Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу
№ 2(2) (2021)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
6-10 887
Аннотация

   Азық-түлік қауіпсіздігі кез келген мемлекетте халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етумен тікелей байланысты ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақала тамақ өнеркәсібінде қолданылатын биосенсорларға арналған. Биосенсорлар – биологиялық жауапты сигналға түрлендіру арқылы заттарды талдау және диагностикалау үшін қолданылатын құрылғылар. Биоматериал түріне қарай ферменттерге, микроб жасушаларына, ұлпа дақылдарына, ДНҚ-ға, иммунокомпоненттерге және органеллаларға негізделген биосенсорлар бар. Биосенсорлар және оларға негізделген аналитикалық процедуралар зертханалық зерттеулердің шеңберінен әлдеқашан шығып кетті және күнделікті тәжірибеде тұрақты орынды иеленді. Биотехнология, тамақ өнеркәсібі, медицина, экология – бұл азаматтық мақсатта оларды қолданудың ықтимал салаларының толық тізімі емес. Потенциалды түрде биосенсорлар зиянды әсерлерді сезімтал және спецификалық анықтауды орындауға қабілетті, бұл жалпы алғанда осы бағыттың даму болашағын анықтайды. Шолуда әртүрлі анықтау әдістеріне, сипатталған биосенсорлардың параметрлері және оларды тәжірибеде пайдалану мүмкіндігіне талдау берілген.

11-14 136
Аннотация

   Нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күні көптеген компаниялар мен өндірістік кәсіпорындар үшін басымдық болып табылады. Қауіпсіздік бейнебақылау жүйелері кез келген тұрғын үйді, кеңсе бөлмелерін, сондай-ақ өндірістік объектілерді және оларға жақын аумақтарды тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта нарықтағы қауіпсіздік жүйелері мен кешендерінің алуан түрлілігіне қарамастан, өте аз бөлігі бірқатар себептерге, соның ішінде қаржылық себептерге байланысты пәтерлер мен шағын кеңселерде пайдалануға жарамды болуы мүмкін. Осы мақалада ұсынылған шешім, шын мәнінде, әртүрлі тапсырмалар ауқымын шешуге қатысқан аппараттық құрамдастарды пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Мысалы, қауіпсіздік жүйесінің функцияларын үйде бейнелерді, музыкалық шығармаларды және фотосуреттерді сақтау және тарату үшін пайдаланылатын мультимедиялық сервер қабылдауы мүмкін.

14-17 209
Аннотация

    Бұл мақалада капсула материалы үшін полимерді капсулалау және таңдауға арналған. Микрокапсула – бұл капсулаланған заттарды қорғау процесі. Капсулаланған заттың айналасында қабырға пайда болады, оның құрамының қасиеттері капсулаланған материалды қорғау үшін орнатылады. Капсулалау процесінде көптеген технологиялар бар, бұл капсулаларды алу үшін экструзия, бүріккіш кептіру, бүрку, матрицаға қосу, гельді капсулалау, қайнаған қабаттағы капсулалар, бұл экспериментте капсулалар тамшылау әдісімен алынады. Таңдалған капсулаланған материалды негіздеу үшін пектиннің 1 %, 2 %, 3 % концентрациясындағы капсула түзілу мүмкіндігін анықтау бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізілді, концентрациядағы алгинат 1 %, 2 %, 3 %. Бұл кезеңдегі эксперименттің негізгі міндеті капсулаларды мүмкіндігінше сфералық етіп алу болды, себебі капсулалардың дұрыс формасы тиімді нәтижеге әкеледі. 1, 2-суретте пектин мен алгинаттың әртүрлі концентрацияларынан алынған капсулалар көрсетілген. Суреттер Microscope XS-2100 микроскопында 4/0,1 Х үлкейту кезінде алынған.

17-21 186
Аннотация

   Бұл мақалада біртекті емес жүйелер жүйесі жайлы түсіндірілген. Қайта өңдеу өндірісінде сұйық біртекті емес жүйелерді бөлудің әдістері талданған. Сұйық біртекті емес жүйелерді бөлу барысында қолданылатын жабдықтардың сипаттамалары келтірілген. Атап көрсетілген жабдықтарды қарастыра отырып, үнемді әрі өнімділігі жоғары жабдық түрі таңдалынған. Жалпы, қайта өңдеу өндірісінде сұйық біртекті емес жүйелерді құрамдас бөліктерге бөлу міндеті жиі туындайды. Алуан түрлі өндірістік орындарда міндетті түрде біртекті емес жүйелерді бөліп алу қажет етеді. Өнеркәсіпте біртекті емес жүйелер газды немесе сұйық фазаны ластаушы бөлшектерден тазарту, газға немесе сұйық фазаға ілінген құнды өнімдерді бөліп алу үшін бөлек фазаларға бөлінеді. Центрифугалардың басқа жабдықтардан артықшылығы: үлкен қозғаушы күшке байланысты процестің жоғары қарқындылығы, көмекші жабдықтың болмауы, процесті механикаландыру және автоматтандыру мүмкіндіктері.

