4-санға «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік инженериясы және биотехнология», сондай-ақ «Химиялық технология» бағыттары бойынша мақалалар қабылдау жабылды.

Приём статей в четвёртый номер по направлениям «Автоматизация и информационные технологии», «Пищевая инженерия и биотехнология», а также «Химическая технология» закрыт.

Submissions for the fourth issue in the fields of Automation and Information Technology, Food Engineering and Biotechnology, as well as Chemical Technology, are now closed.

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу
№ 3(23) (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР (ТҮПНҰСҚА МАҚАЛА)

6-15 17
Аңдатпа

Бұл жұмыста параметрлік белгісіздік жағдайында сызықты басқару жүйелерінің апериодты робусты тұрақтылығын талдауға арналған градиенттік жылдамдық әдісі ұсынылған. Ұсынылған тәсіл Ляпунов тұрақтылық теориясын кеңейтіп, күй векторының жылдамдық сипаттамаларын ескеруге мүмкіндік береді. Бұл жүйе динамикасын неғұрлым дәл сипаттауға жағдай жасайды.
Классикалық матрицалық Ляпунов әдістері мен сызықтық матрицалық теңсіздіктерге негізделген тәсілдерден айырмашылығы, ұсынылған әдіс тұрақтылық шарттарын векторлық Ляпунов функциялары негізінде алынған айқын аналитикалық теңсіздіктер түрінде береді.
Алынған нәтижелер параметрлердің рұқсат етілген аймақтарын анықтауға мүмкіндік береді, бұл күй траекторияларының тербеліссіз және артық реттелусіз монотонды түрде жинақталуын қамтамасыз етеді.
Ұсынылған әдіс робусты басқару жүйелерін жобалауда тиімді қолданылуы мүмкін және Ляпуновтың тікелей әдісінің геометриялық түсіндірмесін кеңейтеді.

15-22 20
Аңдатпа

Бұл мақалада интерактивті емес нөлдік жария етілген дәлелдемелердің есептеу күрделілігін ресми тұрғыдан және асимптоталық талдау қарастырылады. Интерактивті емес нөлдік жария етілген дәлелдемелер дәлелдеушіге белгілі бір хабарламаның дұрыстығын, осы хабарламаны тексерушіге қосымша ақпараттарды жасырын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Үйлестірілген жүйелерде жиі пайдаланылады. Зерттеуімізде интерактивті емес нөлдік жария етілген дәлелдемелердің сұлбаларының алғашқы базалық мәндер CRS модельінде қарастырылады. Есептеу күрделілігін бағалауда негізігі базалық мәндер есебінде дәлелдеу және тексеру куәгердің өлшемі, дәлелдеу көлемі және алгоритмнің уақыт күрделілігі есептелінеді. Көпмүшелік есептеу моделі арқылы алгоритмдердің тиімділігі талданады. Тексеруші алгоритм күрделілігі және дәлелденушінің есептеу күрделілігі дәлдеменеің ұзындығымен анықталады. Дәлелдемелердің асимптоталық көрсеткіштер олардың қолданбалы нәтижелерге әсері зерттеледі. Нәтижелер негізінде интерактивті емес нөлдік жария етілген дәлелдемелердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын талдаудың әдіснамалық негізін және жоғары есептеу өнімділігі бар криптографиялық хаттамаларды жасауды қамтамасыз етеді.
Талдау нәтижелері көрсеткендей алгоритмдердің есептеу күрделілігі куәгердің көрсеткішіне елеулі түрде тәуелдікті, ал дәлелдеудің ұзындығы тексеру алгоритмінің күрделілігін айқындайды. Бұға қоса, дәлелдеменің асимтоталық көлемдері олардың мәліметтер шығынына тигізетін ықпалы талданды. Осы алынған нәтижелер интерактивті емес нөлдік жария етілген дәлелдемелерді айырмашылықтары мен ұқсастықтарын талдау мен есептеу қолайлы криптографиялық хаттамаларды жасау үшін әдіснамалық негіз ретінде қолданылуы мүмкін.

23-30 21
Аңдатпа

Бұл зерттеуде көптілді онлайн мәтіндерде (орыс және қазақ тілдері) кибербуллингті автоматты түрде анықтау үшін классикалық машиналық оқыту алгоритмдері мен заманауи терең оқыту архитектураларының тиімділігіне жүйелі салыстырмалы талдау жүргізілді. Дәстүрлі белгілерге (TF-IDF, n-граммалар) негізделген әдістер мен мәтіннің контекстік көріністерін пайдаланатын модельдерді салыстыруға ерекше назар аударылды. Қазақ тіліндегі корпус үшін тілдік ресурстардың шектеулілігі және оқыту деректерінің аз көлемі жағдайында жоғары сапалы таңбалануды қамтамасыз ететін арнайы деректер қоры әзірленіп, қолмен аннотацияланды.
Эксперименттік нәтижелер орыс тіліндегі корпуста ең жоғары көрсеткіштерді назар механизміне негізделген модельдің (Attention-based model) көрсеткенін анықтады: Accuracy – 92,1%, F1-score – 92,9% және ROC-AUC – 0,95. Қазақ тіліндегі корпуста да аталған архитектура ең жақсы нәтижелерге қол жеткізді: Accuracy – 91,5%, F1-score – 92,9% және ROC-AUC – 0,94. LSTM және BiLSTM рекурренттік модельдері 90-91% аралығында тұрақты көрсеткіштер көрсетті, ал классикалық машиналық оқыту алгоритмдері негізгі сапа метрикалары бойынша төмен нәтижелер көрсетті. Алынған нәтижелер көптілді мәтіндердегі кибербуллингті анықтауда терең оқыту әдістерінің жоғары тиімділігін дәлелдейді.
Зерттеу мультимодальды және интерпретацияланатын тәсілдерді біріктірудің, тілдік ресурстарды кеңейтудің, сондай-ақ transfer learning және алдын ала үйретілген тілдік модельдерді қолданудың маңыздылығын көрсетеді. Алынған нәтижелер контентті интеллектуалды модерациялау жүйелерінде, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және онлайн ортадағы пайдаланушылардың психологиялық тәуекелдерін ерте анықтауда практикалық маңызға ие.

31-42 16
Аңдатпа

Навигациялық спутниктік (GNSS) байланыс арнасында әлсіз сигнал жағдайында қабылдағыштың тасымалдаушы фазасы мен жиілігін дәл қадағалауы күрт нашарлап, навигациялық шешімнің тұрақтылығы мен сапасы төмендейді. Бұл жұмыстың мақсаты GNSS байланысындағы әлсіз сигналдың сапасын жақсарту, яғни төмен сападағы сигнал динамикалық әсерлер кезінде тасымалдаушыны автоматты реттеу жүйесінің сезімталдығын арттырып, фазалық/жиіліктік қателіктерді азайту. Зерттеу объектісі GNSS қабылдағышының коррелятор шығысындағы базалық жолақтағы I/Q сигнал және тасымалдаушыны қадағалау контур жұмысын зерттеу. Ұсынылған әдісте дәстүрлі ұзақ когерентті интеграцияның орнына блоктарға бөлінген когерентті интеграция (БКИ) қолданылады. жалпы интеграция уақыты T сақталып, сигнал B қысқа блокқа бөлінеді де, әр блок бойынша алынған Ib, Qb нәтижелерінен матрицасы құрастырылады. Бұл матрица амплитуда-фаза өзгерістерін сақтап, жиілік сәйкессіздігі мен динамиканың әсерін дәлірек сипаттайды. Одан әрі Z[k] деректерін өңдейтін нейрондық желі дискриминаторы (CNN+MLP) фазалық қателікті бағалап, ол PI-тәрізді loop-filter арқылы сүзгіден өтіп, сандық басқарылатын генератор параметрлерін жабық кері байланыста жаңартады. Әдістің жаңалығы – БКИ ақпаратын 2D-матрица түрінде ұсынып, классикалық фазалық синхрондау кері байланыс дискриминаторын нейрондық дискриминатормен алмастыратын BCI-NPLL жабық құрылымы және сезімталдықты CRLB-фазалық джиттер байланысы арқылы сандық негіздеу. Модельдеу нәтижелері ұсынылған тәсілдің әлсіз сигнал аймағында қадағалау тұрақтылығын сақтайтынын, фазалық қателіктің нөл маңында шоғырланатынын және жиілікті бағалау дәлдігі жоғары екенін көрсетті (RMSE≈0.084Гц). Нәтижесінде әдіс GNSS байланысындағы әлсіз сигнал сапасын жақсартып, қабылдағыштың трекинг тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

42-53 19
Аңдатпа

Бұл жұмыста терминологиялық деректерді өңдеуді автоматтандыру мәселесі онтологияға бағытталған табиғи тілдерді өңдеу әдістерін қолдану арқылы қарастырылады. Қазіргі ақпараттық жүйелер әртүрлі және әлсіз құрылымдалған терминдермен жұмыс істейді, олар көбінесе тізімдер немесе мәтіндік сипаттамалар түрінде ұсынылады, бұл олардың нормалдануын, салыстырылуын және кейінгі автоматты жіктелуін қиындатады. Бұл мәселе биомедициналық информатикада ерекше өзектілікке ие, өйткені тұқым қуалайтын аурулардың фенотиптік сипаттамалары интеллектуалды ақпараттық жүйелерге интеграция үшін стандартталған көріністі талап етеді.
Мақалада онтологияға негізделген NLP алгоритмі ұсынылған, ол терминдерді нормалдандыруға және оларды онтологиялық модель негізінде алдын ала анықталған 23 семантикалық топ жиынтығына автоматты түрде бөлуге бағытталған. Ұсынылған тәсіл мәндерді шығару және нормалдандыру, онтологиялық байланыстыру және таксономиялық жіктеу әдістерін біріктіре отырып, терминологиялық деректердің формалданған және қайта жаңғыртылатын көрінісін қамтамасыз етеді. Семантикалық негіз ретінде OWL 2 форматында жүзеге асырылған және Human Phenotype Ontology (HPO) иерархиясына байланған 23 фенотиптік топтың бекітілген жиынтығын анықтайтын PNGO (Phenotype-based Normalized Group Ontology) мамандандырылған онтологиясы қолданылады.
Ұсынылған тәсіл машиналық және терең оқыту әдістеріне детерминирленген және интерпретацияланатын балама болып табылады, таңбаланған деректерде оқыту кезеңінсіз нәтижелердің қайта жаңғыртылуын және семантикалық сәйкестігін қамтамасыз етеді. Шешімнің тиімділігі бес тұқым қуалайтын ауру бойынша (53 фенотиптік термин) эксперименттік бағалаумен расталған, мұнда алгоритм макро-орташаланған F1 = 0,919 көрсеткішіне қол жеткізді. Нәтижелі құрылымдалған профиль ақпараттық жүйелерге, аналитикалық модульдерге және қайта орындалатын есептеу конвейерлеріне енгізуге жарамды.

