АСТЫҚ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МАЙ ДАҚЫЛДАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ ЕКІНШІЛІК ШИКІЗАТТАРЫН ПАЙДАЛАНЫП МАҚСАРЫ МАЙЫН ТАЗАРТУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-4(16)-35
Аннотация
Мақалада астық өңдеу және май дақылдарын қайта өңдеудің екіншілік шикізаттарын пайдаланып мақсары майын тазарту тиімділігін арттыру мақсаттын іске асыру үшін орындалған міндеттер негізінде әдеби көздерге сараптамалық сыни шолу жүргізіп, мақсары майын тиімді тазарту технологиясының нысанын мен мақсаты айқындалды. Екіншілік шикізаттарын сүзу материалдары ретінде қолдану жолдары талданып, оңтайлы сүзу материалы ретінде зығыр талшығы ұсынылады. Қайта өңдеудің екіншілік шикізатынан тұратын сүзгі материалын өндірістік тұрғыда жабдықта қолдану үшін көп факторлы эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Қайта өңдеудің екіншілік шикізатынан тұратын сүзу материалдарымен тазарту кезінде мақсары майының шығымының шамасы сорғы қысымына байланысты өскендігін көрдік. Сорғы қысымының 180·10-3 Па әсерінде майдың шығымы төмендеп, сүзу материалдарының өткізу қабілетінің төмендегенімен байланыстыра аламыз және сүзу жылдамдығының артуына байланысты мақсары майының шығымының да артқанын көре аламыз. Зығыр талшығы арқылы мақсары майын рамалы сүзгіде 0,1 л/с жылдамдықта сүзу нәтижесінде мақсары майының шығымы 93%-ға дейін артты. Мақсары майының май қышқылды, бейорганикалық құрамы мен дәрумендер мөлшерін зерттеу нәтижесінде, құрамындағы қаныққан май қышқылдарының мөлшері төмендеп, моно және полиқанықпаған қышқылдардың (олеин, беген, цис-10-гептадецен мен цис-линол қышқылдары) мөлшері артқанын көреміз, сонымен қатар бейорганикалық құрамы барлық нормаларға сай, ал Е дәрумендерінің мөлшерінің жоғарлағанын байқаймыз.
Зерттеу жұмысында өсімдік майына тазартуға арналған ФПР (фильтр пресс рамный) маркалы рамалы қатарлы сүзгі-престі пайдаланылады. Нәтижесінде қайта өңдеудің екіншілік шикізатынан тұратын сүзгі материалдарын рамалы қатарлы сүзгі престе пайдалана отырып, мақсары майын тиімді тазартудың параметрлік тәуелділіктері негізделді және өндірісте қолданудың ұтымды шешімін тапты.
Авторлар туралы
М. М. КакимовҚазақстан
Мұхтарбек Мұханұлы Какимов – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62
С. Д. Токаев
Қазақстан
Серік Дүйсенғалиевич Тоқаев – техника ғылымдарының кандидаты, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62
М. Т. Мурсалыкова
Қазақстан
Майгул Тауржановна Мурсалыкова – PhD, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62
Б. М. Искаков
Қазақстан
Бауыржан Мырзабекович Искаков – техника ғылымдарының магистрі, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының оқытушысы
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62
Ә. М. Мусина
Қазақстан
Әсемгүл Мирамханқызы Мусина – 2 курс магистранты
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62
Әдебиет тізімі
1. Assessment of quality and food safety of vegetable oils produced in various regions of kazakhstan / G. Aidarkhanova et al // Доклады НАН РК. – 2021. – № 3. – Р. 5-11.
2. Comparative Analysis and Determination of the Fatty Acid Composition of Kazakhstan’s Commercial Vegetable Oils by GC-FID / M. Toishimanov et al // Applied Sciences. – 2023. – Т. 13, – № 13. – Р. 7910.
3. Казахстан увеличивает производство сафлорового масла: [https://agroinfo.kz]. URL: https://agroinfo.kz/kazaxstan-uvelichivaet-proizvodstvo-saflorovogo-masla/.
4. Development of oil and fat industry in Kazakhstan / A. Baltabayeva et al // Problems of AgriMarket. – 2019. – № 1. – Р. 193-200.
5. Fatty acid profile and quality assessment of safflower (Carthamus tinctorius) oil at region / M.B. Katkade et al // Journal of Pharmacognosy and Phytochemistry. – 2018. – Т. 7, № 2. – Р. 3581-3585.
6. Seed yield and oil quality of sunflower, safflower, and sesame under different levels of irrigation water availability / E. Ebrahimian et al // Agricultural Water Management. – 2019. – Т. 218. – Р. 149-157.
7. Safflower seed cleaning machine and determining the rotational speed of its supplying roller / M.R. Karimov et al // IOP Conference Series: Earth and Environmental Science. – IOP Publishing, 2021. – Т. 868, № 1. – Р. 012050.
8. Development of a smallsize processing line for production of safflower oil / M. Mursalykova et al // Journal of Food Process Engineering. – 2023. – Т. 46, № 9. – Р. e14394.
9. Bergman J.W. Registration of Centennial‘ Safflower / J.W. Bergman et al // Crop Science. – 2001. – Vol. 41. – P. 1639-1640.
10. Esendal E. Estimates of broad-sense heritability for seed yield and yield components of safflower (Carthamus tinctorius L.) / Е. Esendal. // Hereditas. – 2006. – Vol. 143. – Р. 5-7.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Какимов М.М., Токаев С.Д., Мурсалыкова М.Т., Искаков Б.М., Мусина Ә.М. АСТЫҚ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МАЙ ДАҚЫЛДАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ ЕКІНШІЛІК ШИКІЗАТТАРЫН ПАЙДАЛАНЫП МАҚСАРЫ МАЙЫН ТАЗАРТУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2024;1(4(16)):269-278. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-4(16)-35
For citation:
Kakimov M.M., Tokayev S.D., Mursalykova M.T., Iskakov B.M., Musina A.M. USING THE SECONDARY RAW MATERIALS OF GRAIN PROCESSING AND OIL SEED RECYCLING AIM TO INCREASE OIL REFINEMENT EFFICIENCY. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2024;1(4(16)):269-278. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-4(16)-35