21-25 177
Аннотация

   Мақалада зығыр майының шығымын арттыру мақсатында престеу және ұсақтау пpoцecтерін зepттeуде өcімдік мaйы өндipiciнe apнaлғaн май пpecінің құрылмасы сипатталған. Зығыр майы өте пайдалы, өйткені ол омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарына жататын жүрек үшін маңызды альфа-линолен қышқылының ең бай көзі болып табылады. Холестеринді азайтып, жүрек аурулары үшін профилактикалық болып табылады, жоғары қан қысымын төмендетеді, сонымен қатар йодтың сіңімділігін арттырады. Оны салаттарда, жеңіл тағамдарда, жармаларда, нан мен басқа да қамыр өнімдерін пісіру кезінде қолдануға болады. Бұл мақалада зығыр майының шығымын арттыру мақсатында май прессін ғылыми зерттеу орталықтарында, тамақ өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпорындарында өсімдік шикізатын өндіру процесінде қолдану мүмкіндігі негізделген.

26-30 275
Аннотация

   Бұл мақалада жартылай қақталған шұжыққа арналған еттің құрамына стартер культурасының әсері қарастырылады. Сиыр етінің биологиялық құндылығын, органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштеріне мән бере отырып дайын өнімге ферменттелген сиыр етін қолдану ұсынылады. Стартерлі культураны қолдану шикізаттың нәзіктігіне, шырындылығына, тағамдық құндылығына, құрылымның қажетті деңгейінің қалыптасуына және жабысқақ қабілетіне айтарлықтай әсер етеді, стартерлік дақылдардың бұлшықет тінінің компоненттеріне әсер етуі есебінен органолептикалық сипаттамаларын жақсартады. Эксперименттік сынақтардың нәтижелері бойынша, стартерлік культураны пайдалана отырып, жартылай ысталған шұжық өндіру технологиясы көрсетіледі. Сиыр етін ферменттеу процесіне әсер ететін әртүрлі факторлардың  өзара  әрекеттесуін  зерттеу  үшін  математикалық  модельдеу қолданылды. Математикалық жоспарлаудың арқасында ет шикізатын ашытудың қолайлы параметрлері таңдалды, олар шикізат құрылымына әсер етеді, тағам сапасын жақсартады, сонымен қатар дайын өнімнің пісу мерзімін қысқартады.

30-34 380
Аннотация

   Қазіргі заманғы ақпараттық әлемде, кез келген уақытта байланыста жүру, қажетті ақпаратқа қол жеткізу, жалпы қоғамды ақпараттандыру үшін мобильдік құрылғылар арқылы мобильді қосымшаларды пайдалану мен оны дамыту өте маңызды. Мобильді құрылғыларға арналған ақпараттық технологияларды дамыту белсенді түрде дамып келеді. Мақалада мобильді қосымшалардың пайдалану тұрғысынан және олардың құрылымы бойынша жіктелуі қарастырылған. Сонымен қатар, мақалада мобильді құрылғылар мен қосымшалардың маңыздылығы талқыланады. Мобильдік қосымшаларды жасаудың кейбір құралдары талданады, оларды қолдану мысалдары келтірілген. Мобильді қосымшаларды  әзірлеу  процесі  көрсетілген.  Мобильді  қосымшаларды бағдарламау кезінде Front-end және Back-end жобалау жүйесі ұсынылған. Мобильді қосымшаны тестілеудің төрт негізгі түрлері сипатталынған. Сонымен қатар, мақалада мобильдік қосымшаларды әзірлеуге арналған қолданыстағы құралдарды талдау қарастырылған.

