ФЕРМЕНТТЕЛГЕН ТҮЙЕ СҮТІ АҚУЫЗДАРЫНЫҢ ҚОРҒАНЫШ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-2(14)-28
Аннотация
Бұл мақалада Алматы облысы, Іле ауданының жеке кәсіпкерлері өндіретін «түйе сүтінің» физика-химиялық, сонымен қатар ферменттелген түйе сүті ақуыздарының микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері және оның сиыр сүті құрамымен салыстыру көрсеткіштерінің нәтижелері келтірілген.
Зерттеудің негізгі мақсаты – ферменттелген түйе сүті ақуыздарының қорғаныш әсерін, құндылығын зерттеу.
Түйе сүтінің биохимиялық құндылығын және сапасын, қауіпсіздігін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қазіргі таңда экологиялық жүйенің нашарлауына байланысты адам денсаулығын нығайтуда шипа ретінде сүт өнімдерінің, әсіресе түйе сүтінің атқарар рөлі зор. Түйе сүті құрамындағы альбумин немесе сарысу ақуызы әлдеқайда ағзаға жақсы сіңеді және емдік қасиетіне қарай үлкен сұранысқа ие болып саналады. Осыған орай, бұл зерттеу жұмысында түйе сүтіне физика-химиялық және микробиологиялық тексерулер жүргізілді. Яғни, түйе сүтінің құндылығын зерттеу барысында оның физика-химиялық көрсеткіштері (тығыздығы, қышқылдығы, жалпы ақуыздың, майдың, лактоза мен С дәруменінің мөлшерлері) анықталды.
Сүттің Тернер бойынша қышқылдығын анықтау – титриметрия әдісімен, тығыздығы – Ареометриялық әдіспен, ақуыз мөлшері NaOH ерітіндісімен титрлеу арқылы, лактоза мөлшерін анықтау – рефрактометрлік әдісімен, С дәруменінің мөлшерін анықтау – оксидоредуктазалық және титрлеу әдісімен жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша сүт үлгісіндегі ақуыздың, майдың, лактозаның, майсызданған құрғақ зат мөлшерлерінің көрсеткіштері түйе сүтінің физиологиялық тәуліктік қажеттіліктерін қанағаттандыратынын көрсетті. Бұл болашақта тағамдық құндылығы жоғары жаңа сүт өнімдерін алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, осы зерттеу жұмысын жүргізу арқылы түйе сүтінің сарысу белоктары ішіндегі микробиологиялық тұрғыдан пайдалы белоктардың қасиеттерін (SDS-PAGE, хроматография әдістері арқылы) зерттеуге және сарысу белогы гидролизаттарының антимикробтық қасиетін (Лунка әдісі арқылы) зерттеуге мүмкіншілік туды.
Бұл қасиеттерді зерттеу барысында түйе сүті сарысу белогы гидролизаттарының антимикробтық қасиетін анықтаудағы тест нәтижесінде гидролизаттар E.coli патогенді микроорганизмінің өсуін тежейтіндігі айқындалды.
Алынған зерттеу нәтижелері болашақта аса маңызды экологиялық таза өнім алу мен адам денсаулығына әсерін бағалауда өз нәтижесін көрсетері анық.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
А. Е. МуратбековаҚазақстан
Аяулым Ержановна Муратбекова – Биотехнология және экология ғылыми зерттеу институты, биотехнология зертханасының ғылыми қызметкері; Талдықорған қаласы
040000, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187а
М. Х. Нармуратова
Қазақстан
Мейрамкуль Худретовна Нармуратова – ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық бойынша биотехнология кафедрасы меңгерушісінің орынбасары
050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71
С. Жадыра
Қазақстан
Жадыра Сағыман – Биоинженерия бойынша философия докторы, биотехнология және экология ғылыми зерттеу институты, биотехнология зертханасының меңгерушісі; Талдықорған қаласы
040000, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187а
М. А. Сыдыканова
Қазақстан
Маржан Алмасқызы Сыдыканова – Биотехнология және экология ғылыми зерттеу институты, биотехнология зертханасының ғылыми қызметкері; Талдықорған қаласы
040000, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187а
Әдебиет тізімі
1. Yagil R. Composition of camel milk. Camels and camel milk. FAO Animal Production and Health Paper / R. Yagil. – Rome: Food and Agriculture Organization of the United Nations, 2019. – 218 р.
