БАЛАЛАР ТАМАҚТАНУЫ ҮШІН АРНАЛҒАН СҮТТІ ДЕСЕРТ ӨНІМНІҢ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Менің тақырыбым бойынша балалараға арналған сүтті десерт дайындау. Мен шикізат ретінде ешкі сүтін таңдап алдым. Неге ешкі сүтін таңдадым? Себебі ешкі сүті ана сүтіне ең жақын сүт.
Сүттің тағамдық құндылығы – адам ағзасына қажетті заттардың үйлесімдік қатынаста және жеңіл сіңірілетіндігімен бағаланады. Жұмыртқадан өзге ағзаға қажетті заттардың кешенін толық қамтитын тағам – сүт болып табылады.
Сүттің ағзаға сіңімділігі 96-98% құрайды. ФАО-ның қорытындысы бойынша 1 литр сүттің энергетикалық құндылығы жануарлардың түріне байланысты: 705 ккал-дан (сиыр сүті), 800 (ешкі сүті), 1100 ккал-ға (қой сүті) дейін өзгереді. Сүттің ең құнды құрам бөлігі - протеин. Ол ағзаның тіндер мен жасушаларын құрастыруда негізгі пластикалық материал болып табылады. Оның массалық мөлшері сиыр сүтінде шамамен 3,2%, мұның 27% казеиннің, ал 0,5% сарысу протеиндерінің үлесі. Протеин ыдырағанда алынатын аминқышқылдары ағзаның жасушаларын, ферменттерін, гормондар және антиденелерді құрайтын құнды биологиялық материал. Адамның аминқышқылдарына тәуліктік қажеттілігі 28,4 г сүт протеиннің немесе 14,5 г сарысу протеиндерін қабылдағанда толық қанағаттан дырылады. Барлық жануарлар протеиндерінің ішінде сүт протеині – ең құндысы. Оның құрамындағы казеин, альбуминдер мен глобулиндерде алмастырылмайтын аминқышқылдарының барлығы бар. Бұлар ағзада синтезделмейтіндіктен тек тағам арқылы түсуі қажет.
Казеинде жоғары мөлшерде әсіресе метионин (3,5%), лизин (6,9%), триптофан (1,8%), лейцин (12,1%), валин (7,0%) бар. Бұл амин қышқылдарының үнемі жетіспеуі адамның өміріне, әсіресе, жас нәрестелерге өте қауіпті. Аминқышқылдарына сарысу протеиндері өте бай. Олар арнайы қорғаушы факторлар – иммуноглобулиндердің қайнар көзі. Әдебиеттерге сүйенсек, сүттің альбумині өсу үрдісіне, ал глобулині – иммундық (қорғаныш) денелер түзуде маңызды роль атқарады. Альбуминдер мен глобулиндер сүт плазмасында ерітінді, сарысу протеиндері түрінде болады.
Әдебиет тізімі
1. «Қазақ энциклопедиясы»
2. Қазақ тілі терминдер сөздігі
3. Интернет желісі www.google.ru
4. https://kerekinfo.kz/2021/05/05/eshki-stini-paydasy-zor.html
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Мұратов Ә.Н. БАЛАЛАР ТАМАҚТАНУЫ ҮШІН АРНАЛҒАН СҮТТІ ДЕСЕРТ ӨНІМНІҢ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2021;(4(4)):28-31.
For citation:
Muratov A. DEVELOPMENT AND STUDY OF THE TECHNOLOGY OF PRODUCTION OF MILK DESSERT PRODUCTS FOR CHILDREN'S NUTRITION. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2021;(4(4)):28-31. (In Kazakh)