Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

Әскерлерді энергиямен жабдықтау мобильді жел электр станциясын жетілдіру

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2023-2(10)-3

Толық мәтін:

Аннотация

Ғылыми мақала ЖТН № АР148039/0222 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының объектілерін электр энергетикасымен қамтамасыз ету үшін параметрлердің ғылыми-техникалық негіздемесі және жел энергетикалық қондырғысын әзірлеу» 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру ғылыми жобасын орындау шеңберінде жарияланды (зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады). Мақалада әскерлерді энергиямен жабдықтау жылжымалы жел электр станциясын жетілдіру нәтижелері берілген. Қазақстанның Қарулы Күштерінде жел энергиясын электр энергиясына айналдыратын және теңдесі жоқ техникалық құрылғыларды жасау және енгізу қажеттігі туындап отыр. Зерттеу нәтижесінде негізгі элементі жұп бірдей тігінен орналасқан қисық қалақтарды құрайтын жылжымалы жел электр станциясы жетілдірілді. Жетілдірілген конструкцияны Қазақстанның кез келген аймағында қолдануға болады. Жел қондырғысы аймақтың ауа-райының ерекшеліктеріне байланысты емес, ол аз жарықта және аз желде жұмыс істей алады. Ол энергия тапшылығын сезінетін орталықтандырылған   электрмен   жабдықтау   аймақтарындағы   әскери   объектілерді кепілдендірілген минималды электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, авариялық және шектеуші өшірулерден залалдың алдын алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, технологиялық әскери тұтынушыларды да, сондай-ақ: байланыс құралдарын, радиолокациялық қондырғыларды, жауынгерлік жүйелердің электр жетектерін, жарықтандыру қондырғыларын және де техникалық әскери тұтынушыларды: госпитальдарды, әскери қалашықтарды, оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарын, жабық орналасқан әскери объектілері мен бөлімдерін жабдықтау бөлімшелерін, шатырлы қалашықтарды және т.б. электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Авторлар туралы

Б. Б. Кабулов
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Қазақстан

Кабулов Болат Бейсенгалиевич  –  техника    ғылымдарының    кандидаты, «Жылуэнергетика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

010011, Астана қаласы, Женіс даңғылы, 62


Мүдделер қақтығысы:

Нет



Е. К. Адильбеков
ҚР Тұнғыш Президент - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан

Адильбеков Еркин Корабаевич – PhD докторы, факультет бастығының орынбасары, ҚР Тұнғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университет.

020000, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 72


Мүдделер қақтығысы:

Нет



Әдебиет тізімі

1. Дмитриев Е. Технологии подъема. [Электрон. ресурс] – 2014. – URL: http://www.kazpravda.kz/c/1245885696 (дата обращения: 15.03.2023).

2. Возобновляемая энергетика в Казахстане. [Электрон. ресурс] – 2019. – URL:http://www.kazenergy.com/ru/2-44-45-2011/1473-2011-07-29-17-55-58.html (дата обращения: 17.03.2023).

3. Безруких П.П., Безруких П.П. (мл.), Грибков С.В. Ветроэнергетика: справочно-методическое издание / под общ. ред. П.П. Безруких. – М.: Интехэнергоиздат, Теплоэнергетик, 2014. – 304 с.

4. Ветровой атлас Казахстана. [Электрон. ресурс] – 2018. – URL: http://windenergy.kz/rus/pages/vetroenergetika.html (дата обращения: 16.03.2023).

5. Бухарбаев К.С. Возобновляемые источники энергии в Республике Казахстан. [Электрон. ресурс] – 2015. – URL: http://www.interelectro.ru/index (дата обращения: 16.03.2023).

6. Комплексный план повышения энергоэффективности Республики Казахстан на 2012-2015 годы. Утвержден постановлением Правительства Республики Казахстан. – Астана, 2011. – 45 с.

7. Школьник В.С., Болотов А.В., Болотов С.А. Ветроэнергетика автономная, системная, масштабы, инновации, V Астанинский экономический форум. – Астана, 2012. – 260 с.

8. Болотов А.В., Болотов С.А., Стребков B.C. Роторные ветрогенераторы // Сборник научных трудов и инженерных разработок V Российской выставки "Изделия и технологии двойного назначения". – Москва, 2004. – С. 34-38.

9. Инновационный патент № 3631 Республика Казахстан, 2018/0318.2. Мобильный секционный модуль ветрогенераторов / Адильбеков Е.К., патентообладатель. – № 3631; заявл. 11.05.2018; опубл. 08.02.2019, Бюл. № 6 НИИС РК. – 3 с.

10. Адильбеков Е.К., Бердибеков А.Т. К вопросу о применении ветрогенераторов с вертикальной осью вращения // Вестник Национального университета обороны имени Первого Президента РК – Елбасы. – 2018. – № 4 (80). – С. 123-127.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кабулов Б.Б., Адильбеков Е.К. Әскерлерді энергиямен жабдықтау мобильді жел электр станциясын жетілдіру. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2023;(2(10)):23-31. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2023-2(10)-3

For citation:


Каbulov B.B., Аdilbekov E.K. Development of a mobile wind power plant for power supply of the troops. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2023;(2(10)):23-31. (In Russ.) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2023-2(10)-3

Қараулар: 212


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X