2. Черданцева М.А. Сенсорный анализ как оценка качества молочных продуктов/ М.А. Черданцева // Вопросы науки и образования. – 2019. – С. 3-7.
3. Горбатова К.К. Биохимия молока и молочных продуктов / К.К. Горбатова, П.И. Гунькова; 4-е издание, переработанное и дополненное. – Санкт-Петербург: ГИОРД, 2010. – С. 20-36.
4. Кручкова В.В. Творожный десерт / В.В. Крючкова, А.В. Клопова, Л.В. Сорокина / Молочная промышленность. – 2009. – № 10. С. 37-76.
5. Lactoferrin and immunoglobin content in camel milk from Kazakhstan / G. Konuspayeva, B. Faye, G. Loiseau, D. Levieux // Journal of Dairy Science. – 2007. – Vol. 90. – P.38-46.
6. Abdel-Rahim A.G. The chemical composition and nutritional value of camel (Camelus dromedarius) and goat (Capra bircus) milk / A.G. Abdel-Rahim // World Rev. Anim. Prod. – 1987. – Vol. 23. – P. 9-11.
7. Physico-chemical properties of camel milk during lactation period / A.A. Hassan, A.E. Hagrass, K.A. Soryal, S.A. El-Shabrawy // Egyptian J. Food Sci. – 1987. – Vol. 15. – P. 1-14.
8. Ven C. Biochemical and functional characterization of casein and whey protein hydrolysates: A study on the correlations between biochemical and functional properties using multivariate data analysis (doctoral dissertation, Sl: Sn) / C. Ven. – Wageningen (Netherlands): Wageningen University & Research. – 2002. – 170 р.
9. Farah Z. Vitamin content of camel milk / Z. Farah, R. Rettenmaier, D. Atkins // International J. Vitam. Nutr. Res. – 1992. – Vol. 62. – P. 30-33.
10. El-Agamy E.I. Gel electrophoresis of proteins, physicochemical characterization and vitamin C content of milk of different species / E.I. El-Agamy, Z.I. Abou-Shlou, Y.I. Abdel-Kader // Alexandria Journal of Agricultural Resea. – 2015.
11. ГОСТ 5867-90. Молоко и молочные продукты. Методы определения жира. – М.: Стандартинформ, 2009.
12. ГОСТ 32892-2014. Молоко и молочная продукция. Метод измерения активной кислотности (с Поправкой). – М.: Стандартинформ, 2015.
13. ГОСТ 3624-92. Молоко и молочные продукты. Титриметрические методы определения кислотности. – Введ. 1994.01.01.
14. ГОСТ Р EN 14130-2010. Титриметрические методы определения витамина С. – М.: Стандартинформ, 2012.
15. Characterization of the dominant microflora in naturally fermented camel milk shubat / N. Rahman, C. Xiaohong, F. Meiqin et al. // World Journal of Microbiology and Biotechnology. – 2009. – Vol. 25, № 11 – Р. 1941-1946.
16. Camel milk value chain in Northern Saudi Arabia / В. Faye, H. ElRouili // Emirates Journal of Food and Agriculture. 2014. – № 26(4). – Р. 359. https://doi.org/10.9755/ejfa.v26i4.17278.
17. Nomenclature for Chromatography // Pure and Appl. Chem. – 1993. – Т. 65, № 4. – Р. 819-872.
18. Adeniyi A. Antibacterial activities of lactic acid bacteria and protein isolated from camel milk Bolanle / A. Adeniyi, А. Adewale, A. Ayeni Funmilola // African health sciences. – 2015. – № 15(3). – Р. 888-895.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Муратбекова А.Е., Нармуратова М.Х., Жадыра С., Сыдыканова М.А. ФЕРМЕНТТЕЛГЕН ТҮЙЕ СҮТІ АҚУЫЗДАРЫНЫҢ ҚОРҒАНЫШ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2024;1(2(14)):228-239. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-2(14)-28
For citation:
Muratbekova A.E., Narmuratova M.Kh., Zhadyra S., Sydykanova M.A. STUDY OF THE PROTECTIVE EFFECT OF FERMENTED CAMEL MILK PROTEINS. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2024;1(2(14)):228-239. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-2(14)-28