Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

БИДАЙ ДӘНДЕРІНДЕГІ АМИЛАЗА ЖӘНЕ СУБТИЛИЗИН ИНГИБИТОРЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2022-4(8)-4

Толық мәтін:

Аннотация

Бұл мақалада тыныштық күйдегі бидай дәндерінің өскіндеріндегі  амилаза ингибиторының белсенділігі және әртүрлі бидай сорттарындағы субтилизин ингибиторының сандық құрамының айырмашылығы қарастырылады. Зерттеу жұмысы осы тақырып аясындағы отандық және шетелдік мақалаларды негізге ала отырып жасалды. Дәнді дақылдардың дәндері протеазалар мен амилазалардың әртүрлі белоктық ингибиторларын синтездеп, жинақтауға қабілеті бар. Ингибиторлар фитопатогендердің өсімдікке зиян тигізуін алдын алудың тиімді механизмі болып табылады, себебі ингибитордың фитопатоген гидролазаларының белсенділігін тежей алу қасиеті бар. Патоген микроорганизмнің ферментін инактивирлеу арқылы өсімдіктің тұрақтылығын және төзімділік қасиеттерін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ингибиторлар негізінен өсімдіктің зақымдану кезінде және патогендер мен жәндіктерге қарсы тұра алатын функциясы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта серинді протеиназалардың ингибиторлары тереңірек зерттелген болып саналады. Амилаза ингибиторлары жөнінде салыстырмалы түрде ақпарат азырақ. Және зерттеушілердің өте үлкен қызығушылығын туғызған ол-бифункиционалды ингибитор. Яғни бір-біріне байланысы жоқ өскіндердегі αамилазаны және серинді протеаза субтилизинді ингибиторлауға қасиеті бар. Ингибитордың зерттеудің қызығушылығы артудың басты мәселесі оларды ауру қоздырғыштары мен зиянкес жәндіктерге қарсы күрес кезінде пайдалану және патогендерге төзімділік қасиеті артқан трансгенді өсімдіктерді алу.

Авторлар туралы

Ж. Серғалиқызы
әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Қазақстан

«Биотехнология» кафедрасының магистранты

050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71



Н. С. Мамытова
әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

«Биотехнология» кафедрасының доцент м.о.

050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71



Әдебиет тізімі

1. Silano V. Enzymes and their Roles in Cereal Technology / Eds. J.E. Kruger, D. Lineback, C.E. Stauffer. St. Paul: American Association of Cereal Chemists, 1987. P. 141–199.

2. Svenson B., Fukuda K., Nielsen P., Bonsager B. // Biochim. Biophys. Acta. 2004. V. 1696. № 2. P. 145–156.

3. Мосолов В.В., Валуева Т.А. // Прикл. биохимия и микробиология. 2008. Т. 44. № 1. С. 233–240.

4. Jerkovic A., Kriegel A.M., Bradner J.R., Attwell B.J., Roberts T.H., Willows R.D. // Plant Physiol. 2010. V. 152. № 3. P. 1459–1470.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Серғалиқызы Ж., Мамытова Н.С. БИДАЙ ДӘНДЕРІНДЕГІ АМИЛАЗА ЖӘНЕ СУБТИЛИЗИН ИНГИБИТОРЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2022;(4(8)):31-36. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2022-4(8)-4

For citation:


Sergalikyzy Zh., Mamytova N.S. DETERMINATION OF THE ACTIVITY OF AMYLASE AND SUBTILIZINE INHIBITORS IN WHEAT GRAINS. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2022;(4(8)):31-36. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2022-4(8)-4

Қараулар: 235


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X