ӨСІМДІК ШИКІЗАТТАРЫНАН СЫҒЫНДЫ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-2(14)-23
Аңдатпа
Соңғы жылдары өндіріс технологиясын жетілдіруге және тағам өнімдерінің дәмін, хош иісін және тағамдық құндылығын жақсартатын табиғи тағамдық қоспаларды пайдалануға ерекше көңіл бөлінуде. Мақалада отандық шырғанақ сығындысы және қоспа ретінде зімбір, райхан сығындысы дайындалып зерттелді. Құрғақ сығындының технологиялық сипаттамалары, шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігі келтірілді. Тағам өнімдерін өндіру үшін сығындыларды алу процестерін қарқындату практикалық маңызға ие; біріншіден, экстракция процестері ұзаққа созылатындықтан; екіншіден, дайын өнімдердің тұрақтылығы мен органолептикалық көрсеткіштері сығындылардың сапасына айтарлықтай тәуелді. Бұл көрсеткіш өсімдік шикізатынан олардың қасиеттеріне бағытталған реттеуді көздейтін сығындылар алу, әзірлеу және жетілдіру бойынша зерттеулер жүргізу қажеттілігін анықтайды. Соңғы 20 жыл Тамақ өнеркәсібінде СО₂ сығындыларын қолдану әдісінің бейімделу кезеңі болды. Осы уақыт ішінде тұтынушылар да, тамақ өндірушілері де құрғақ дәмдеуіштерді бірдей СО₂ сығындыларымен алмастырудың технологиялық және экономикалық артықшылықтарын бағалады. Осы орайда, зертхана жағыдайында шырғанақ сығындысы және қоспа ретінде зімбір, райхан сығындысы дайындалып зерттелді. Алынған сығындылар антиоксиданттық әсері бар, тамақ өндірісінде, соның ішінде шұжық дайындауда пайдалануға болатындығы тұжырымдалды және шырғанақ сығындысын, шырғанақ майын шұжық өндірісінде қолдану өнімнің функционалды - технологиялық қасиеттерін жоғарылатуға септігін тигізді. Алынған зерттеу нәтижелері бойынша өсімдік шикізатынан алынған сығындылар антиоксиданттық әсері бар өнім алу үшін перспективалы болып табылады.
Авторлар туралы
К. БукарбаевҚазақстан
Кайнар Букарбаев – «Тағамдық биотехнология» кафедрасының доктаранты
Алматы, Қазақстан, Фурката көшесі 348/4, Индекс A10X7B7
Ш. А. Абжанова
Қазақстан
Шолпан Аманкелдыкызы Абжанова – техника ғылымдарының кандидаты, «Тағамдық биотехнология» кафедрасының асс.профессоры
Алматы, Қазақстан, Фурката көшесі 348/4, Индекс A10X7B7
А. Ч. Каташева
Қазақстан
Алма Чамаевна Каташева – ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, «Тағамдық биотехнология» кафедрасының асс.профессоры
Алматы, Қазақстан, Фурката көшесі 348/4, Индекс A10X7B7
А. Ж. Жеңісова
Қазақстан
Ақмейір Жеңісқызы Жеңісова – техника ғылымдарының магистрі, «Тағамдық биотехнология» кафедрасының ассистенті
Алматы, Қазақстан, Фурката көшесі 348/4, Индекс A10X7B7
Әдебиет тізімі
1. Зинченко А.А. Стандартизация каротинсодержащих препаратов «Масло облепиховое» и «Аекол» / А.А. Зинченко, Л.В. Кричковская, В.Н. Бузов // В сб.: Актуальные проблемы медицины. – Белгород, 2005. – С. 64-70.
2. Дугарова И.К. Комплексное использование плодов облепихи в производстве пищевых продуктов / И.К. Дугарова, Г.Ц. Цыбикова, И.Т. Александрова // В сб.: Известия вузов. Прикладная химия и биотехнология. – Иркутск, 2016. – С. 46-52. https://doi.org/10.21285/2227-2925-2016-6-3-128-134.
3. Золотарева А.М. Семена облепихи как пищевой источник биологически активных веществ. / А.М. Золотарева, Г.В. Габанова, Т.Ф. Чиркина // В сб.: Известия высших учебных заведений. Пищевая технология. – Краснодар, 2014. – С. 68-76.
4. Аверьянова Е.В. Перспективы и направления использования ягодных шротов / Е.В. Аверьянова, М.Н. Школьникова, Е.Д. Рожнов // В сб.: Индустрия питания. – Екатеринбург, 2019. – С. 42-51.
5. Effects of phytoestrogens genistein and daidzein on progesterone and estrogen (estradiol) production of human term trophoblast cells in vitro / U.R. Dagmar, M. Ioannis, T. Bettina et al // Gynecological Endocrinology. – 2009. – V. 25. – Р. 32-38. https://doi.org/10.1080/09513590802485020.
6. Plasma isoflavone level and subsequent risk of breast cancer among Japanese women: a nested case-control study from the Japan Public Health Center-based prospective study group / I. Motoki, I. Manami, O. Tetsuya et al // Clinical Oncology. 2008. – V. 26. – Р. 1677-1683.
7. The soybean isoflavone genistein induces differentiation of MG63 human osteosarcoma osteoblasts / M. Christopher, T. Julian, A. Luigi, S. Matteo. – 2006. – V. 136. Р. 1166-1170.
8. Tapas A.R. Flavonoids as nutraceuticals: a review / A.R. Tapas, D.M. Sakarkar, R.B. Kakde // Pharmaceutical Research. – 2008. – V. 7. – Р. 1189-1199.
9. Ndhlala A.R. Natural antioxidants: fascinating or mythical biomolecules / A.R. Ndhlala, M. Moyo, J. Van // Molecules. – 2010. – V. 15. – Р. 6905-6930.
10. Goldblatt P. Belamcanda included in Iris, and the new combination I. domestica (Iridaceae: Irideae) / P.Goldblatt, D.J. Mabberley // Botanical Nomenclature. – 2005. – V. 15. – Р. 128-132.
11. Ito H. Isoflavonoids from Belamcanda chinensis / H. Ito, S. Onoue, T. Yoshida // Chem. Pharm. Bull. 2001. – V. 49. – Р. 1229-1231.
12. Harborne J.B. The phytochemical richness of the Iridaceae and its systematic significance / J.B. Harborne, C.A. Williams // Ann. Bot. – 2000. – V. LVIII. – Р. 43-50.
13. Wu C. The α-glucosidase inhibiting isoflavones isolated from Belamcanda chinensis leaf extract / C. Wu Rec. Nat. Prod. – 2012. – V. 6. – Р. 110-120.
14. Cancer chemopreventive in vitro activities of isoflavones isolated from Iris germanica / E. Wollenweber, J.F. Stevens, K. Klimo // Planta Med. – 2003. – V. 69. – Р. 15-20.
15. Liu M. Chemical constituents of the ethyl acetate extract of Belamcanda chinensis (L.) DC roots and their antitumor activities / M. Liu // Molecules. – 2012. – V. 17. – Р. 6156-6169.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Букарбаев К., Абжанова Ш.А., Каташева А.Ч., Жеңісова А.Ж. ӨСІМДІК ШИКІЗАТТАРЫНАН СЫҒЫНДЫ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2024;1(2(14)):178-185. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-2(14)-23
For citation:
Bukarbaev K., Abzhanova Sh.A., Katasheva A.Ch., Zhenisova A.Zh. EXTRACTION AND APPLICATION OF EXTRACT FROM VEGETABLE RAW MATERIALS. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2024;1(2(14)):178-185. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-2(14)-23