35-38 462
Аннотация

   «Ақылды жылыжай» идеясының тәуелсіз бірлік ретінде және «ақылды үй» немесе «Ақылды қала» жобасының бөлігі ретінде өзектілігі өте жоғары, біз қазір Гаджеттеріміздің көк экрандарынан интернет туралы біліп қана қоймай, үйде IoT элементтерін  ішінара  қолданамыз.  Рас,  бұл  әлі  күнге  дейін  біздің  барлық құрылғыларымыздың біртұтас үйлесімді жұмыс жүйесіне ұқсамайды, бірақ қажеттілік қазірдің өзінде пісіп жетілді. Мәселен, қазірдің өзінде біздің еліміздің тұрғындары арасында қала маңындағы жылыжайларда да, пәтерлік «гүлзарларда» да егінге күтім жасау үшін белгілі бір «автономды үй көмекшісіне» деген қажеттілік бар. Сонымен қатар, бұл жүйені басқару қарапайым пайдаланушыға түсінікті болуы керек, қазіргі ақпараттық кеңістікте (әлеуметтік желілер, электрондық пошталар және т. б.) әлеуметтенуі керек. Жүйені сатып алу арзан болуы керек.

38-42 195
Аннотация

   Бұл мақалада төтенше жағдай кезіндегі тiршiлiктi қамтамасыз етуді жоспарлау, оны ұйымдастыру және қамтамасыз етудiң қызметтерiнiң iс-әрекетiнің үйлесімділігі, тiршiлiктi қамтамасыз ету ресурстарының қажеттiлiгін анықтау және тiршiлiктi қамтамасыз етудiң шараларын уақытылы болуы туралы қарастырылған. Төтенше жағдайлар кезінде халықты тіршілікпен қамсыздандыру, адамдардың денсаулығын және жұмыс істеу жағдайын көтеру шаралары қолға алынады. Төтенше жағдайда пайда болған кезде және адамдардың денсаулығын сақтау және өмірін қорғауға, материалдық шығыңдардың көлемін азайтуға, сонымен қатар төтенше жағдайлар аймағын жоюға бағытталған құтқару, апаттық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жүргізілетін жұмыстар. Бұл жүргізілетін шаралар мыналарды қамтиды: тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен және де күнделікті қажетті бар құралдарымен қамсыздандыру, бактерологиялық, химиялық, радиоактивті зақымданудан азық-түлікті, су қоймалары және су беру жүйесін қорғау. Халықты коммуналды-тұрмыстық, медициналық қамсыздандыру, санитарлық түрғыдан қарау, құрал-жабдықтарды, көлікті, аумақты залалсыздандыру бойынша жұмыс жасау, халыққа нақты ақпарат беру, адамдардың моралдық-психологиялық көмек беру шараларын жасау және тұрғындарды еңбек ету мүмкіншілігімен қамсыздандыру.

42-45 174
Аннотация

   Бұл мақалада тамақ өнімдері өндірісіне жаңашыл азық – түлік өнімдерінде  маңызды  сұранысқа  ие  болатын  мектеп  жасындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кәсіптік бағдарланған ет нандарын енгізудегі артықшылықтарды зерттейді. Біздің қазіргі еліміздегі еттен әзірленетін өнімдер көлемін ұлғайту және өндіріс көлемін тиімді дамыту үшін өнімді уақытылы және сапалы әзірлеу қажеттілігі, сондықтан еттен әзірленетін ет нандары жаңа, тиімділігін арттыру мақсатында жоғары құрал – жабдықтармен және заманауи технологиялармен қатар, жаңашыл өнімдермен толықтырылуы қажет екендігін қарастырады. Ет нандарының дамуы, халықтың фунционалды өнімдерге деген сұранысы мен қажеттілнің артуы технология әзірлеуге және функционалды өнімдер өндіруге мүмкіндік береді. Экологиялық таза шикізаттарды пайдалану арқылы отандық және шетелдік өндірушілерге бәсекеге қабілетті өнім жасауға мүмкіндік береді.

46-49 328
Аннотация

   Мақалада Семей қаласында болуы мүмкін су тасқыны және олардың алдын алу әдістері сипатталған. Су тасқынының алдын алу бойынша қарастырылған профилактикалық іс-шаралар қарастырылып отырған аумақтың объектілерін апаттардан, апаттардан және дүлей зілзалалардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдардың төтенше жағдайларға ден қоюының негізгі кезеңдері, оның ішінде аумақтық басқару жүйелерін, мемлекеттік және жедел ден қоюдың күштері мен құралдарын құру және олардың дайындығын жоғары деңгейде ұстау көрсетілген. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында міндеттер мен өкілеттіктерді оңтайлы бөлу арқылы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіруді қамтитын дағдарысқа қарсы басқарудың тиімді тетіктері әзірленді. Семей қаласының су басу мүмкін аумақтар талданып, елді мекендер үшін ықтимал қауіптер мен қатерлер анықталды, олардың халыққа, мүлікке және қоршаған ортаға төнетін қаупін азайту жолдары қарастырылды.

