Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

ДРОЖЖЫЛАРДЫ КУЛЬТИВИРЛЕУ ҮШІН ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ҚОРЕКТІК ОРТА СУБСТРАТТАРЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ

Толық мәтін:

Аннотация

 

 Мақалада ашытқыларды культивирлеу үшін өсімдік шикізатыннан жасалған қоректік орта құрамының субстраттары қарастырылған. Кез-келген биотехнологиялық процестердің маңызды мақсаты технологияны және оның аппаратураларын ғылыми негізде оптимизациялау және өңдеу болып саналады. Экономикалық және экологиялық тұрғыдан ашытқы ақуыз бен биологиялық белсенді заттарды өндiрушiлер болып табылады. Олардың артықшылығы жылдам өндiру қабiлеттiлiгiнде,себебі ашытқыны өндірістік ортада қиындықсыз өсiруге болады. Ашытқы өсудiң жоғары жылдамдығымен, бөгде микрофлораға төзiмдiлiгiмен сипатталады. Ашытқы өндірісінде негізгі шикізат ретінде ашытқы клеткаларының өсуі мен көбеюі үшін қоректік заттарға байытылған дән қолданылады. Көптеген қорек көздерiн сiңiруге қабілетті, дақылдық сұйықтықтан оңай бөлiнедi және ауаны споралармен ластамайды. Соңғы жылдары ашытқыны қолданатын биотехнологиялык процестердің тізімі едәуір өсті. Ашытқыны қолдану перспективалары да әр түрлі. Ашытқы саңырауқұлақтарында белок және витаминдер (В, Д, Е) көп болады, сондықтан оларды тамақ және мал азықтық мақсатқа кеңінен қолданады. Қазіргі уақытта ашытқы әртүрлі ферменттік препараттарды, органикалық қышқылдарды, полисахаридтердi, көп атомды спирттерді, дәрумендер мен витаминдік қоспаларды алу үшін қолданылады. Ашытқы саңырауқұлақтары өнеркәсіпте кең қолданылады. Олар қантты ашытып, көмір қышқыл газы мен спирт түзеді. Олардың бұл қасиеті нан өндірісінде және спирт өндіруде, түрлі шараптарды, сыраларды, сүт тағамдарын даярлауда қолданылады.

Автор туралы

Г. Қанат
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
Қазақстан

Семей



Әдебиет тізімі

1. Меледина Т.В., Давыденко С.Г. Дрожжи Saccharomyces cerevisiae. Морфология, химический состав, метаболизм: Учеб.пособие. – СПб.: Университет ИТМО, 2015. – 88 с.

2. Мирашева Г.О. Ашыту өндірісінің технологиясы:оқу қүралы. – Семей: Интеллект, 2019. – 139 б.

3. Сарлыбаева Л.М. П30 Азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы: технология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: ЖҚ ”Отан”, 2014 – 107 б.

4. Семенов С.М. Лабораторные среды для актиномицетов и грибов. Справочник. – М.: Агропромиздат,1990. – 240 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қанат Г. ДРОЖЖЫЛАРДЫ КУЛЬТИВИРЛЕУ ҮШІН ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ҚОРЕКТІК ОРТА СУБСТРАТТАРЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2021;(4(4)):10-12.

For citation:


Kanat G. RESEARCH AND SELECTION OF SUBSTRATE NUTRIENT MEDIUM FOR THE CULTIVATION OF YEAST FROM PLANT MATERIAL. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2021;(4(4)):10-12. (In Kazakh)

Қараулар: 302


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X