54-62 18
Аңдатпа

Сауалнама құралдары білім беру мекемелеріндегі студенттердің стресін кең көлемді мониторингтеу үшін ең тәжірибелік тәсіл болып табылады. Ал қабылданған стрес шкаласы әртүрлі жағдайларда өзінің тиімділігін дәлелдеуді жалғастыруда. Бұл зерттеу класстағы теңгерімсіздігі айқын, кестелік, көп сыныптық студенттердің сауалнамасындағы заманауи стандартты машиналық оқыту әдістерінің тиімділігін бағалайды. Екі кезеңді бағалау жүргізілді. Біріншіден, әртүрлі үлгі өлшемдеріндегі орнықтылықты тексеру үшін бес оқыту-сынақ режимінде (90/10, 80/20, 70/30, 60/40, 50/50) шешім ағаштары, кездейсоқ орман және k-жақын көршілер (KNN) салыстырылды. Екіншіден, SMOTE стиліндегі қайта іріктеуді қолдана отырып, 80/20 бөлінуіне теңгерімсіздікке бейімделген эксперимент жасалып, кездейсоқ орман, градиентті бустинг пен XGBoost салыстырылды. Қиғаш үлестірімдері бар көп класты нысандарға жарамды макроорташаланған метрикалар ұсынылды. Бес салыстыру бойынша кездейсоқ орман және KNN алгоритмдері шешім ағашы алгоритмінен асып түсті. Бұл нәтижелер шешім ағашына негізделген ансамбльдердің типтік кестелік деректерде басым екендігі туралы соңғы зерттеулермен, сондайақ ансамбльдердің стреске байланысты жіктеу үшін сенімді екендігі туралы есептермен сәйкес келеді. 80/20 бөлінуінде RF және XGBoost макро-F1 ≈ 0,73 кезінде теңеседі, ал қосымша SVM (RBF) 0,86 макро-F1 ең жақсы мәніне жетеді. Кластерлеу және проекциялау нәтижелері студенттердің стресс реакцияларының дискретті топтардан гөрі үздіксіз континуум түрінде қалыптасатынын растады

62-73 20
Аңдатпа

Посткванттық криптографияда кванттық компьютерлер тарапынан туындайтын қауіптерге төтеп бере алатын алгоритмдерді құру мәселелері қарастырылады, бұл олардың ішкі архитектурасын жобалауда жаңа тәсілдерді қолдануды талап етеді. Бұл салада цифрлық қолтаңбаларға ерекше назар аударылады, себебі олар цифрлық ортада деректердің түпнұсқалығын растауды және тұтастығын қамтамасыз етеді. Ең перспективалы бағыттардың бірі ретінде хештеуге негізделген цифрлық қолтаңба схемалары қарастырылады. Олар жоғары тиімділігімен және дәлелденген криптографиялық беріктігімен ерекшеленеді, сондықтан электрондық қолтаңба үшін посткванттық шешімдердің негізгі түрлерінің қатарына жатады. Осы жұмыста SPHINCS және SPHINCS+ негізіндегі кейбір схемалардың, соның ішінде SPHINCS+-тың жаңа нұсқасы болып табылатын TANBA-SPHINCS+ схемасының негізгі компоненттері, жабық және ашық кілттердің, сондай-ақ қолтаңбалардың (байтпен) өлшемдері салыстырылды. Бұл схема бірнеше ішкі түрлендіру функцияларын қамтитын модификацияланған Sponge схемасына негізделген криптографиялық хеш-функцияны қолданады. Ұсынылған тәсіл SPHINCS+ классикалық архитектурасын кеңейтеді және ішкі түрлендірулерді икемді түрде баптауға мүмкіндік береді. Мұндай құрылым алгоритмнің құрылымдық әртүрлілігін арттырады және криптоаналитикалық шабуылдардың белгілі бір түрлеріне қарсы тұрақтылықты күшейтуге ықпал етуі мүмкін. Есептеу эксперименттерін жүргізу үшін бағдарламалық іске асыру әзірленді. Мақалада өнімділік бойынша салыстырмалы эксперименттік нәтижелер ұсынылған.

73-82 15
Аңдатпа

Қазақ ымдау тілі (KSL) қазіргі ымдау тілдерін өңдеу саласындағы зерттеулерде жеткілікті деңгейде ұсынылмаған, бұл ең алдымен ауқымды таңбаланған деректер жиынтықтарының және арнайы есептеу құралдарының жетіспеушілігімен байланысты. Бұл мақалада визуалды кілттік нүктелер тізбегіне негізделген, ымдау тілін фразалық деңгейде тану және әрбір танылған фразаны оның глосс-белгісімен және эталондық аудармасымен сәйкестендіруге арналған терең оқытуға негізделген әдіс ұсынылады. Ұсынылған тәсіл эталондық корпус ретінде FluentSigners-50 деректер жиынтығын пайдаланады және бейнемәліметтерден поза мен қол қимылдарының белгілерін MediaPipe Holistic моделі арқылы бөліп алады. Алынған кеңістіктік-уақыттық тізбектер негізінде екі қабатты екібағытты ұзақ қысқа мерзімді жад (BiLSTM) нейрондық желісі оқытылып, қазақ ымдау тіліндегі қырық түрлі фразаны жіктеуді жүзеге асырады. Модель кіріс ретінде ұзындығы бекітілген 150 кадрдан тұратын тізбекті қабылдайды, әрбір кадр 225 кілттік нүкте белгілерін қамтиды, ал шығыс ретінде көпқабатты перцептрон арқылы болжанған фраза класын береді. Эксперименттік нәтижелер фразаларды жіктеу міндетінде жоғары тиімділікті көрсетеді: бейнеден глосс белгілеріне және олардың сәйкес орыс тіліндегі аудармаларына дәл салыстырулар 94,73% дәлдікке қол жеткізді. Толыққанды ашық сөздікті машиналық аударманың орнына жүйе жабық жиынтықтағы фразаларды жіктеу және глосс-белгі мен эталондық аударманы сәйкестендіру міндетін шешеді, бұл оны көмекші және оқыту қолданбаларында қолдануға жарамды етеді.

83-90 24
Аңдатпа

Бұл мақалада мобильді роботтар паркін басқаруға арналған гибридті архитектура ұсынылады және формальдандырылады. Орталықтандырылған MAPF/CBS қабаты тұрақты дискретті қозғалыс жоспарын жасайды, ал орталықсыздандырылған ROS2/Nav2 қабаты Gazebo ортасында үздіксіз орындалуды және жергілікті бейімделуді қамтамасыз етеді. Есептеу күрделілігі мен орындау ауытқуларының артуына сезімтал толық орталықтандырылған схемалардан, сондайақ роботтар арасындағы қақтығыстардың алдын алудың жаһандық механизмі жоқ тек Nav2 режимінен айырмашылығы, ұсынылған архитектура аралық флот менеджерін енгізеді. Бұл модуль дискретті жоспарды жол нүктесінің командаларының тізбегіне түрлендіреді, прогресті бақылайды, кідірістерді анықтайды және қозғалыс шарттары бұзылған кезде қайта жоспарлауды бастайды. G=(V,E) графигіндегі мәселенің математикалық тұжырымдамасы тұжырымдалған, шыңдар мен жиектердегі қақтығыс шектеулері, макспан және шығындар қосындысының мақсатты критерийлері көрсетілген және үздіксіз орындау үшін Ackermann типті кинематикалық модель ұсынылған. Тәжірибелік тексеру екі деңгейде жүргізілді: дискретті MAPF/CBS моделінде және ROS2/Gazebo/Nav2 модельдеу ортасында. R1 сілтеме режимі үшін А картасындағы агенттер саны N=1-ден N=8-ге дейін артқан сайын жоспарлау уақыты 0,095823-тен 15,709505 с-қа дейін, SOC 3-тен 40-қа дейін, ал макспан 2-ден 4 циклге дейін артатыны көрсетілді. Алынған нәтижелер орталықтандырылған жоспарды жергілікті бейімделгіш іске асыруға гибридті түрде ауыстыру қажеттілігін растайды және көп роботты жүйенің масштабталуын, беріктігін және қақтығыстарға төзімділігін бағалау үшін қайталанатын құрылымды анықтайды.

91-105 14
Аңдатпа

Мақалада шешім қабылдауды қолдау жүйесіне негізделген айқын емес ортада жоғары сапалы кокс өндіру процестерін лингвистикалық модельдеу және басқару мәселелері қарастырылады және оларды шешу тәсілдері ұсынылады. Эксперттік білімге және MATLAB жүйесінің Fuzzy Logic Toolbox қосымшасын пайдалануға негізделген, айқын емес кіріс және шығыс параметрлері бар күрделі технологиялық жүйелердің лингвистикалық модельдерін синтездеу тәсілі ұсынылған. Ұсынылған тәсіл негізінде, айқын емес қорытынды жүйесі түрінде, баяу кокстеу процесінде кокс шығымын және оның сапа көрсеткіштерін бағалау үшін лингвистикалық модельдер синтезделді. Жоғары сапалы кокс өндіру процесін басқару бойынша талдау және шешім қабылдауға мүмкіндік беретін баяу кокстеу процесінің кіріс және шығыс параметрлерінің тиістілік функциялары және 3D кіріс-шығыс беттері құрылды. Осы жұмыста синтезделген лингвистикалық модельдерге, авторлар әзірлеген және жариялаған баяу кокстеу қондырғысының ректификациялық колоннасы модельдерінің және шешім қабылдау есептерін шешуге арналған эвристикалық тәсілге негізделген интеллектуалды шешімді қолдау жүйесі жасалды. Кокс өндіру процесін тиімді басқару үшін модельдеу және шешім қабылдау процестерін жүзеге асыратын, әзірленген шешім қабылдауды қолдау жүйесінің негізгі интерфейстері келтіріліп, сипатталған. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен артықшылығы олардың мүмкіндігінде жатыр. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен артықшылығы олардың баяу кокстеу процесін модельдеу және оптимизациялау, сондай-ақ алынған кокстың сапасын айқынсыз ортада басқару мүмкіндігінде жатыр. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы – олар анықсыздық пен бастапқы ақпараттың айқын еместігімен сипатталатын шынайы жағдайларда кокс өндіру процесін жедел және тиімді басқаруға мүмкіндік беруіндеі.

106-115 21
Аңдатпа

Жұмыста жұмыс күлділігі Aʳ 47%-ға дейін жететін экибастуз көмірін жағатын БҚЗ-320-140 ПТ барабанды бу қазандығының отын шығынын оңтайландыру мәселесі шешілді. Отын жұмсалуын, бу қыздырғыштан кейінгі артық оттегіні және қыздырылған будың артық шығарылымын тізбектеп азайтатын үш кезеңді лексикографиялық сызықтық бағдарламалау есебі ұсынылды. Есеп MATLAB ортасында linprog функциясы мен dual-simplex алгоритмі арқылы шешілді; бу шығару процесінің инкременттік формадағы сызықтық регрессиялық моделі пайдаланылды. Режим параметрлеріне қыздырылған будың температурасы (540-555°C), оттегі мөлшері (≥ 4,8 %) және бу шығарылымы (260-340 т/сағ) бойынша теңсіздік түріндегі технологиялық шектеулер қойылды. Параметрлердің рұқсат етілген шекаралары Астана қ. ТЭЦ-2 қазандығының 2023 жылғы қыркүйек–қазан айларындағы 1276 сағаттық жазбасын статистикалық өңдеу нәтижелері бойынша анықталды. Алынған нәтижелер бойынша отын шығыны қосымша күрделі шығынсыз сағатына 0,331 т-ға азайып, жылына 21,1 млн теңге үнемделеді. Қосымша нәтиже ретінде конвективті жылу алмасу беттері арқылы абразивті күл уносы сағатына 134 кг-ға, яғни жылыту маусымына шамамен 1005 т-ға кемиді, бұл экологиялық жүктемені айтарлықтай төмендетеді. Ұсынылған әдіс басқа барабанды қазандықтарға бейімделіп, нақты уақыттағы автоматтандырылған режимдік басқару жүйесіне енгізілуі мүмкін, бұл оны өндірісте практикалық қолдануға жарамды етеді.

115-127 20
Аңдатпа

Мақалада қалалық сумен жабдықтау жүйелерінің ауыспалы су тұтынуы жағдайында екінші көтергіш сорғы станцияларының жұмыс режимдерін математикалық модельдеу және оңтайландыру мәселелері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі энергия тиімділігін арттыру, су шығынын азайту және біркелкі емес тұтынушылық сұраныс жағдайында гидравликалық параметрлердің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты. Зерттеу нысаны ретінде Семей қаласының "садақ" су қабылдағышы таңдалды. Сумен жабдықтау жүйесінің динамикалық математикалық моделі жасалды, оған екінші көтеру сорғы станциясы, таза су және хлорлау цистерналары, құбыр желісі, суды тұтыну моделі және объектінің цифрлық егізі кіреді. Жүйенің күйін бағалаудың дәлдігін арттыру үшін Калман сүзгісі пайдаланылды және суды тұтынуды болжау lstm нейрондық желісі негізінде жүзеге асырылады. Қолданыстағы автоматтандыру тізбектеріне араласпай, қолданыстағы PLC/SCADA инфрақұрылымымен біріктірілген консультативтік модельдік-болжамды басқаруға (Advisory MPC) негізделген интеллектуалды басқару архитектурасы ұсынылған. Әзірленген тәсілдің тиімділігі үш пайдалану сценарийінде зерттелді: номиналды режим, суды тұтынудың ең жоғары режимі және апаттық шамадан тыс жүктеме. Модельдеу нәтижелері жүйенің тұрақтылығының жоғарылауын, қуат тұтынудың 20-30% төмендеуін, сорғылардың ауысу санының азаюын және қысымды ұстап тұру сапасының жақсарғанын көрсетті. Алынған нәтижелер қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту үшін цифрлық егіздер мен болжамды басқаруды қолдану перспективасын растайды.