49-54 146
Аннотация

   Күрделі технологиялық кешендердің агрегаттарының математикалық модельдері мен кешеннің жүйелік моделің, яғни, құрылымдалған моделін құру мәселелері зерттеліп, жүйелік талдау методологиясы негізінде технологиялық кешеннің модельдер жүйесін түрлі ақпараттар негізінде құру тәсілі тұжырымдалған. Нақты өндірістік жүйе – бензол өндіру кешенінің негізгі агрегаттары ректификациялау және бензолдық колонналардың математикалық модельдері құрылған. Жұмыста ұсынылған тәсіл бойынша бұл агрегаттарға құрама модельдер тұрғызу тиімді екені анықталған, яғни олардың шығысындағы өнімдердің (бензол, рафинат, ауыр ароматика) саны жиынтық регрессиялық модельдер, ал өнімдердің сапа көрсеткіштері айқын емес модельдер құру арқылы анықталады. Реформат құрамындағы ароматикалық көмірсутектердің өнім сапасының негізгі көрсеткіші – бензолдың орташа октандық санына әсері шартты қорытындылау логикалық ережесі және білімдер базасы негізінде лингвистикалық модель түрінде құрылған.

55-57 125
Аннотация

   Бұл мақалада өндіріс процесінде бірегей жабдықты қолданатын өнеркәсіптік кәсіпорынға қатысты белсенді қызмет көрсету жүйеснің нұсқасы зерттеледі. Өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге, өтінімдер ағынының берілген қарқындылығы кезінде жұмыс орындарын құруға және пайдалануға арналған жалпы шығындарды азайтуға еңбекақы төлеуді оңтайландыру жолымен қол жеткізіледі. Өндірістік процесті оңтайландырудың математикалық моделі біліктілік сипаттамалары жергілікті еңбек нарығында анықталатын еңбек процестеріндегі жұмысшылардың мінезқұлық моделін қамтиды. Жұмыста жаппай қызмет көрсету жүйелерінің бір класы және жұмысшылардың жоғары еңбек өнімділігін ынталандыру арқылы жұмыс орындарының санын азайту мүмкіндігі қарастырылады. Қарастырылып отырған өндірістік жағдайда жұмысшылардың жоғары еңбек өнімділігін ынталандыру арқылы жұмыс орындарының санын қысқарту мүмкіндігі бар.

57-62 168
Аннотация

   Бұл мақалада адам өміріне қауіп төндіретін, қар көшкінінің түрлері қауіптіліі және көшкіндерді анықтайтын метеорологиялық факторлар талданады. Қар көшкінін алдын алу және халық пен шаруашылық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүргізілетін шаралар сипатталады. Қар көшкіндерінің пайда болу механизмдері, қардың беткі жамылғысының бөлшектерінің қатуы нәтижесінде пайда болады. Күннің, желдің және жылу әсерінен қар бетінде мұзды қабыршақ пен осы құбылыстардың нәтижесінде қар кристалдары пайда болады. Тығыз және ауыр қабаттың нәтижесінде пайда болған іркілдек массаның төмен қарай сырғығанда өзімен қар жамылғысын қоса әкетеді: «Қар тақталарының» жылдамдығы сағатына 200км жетуі мүкін. «Қар тақталарының» жүру мүмкіндігі қар массасының көп қабаттылығымен яғни, тығыз және іркілдек қарларға байланысты болатын шаралар туралы қарастырылған.

62-65 184
Аннотация

   Соңғы кездері отандық тұтыну нарығында жаңа буын өнімдері көбейіп келеді, шетелдік тәжірибеде көбінесе функционалды деп аталады. Дәстүрліден айырмашылығы, мұндай өнімдер тек тағамдық құндылығымен ғана емес, сонымен бірге адам ағзасына жағымды физиологиялық әсерімен де сипатталады. Байытудың негізгі принциптеріне байытуға жататын тамақ жүйесін таңдау жатады. Жақында дамып келе жатқан салауатты өмір салтының танымал болуымен функционалды мақсаттағы шырындар, балшырындар мен құрамында шырыны бар сусындар өндірісі өзекті болып табылады.  Осыған  байланысты жұмыстың мақсаты функционалды бағыттағы сусындарды дайындауда табиғи пектин мен каррагенан құрылымдарын қолдану мүмкіндігін зерттеу болды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – оларды қала мен аймақтың азық-түлік кәсіпорындарының мәзіріне енгізу үшін тамаша тұтынушылық қасиеттері бар функционалды мақсаттағы жеміс-көкөніс сусындарын жасау.



ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X