Центрифугалау процесіндегі кинематикалық параметрлерді есептеу
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2023-2(10)-8
Аңдатпа
Бұл мақалада мал шаруашылығына арналған жемдік ұнға ет-сүйекті шыжықтан майды бөлуге арналған центрифуганы қарастырамыз. Техникалық май мен құрғақ жем өндіруге қажетті шикізат ет комбинатының барлық цехтары мен бөлімшелерінде жиналады. Шикізат майлы және майсыз болып бөлінеді. Ол жұмсақ және сүйекті болуы мүмкін. Шикізатты жинауды сұрыптауға болады. Шикізатты термиялық өңдеу құрғақ және ылғалды (дымқыл) тәсілдермен жүргізіледі. Егер құрғақ әдіс қолданылса, коллаген шикізатын қайта сұрыптау қажет. Себебі термиялық өңдеудің әсерінен коллаген гидролизі жүреді, бұл жабысқақ сорпаның көп мөлшерін тудырады.
Құрғақ әдіспен дезинфекциялау және ылғалдандыру бір аппаратта, ал дымқыл әдіспен-бөлек жүргізіледі. Жылулық өңдеу кезінде залалсыз шикізат алу үшін 408 К температурада қазандықтарда шикізатты өңдеу 9 сағатқа дейін созылады. Шикізатты термиялық өңдеуде ылғалды өңдеуге қарағанда құрғақ өңдеу тиімдірек.
Құрғақ әдістің артықшылығы-бұл процесте аз мөлшерде су қолданылады, ол тек бір аппаратта өңделіп, шыжық пен майдың бөлінуі жақсы жүреді.
Ылғалды әдістің кемшілігі – қоректік заттардың көп бөлігі сорпаға айналады, бұл шыжықтың тағамдық құндылығын төмендетеді. Сонымен қатар, сорпаны буландыру үшін бу шығыны артады, эмульсия түрінде болуына байланысты майдың бөлінуі азаяды. Қышқылдықтың жоғарылауымен екінші сортты май алынады (құрғақ әдіспен – бірінші сортты, 80%).
Авторлар туралы
М. К. ШаяхметоваҚазақстан
Шаяхметова Мадина Канатовна – «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» кафедрасының докторанты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті.
071412, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А
Мүдделер қақтығысы:
Нет
А. Л. Касенов
Қазақстан
Касенов Амиржан Леонидович– техника ғылымдарынын докторы, Тамақ және өңдеу өнеркәсібінің технологиясы» кафедрасынын профессор м.а., С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62
Мүдделер қақтығысы:
Нет
Г. Б. Абдилова
Қазақстан
Абдилова Галия Бекеновна– техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» кафедрасының аға оқытушысы.
071412, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А
Мүдделер қақтығысы:
Нет
Н. К. Ибрагимов
Қазақстан
Ибрагимов Надир Кадырович– техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» кафедрасының аға оқытушысы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті.
071412, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А
Мүдделер қақтығысы:
Нет
Әдебиет тізімі
1. Пелеев А.И. Технологическое оборудование предприятий мясной промышленности. – М.: Пищевая промышленность, 1971. – р.5. – 328 c.
2. Соколова А.Я., Основы расчета и конструирования машин и автоматических пищевых производств // Издательство «Машиностроение» Москва. – 1969. – 132-139 с.
3. Уразбаев Ж.З., Уалиев С.Н., Какимов А.К., Кабулов Б.Б., Основы механической обработки сырья животного и растительного происхождения и технологии производства комбинированных мясных продуктов, Семей. – 2010 – 58-59 с.
4. Пат. 35832, Казахстан, МПК 51 В02С 18/36 (2006.01). Центрифуга для разделения жидких неоднородных систем // Шаяхметова М.К., Касенов А.Л., Ибрагимов Н.К., РГП «Национальный институт интеллектуальной собственности» бюл. № 45 – 09.09.2022. – 4 c.
5. Иванов А.А. Исследование рубящего резания мясокостного сырья с целью совершенствования соответствующего оборудования: автореферат диссертации … канд.тех. наук. - М.: МТИММП. – 1981. – 20 с.
6. Илюхин В.В. Коваленко В.Н., Тлегенов Ш.К. Прочностные характеристика порошкообразного мясокостного сырья и его компонентов. – Мясная индустрия СССР, 1983. № 6, – С. 37-38.
7. Гуль В.Е., Кулезнев В.Н. Структура и механические свойства полимеров. – М.: Высшая школа, 1972. – С. 84-93.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Шаяхметова М.К., Касенов А.Л., Абдилова Г.Б., Ибрагимов Н.К. Центрифугалау процесіндегі кинематикалық параметрлерді есептеу. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2023;(2(10)):56-63. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2023-2(10)-8
For citation:
Shayakmetova M.K., Kassenov A.L., Abdilova G.B., Ibragimov N.K. Calculation of kinematic parameters the centrifugation process. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2023;(2(10)):56-63. (In Russ.) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2023-2(10)-8