Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

«КОНФИТЮР» ЖЕМІС-ЖИДЕК ДЕСЕРТІНІҢ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН МИНЕРАЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-2(18)-44

Толық мәтін:

Аңдатпа

Аңдатпа: Бүгінде өсімдік негізіндегі нутриенттер мен табиғи антиоксиданттарға бай жеміс-жидек десерттерін өндіру аса өзекті мәселелердің бірі. Алайда қазіргі Қазақстанда бұл бағытқа жеткілікті деңгейде назар аударылмай келеді, себебі өндіріс саласында инновациялық технологиялардың жетіспеушілігі сезілуде. Осыған байланысты жеміс-жидек десерттерін өндірудің жаңа технологияларын дамыту маңызды міндет болып табылады. Десерт құрамына макро- және микроэлементтерге, дәрумендерге, сонымен қатар талшықтарға бай қосымша ингредиенттерді (нутриенттер мен антиоксиданттар) енгізу оның дәмдік және хош иістік қасиеттерін жақсартумен бірге адам денсаулығына оң әсер етеді.

Бұл зерттеудің мақсаты – өсімдік текті ингредиенттерді үйлестіре отырып, функционалдық қасиеттері бар жеміс-жидек конфитюрінің рецептурасын және оны дайындаудың тиімді технологиясын жасау. Эксперимент барысында конфитюр түріндегі жеміс-жидек десертіне арналған рецепт әзірлеу кезінде жемістер, көкөністер мен жидектердің әртүрлі қатынастағы бес түрлі комбинациясы зерттелді. Бұл нұсқалар өсімдік тектес шикізаттың құрамдық қатынастары арқылы ерекшеленді.

Жалпы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, №1, №2, №4, №5 нұсқалар (4,75-5,0 балл) органолептикалық бағалау бойынша, сондай-ақ адам ағзасына пайдалы минералдар, әсіресе калий, магний, кальций және фосфордың жоғары мөлшері бойынша №3 нұсқадан (3,25 балл) айтарлықтай жақсы. Дәстүрлі технологиялық әдістермен салыстырғанда әзірленген әдістемелер арқылы жасалған конфитюр десерттері дәрумендер мен минералдардың табиғи пайдалы қасиеттерін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы

А. У. Шингисов
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Азрет Утебаевич Шингисов – техника ғылымдарының докторы, «Азық-түлік өнімдерінің
технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры,

160000, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5



И. А. Махатова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Индира Абайханқызы Махатова – а/ш ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан университеті, «Тоқыма және тамақ инженериясы» Жоғары мектебі,

160000, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5



А. Ж. Шиналиева
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Айнұр Жандильдақызы Шиналиева – докторант, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті, «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі, 

160000, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5



Э. У. Майлыбаева
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Эльвира Урисбаевна Майлыбаева – магистр, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті, «Тоқыма және тамақ инженериясы» Жоғары мектебі,

160000, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5



У. У. Тастемирова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Үкілім Убайдуллаевна Тaстемирова – phD докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті, тоқыма және тамақ,

160000, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5



Әдебиет тізімі

1. Кекчебаев Е., Жакупова Г. Маркетинговые исследования сельского хозяйства Казахстана Анализ инвестиционной привлекательности рынка. https://marketingcenter.kz/20/rynok-selskoe-khoziaistvo-kazakhstan.html (дата обращения 16.06.2021

2. Технология приготовления фруктового варенья // Universum: технические науки : электрон. научн. журн. Эргашев Б.А. и др. 2023. 3(108). URL: https://7universum.com/ru/tech/archive/item/15175

3. Гаспаряна Ш.В, Королев А.Е. Разработка элементов технологии изготовления конфитюра из тыквы и цитрусовых плодов с использованием пищевкусовых добавок/ Вестник АПК Верхневолжья 2015г. №4, С84-97.

4. AndreiiZahorulko*, Aleksey Zagorulko, Bogdan Liashenko, and Irina GordienkoImprovement of the method for producing confituresBIO Web of Conferences 40, 02008 (2021) ILS 2021

5. Семенова, А. А. Разработка технологии фруктово-ягодного конфитюра с использованием натуральных загустителей // Пищевая промышленность. – 2020. – №4. – С. 34–38.

6. Балабеков О. С., Ханжаров Н. С., Волненко А. А., Абдижаппарова Б. Т., Оспанов Б. О., Голубев В. Г. О получении дынно-фруктового и арбузного концентратов. Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан Volume 5, Number 363 (2016), 122 – 131

7. Ramírez, M. et al. Quality evaluation of low-sugar fruit preserves formulated with natural sweeteners // Journal of Food Processing and Preservation. – 2022. – Vol. 46(5).

8. ҚР Ұлттық стандарттары (ҚР СТ): "Жеміс және жидек өнімдері. Жалпы техникалық талаптар", ҚР СТ 1643-2019.

9. ГОСТ 34447- 2018. Конфитюры. Общие технические условия.

10. Петров Н. Ю., Таранова Е. С., Карпачева Е. А., Саламатова А. К., Зволинский В. П., Особенности переработки бахчевых культур в диетические продукты питания. Овощеводство и тепличное хозяйство. 2017;8

11. Vicente, A. R., Manganaris, G. A., Sozzi, G. O., & Crisosto, C. H. (2014). Nutritional Quality of Fruits and Vegetables. In Postharvest Handling (2nd ed.). Academic Press.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Шингисов А.У., Махатова И.А., Шиналиева А.Ж., Майлыбаева Э.У., Тастемирова У.У. «КОНФИТЮР» ЖЕМІС-ЖИДЕК ДЕСЕРТІНІҢ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН МИНЕРАЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2025;(2(18)):359-368. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-2(18)-44

For citation:


Shingisov A.U., Makhatova I.A., Shinaliyeva A.Zh., Mailybayeva E.U., Tastemirova U.U. STUDY OF ORGANOLEPTIC CHARACTERISTICS AND MINERAL COMPOSITION OF «CONFITURE» FRUIT DESSERT. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2025;(2(18)):359-368. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-2(18)-44

Қараулар: 3


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X