Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

КОНСЕРВІЛЕУДІҢ ӘРТҮРЛІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МАРАЛ ПАНТАСЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-2(14)-31

Толық мәтін:

Аннотация

Бұл мақалада консервілеудің әртүрлі әдістерінің марал панталарының сапасына әсері туралы зерттеу деректері келтірілді. Вакуумдық және инфрақызыл өңдеуді қолдану консервілеудің дәстүрлі әдісі – қайнатумен салыстырғанда дайын өнімдегі биологиялық белсенді заттардың едәуір артуына әкелетіні анықталды. Панталарды инфрақызыл кептіргішпен кептіру толқын ұзындығы 1,6-2,4 мкм және белсенді желдету кезінде 6 сағат бойы жүргізілді. Вакуумдық кептіру 65 °C температурада төрт сағат бойы 0,094-0,096 Мпа вакуумдық сорғыны пайдаланып орындалды.
Әртүрлі әдістермен консервіленген панта үлгілеріне жүргізілген органолептикалық талдау барысында барлық үлгілердің нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келетіні және ақаулары жоқ екені анықталды. Вакуумдық кептіру және инфрақызыл өңдеу арқылы консервіленген панталардың құрамында май мөлшері сәйкесінше – 0,5 және 1,47%, ақуыз – 6,56% (екі үлгі үшін де), кальций – 2,7 және 5,17%, фосфор – 2,13 және 2,44%, мыс – 1,2 және 4,68 мг/кг және мырыш – 15,0 және 23,4 мг/кг.
Инфрақызыл және вакуумдық кептіру әдістерін қолдану консервілеу шығындарын арттырмайды. Бірақ көрсетілген әдістердің тиімділігін дәстүрлі әдіспен салыстырғанда өзіндік құнында 55,6%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Панталарды консервілеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, марал шаруашылығының тиімділігін зерттеу ең тиімді әдіс биологиялық белсенді заттардың көп мөлшері бар өнімді алуға мүмкіндік беретін вакуумдық кептіру екенін көрсетті.

Авторлар туралы

А. Б. Намысбаева
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан

Амина Болатовна Намысбаева – «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының докторанты

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ., 28 



В. С. Жамурова
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан

Венера Серикбаевна Жамурова – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
 

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ., 28 



А. Т. Кожабергенов
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан

Акылжан Туралыевич Кожабергенов – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі»  кафедрасының қауымдастырылған профессоры 

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ., 28 



Әдебиет тізімі

1. Луницын В.Г. Безотходная технология переработки продукции пантового оленеводства / В.Г. Луницын, А.А. Неприятель // Сиб. вестн. с.-х. науки. – 2016. – № 5. – С. 83-91.

2. Луницын В.Г. Новые продукты функционального питания на основе продукции мараловодства / В.Г. Луницын, А.А. Неприятель // Сиб. вестн. с.-х. науки. – 2017. – № 4. – С. 87-92.

3. Луницын В.Г., Белозерских И.С. Анализ биохимического состава биосубстанций полученных ферментативным гидролизом в поле ультразвука / В.Г. Луницын, И.С. Белозерских // Проблемы пантового оленеводства и пути их решения: сб. науч. тр. ВНИИПО. – Барнаул, 2016. – Т. 9. – С. 139-142.

4. Кильмаев А.А. Исследование ферментативного гидролиза малоценного рыбного сырья в технологии получения белковых продуктов / А.А. Кильмаев, Р.Г. Разумовская // Вестн. АГТУ. – 2007. – № 3. – С. 120-123.

5. Курбанова М.Г. Роль ферментов в пищевых технологиях / М.Г. Курбанова, О.М. Соболева, Е.О. Добрынина // Вестн. Кемеров. гос. с.-х. ин-та. – 2011. – № 4. – С. 191-199.

6. Подбор параметров гомогенного диспергирования для переработки второстепенного сырья пантового оленеводства / А.И. Королькова и др. // Вестник КрасГАУ. – 2022. – № 8. – С. 159-164. DOI: 10.36718/1819-4036-2022-8-159-164.

7. Черемных Е.Г. Биотестирование пищевых добавок на инфузориях / Е.Г. Черемных, А.В. Кулешин, О.Н. Кулешина // Вестн. РУДН. Сер. Экология и безопасность жизнедеятельности. – 2011. – № 3. – С. 5-12.

8. Богданов В.Д. Исследование безопасности и биологической ценности сухого концентрата трепанга биотестированием / В.Д. Богданов, О.В. Сахарова, Т.Г. Сахарова // Науч. тр. Дальрыбвтуза. – Владивосток, 2016. – Т. 37. – С. 93-98.

9. Пат. 2291701 С2 Российская Федерация, МПК А61K 35/32, А01N 1/02. Способ переработки пантов маралов и северных оленей в ультрадисперсный порошок / Гречко Г.М., Нерушай С.А., Иванков А.И.; патентообладатель ОАО «Эксириус»: заявл. 22.10.2004; опубл. 20.01.2007, Бюл. № 2. – 11 с.

10. Шәкібаева Г.Х. Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2012 – 242 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Намысбаева А.Б., Жамурова В.С., Кожабергенов А.Т. КОНСЕРВІЛЕУДІҢ ӘРТҮРЛІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МАРАЛ ПАНТАСЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2024;1(2(14)):254-262. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-2(14)-31

For citation:


Namysbayeva A.B., Zhamurova V.S., Kozhabergenov A.T. IMPROVING THE QUALITY OF MARAL ANTLERS THROUGH THE USE OF VARIOUS CONSERVATION METHODS. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2024;1(2(14)):254-262. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-2(14)-31

Қараулар: 109


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X