127-138 15
Аңдатпа

Мақалада синхронды тіркеуге, аппараттық өңдеуге және цифрлық деректерді беруге арналған көпарналы өлшеу модулінің бағдарламалық-аппараттық архитектурасы ұсынылған. Ұсынылған архитектура сегіз AD9226 аналогтық-цифрлық түрлендіргіші мен Xilinx Spartan-6 XC6SLX9 бағдарламаланатын логикалық интегралдық схемасын пайдалануға негізделген. Бұл шешім деректерді синхронды қабылдауды, цифрлық кадрларды қалыптастыруды және оларды екі сымды DATA–CLK интерфейсі арқылы беруді қамтамасыз етеді. Кадрлардың реттілігін бақылауды, деректерді беру кезіндегі қателер туындаған жағдайда синхрондауды автоматты түрде қалпына келтіруді және жүйені ауқымдауға мүмкіндік беретін кадрлық деректерді беру хаттамасы әзірленді. Сегіз арналы өлшеу модулінің прототипі дайындалып, эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері сигналдарды синхронды тіркеудің дұрыстығын, деректерді берудің тұрақтылығын, FPGA алгоритмдері мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысқа қабілеттілігін растады. Алынған нәтижелер ұсынылған архитектураны сигналдарды цифрлық өңдеуге арналған ауқымдалатын көпарналы ақпараттықөлшеу жүйелерін құру кезінде қолдануға болатынын көрсетеді.

138-147 18
Аңдатпа

Бұл жұмыста микробалдырларды өсіру процестерін зерттеу, болжау және басқару үшін қолданылатын жабық фотобиореакторлардағы Chlorella vulgaris өсуінің заманауи математикалық модельдеріне талдау жүргізілді. Өсудің эмпирикалық және кинетикалық модельдері, жарықтың әлсіреуі мен таралу модельдері, фотоакклимация модельдері, сондай-ақ жарық қарқындылығының, көмірқышқыл газы концентрациясының, CO₂ массалық тасымалының, pH деңгейінің, температураның, ортаны араластырудың және басқа да технологиялық факторлардың бірлескен әсерін ескеретін кешенді динамикалық модельдер қарастырылды. Бұл модельдердің автоматтандырылған басқару, дақыл күйін мониторингтеу және технологиялық режимдерді оңтайландыру міндеттеріндегі дәлдігіне, есептеу күрделілігіне және практикалық қолданылуына ерекше назар аударылды. Математикалық модельдерді оңтайлы басқару әдістерімен, модельге негізделген болжамды басқарумен (MPC), сондай-ақ заманауи метаэвристикалық оңтайландыру алгоритмдерімен біріктіру мүмкіндіктері талданды. Қолданыстағы тәсілдердің артықшылықтары мен шектеулеріне, оның ішінде параметрлерді сәйкестендіру және модельдерді зертханалық деңгейден өнеркәсіптік фотобиореакторлар деңгейіне дейін масштабтау мәселелеріне сыни талдау жасалды. Кешенді динамикалық модельдерді интеллектуалды автоматтандырылған басқару жүйелерімен бірге қолдану биомасса өнімділігін арттыруға, технологиялық процестің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, энергия шығындарын азайтуға және Chlorella vulgaris өсірудің жалпы тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретіні көрсетілді. Зерттеу нәтижелері фотобиореакторларды басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу және жетілдіру барысында пайдаланылуы мүмкін.

148-156 14
Аңдатпа

Қaзіргі білім бeру жүйeсіндe сыни oйлaу дaғдылaрын дaмыту бaсты бaсымдықтaрдың бірінe aйнaлды, әсірeсe күрдeлі мәсeлeлeрді шeшуге, сaнaлы шeшім қaбылдaуғa жәнe өмір бoйы білім aлуғa оқушыларды дaярлaу тұрғысынaн. Бұл мaқaлaдa oртa мeктeп oқушылaры aрaсындa сыни oйлaуды дaмытуғa бaғыттaлғaн жaсaнды интeллeкткe нeгіздeлгeн білім бeру құрaлының жoбaлaнуы мeн aлғaшқы eнгізілуі ұсынылaды. Қoсымшa тaбиғи тілдерді өңдеу және мaшинaлық oқыту тeхнoлoгиялaрын пaйдaлaнa oтырып, көркeм нeмeсe oқу мәтіндерін тaлдaйды жәнe Блум тaксoнoмиясынa сәйкeс сұрaқтaр құрaстырaды. Бұл сұрaқтaр кoгнитивтік дeңгeйлeрдің бaрлығын қaмтиды – қaрaпaйым eстe сaқтaудaн бaстaп тaлдaу, бaғaлaу жәнe шығaрмaшылық синтeзгe дeйін.
Жүйe мұғaлімдeргe нeмeсe oқушылaрғa кeз кeлгeн мәтіндік мaтeриaлды жүктeугe мүмкіндік бeрeді, сoның нeгізіндe жaсaнды интeллeкт aвтoмaтты түрдe құрылымдaлғaн, бeлгілі бір дeңгeйгe сәйкeс сұрaқтaрды жaсaйды. Құрaмдaстырылғaн бaғaлaу жәнe кeрі бaйлaныс тeтігі қaлыптaстырушы бaғaлaуды қoлдaйды жәнe өзіндік рeттeлeтін oқуды ынтaлaндырaды. Пилoттық сынақ орта буын сыныптарында, жасы 11-13 аралығындағы оқушылармен фoкус-тoп фoрмaтындa бaстaлды. Нeгізгі дeрeктeрді жинaу қaзіргі уaқыттa жүргізілудe, бұл бoлaшaқтa сaлыстырмaлы тaлдaу жaсaуғa жәнe құрaлдың сыни oйлaуды дaмытудaғы ықпaлын бaғaлaуғa мүмкіндік бeрeді.

156-167 15
Аңдатпа

Мақалада жүк тасымалын бақылау жүйелерінде қолданылатын модульдік навигациялық пломбаның энергия тұтынуы зерттелді. Автономды жұмыс уақытының шектеулі болуы жүктің сенімді бақылануына әсер ететін маңызды пайдалану факторларының бірі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – сынақ стендін әзірлеу және құрылғының жалпы энергия тұтынуына жекелеген модульдердің қосатын үлесін сандық тұрғыдан бағалау. Бұл деректер кейіннен энергиямен жабдықтауды басқару алгоритмдерін баптау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу жүргізу үшін INA219 ток және кернеу датчиктері мен Raspberry Pi Pico микроконтроллері негізінде сынақ стенді әзірленді. Стенд өлшеу нәтижелерін автоматты түрде тіркеуді және сақтауды қамтамасыз етті. Сынақ барысында SIM800C GSM-модулінің, MAX-8Q GPSмодулінің, HC-09 Bluetooth-модулінің, RC522 NFC-модулінің, негізгі микроконтроллердің және AHT20 датчигінің белсенді және ұйқы режимдеріндегі энергия тұтынуы бағаланды. Орташа ток пен 3500 мА·сағ сыйымдылықтағы аккумулятор кезіндегі автономды жұмыс уақыты құрылғының циклдік іске қосылуы мен деректерді беру режимін ескере отырып есептелді.
Нәтижелер белсенді режимде жиынтық тұтынылатын ток шамамен 272 мА, ал ұйқы режимінде 2,8 мА болатынын көрсетті. Құрылғы әр 15 минут сайын іске қосылған жағдайда есептік автономды жұмыс уақыты 16,6 тәулікке жетеді. Бұл энергия үнемдеу режимдерін қолданудың тиімділігін көрсетеді.
Әзірленген стенд навигациялық пломбаның жекелеген модульдерінің энергия тұтынуы бойынша қайталанатын және салыстырмалы түрде тұрақты өлшеу деректерін алуға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер GSM, GPS, Bluetooth, NFC-модульдері мен датчиктердің жұмыс режимдерін баптау үшін, сондай-ақ логистикалық мониторингте қолданылатын құрылғылардың энергия тиімділігін арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

168–179 20
Аңдатпа

Мақалада Семей қаласының тарихи нысандарын цифрлық паспорттауға арналған веббағдарланған ақпараттық жүйені әзірлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі тарихимәдени мұра нысандары туралы мәліметтердің әртүрлі дереккөздерде шашыраңқы сақталуына және оларды құрылымдалған түрде жинақтайтын, іздеуге, жаңартуға және көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық ортаның қажеттілігіне байланысты. Зерттеу объектісі – тарихи нысандар туралы ақпаратты цифрлық түрде есепке алу және ұсыну процесі, ал зерттеу пәні – осы мәліметтерді сақтау мен өңдеуге арналған ақпараттық жүйені әзірлеу әдістері мен бағдарламалық құралдары. Зерттеу барысында пәндік саланы талдау, деректерді модельдеу, дерекқорды жобалау, модульдік бағдарламалау және функционалдық тестілеу әдістері қолданылды. Нәтижесінде тарихи нысанның цифрлық паспортының құрылымы әзірленді. Ол сәйкестендіру, жіктеу, кеңістіктік, тарихи-сипаттамалық, визуалды және қызметтік деректерді қамтиды. Ұсынылған құрылым негізінде веб-қосымшаның архитектурасы мен дерекқордың логикалық моделі жасалып, Python, Flask, SQLite, HTML, CSS және JavaScript технологиялары арқылы бағдарламалық прототип іске асырылды. Жүйе жазбаларды қосу, өңдеу, қарау, іздеу және жою, фотоматериалдарды жүктеу, идентификаторларды автоматты түрде қалыптастыру және уақыт белгілерін тіркеу функцияларын орындайды. GIS-интеграция және QR-негізіндегі сәйкестендіру жүйені одан әрі дамыту бағыттары ретінде қарастырылады және қазіргі кезеңде толық іске асырылған функционалдық модульдер емес, ұсынылған деректер құрылымы деңгейінде қамтамасыз етіледі. Жұмыстың ғылыми құндылығы жергілікті қалалық контекске бейімделген цифрлық паспорттаудың құрылымдық-функционалдық моделін ұсынуымен айқындалады. Практикалық маңызы жүйені білім беру, музей, архив және өлкетану қызметінде, сондай-ақ Семей қаласының тарихи-мәдени мұрасының цифрлық инфрақұрылымын дамытуда қолдану мүмкіндігімен байланысты.

179-189 20
Аңдатпа

Cумен жабдықтауды автоматтандыру және диспетчерлеуге арналған таратылған жүйелерді модельдеу қазіргі кездегі су тапшылығы проблемасы мен апаттық жағдайды дер кезінде болдырмау, сонымен бірге апаттық жағдайды алдын ала болжау, заманауи датчиктер мен цифрлық құрылғыларды қолдану арқылы диспетчердің жүктемесін азайту мәселелерін шешуге бағытталған.
Бұл жұмыстың мақсаты – жүйені нақты енгізбей тұрып, оның қалай жұмыс істейтінін алдын ала тексеру, оңтайландыру және тәуекелді азайту.
Ғылыми мақалада тербелмелі және бірінші ретті апериодикалық буын қолдана отырып, су қысымы үшін күшейту коэффициенті қарастырылып, k=5 және T параметрлері бойынша салыстырмалы талдау жасалынған. Сонымен қатар, имитациялық модельдеу және параметрлік талдау әдістері қолданылып, беріліс функциясы негізінде интерполяция тәсілі арқылы жүйенің динамикалық сипаттамалары бағаланған.
Зерттеу нәтижелері су қысымын тұрақтандыру, жүйенің сенімділігін арттыру, жоғарғы қабаттардағы гидравликалық шығындарды азайту және сумен жабдықтау жүйесін тиімді басқару үшін инженерлік шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Ұсынылған тәсіл ресурстарды үнемдеуге, апат қаупін төмендетуге, басқару сапасын жақсартуға және көпқабатты тұрғын үй кешендеріндегі су тарату процестерін автоматтандырудың тиімділігін арттыруға негіз болады. Бұл әдіс практикалық енгізуге дейін жүйе параметрлерін дәл таңдауға көмектеседі.

