ЗАҚЫМДАНҒАН «КАНАДСКАЯ» СҰРЫПТЫ БИДАЙ ТҰҚЫМЫНАН АЛЫНҒАН СО2-СЫҒЫНДЫСЫНЫҢ ФИТОХИМИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-1(13)-45
Аннотация
Бұл мақалада «Канадская» сортының тұтас және өнген (зақымданған) бидай тұқымына сапалық және сандық талдау нәтижелері келтірілген. Өнген (зақымданған) бидай дәнінен жоғарыкритикалық флюидті СО2-экстракциясы арқылы сығынды алынды. Фитохимиялық талдау нәтижесі бойынша СО2-сығындының құрамында көмірсулар, аминқышқылдар, флавоноидтар, май қышқылдары айқындалды. Газды хроматография әдісі арқылы сығындыда 14 май қышқылы бар екені анықталды, оның басым бөлігі метил миристат (42,57%), метил деканоат (25,85%), цис-10-пентадекен қышқылының метил эфирі (16,80%) және метил палмитат (7,35%) құрады. «Уралосибирская 2» бидай таза тұтас дәнінен алынған СО2-сығындысымен салыстырғанда зақымдаған «Канадская» бидай сұрыпынан алынған сығындыда айтарлықтай айырмашылық байқалмады. Тек метил лаурат мөлшері 4 есе, метил стеарат – 12 есе, цис-10-гептадецен қышқылының метил эфирі – 3 есе аз болды. Керісінше, зақымдаған бидайдан алынған СО2-сығындысында метил деканоат мөлшері 4,48 %-ға, ал цис-10-пентадецен қышқылының метил эфирі – 14,52%-ға жоғары болды. Сонымен қатар, осы сығындыда «Уралосибирская 2» бидай таза тұтас дәнінен алынған СО2-сығындысында болмаған метил ундеканоат, метил пальмитат, метил бегенат қаныққан май қышқылдары анықталды. Тағы ескеретін жайт, зақымданған «Канадская» бидай сұрыпынан алынған СО2-экстракта қанықпаған май қышқылдарының өкілдері идентификацияланды. Жалпы олардың үлесі 19,7% құрады. Капиллярлы электрофорез нәтижелері бойынша В тобындағы дәрумендер ішінен тиаминнің (В1 дәруменінің) үлесі жоғары болды және 0,13 ± 0,03 мг/100 г құрады, алайда оның бидай тұқымында болатын қалыпты мөлшерімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 (үш) есе төмен болды. Сығындыда аминқышқылдардың да үлесі өте төмен болды, олардың арасында алмастырылмайтын амин қышқылы – фенилаланиннің мөлшері сәл басымырақ болып, 0,098% құрады. Жоғарыэффективті сұйықты хроматография арқылы майда еритін дәрумендердің ішінен токоферолдың (Е дәруменнің) мөлшері анықталды (0,72 мг/100 г), ретинол (А дәрумені) СО2-сығындыда жоқ болып шықты.
Авторлар туралы
Г. Е. БерганаеваҚазақстан
Гульзат Ергазиевна Берганаева – химия ғылымдарының кандидаты, «Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы» кафедрасының
доцент м.а.
050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71
М. А. Дюсебаева
Қазақстан
Мольдыр Акимжановна Дюсебаева – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы» кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары
050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71
А. Е. Берганаева
Қазақстан
Алия Ергазыевна Берганаева – Фармацевтикалық химия және фармацевтикалық технология зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы
050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 75А
C. А. Сыдыкбаева
Қазақстан
Cандугаш Аубакировна Сыдыкбаева – химия ғылымдарының кандидаты, Жаратылыстану кафедрасының аға оқытушысы
040009, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ., І.Жансүгіров көш., 187А
Әдебиет тізімі
1. Ahangari H. et al. Supercritical fluid extraction of seed oils – A short review of current trends / H. Ahangari // Trends in Food Science & Technology. – 2021. – Vol. 111. – P. 249-260. https://doi.org/10.1016/j.tifs.2021.02.066.
2. Анализатор InfraXact (FOSS Electric, Швеция) [Электрон. ресурс]. – 2020. – URL: http://granat-e.ru/foss_infraxact.html.
3. М-04-38-2009 Методика измерении массовой доли аминокислот методом капиллярного электрофореза с использованием системы капиллярного электрофореза "Капель 105M" [Электрон. ресурс]. https://www.nv-lab.ru/catalog_info.php?ID=2490.
4. М-04-41-2005 Методика измерении массовой доли свободных форм водорастворимых витаминов в пробах премиксов, витаминных добавок, концентратов и смесей методом капиллярного электрофореза с использованием системы капиллярного электрофореза "Капель-105". [Электрон. ресурс]. https://www.lumex.ru/catalog/capel-105105m.php.
5. Dhara O. Supercritical carbon dioxide extraction of vegetable oils: Retrospective and prospects / O. Dhara, K.N.P. Rani, P.P. Chakrabarti // European Journal of Lipid Science and Technology. – 2022. – Vol. 124. – №. 8. – С. 2200006. https://doi.org/10.1002/ejlt.202200006.
6. Miyamoto J. Nutritional signaling via free fatty acid receptors / J. Miyamoto, S. Hasegawa, M. Kasubuchi and etc. // International journal of molecular sciences. – 2016. – Vol. 17. – №. 4. – P. 450. https://doi.org/10.3390/ijms17040450.
7. Briggs M.A. Saturated fatty acids and cardiovascular disease: replacements for saturated fat to reduce cardiovascular risk / M.A. Briggs, K.S. Petersen, P.M. Kris-Etherton // Healthcare. – MDPI, 2017. – Vol. 5. – №. 2. – P. 29. https://doi.org/10.3390/healthcare5020029.
8. Тоқбаева Н.Н. «Уралосибирская 2» бидай дәні сорттының химиялық құрамын зерттеу / Н.Н. Тоқбаева // «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конф. матер. – Алматы қ.: 2022. Б. 34. https://student.kaznu.kz/kz/Main/FileGet/?fileId=207492.
9. Insights on traditional and modern oil extractions of wheat germ: Chemical and antimicrobial evaluation / M.M. Soltan and etc. // Int. J. Pharm. Tech. Res. – 2020. – Vol. 13. – P. 30-34. http://dx.doi.org/10.20902/IJPTR.2019.130205.
10. Калорийность. Пшеница мягкая, зерно. Химический состав и пищевая ценность. [Электрон. ресурс]. – 2020. – URL: https://health-diet.ru/base_of_food/sostav/290.php.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Берганаева Г.Е., Дюсебаева М.А., Берганаева А.Е., Сыдыкбаева C.А. ЗАҚЫМДАНҒАН «КАНАДСКАЯ» СҰРЫПТЫ БИДАЙ ТҰҚЫМЫНАН АЛЫНҒАН СО2-СЫҒЫНДЫСЫНЫҢ ФИТОХИМИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2024;(1(13)):361-370. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-1(13)-45
For citation:
Berganayeva G.E., Dyusebayeva M.A., Berganayeva A.E., Sydykbayeva S.A. PHYTOCHEMICAL ANALYSIS OF СО2-EXTRACTS FROM DAMAGED SEEDS OF WHEAT VARIETY «CANADIAN». Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2024;(1(13)):361-370. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-1(13)-45