СҰР ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЕГИДРОГЕНАЗА ФЕРМЕНТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ МЫРЫШТЫҢ ӘСЕРІ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-1(13)-48
Аннотация
Бұл зерттеу жұмысында мырыштың «топырақ-өсімдік» жүйесінде уыттылығы жоғары элемент ретіндегі рөлі және сұр топырақ құрамындағы дегидрогеназаның ферменттік белсенділігіне әсер ету деңгейі зерттелді. Тәжірибелік жұмыстар жәшіктік әдіс арқылы жүргізілді және мырыштың әр түрлі концентрациясы жасанды жолмен топыраққа енгізілді. Зерттеу жұмыстарында топырақтың мырышпен 0,5; 2,5; 5,0 ШРК мөлшерінде ластануы топырақ құнарлылығы мен биологиялық белсенділігін сипаттайтын тотығу-тотықсыздану реакцияларына тежегіш ретінде әсер ететіндігі анықталды.Жүргізілген модельдік тәжірибелердің нәтижесінде топырақтың мырышпен ластануы дегидрогеназаның ферменттік белсенділігін төмендететіні анықталды. Мырыш дегидрогеназа молекуласының сульфгидрилді топтарымен байланысады, осылайша оның ферменттік қасиеттерінің бұзылуы орын алады. Топырақтағы мырыш мөлшерінің жоғарылауымен дегидрогеназа белсенділігінің төмендеу тенденциясы байқалды. Топырақтағы мырыштың 0,5; 2,5; 5,0 ШРК кезінде дегидрогеназа үшін белсенділік көрсеткіштері бақылау үлгісімен салыстырғанда 77,6-93,0%-ға төмендейді. Барлық үлгілерде вермикомпостты топыраққа енгізу мырыштың әртүрлі концентрацияда қосылуына қарамастан дегидрогеназа белсенділігін бақылау сынамасымен салыстырғанда біршама жоғарылататыны анықталды. Мұны топыраққа вермикомпостты қосқан кезде ферменттердің синтезіне ықпал ететін микроорганизмдер санының көбеюімен түсіндіруге болады. Вермикомпост топырақ құрамындағы ферменттердің белсенділігін жоғарылатып қана қоймайды, ол сонымен қатар топырақтың құнарлылығын да жоғарылатады.
Тірек сөздер
Автор туралы
Д. Х. ЮлдашбекҚазақстан
Давлат Хасанұлы Юлдашбек – химия магистрі, «Экология» ҒЗИ-ның аға ғылыми қызметкері
161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан, Саттарханов даңғылы, 29/3
Әдебиет тізімі
1. Биогенная миграция Cd, Pb, Ni и As в системе «почва-растения» и изменение биологической активности почвы / Е.В. Плешакова, М.В. Решетников, Е.В. Любунь и др. // Известия Саратовского университета. Новая серия. Серия: Науки о Земле. – 2010. – Т. 10, № 2. – С. 59-66.
2. Садовникова Л.К. Экология и охрана окружающей среды при химическом загрязнении / Л.К. Садовникова, Д.С. Орлов, И.Н. Лозановская – М.:Выс.шк., 2006. – 335 с.
3. Kalinitchenko V.P. Optimizing the Matter Flow in Biosphere and the Climate of the Earth at the Stage of Technogenesis by Methods of Biogeosystem Technique (Problem-Analitical Review) / V.P. Kalinitchenko // International Journal of Environmental Problems. – 2016. – Vol. 4. – Is. 2. – P. 99-130.
4. Soil enzyme activity in response to long-term organic matter manipulation / Z. Kotroczo, Z. Veres, I. Fekete et al. // Soil Biol Biochem. – 2014. – Vol. 70. – P. 237-243.
5. Mganga K.Z. Microbial and anzymes response to nutrient additions in soils of Mt. Kilimanjaro region depending on land use / K.Z. Mganga, B.S. Razavi, Y. Kuzyakov // European Joutnal of Soil Biology. – 2015. – Vol. 69. – P. 33-40.