189-195 12
Аңдатпа

Бұл мақалада Интернет заттары (IoT) құрылғыларына арналған жеңіл пост-кванттық қолтаңба схемасы FALCON-M математикалық моделі және өнімділігін бағалау ұсынылған. Өзектілігі IoT құрылғыларын кванттық шабуылдардан қорғау қажеттілігімен түсіндіріледі, ал қолданыстағы стандарттар (Falcon, Dilithium) rejection sampling және өзгермелі нүктелі амалдардың кесірінен ресурсы шектеулі орталарға жарамсыз. Зерттеу теориялық пост-кванттық криптография мен ендірілген платформаларда практикалық орналастырарасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Ұсынылып отырған схема параметрлері n=512, q=12289, 𝜎 = 4.0, 𝜏 = 60 болатын 𝑅𝑞 =ℤ𝕢[𝑥]/(𝑥𝑛 + 1) сақинасында анықталған торға негізделген қолтаңбаға негізделген. Басты ерекшелігі – rejection sampling-нің толық болмауы, бұл детерминирленген орындалу уақытын және уақытша жанама арналар шабуылдарына төзімділікті қамтамасыз етеді.
Нәтижелер ықшам өлшемдерді көрсетеді: ашық кілт 928 байт, жабық кілт 256 байт, қолтаңба 973 байт. 100 МГц жиіліктегі ARM Cortex-M4 үшін бағалау қолтаңба уақыты 7.4 мс екенін көрсетеді, бұл қолданыстағы пост-кванттық схемалармен бәсекеге қабілетті, сонымен қатар жанама арналарға төзімділігі жағынан артықшылыққа ие. Ғылыми үлес – қолданыстағы схемалардың кемшіліктерінен ада математикалық негізделген модельді әзірлеу; практикалық маңыздылығы – схеманың ақылды сенсорлар, медициналық импланттар және өнеркәсіптік контроллерлерді қоса алғанда, IoT құрылғыларының кең ауқымына жарамдылығын көрсету.

196-205 19
Аңдатпа

Бұл мақалада нақты уақыт режимінде жүргізушінің жағдайын бақылауға арналған классикалық компьютерлік көру әдістеріне негізделген интеллектуалды мониторинг жүйесінің моделі ұсынылған. Зерттеудің мақсаты жүргізушінің шаршауы, ұйқышылдығы және назардың төмендеуі сияқты қауіпті күйлерді бет-әлпет ерекшеліктерін, көздің күйін және бастың кеңістіктегі орналасуын талдау арқылы автоматты түрде анықтайтын тиімді алгоритм әзірлеу болып табылады. Ұсынылған модельде бет пен көзді анықтау үшін Haar Cascade классификаторлары, бет ерекшеліктерінің негізгі нүктелерін анықтау үшін Dlib кітапханасының алгоритмдері, ал көздің ашық немесе жабық күйін бағалау үшін Eye Aspect Ratio (EAR) көрсеткіші пайдаланылды. Сонымен қатар жүргізушінің басының еңкеюі мен бұрылу бұрышы талданып, назардың төмендеу белгілері бағаланды. Алгоритм OpenCV кітапханасы мен Python бағдарламалау тілі негізінде жүзеге асырылды және Android платформасындағы мобильді құрылғыда сынақтан өткізілді. Эксперименттік зерттеулер барысында жалпы ұзақтығы шамамен үш сағат болатын бейнематериалдар өңделіп, жүйенің нақты уақыт режимінде орташа 28 FPS жылдамдықпен жұмыс істейтіні анықталды. Алынған нәтижелер классикалық компьютерлік көру әдістерінің жүргізушінің шаршау белгілерін нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік беретінін, есептеу ресурстарын аз пайдаланатынын және мобильді құрылғыларда тиімді қолдануға болатындығын көрсетті. Ұсынылған модель интеллектуалды көлік жүйелерінде, жүргізушіні қолдау жүйелерінде және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бағдарламалық кешендерде қолдануға перспективалы болып табылады.

205-216 24
Аңдатпа

Жол қозғалысына қатысушылардың траекторияларын болжау автономды көлік жүйелерінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, өйткені ол ықтимал қақтығыстарды бағалауға және динамикалық жол жағдайында қауіпсіз қозғалысты жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста жол қозғалысына қатысушылар арасындағы жергілікті өзара әрекеттесулерді адаптивті графтық модельдеуді және көріністің жаһандық контекстін кодтауға арналған трансформер модулін біріктіретін гибридті болжау архитектурасы ұсынылған. Модель Argoverse 2 Motion Forecasting және Waymo Open Motion Dataset деректер жиынтықтарында ADE, FDE, Miss Rate, minADE және minFDE метрикалары, сондай-ақ орнықтылықты, өзара әрекеттесу тығыздығын және инференс уақытын талдау негізінде бағаланды. Argoverse 2 жиынтығында ұсынылған модель Motion Transformer моделіне қарағанда ADE көрсеткішін 1,21-ден 1,17-ге, FDE көрсеткішін 2,81-ден 2,69-ға және Miss Rate көрсеткішін 0,25-тен 0,23-ке дейін төмендетті. Waymo деректер жиынтығында жақсару деңгейі төменірек болғанымен, барлық негізгі көрсеткіштер бойынша сақталды: ADE 1,58-ден 1,53-ке, ал FDE 3,82-ден 3,69-ға дейін азайды. Ең айқын артықшылық өзара әрекеттесу тығыздығы жоғары сценарийлерде байқалды, мұнда ADE мәні 1,52-ден 1,45-ке дейін төмендеді. Алынған нәтижелер өзара әрекеттесулерді адаптивті түрде салмақтау күрделі көпагентті жол сценарийлерінде болжаудың орнықтылығын арттыратынын көрсетті, алайда бұл есептеу шығындарының өсуімен қатар жүреді.

216-227 20
Аңдатпа

Теміржол саласында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының дамуы сапалы әрі репрезентативті ашық деректер жиынтықтарының болуына тікелей байланысты. Мақалада рельс ақауларын анықтау, контакт желісін диагностикалау, жылжымалы құрам мониторингі және теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері үшін қолданылатын ашық деректер жиынтықтарына жүйелі талдау жасалған. Шолу PRISMA әдіснамасы негізінде орындалды: іздеу IEEE Xplore, Scopus, Web of Science дереккөздерінде, сондай-ақ Kaggle, GitHub және Zenodo репозиторийлерінде жүргізілді. Барлығы 30 негізгі басылым және 13 ашық датасет талданып, олар сенсор түрі (RGB, LiDAR, вибрациялық, мультисенсорлық), машиналық оқыту міндеті (детекция, сегментация, классификация), деректер көлемі және аннотация форматы бойынша жіктелді. Талдау көрсеткендей, датасеттердің басым бөлігі RGB-кескіндерге негізделген, ал мультимодальды датасеттердің үлесі біртіндеп артып келеді. Қолданыстағы датасеттердің негізгі шектеулері -іріктеме көлемінің аздығы, кластар теңгерімсіздігі, географиялық вариативтіліктің шектеулілігі және бірыңғай benchmark-хаттамалардың болмауы анықталып, әрі қарайғы зерттеу бағыттары ұсынылды. Алынған нәтижелер ірі мультимодальды деректер жиынтықтарын құру және ЖИ модельдерін аннотациялау мен бағалаудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.

227-235 18
Аңдатпа

Бұл жұмыста Қазақстан мектептерінің анонимделген деректері негізінде цифрлық қатысу мен оқу нәтижелеріндегі институционалдық (мектепаралық) гетерогенділік сандық түрде бағаланады; деректер екі EdTech-платформасының (Twig-bilim.kz, BilimLand.kz) жазбаларын және кіру диагностикалық тестілеу балдарын қамтиды. Бірфакторлы ANOVA/ішкі сыныптық корреляция коэффициентін (ICC) ыдырату және кездейсоқ қиылысы бар көпдеңгейлі модельдеу арқылы мектепке тиесілілік цифрлық қатысу дисперсиясының 8,8-9,8%-ын және кіру тестілеу балдары дисперсиясының 30,0-30,7%-ын түсіндіретіні анықталды, әрі ANOVA негізіндегі мектепаралық дисперсия үлесі мен mixed-effects моделіндегі ICC сандық тұрғыдан жақын болды. Алынған бағалар мектепаралық гетерогенділіктің, әсіресе кіру диагностикалық тестілеу нәтижелері үшін, мазмұндық тұрғыдан елеулі екенін көрсетеді. Нәтижелер нәтижелерінің үлестірімі әртүрлі мектептер арасында машиналық оқыту модельдерінің калибрленуі мен жалпылану қабілетін бағалау кезінде институционалдық кластерленуді айқын ескеру қажеттігін көрсетеді және білімге икемді әрі әділ қолжетімділікті қолдауға арналған ерте ескерту мен бейімделген оқыту ЖИжүйелерін жобалауда мектепті ескеретін валидацияның маңызын негіздейді. Нәтижелер Қазақстандағы мектептерді цифрландыру бойынша ағымдағы бастамалар және білім берудегі алгоритмдік әділдік туралы кеңірек әдебиет аясында талқыланады.

236-248 22
Аңдатпа

Позаға негізделген жаттығуларды тану адам қозғалысын талдаудың есептеу тұрғысынан тиімді тәсілін ұсынады. Алайда тек ағымдағы позаға негізделген жіктеу қысқа мерзімді қозғалыс контекстін толық қамти алмауы мүмкін. Бұл зерттеуде күрделі уақыттық нейрондық архитектураны қолданбай-ақ, ағып кетусіз себептік контекстің жаттығу фазаларын тану сапасын арттыра алатындығы зерттеледі. Бес жаттығу және жаттығу фазаларының он класына жататын 1 372 реттелген позалық бақылаудан тұратын уақыттық қатарлар деректер жиыны дене landmark нүктелері, буын бұрыштары және кеңістіктік қашықтықтар негізінде алынған жеті позалық репрезентацияны пайдалана отырып зерттелді. Көршілес бақылаулардың оқыту және тестілеу бөліктеріне қатар түсуінен туындайтын бағалаудың оптимистік нәтижелер алу қаупін азайту мақсатында блоктардың реттілігін ескеретін валидация хаттамасы қолданылды.
Ағып кетусіз себептік орташа контекстік репрезентация тек ағымдағы және алдыңғы бақылауларды пайдалана отырып құрылды; бұл ретте болашақ үлгілер де, нақты эталондық белгілер де (ground-truth labels) қолданылған жоқ. Тарих ұзындығын абляциялық талдау бес бақылаудан тұратын себептік тарихтың ең жоғары нәтижені көрсеткенін анықтады. Ұсынылған репрезентация ағымдағы поза бойынша жіктеу кезінде алынған орташа Macro-F1 көрсеткішін 0,8358-ден 0,8973-ке дейін арттырды, бұл салыстырмалы түрде 7,36% жақсаруға сәйкес келеді және барлық бес бағалау блогында нәтижелілікті арттырды.
Себептік Temporal Convolutional Network (TCN) моделі 0,8699 Macro-F1 көрсеткішіне қол жеткізді, бұл зерттелген деректер жиыны жағдайында қарапайым себептік агрегацияның тиімдірек болғанын көрсетті. Жұптық талдау орташа Macro-F1 өсімінің 0,0615 болғанын, 95% сенімділік интервалы [0,0308; 0,0921] және байқалған әсер мөлшерінің үлкен болғанын (Cohen’s d) көрсетті. Алайда қолда бар бес жұптық блок қана болғандықтан, дәл екіжақты статистикалық сынақтар дәстүрлі статистикалық мәнділік шегіне (p < 0,05) жеткен жоқ. Алынған нәтижелер қысқа мерзімді себептік позалық контекст нақты уақыт режимінде өңдеуге сәйкес бола отырып, жаттығу фазаларын тану үшін пайдалы ақпарат бере алатынын көрсетеді.

