арналған көрсеткіштерін талдайды, көптеген аймақтардағы кәсіпорындардың инновациялық өнім шығаруға қатыспауының негізгі себептерін қарастырады.Сонымен бірге автор соңғы бес жылдағы елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының нәтижелерін береді. Өндірісте инновацияларды енгізу және экономикалық пайда алу бойынша инновацияларды іс-әрекеттің соңғы нәтижесі ретінде анықтау ұсынылады. Автор инновациялық дамуды экономиканың барлық саласында ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалануға негізделген әлеуметтік-экономикалық жүйенің үдемелі дамуы деп анықтайды. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығы елдегі кәсіпорынның инновациялық даму нәтижелеріне байланысты. Экономикалық даму деңгейі мен елдің ұлттық кәсіпорындарының инновациялық ортасының жағдайы арасында статистикалық байланыс бар екендігі анықталды.



ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X