6. Intra-annual variation in biochemical properties and the biochemical equilibrium of different grassland soils under contrasting management and climate / J. Paz-Ferreiro, C. Trasar-Cepeda, M.C. Leiros et al. // Biology and Fertility of Soil. – 2011. – Vol. 47. – P. 633-645.
7. An ecosystem approach to soil toxicity testing: a study of copper contamination in laboratory soil microcosms / D.M. Bogomolov, S.K. Chen, R.W. Parmelee et al. // Applied Soil Ecology. – 1996. – Vol. 4. – P. 95-105.
8. Валова Е.Э. Влияние тяжелых металлов на ферментативную активность почв / Е.Э. Валова, Ю.Б. Цыбенов, Э.В. Цыбикова // Ученые записи ЗабГГПУ. – 2012. – № 1(42). – С. 63-66.
9. Звягинцев Д.Г. Почва и микроорганизмы / Д.Г. Звягинцев. – М.: Изд-во Моск. ун-та. – 1987. – 256 с.
10. Murata T. Effects of Pb, Cu, Sb, Zn and Ag contamination on the proliferation of soil bacterial colonies, soil dehydrogenase activity, and phospholipid fatty acid profiles of soil microbial communities / T. Murata, M. Kanao-Koshikawa, T. Takamatsu // Water, Air and Soil Pollution. – 2005. – Vol. 164. – P. 103-118.
11. Радомская В.И. Влияние осадков сточных вод на поведение тяжелых металлов в системе почва-растение / В.И. Радомская, Н.В. Моисеенко // Агрохимия. – 2006. – № 11. – С. 77-78.
12. Галиулин Р.В. Фитоэкстракция почв и промышленных сточных вод, загрязненных тяжелыми металлами: концептуальная модель технологий фитоэкстракций, фито- и ризофильтрации / Р.В. Галиулин, Р.А. Галиулин, Б.И. Кочуров // Экологические системы и приборы. – 2004. – № 2. – С. 24-33.
13. Change of catalase and urease activity at high content of heavy metals (Pb, Zn, Cd) in serozem / M.O. Baikhamurova, D.H. Yuldashbek, G.A. Sainova, G.D. Anarbekova // European journal of natural history. – 2020. – № 3. – P. 70-73.
14. Юлдашбек Д.Х. Сұр топырақтағы ауыр металдардың (Pb, Zn, Cd) жоғары мөлшерінің каталаза және уреаза ферменттерінің белсенділігіне әсері / Д.Х. Юлдашбек, М.О. Байхамурова, Г.А. Саинова // Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Хабаршысы. – Семей, 2020. – № 1(89). – С. 204-209. URL: http://rmebrk.kz/magazine/4787#
15. Influence of heavy metal pollution on some soil biological parameters in the alluvium of the Litavka river / O. Mikanova, J. Kubat, N. Mikhailovskaya et. al. // Rostlinna Vyroba. – 2001. – Vol. 47. – № 3. – P. 117-122.
16. The Influence of Vermicompost and Various Concentrations of Lead on the Enzymatic Activity of Sierozem Soils of Kazakhstan / G.A. Sainova, N.A. Kaliyeva, D.Kh. Yuldashbek, A.D. Akbasova. // Scientifica, 2023. – Vol. 2023. – 8 p. DOI: https://doi.org/10.1155/2023/8490234.
17. Dick R.P. Soil enzyme activities as integrative indicators of soil health // Biological indicators of soil heath / Eds. C.E. Pankhurst, B.M. Doube, V.V. Gupta. Wallingford: CABI Publ. – 1997. – P. 121-156.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Юлдашбек Д.Х. СҰР ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЕГИДРОГЕНАЗА ФЕРМЕНТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ МЫРЫШТЫҢ ӘСЕРІ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2024;(1(13)):393-400. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-1(13)-48
For citation:
Yuldashbek D.H. THE EFFECT OF ZINC ON THE ACTIVITY OF THE ENZYME DEHYDROGENASE IN SIEROZEM. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2024;(1(13)):393-400. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-1(13)-48