248-260 18
Аңдатпа

Мақалада педагогтердің кәсіби қызметіне цифрлық құралдарды енгізу тиімділігін кешенді бағалауға арналған әзірленген ақпараттық-талдамалық әдістеме ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі цифрлық құзыреттерді сипаттамалық өзін-өзі бағалаудан ұсынымдарды практикада қолдану дәрежесін және кәсіби қызметтің өзгеру динамикасын өлшеуге мүмкіндік беретін деректерді формалданған талдауға көшу қажеттілігімен айқындалады. Әдіснамалық негізді төрт деңгейді: хабардарлықты, қолдануды, интеграциялау мен визуализациялауды, жобалау мен инновацияны қамтитын DTDC моделі құрайды. Бастапқы деректер 916 педагог арасында жүргізілген алғашқы сауалнама нәтижелері негізінде қалыптастырылды. Алынған нәтижелер бойынша цифрлық білім беру шешімдерін таңдау, қолдану, интеграциялау және әзірлеу дағдыларын дамытуға бағытталған сараланған ұсынымдар кешені дайындалды. Ұсынымдар педагогтерге 12 апта бойы практикалық апробациядан өткізу үшін жіберілді. Кейінгі бағалау үшін ұсынымдармен танысу, оларды қолдану фактісі, пайдалану жүйелілігі, DTDC деңгейінің өзгеруі және цифрлық құралдардың кәсіби қызмет сапасына ықпалы туралы субъективті бағалауды қамтитын нормаланған көрсеткіштер жүйесі әзірленді. Ұсынылған алгоритм қорытынды сауалнама деректерін жинауды, жауаптарды кодтауды, мәндерді нормалауды, DTDC компоненттері бойынша жеке индекстерді есептеуді, интегралдық индекс пен енгізу коэффициенттерін анықтауды, сондайақ алынған өзара байланыстарды статистикалық тексеруді көздейді. Шкалалардың сенімділігі Кронбахтың 𝛼коэффициенті арқылы, ал санаттық айнымалылар арасындағы өзара байланыстар Пирсонның хи-квадрат критерийі 𝜒2 арқылы бағаланатын болады. Зерттеудің қазіргі нәтижесі формалданған әдістемені, қорытынды сауалнама құралдарын және деректерді ақпараттықталдамалық өңдеу рәсімін әзірлеуден тұрады. Ұсынымдардың тиімділігі туралы түпкілікті қорытындылар апробация аяқталғаннан кейін тұжырымдалатын болады. Ұсынылған тәсіл бағалаудың қайталанымдылығын қамтамасыз етеді және білім беру үдерісіне цифрлық құралдарды енгізу мониторингін автоматтандыруға негіз қалыптастырады. Әдістеменің практикалық маңыздылығы оны білім беру ұйымдарында педагогтердің әртүрлі топтарының нәтижелерін салыстыру, цифрлық қызметтің проблемалық компоненттерін анықтау, басқарушылық шешімдерді негіздеу және динамикада алынған сандық деректер негізінде кәсіби даму бағдарламаларын түзету үшін пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.

260-278 10
Аңдатпа

Қант диабеті ең кең таралған созылмалы жұқпалы емес аурулардың бірі болып табылады және жоғары қауіп тобындағы адамдарды ерте анықтауды талап етеді. Бұл мақалада пайдаланушының симптоматикалық және демографиялық деректеріне негізделген қант диабеті қаупін алдын ала бағалауға арналған веб-қосымшаны әзірлеу сипатталған. Жүйе Python/FastAPI, HTML/CSS/JavaScript технологиялары және UCI Early Stage Diabetes Risk Prediction Dataset ашық деректер жиынтығында оқытылған машиналық оқыту модулі негізінде жүзеге асырылды. Жұмыс барысында үш классификатор салыстырылды: Logistic Regression, Support Vector Machine және Random Forest Classifier. Кейінге қалдырылған тестілік іріктемеде ең жақсы нәтижені Random Forest моделі көрсетті және ол қауіп ықтималдығын есептеу үшін веб-қосымшаға енгізілді. Пайдаланушы жасын, жынысын және симптоматикалық белгілер жиынтығын енгізгеннен кейін жүйе қауіп деңгейін, визуалды индикаторды және профилактикалық ұсыныстар блогын көрсетеді. Әзірленген қосымшаны алдын ала өзін-өзі бағалауға және пайдаланушының хабардарлығын арттыруға арналған бағдарламалық прототип ретінде қарастыру қажет. Ол диагноз қоюға арналмаған және тәуелсіз деректер негізінде одан әрі сыртқы клиникалық валидацияны талап етеді. Модельдерді салыстыру қайталанатын стратификацияланған 10 еселік кросс-валидация арқылы орындалды (5 қайталау, әр модель үшін 50 бағалау). Ең жоғары әрі тұрақты нәтижені Random Forest моделі көрсетті (accuracy 98.27 ± 1.60%, F1-өлшемі 98.59 ± 1.31%, ROC-AUC 99.93 ± 0.15%), оның SVM және Logistic Regression модельдерінен артықшылығы статистикалық тұрғыдан расталды (p < 0.05). Белгілердің үлесі үш тәуелсіз әдіспен (Джини критерийі бойынша маңыздылық, пермутациялық маңыздылық және SHAP мәндері) талданып, полиурия, полидипсия, жыныс және жас ең ақпаратты белгілер ретінде анықталды. Алынған дәрежелеу негізінде 16 белгінің орнына 9 белгіден тұратын қысқартылған сауалнама құрылды: классификация сапасының статистикалық маңызды төмендеуі байқалмады (accuracy 97.62 ± 1.87%, p = 0.246), бұл пайдаланушы енгізетін деректер көлемін 43.8%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

278-288 13
Аңдатпа

Зерттеу пәні. Заттар интернеті (IoT) құрылғыларының ақылды үй жүйелерінде, өнеркәсіптік автоматтандыруда, көлікте, денсаулық сақтауда және қалалық инфрақұрылымда кеңінен таралуы рұқсат етілмеген қолжетімділіктің ықтимал нүктелерінің санының өсуімен қатар жүреді. Дәстүрлі есептеу жүйелерінен айырмашылығы, IoT-құрылғылар шектеулі аппараттық ресурстармен – жад көлемімен, процессор өнімділігімен, байланыс арналарының өткізу қабілетімен және энергия тұтынуымен сипатталады, бұл ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) мониторингтеудің күрделі есептеу және криптографиялық әдістерін ресурстары шектеулі жағдайларға алдын ала бейімдеусіз тікелей қолдануға мүмкіндік бермейді. Әдіс. IoT-құрылғылардың АҚ күйінің ақпараттық белгілер сипаттамасын қалыптастыру үшін желілік трафик параметрлерінің уақыттық қатарларын статистикалық, жиіліктік және шектік критерийлер негізінде сегментациялауды, сондай-ақ бақыланатын белгілердің мәндеріне әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, белгілер кеңістігін кеңейтуді қолдану ұсынылады. Күйлерді жіктеу әртүрлі күрделіліктегі алты машиналық оқыту алгоритмін – логистикалық регрессияны, наивті Байес классификаторын, тірек векторлар әдісін, кездейсоқ орманды, көпқабатты персептронды және конволюциялық нейрондық желіні қолдану арқылы орындалады. Негізгі нәтижелер. Эксперименттік бағалау IoTтүйіндерден (IEEE 802.15.4, TelosB, ESP32) тұратын зертханалық стендте және UNSW-NB15 деректер жиынтығында жүргізілді. Трафиктің уақыттық қатарларын сегментациялау және контекстік факторларды ескеру неғұрлым ықшам және ажыратылатын белгілер кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні, сонымен қатар классификаторларды оқытуға жұмсалатын есептеу шығындарын төмендететіні көрсетілді. Практикалық маңыздылығы. Әзірленген тәсіл ресурстары шектеулі IoT-инфрақұрылымдарға арналған АҚ оқиғаларын мониторингтеудің жеңілдетілген жүйелерін құру кезінде қолданылуы мүмкін: қарапайым модельдер шеткі түйіндерде, ал дәлірек модельдер шлюздерде және бұлттық платформаларда орындалуы мүмкін, бұл жалған іске қосылулар санын азайтып, шабуылдарды анықтаудың жеделдігін арттырады.

312-321 18
Аңдатпа

Қайта зарядталатын сенімді энергия сақтау жүйелеріне сұраныстың артуы цилиндрлік аккумуляторлық элементтерді дәл зертханалық сынау әдістеріне деген қажеттілікті күшейтті. Зертханалық және пилоттық желідегі сынақ станциялары зарядтау, разрядтау, кернеуді тексеру, сыйымдылықты бағалау және ішкі кедергіні өлшеу операцияларын бірнеше рет қайталайды. Бұл операциялар ток пен кернеуді дәл реттеуді талап етеді, себебі аз ғана өтпелі ауытқулардың өзі элементтерді жіктеу, қартаюды талдау және қауіпсіздікті бағалау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Бұл жұмыста цилиндрлік аккумуляторлық элементтерді қайталанатын зертханалық желіде сынау үшін PID-типті итеративті оқытушы басқаруды қолдануға арналған модельдеуге негізделген зерттеу ұсынылады. Ұсынылған тәсіл классикалық пропорционалды-интегралды-дифференциалды басқару құрылымын алдыңғы қадағалау қатесін пайдалана отырып, әрбір қайталанатын циклден кейін басқару кірісін жаңартатын итеративті оқыту механизмімен біріктіреді. Цилиндрлік аккумуляторды зарядтау процесінің жеңілдетілген MATLAB моделі заряд күйінің динамикасын, ішкі кедергіні, қысқыш кернеуді бағалауды, атқарушы құрылғының қанығуын және қайталанатын шекті уақыттық сынақ аралығын ескере отырып жасалды. Модельдеу контроллердің бірнеше цикл бойындағы жауабын бағалайды және токты қадағалау, кернеу әрекеті, басқару әсері, заряд күйі және қателіктің жинақталуы мен азаюын талдайды. Нәтижелер PID-типті ILC қайталанатын циклдер барысында қадағалау қатесін азайтып, зертханалық аккумуляторлық сынақтардың қайталанғыштығын жақсарта алатынын көрсетеді. Бұл әдіс көптеген элементтер ұқсас хаттамалар бойынша тексерілетін автоматтандырылған сапаны бақылау желілері үшін ерекше маңызды. Ұсынылған модельдеу нақты аккумуляторлық сынақ стендінде эксперименттік іске асыруға дейінгі алдын ала цифрлық модель ретінде қызмет ете алады.

321-331 17
Аңдатпа

Қазақстанның таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында алма бақтарының өнімділігін болжау өзекті мәселе болып қала береді: дәстүрлі агрономиялық әдістер субъективті, ал компьютерлік көру әдістері өңір үшін қолжетімді емес репрезентативті оқыту деректерін қажет етеді. Жұмыста Іле Алатауының тау бөктеріндегі микрозонаға арналған Апорт сортының (Malus domestica cv. Aport) өнімділігін болжайтын ақпараттық жүйенің архитектурасы және оның түсіндірілетін жартылай механистік есептеу өзегі ұсынылған. Өзек гүлдену, жемістің түйінденуі, жемістің өсуі және өнімнің қалыптасуы кезеңдерін сипаттайтын төрт буынды фенологиялық каскад түрінде іске асырылған; әрбір параметр шығу тегімен, белгісіздік диапазонымен және құрылымдық сәйкестендірілу деңгейімен сипатталған, ал жемістің өсуін сипаттайтын логистикалық функция маусым ішіндегі масса жинақталу траекториясын береді және модельдің қазіргі нұсқасында өнімділіктің қорытынды теңдеуіне кірмей, перспективалық модуль болып қалады. Параметрлік белгісіздік Монте-Карло әдісімен бағаланды: базалық температураның 1°C өзгеруі гүлденудің есептік басталу мерзімін 5-8 тәулікке жылжытады, ал өнімділік болжамының өзгергіштігі негізінен түйіндену коэффициенті мен екпе құрылымына тәуелді. «Алмалы» шаруашылығының (Алматы облысы) деректері бойынша PARAM BILIM суперкомпьютерінде жүргізілген демонстрациялық есептеу 11,05 т/га мәнін және 95 % параметрлік белгісіздік аралығының ± 2,15 т/га шамасын берді; есептеу бір далалық нүкте бойынша параметрленген (n = 1), демонстрациялық сипатта және тәуелсіз валидацияланған өндірістік болжам емес. Ұсынылған архитектура бақтың цифрлық егізіне кейіннен біріктірудің негізі ретінде қарастырылады.

331-342 20
Аңдатпа

Бұл мақалада 5G NR желілеріндегі uplink тарату қуатын басқару үшін Soft Actor-Critic (SAC) әдісі зерттеледі. 3GPP TR 38.901 UMa NLOS моделіне негізделген 10 пайдаланушыға арналған Gymnasium-үйлесімді симулятор жасалды. SAC агенті [0, 30] дБм аралығындағы он пайдаланушының тарату қуатын бірлесіп басқарады. Үш тәуелсіз SAC саясаты 100 ортақ сценарийде бағаланып, Full Power, Equal Power және жеңілдетілген 3GPP-inspired Fractional Power Control әдістерімен салыстырылды. Стандартты желілік энергия тиімділігі метрикасы бойынша SAC 14,866 Мбит/с/Дж нәтижесіне, 9,905 дБм орташа қуатқа және 2,540 Мбит/с өткізу қабілетіне қол жеткізді. SAC энергия тиімділігі Full Power және жеңілдетілген FPC әдістерінен статистикалық тұрғыдан жоғары, ал Equal Power әдісімен айырмашылық көптік салыстыру түзетуінен кейін статистикалық мәнді емес. Марапат салмақтарының сезімталдық талдауы мақсат басымдықтары өзгерген кезде өткізу қабілеті мен энергия тиімділігі арасындағы жұмыс нүктесі өзгеретінін және барлық метрикалар бойынша бір ғана үстем конфигурация жоқ екенін көрсетеді.

МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ МЕХАНИКА (ТҮПНҰСҚА МАҚАЛА)

343-351 17
Аңдатпа

Мақалада топырақты аударусыз эрозияға қарсы өңдеуге арналған заманауи чизельді соқалар мен терең қопсытқыштардың техникалық-пайдалану көрсеткіштерін салыстырмалы талдау нәтижелері ұсынылады. Зерттеудің өзектілігі Солтүстік Қазақстандағы жел эрозиясының жоғары деңгейімен айқындалады: 52 млн га-дан астам алқап эрозияға ұшыраған. Жұмыстың мақсаты – топырақты эрозияға қарсы өңдеуге арналған заманауи чизель соқалары мен жалпақ тілгіш терең қопсытқыштардың техникалық-пайдалану көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізу. Салыстырмалы талдау үшін екі топқа бөлінген тоғыз құрал таңдалды: чизель соқалары (ПЧМ-4, ПЧ-4-5, ПЧ-4,5ПМ, KAMA TIGER 3, Dondi 813) және жалпақ тілгіш терең қопсытқыштар (РСП-5,4, Cultiplow Platinum SR Agrisem, STAVR PG-5, STAVR PG-7). Ақпараттық база ретінде аккредиттелген МИС-дың 2014-2025 жылдардағы ресми сынақ хаттамалары алынды. Салыстыру әдістемесі ГОСТ 20915-2011, ГОСТ 33736-2016, ГОСТ 52777-2007 және ГОСТ 24088-88 талаптарына негізделген. Талдау сапалық және техникалық-пайдалану көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Чизельді соқалар топырақтың ұсақталуын 90,6–98,6% қамтамасыз етеді, ал жалпақ тілгіш терең қопсытқыштарда бұл көрсеткіш 49,9–94,9% құрайды (РСП-5,4 – 62,3-68,4%). Сабан сақтаудың ең жақсы көрсеткіші STAVR ПГ-5 үшін (89,0%) қол жеткізілді; чизельді соқалар нормативке ≥60% сәйкес келеді, бірақ жалпақ тілгіштерден кем түседі. ПЧ-4,5ПМ чизельді соқалар арасында ең жоғары өнімділікті көрсетті (5,14-5,22 га/сағ.), терең қопсытқыштар арасында – Dondi 813 (5,43 га/сағ). Ең төменгі меншікті отын шығыны ПЧМ-4 үшін тіркелді (14,62 кг/га), ең жоғарғы – РСП-5,4 (21,36 кг/га). Көрсеткіштер жиынтығы бойынша Солтүстік Қазақстан жағдайында ПЧ-4,5ПМ және ПЧМ-4 ұсынылады, жел эрозиясы қаупі кезінде – STAVR PG-5, тығыздалған топырақтар үшін – РСП-5,4.

351-361 18
Аңдатпа

Бұл мақалада электролит-плазмалық өңдеудің (ЭПӨ) параметрлерінің кернеу (260-320 В) және ұстау уақыты (2-5 с) – 20Х болатының микроқұрылымына, фазалық құрамына, микроқаттылығына, серпімділік модуліне және трибологиялық қасиеттеріне әсері зерттелген. Өңдеу концентрациясы 12 масс.% Na₂CO₃ сулы ерітіндісінде жүргізілді. Рентгендік дифракциялық талдау және растрлық электрондық микроскопия қалдық аустенит немесе карбидті фазалар болмаған кезде дене-центрленген текше (ДЦТ) торлы α′-мартенситтің түзілгенін көрсетті. Толық аустениттену қол жеткізілмеген шекті өңдеу режимі 260 В, 2 с болды. Ұстау уақытын 300 В кернеуде 5 с дейін ұлғайту микроқаттылықты 441,66 HV дейін екі есе дерлік арттырды, ал 2 с кезінде кернеуді арттыру негізінен көміртегінің қатты ерітіндіде қанығуына әсер етті. Ең төмен үйкеліс коэффициенті (μ = 0,498) 320 В, 2 с режимінде алынды, бұл максималды қаттылық әрдайым ең жақсы трибологиялық сипаттамаларға сәйкес келе бермейтінін көрсетеді. Алынған нәтижелер ЭПӨ параметрлерін 20Х болатының қажетті пайдалану қасиеттеріне сәйкес таңдау қажеттігін көрсетеді.

362-368 16
Аңдатпа

Жұмыста сығылған ауа энергиясымен жұмыс істейтін ағынды типтегі реактивті пневматикалық қозғалтқыштың жүктемелік сипаттамаларын зерттеу нәтижелері ұсынылған. Энергияны түрлендіру ағынның реактивті күші мен кеңейетін ауаның ротор қалақшаларына түсіретін қысымы есебінен жүзеге асатын екі секциялы қозғалтқыштың конструкциялық ерекшеліктері қарастырылды. Құрылғының жұмыс істеу қағидаты, оның ішінде жұмыс ортасын беру, тарату, кеңейту және шығару процестері сипатталған. Пайдалану сипаттамаларын бағалау мақсатында MATLAB/Simulink ортасында математикалық модельдеу жүргізілді. Қозғалтқыштың негізгі жұмыс параметрлеріне, атап айтқанда қуатына, айналу жиілігіне, бұрыштық жылдамдығына және айналу моментіне кіріс қысымының әсері талданды. Зерттеу нәтижелері кіріс қысымының артуы қарастырылған барлық көрсеткіштердің тұрақты өсуіне алып келетінін көрсетті. Ең айқын тәуелділік қуат пен айналу жиілігі үшін байқалды, бұл берілетін ауаның қысымын өзгерту арқылы қозғалтқыштың жұмыс режимдерін реттеуге болатындығын дәлелдейді. Айналу моментінің артуы ағынның реактивті күшінің ұлғаюымен және кеңейетін ауаның ротор қалақшаларына әсерінің күшеюімен түсіндіріледі. Алынған нәтижелер қозғалтқыш конструкциясының жұмысқа қабілеттілігін және оның сипаттамаларының қысымның кең диапазонында өзгеру заңдылықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері пневматикалық қозғалтқыштарды жобалау кезінде, олардың тиімді жұмыс режимдерін таңдауда, сондай-ақ кейінгі эксперименттік зерттеулерге негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін.

369-378 22
Аңдатпа

 

Индукциялық қозғалтқыштар өнеркәсіпте сорғыларды, желдеткіштерді және компрессорларды басқару үшін кеңінен қолданылады. Бұл қозғалтқыштарда ротор шыбықтарының жарықтары мен статордың қысқа тұйықталуын қоса алғанда, электр ақаулары, сондай-ақ ротордың эксцентриситеті, тураланбау және мойынтіректердің тозуы сияқты механикалық ақаулар кездеседі. Бұл механикалық және электрлік ақаулар шамадан тыс діріл мен температураға байланысты жабдықтың мерзімінен бұрын өшірілуіне әкеледі. Ақаулықтар мен істен шығуларды ерте анықтау болжамды техникалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты болып табылады. Бұл мақалада Онтарио университетінің электр қозғалтқыштарының деректер жиынтығы (UOEMDVAFCVS) үшін автоматтандырылған ақауларды анықтау жүйесі ұсынылады, ол сегіз қозғалтқыш үшін тұрақты және ортогоналды жылдамдықта жиналған синхрондалған діріл, акустикалық және температуралық деректерді қамтиды, олардың үшеуі деректер жиынтығында бар. Диагностикалық мүмкіндіктерді алу үшін FFT/Welch PSD, STFT, дискретті толқындық түрлендірулер және Гильберт элементтері бойынша қабықша талдауы сияқты бірнеше сигналды талдау әдістері қолданылады. Барлық осы әдістер иерархиялық машиналық оқыту моделіне біріктірілген, оған кездейсоқ ормандар (RF), конволюциялық нейрондық желілер (CNN) және гибридті CNN-трансформатор моделі кіреді. CNN-Transformer моделі дәлірек, 91,4 пайызға жетеді және ең жоғары макро F1 көрсеткішіне ие. Барлық модельдер CPU-да әрбір терезе үшін 10 мс-тан аз уақытта нақты уақыт режимінде қорытынды жасау талабына сай келеді, бұл жеке CNN (87,6 пайыз) және RF (81,2 пайыз) модельдерінен асып түседі. Бұл зерттеулер көп сенсорлы біріктіру мен назар аударуға негізделген уақытша модельдеудің Industry 4.0 болжамды техникалық қызмет көрсету үшін пайдалылығын растайды.

378-390 23
Аңдатпа

Мақалада сандық бағдарламалық басқаруы бар білдектерде Ti-6Al-4V титан қорытпасынан дайындалатын кортикальды сүйек бұрандаларының геометриялық параметрлерінің дәлдігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі медициналық имплантаттардың сапасына қойылатын жоғары талаптармен және кескіш құралдың жинақталған тозуы жағдайында бұранда қалыптастыру процесінің тұрақтылығын сақтау қажеттілігімен негізделген. Жұмыстың мақсаты – СББ жүйесінің құралдары арқылы бұрандакескіш бастиектің тозуын бейімделмелі өтемдеу әдісін әзірлеу және оны эксперименттік тұрғыдан растау. Зерттеулер Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Smart Engineering» құзыреттілік орталығының базасында орындалды. Тәжірибелік үлгілер MANURHIN K'MX 726 EVO бойлық жону автоматында дайындалды, ал бұранда геометриялық параметрлерін бақылау Mahr MarSurf CD 140 контурографы арқылы жүргізілді. Эксперименттік бағдарлама құралдың пайдаланылу кезеңдерін қамтитын тоғыз өңдеу режимін, сондай-ақ ең жоғары 57 м жинақталған өңдеу ұзындығын қамтыды. Зерттеу нәтижелері құралдың жинақталған жұмыс ұзындығы артқан сайын бұранда қадамының, профиль тереңдігінің және бүйір беттер бұрыштарының жүйелі өзгерістері байқалатынын көрсетті. Жинақталған өңдеу ұзындығына байланысты құралдың түзету ығысу шамасын анықтайтын эмпирикалық модель әзірленді. Ең жоғары зерттелген өңдеу ұзындығы үшін ΔZ = 0,0509 мм мәні алынды, бұл басқару бағдарламасында енгізілген 0,050 мм өтемдеумен іс жүзінде сәйкес келді. Есептік түзетуді енгізгеннен кейін бұранда қадамының ауытқуы номиналды 1,25 мм мәнінен 1,28 % құрап, құралды ауыстырмай-ақ бұранда профилінің тұрақты геометриясын сақтауға мүмкіндік берді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы медициналық имплантаттарды дайындау дәлдігін арттырумен, бұрандакескіш бастиектің тиімді пайдалану мерзімін ұлғайтумен және өндірістік шығындарды төмендетумен сипатталады. Болашақ зерттеулер кескіш құралдың тозуын автоматты бақылау жүйелерін әзірлеуге және бейімделмелі өтемдеу алгоритмдерін интеллектуалды цифрлық өндірістік жүйелерге енгізуге бағытталған.

ТАҒАМДЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ (ТҮПНҰСҚА МАҚАЛА)

391-398 23
Аңдатпа

Мақалада Lactobacillus paracasei-010К және Torulopsis sphaerica-105K штамдары негізінде олардың тіршілік қабілеті мен функционалдық белсенділігін сақтай отырып құрғақ пробиотикалық биопрепарат алу технологиясы ұсынылған. Зерттеудің негізгі нысаны Lactobacillus paracasei-010К штаммы қымыздан бөлініп алынған және айқын антагонистік белсенділікке ие. Технологияны әзірлеу үшін екі композициялық нұсқа жасалды: монокультура және бактерия-саңырауқұлақ консорциумы және қоректік орта ретінде гидролизделген сүт қолданылды. Лиофилизация алдын ала бағдарламаланған жүйе бойынша жүргізілді, оған мұздату, сублимациялық кептіру және екінші (десорбциялық) кептіру кезеңдері кірді. Тіршілік қабілетін бағалау колония түзетін бірліктерді санау әдісімен жасалды.
Лиофилизациядан кейін Lactobacillus paracasei-010К клеткаларының сақталу деңгейі монокультурада 88.6 %, ал бактерия-саңырауқұлақ консорциумында 91.9 % болды; T. sphaerica-105K ашытқы компонентінде көрсеткіш 91.3 % жетті. Штаммдардың тіршілік қабілеті 88-92 % деңгейінде сақталды, ал Escherichia coli, Salmonella Dublin және Bacillus subtilis тест-дақылдарына қарсы антагонистік белсенділіктің төмендеуі 10-12 %-дан аспады. Сонымен бірге, консорциум монокультураға қарағанда сәл жоғары көрсеткіштер көрсетті, бұл ашытқылық компоненттің синергетикалық әсерін көрсетеді.
Дайындалған технология жоғары функционалдық белсенділікке ие тұрақты құрғақ биопрепараттарды алуға мүмкіндік береді және олардың ұзақ мерзімді сақтауға әлеуеті бар және бұл олардың азық-түлік өнеркәсібінде қолдану болашағын айқындайды.

398-409 16
Аңдатпа

Бұл мақалада алма, асқабақ және қызылшадан жасалған пастилаларға долана жапырағының сығындысын (Crataegus almaatensis) қосудың өнім сапасына әсерін кешенді бағалауға талдау жүргізілді. Тәжірибе барысында сығындымен байытылған пастила үлгілерінің органолептикалық сипаттамалары, дәрумендер мөлшері, антиоксиданттық белсенділігі және микробиологиялық қауіпсіздігі анықталды.
Дегустациялық талдау нәтижесі 3% долана жапырағының сығындысы бар пастилалар дәмі, жағымды хош иісі және сыртқы түрі бойынша ең жоғары бағаға ие болды. Сонымен қатар, бұл үлгілерде аскорбин қышқылының мөлшерінің жоғарылауы байқалды: алма-асқабақ негізіндегі пастиладағы С дәруменінің концентрациясы 38,06 мг/100 г-нан 62,97 мг/100 г-ға дейін, ал алмақызылша негізіндегі пастилада 22,61 мг/100 г-нан 29,98 мг/100 г-ға дейін жоғарылады.
Микробиологиялық зерттеулер пастила үлгілерінің барлық дайын өнімдердің қолданыстағы санитарлық-гигиеналық стандарттарға сәйкес келетінін растады. Талдау жүргізілген үлгілерде ішек таяқшалары тобындағы бактериялар анықталмады, ал ашытқы мен зеңнің жалпы мөлшері рұқсат етілген деңгейден төмен болды.
Долана (Crataegus almaatensis) жапырағы сығындысын пастила құрамына енгізу өнімнің органолептикалық қасиеттерін жақсартып қана қоймай, оның С витаминімен қамтамасыз етілуін арттырады, антиоксиданттық белсенділігін күшейтеді және функционалдық құндылығын жоғарылатады. Микробиологиялық талдау нәтижелері барлық үлгілердің қауіпсіз екенін растады.
Осыған байланысты долана жапырағы сығындысын пастила өндірісінде тиімді әрі қауіпсіз функционалдық ингредиент ретінде қолдануға болады деп қорытындылауға болады.

409-416 19
Аңдатпа

Мақалада дәнді және майлы дақылдарды қайта өңдеудің екінші өнімдерін бастапқы тазалау кезеңінде сүзгі материалы ретінде қолдану арқылы мақсары майын сүзу технологиясын жетілдіру бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Қысымды реттеу механизмі бар жаңартылған шнекті престе суық сығу әдісімен алынған майды сүзу үшін зығыр талшықтарын пайдалануды қамтитын технологиялық сызба әзірленіп, сынақтан өткізілді. Зерттеу барысында мақсары майының сүзуге дейінгі және кейінгі органолептикалық, физика-химиялық және биохимиялық көрсеткіштеріне кешенді талдау жүргізілді. Май сапасын бағалау үшін қышқылдық саны, тотығу көрсеткіштері, майлы емес қоспалардың мөлшері, антиоксиданттық белсенділігі және сақтау тұрақтылығы анықталды. Зығыр талшықтарын қолдану шөгіндінің және майлы емес қоспалардың массалық үлесін 0,02%-ға дейін төмендетуге, қышқылдық санын 1,060 мг КОН/г дейін азайтуға, антиоксиданттық белсенділікті 42,65%-ға арттыруға және майдың сақтау мерзімін 12 айға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні анықталды. Ұсынылған технология сүзу тиімділігін арттырып, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Жұмыс нәтижелері ҚР патенттерімен расталып, өндірістік жағдайда енгізілді. Сонымен қатар, сүзгі материалы ретінде зығыр талшықтарын пайдалану қосымша химиялық реагенттерді қажет етпейтін экологиялық қауіпсіз және экономикалық тұрғыдан тиімді технологиялық шешім екендігі дәлелденді.

417-425 18
Аңдатпа

Ауыл шаруашылығы дақылдарының абиотикалық және биотикалық күйзеліске төзімділігін арттыру үшін экологиялық қауіпсіз биостимуляторларды әзірлеу өзекті міндет болып табылады. Осы бапта бидай тұқымынан (Triticum aestivum L.) фузикокцин (FC) фитогормонын алу және қолдану технологиясын әзірлеу жөніндегі зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Жаздық бидайдың жеті сортына патогендерге (гельминтоспориоз, альтернариоз, бастиек) және абиотикалық стресске (тұздану, құрғақшылық, температуралық экстремумдар, сілтілеу, артық ылғалдану) төзімділікке кешенді бағалау жүргізілді. Стрессті жағдайларда өнгіштігі мен өсу энергиясын жоғары көрсеткен неғұрлым орнықты сорттар («Саратов», «Алтай», «Ульбинка 25») бөлінген. Тұқымдардағы стресс индукциясын, этанолмен экстракцияны, жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясының (ВЭЖХ) кері-фазалық әдісімен тазартуды және спектрофотометрияның көмегімен сандық анықтауды қамтитын FC бөлу әдістемесі әзірленіп, оңтайландырылды. Әдісті валидациялау оның жоғары жаңғыртылуын (R²> 0.998) және тұрақтылығын растады. Алынған нәтижелер бидай шығымдылығы мен күйзеліске төзімділігін арттыру мақсатында тұқымдарды себу алдында өңдеу үшін тиімді биостимулятор ретінде қолжетімді өсімдік шикізатынан алынған фузикокцинді пайдалану әлеуетін көрсетеді.

425-432 22
Аңдатпа

Мақалада өсімдік шикізатының физика-химиялық сипаттамаларын, антиоксиданттық қасиеттері мен реологиялық параметрлерін, сондай-ақ оның негізінде жасалған "конфитюр" жеміс-көкөніс-жидек десертін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында мүкжидек, итмұрын, таңқурай, қауын, қара өрік және апельсин сияқты жемістер мен жидектерді қолдана отырып, табиғи қоректік заттармен және табиғи антиоксиданттармен байытылған екі конфитюр үлгісі зерттелді.
Зерттеудің негізгі мақсаты «конфитюр» функционалды жеміс-жидек-көкөністі десертін жасау кезінде антиоксиданттық белсенділігі жоғары өсімдік ингредиенттерін қолданудың орындылығын негіздеу болды. Сонымен қатар, олардың дайын өнімнің құрылымдық-механикалық қасиеттеріне әсері зерттелді. Жемістер, көкөністер мен жидектерге негізделген табиғи десерттердің ассортиментін кеңейту құрамында қант бар дәстүрлі тәтті тағамдарды тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары тағамдармен алмастыру арқылы ұтымды тамақтануды жақсартады.
Табиғи қоректік заттармен және антиоксиданттармен байытылған конфитюр десертінің реологиялық қасиеттерін зерттеу барысында келесі негізгі реологиялық параметрлер эксперименталды түрде анықталды: тұтқырлық айналу моменті, сұйықтық, жабысқақтық және адгезия қабілеті. Реологиялық параметрлер өнімдердің органолептикалық қолайлылығына да, өнеркәсіптік өңдеу, орау және сақтау жағдайында олардың технологиялық бейімделуіне де айтарлықтай әсер ететіні белгілі.
Мақалада келтірілген реологиялық параметрлерді кешенді талдау нәтижелері № 2 конфитюрдің прототипі зерттелген нұсқалар арасында реологиялық сипаттамалардың ең қолайлы үйлесімін көрсететіндігін көрсетеді. Бұл оны технологиялық тұрғыдан оңтайлы деп санауға негіз береді.

432-441 20
Аңдатпа

Бұл мақалада паприка қосылған ешкі сүтінен дайындалатын «үй ірімшігін» өндіру технологиясы қарастырылған. Ешкі сүті ірімшік өндіруге кеңінен қолданылатын құнды шикізат болып табылады. Жаңа ірімшіктің ерекшелігі – құрамында Lactococcus lactis subsp. lactis және Lactococcus lactis subsp. cremoris дақылдары бар мезофильді симбиотикалық ашытқыны пайдалану.
Алынған өнім ұзақ мерзім сақтауға арналмаған және жаңа піскен ірімшіктер тобына жатады. Таңдалған ашытқыны қолдану сүтқышқылды микроорганизмдердің қарқынды дамуын және ірімшік ұйындысының тұрақты құрылымының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ірімшіктің тағы бір ерекшелігі – оның бетіне тәтті қызыл паприка себіледі. Дайын өнім оңтайлы физика-химиялық көрсеткіштерімен және айқын органолептикалық қасиеттерімен сипатталады. Өнімдегі ылғал мөлшері – 50,4 %, ақуыз – 29,3 %, құрғақ затқа шаққандағы май үлесі – 43,8 %, лактоза мөлшері – 0,8 %.
1 кг ірімшік өндіру үшін 10,7 л сүт жұмсалды, бұл өнім шығымының тұрақты және жоғары деңгейін көрсетеді. Микробиологиялық зерттеулер нәтижесінде ішек таяқшалары тобы бактерияларының (ІТТБ), ашытқылардың, зеңдердің және Clostridium туысына жататын анаэробты микроорганизмдер спораларының болмауы анықталды. Сонымен қатар, пайдалы сүтқышқылды микрофлораның жоғары деңгейі КО ТР 033/2013 талаптарына сәйкес екендігі расталды.
Зерттеу нәтижелері ешкі сүтінен өндірілген ірімшіктің қауіпсіздігін, жоғары сапасын және технологиялық тиімділігін дәлелдейді.

441-456 21
Аңдатпа

Амилолитикалық ферменттер – өндірістік маңызды ферменттердің бірі, олардың өндірістік пайызы жоғары. Олардың әрекеті крахмал молекулаларының глюкозаға гидролизіне негізделген. Амилазалар күнделікті өмірде, тамақ, тоқыма, қағаз, крахмал өңдеу, фармацевтикалық өндірісте, диагностикалық және терапиялық салаларда қолданылады. Оларды өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер өндіреді. Пайдаланылатын продуценттердің негізгі пайызы микроорганизмдер болып табылады, себебі микробтық амилазалар тұрақтырақ, тиімдірек және экономикалық тұрғыдан тиімдірек. Амилолитикалық ферменттердің негізгі өндірушілері - Bacillus, Lactobacillus, Klebsiella, Halobacillus және басқа туыстастарының бактериялары, Aspergillus, Penicillium, Rhizopus, Mucor, Trichoderma және басқа туыстастарының саңырауқұлақтары, әртүрлі актиномицеттер мен ашытқылар. Олардың белсенділігі ферменттерді бөліп алу, содан кейін ашыту үшін жағдайлар мен қоректік ортаны таңдау мүмкіндігіне негізделген. Бұл шолу бактериялық және саңырауқұлақ тектес гидролитикалық фермент амилазасының маңыздылығын атап көрсетеді, әртүрлі өнеркәсіптік қолданбаларда қолданылатын жаһандық дақыл штамдары мен коммерциялық препараттарды атап көрсетеді. Жоба барысында біз дәнді дақылдардан перспективалы ферментативті белсенді бактериялық және саңырауқұлақ дақылдарын бөліп алдық. Олардың ішінде Bacillus sp. туысының алты бактериялық дақылы белсенділік көрсетті. Олардын фенотиптік және генотиптік сипаттамалары анықталған.

457-466 18
Аңдатпа

Зерттеу қазақстандық жоғары ақуызды бидай сорттарын сыралық уыт өндірісінде қолдану мүмкіндігін технологиялық тұрғыдан бағалауға арналған. Отандық бидайдың едәуір бөлігі ақуыз мөлшерінің жоғары болуымен сипатталатындықтан, мұндай шикізатты уыт алу процесіне тікелей енгізу әрдайым тұрақты нәтиже бермейді. Осы жұмыста «Казахстанская 10» және «Стекловидная-24» сорттары салыстырылып, дәстүрлі әдіспен қатар суландыру мен өсірудің үш тәжірибелік схемасы зертханалық жағдайда сыналды. Сынамалар 2024 жылғы өнімнен алынып, дәннің ылғалдану динамикасы, өсіру ұзақтығы, дайын уыттың органолептикалық және физикахимиялық көрсеткіштері бағаланды. Тәжірибе нәтижелері бойынша №1 схема ылғалдың жеткіліксіз жиналуына, ал №2 схема кейбір үлгілерде шамадан тыс ылғалдануға әкелетіні анықталды. Қысқа суландыру кезеңдері мен ауа үзілістерін үйлестірген № 3 схема екі сорт үшін де технологиялық тұрғыдан неғұрлым теңгерімді болды: соңғы ылғалдылық 44,4-52,2% аралығында қалыптасты, ал өсіру 96 сағатта аяқталды. Дайын уыттың экстрактивтілігі 78-79% болып, сыралық уытқа қойылатын нормативтік талаптардан жоғары нәтиже көрсетті. Екі сорт та қолдануға жарамды болғанымен, ақуыз мөлшерінің төмендігі және технологиялық тұрақтылығы бойынша «Стекловидная-24» сорты тиімдірек шикізат ретінде бағаланды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы жергілікті жоғары ақуызды бидай үшін суландыру-өсіру режимдерінің салыстырмалы бағалануы және № 3 схеманың практикалық қолдануға негізделуімен сипатталады.

466-474 16
Аңдатпа

Бұл мақалада екінші реттік шикізат болып табылатын бидай кебегін терең өңдеу арқылы жақсартылған физика-химиялық және функционалды-технологиялық қасиеттері бар тағамдық қоспа алу технологиясы қарастырылған. Бидай кебегін өңдеу процесі 0,05 М лимон қышқылы ерітіндісінде (рН 4,8 ± 0,1) 45°C температурада 30 минут бойы ультрадыбыспен өңдеу (35-40 кГц) арқылы жүзеге асырылды. Өңделген массаны фракцияларға бөлгеннен кейін, оның қатты бөлігі бейтарап рН мәніне дейін жуылып, лиофильді кептіруден өткізілді және ұнтақталды.
Осы әдіспен алынған тағамдық қоспаның химиялық құрамы: ақуыз мөлшері 15 г, май 3,5 г, көмірсу 12 г, ал талшық үлесі 40% болды. Сонымен қатар, алынған қоспа жоғары ылғал ұстау қабілетімен 185,5% және май ұстау қабілетімен 343,2% ерекшеленеді. Дегенмен бұл оның айқын технологиялық қасиеттерін және тағамдық жүйелер құрылымын тұрақтандыру қабілетін дәлелдейді.
Ұсынылып отырған әдіс бидай кебегінен жақсартылған технологиялық сипаттамалары бар тағамдық қоспа алуға мүмкіндік беріп отыр. Әзірленген тағамдық қоспа тағам өнімдері технологиясында, сонымен қатар сүт өнімдерінде пайдалануға болады. Бұл өнімнің тағамдық құндылығын арттырады және өнімнің сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтеді

475-482 20
Аңдатпа

Мақалада гиперметаболизм мен дисфагия қатар байқалатын бүйірлік амиотрофиялық склерозы (БАС) бар пациенттерді нутритивтік қолдаудың технологиялық аспектілері қарастырылған. Гиперметаболизм ағзаның энергия мен ақуызға деген қажеттілігін арттыратыны, ал дисфагия тағамның текстуралық сипаттамаларын бейімдеуді талап ететіні көрсетілген. Зерттеудің әдіснамалық негізін БАС бар пациенттерді нутритивтік қолдау ерекшеліктеріне, сондай-ақ мамандандырылған тағам өнімдерін әзірлеудің заманауи тәсілдеріне арналған ғылыми жарияланымдарды талдау, жүйелеу және жалпылау құрады. Текстурасы өзгертілген өнімдерді әзірлеу тәсілдері, оның ішінде гомогенизациялау, тұтқырлықты реттеу, құрылым қалыптастыру және дисперстік жүйелерді тұрақтандыру мәселелері талданды. Жұтыну бұзылыстары бар пациенттерге арналған тағамдық жүйелерге қойылатын талаптар, соның ішінде құрылымдық тұрақтылықты, бақыланатын тұтқырлықты және тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары қарастырылды. Жұтыну қауіпсіздігін қамтамасыз ететін біртекті консистенцияны, бөлшектердің бақыланатын өлшемін және псевдопластикалық реологиялық қасиеттерді қалыптастыру қажеттілігі негізделді. Нутритивтік және технологиялық параметрлерді біріктіретін мамандандырылған өнімнің моделі ұсынылды. Мамандандырылған өнімдерге қойылатын негізгі талаптар, оның ішінде энергия сыйымдылығы, ақуыз мөлшері, консистенциясы, реологиялық сипаттамалары және құрылымдық тұрақтылығы айқындалды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы жұтыну бұзылыстары бар пациенттерге арналған алдын ала берілген реологиялық қасиеттері бар өнімдерді әзірлеу тәсілдерін негіздеумен сипатталады.

483-489 16
Аңдатпа

Мақалада Іле Алатауының (Қазақстан) тау бөктерінде өсетін шырғанақ (Hippophae L.) жемістерінің жабайы түрінен ультрадыбыстық экстракция арқылы сығынды алу жағдайлары қарастырылды. Экологиялық-географиялық шығу тегіне, сорттарына байланысты шырғанақ жидектері биохимиялық құрамымен айтарлықтай ерекшеленеді. Қазақстан аумағында өсетін шырғанақтың жабайы және мәдени жемістері құрамы жағынан бай және қол жетімді өсімдік шикізатты ретінде аса бағаланады. Шырғанақ жемістерінің құрамында аскорбин қышқылы, токоферолдар, каротиноидтар, флавоноидтар, органикалық қышқылдар, полиқанықпаған май қышқылдары, таниндер және полисахаридтер бар. Зерттеуде шикізат пен еріткіш 1:5 және 1:10 қатынасында 30%, 50% және 70% болатын этанол концентрациясында алынған алты үлгіге салыстырмалы бағалау жүргізілді. Құрғақ заттардың шығымы гравиметриялық әдіспен анықталды. Сығынды құрамындағы полифенолдардың мөлшерін Фолин-Чокальтеу реактиві есебінде спектофотометрлік әдіспен жасалды және галл қышқылының эквивалентімен есептелді. Сығындылардың антиоксиданттық белсенділігі FRAP және DPPH әдістерімен анықталды. Зерттеу нәтижелері ультрадыбыстық экстракция тиімділігі шикізат пен еріткіш қатынасына айтарлықтай тәуелді екенін көрсетті. Құрғақ заттардың ең жоғары шығымы 1:10 шикізат пен еріткіш қатынасында 70% этанолды қолданғанда байқалды, ал жалпы полифенолдар мен антиоксиданттық белсенділіктің ең жоғары мәндеріне 1:5 шикізат пен еріткіш қатынасында 70% этанолды қолданғанда қол жеткізілді. Алынған ғылыми деректер шырғанақ жемісі негізіндегі табиғи антиоксидант пен функционалдық өнімдерді өндірудің өнеркәсіптік технологияларын жасауға практикалық негіз бола алады.

490-496 19
Аңдатпа

Бұл мақалада шұжық өнімдерінің барлық көрсеткіштері, сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың кешенді әдістері қарастырылды. Зерттеу барысында шұжық өнімдерінің органолептикалық қасиеттері, физика-химиялық құрамы және микробиологиялық тұрақтылығы талданды. Сонымен қатар, өндіріс процесіндегі сыни бақылау нүктелерін HACCP жүйесі арқылы тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шұжық өнімдері бұл халықтың күнделікті қолданатын тағамдарының бірі сондықтан олардың сапасы мен қауіпсіздігі жоғары талаптарға сәйкес болуы керек. Дайын өнімнің сапасын бағалауда ең алдымен органолептикалық көрсеткіштер маңызды. Оларға: өнімнің сыртқы түрі, түсі, иісі, дәмі және консистенциясы жатады. Шұжық өнімінің сапалы болуына сыртқы сапасы беті таза, қабығы бүтін, түсі біркелкі, өзіне тән иісі мен дәмі дұрыс болуымен қатар, консистенциясы тығыз әрі серпімді болуы өнімнің дұрыс сапалы екенін және жақсы технологиямен дайындалғанын көрсетеді.
Шұжық өнімінің физика-химиялық көрсеткіштерә бқл тағамдық құндылығы мен сақтау тұрақтылығын сипаттайды. Оларға: ылғал мөлшері, ақуыз, май, тұздың массалық үлесі, сондай-ақ рН көрсеткіші жатады. Шұжық өнімдерінде ылғал мөлшерінің жоғары болуы өнімнің тез бұзылуына әкелуі мүмкін сонымен қатар, тұздың белгілі бір деңгейде болуы микробиологиялық тұрақтылықты, ал ақуызжәне май мөлшері негізінен өнімнің энергетикалық құндылығын арттырады.
Тағамнің қауіпсіздігін бағалауда микробиологиялық көрсеткіштері негізгі рол атқарады. Дайын өнімнің құрамында мезофильді аэробты, факультативті анаэробты микроорганизмдер және ішек таяқшалары тобы бактериялары, патогенді микроорганизмдер, сальмонеллалар болмауы керек. Егерде бұл көрсеткіштердің нормадан ауытқуы, өнімнің санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі өнімді тұтынуға болмайтынын дәлелдейді. Сондықтан тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, HACCP жүйесі жоспарын енгізу, өндірістегі қауіпті факторларды анықтау, бақылау жүргізілуі керек. Шұжық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, нәтежесінде тұтынушылар денсаулығы қорғалады.

497-507 20
Аңдатпа

Қазіргі уақытта агроөнеркәсіпте пестицидтердің қоршаған ортаға таралуы экожүйелердің тұрақтылығына, топырақ сапасына және адам денсаулығына елеулі қауіп төндіріп отыр. Бұл жаһандық экологиялық мәселені шешуде тиімді әдісі ретінде биоремедиация технологияларына деген қызығушылық артып келеді. Осы бағытта, жоғары метаболикалық белсенділігі мен жасанды химиялық заттарды ыдырату қабілеті бар Pseudomonas туысына жататын бактериялар ерекше ғылыми назар аударады. Бұл әдеби шолуда Pseudomonas бактерияларының пестицидтермен ластанған ортаны биоремедиациялаудағы рөлі туралы соңғы ғылыми зерттеулерге библиометриялық және мазмұндық талдау жасалды. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, бұл тақырыптағы ғылыми жарияланымдар саны соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді. Әсіресе, Индия мен Қытай бұл бағыттағы зерттеулерді қарқынды дамытып жатқан елдер ретінде айқындалды. Ғылыми еңбектердің басым бөлігі экология ғылымы, микробиология және биохимия салаларында шоғырланған. Осы зерттеу шеңберінде Prisma әдіснамасын қолдана отырып, Scopus дерекқоры негізінде 2010 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңдегі ғылыми жарияланымдарды іріктеу жүргізілді. Scopus деректер базасынан мақалаларды іздеу «pesticide stresss» және «pseudomonas» кілт сөздерін қолдану арқылы жүзеге асырылды. Кілт сөздермен іздеу барысында 91 мақала таңдап алынып, іріктеу кезінде ең маңызды 20 мақала қарастырылды. Талдауға тек ағылшын тілінде жарияланған рецензияланған мақалалар енгізілді.
Зерттеулер Pseudomonas бактерияларының пестицидтерді ыдыратуға, тотығу стрессін азайтуға және ластанған топырақ микрофлорасын қалпына келтіруге белсенді қатысатынын көрсетеді. Pseudomonas бактерияларының азотты фиксациялау, ауксин бөлу, фитогармондар түзу арқылы өсімдіктің өсуін ынталандыру, фитопатогендерді жою, антибиотик түзу қасиеттері көп зерттелген. Бактериялардың абиотикалық стресстерге (құрғақшылық, тұздану) әсері көп айтылғанымен, олардың пестицидтік стрессті жеңілдету қабілеті туралы мәліметтер әлі де аз. Сонымен қатар бактериялардың ферменттік жүйелері мен генетикалық механизмдерінің пестицидтерді түрлендіруде және минералдаудағы рөлі зерттелді. Әдеби деректерді талдау негізінде Pseudomonas бактерияларының экологиялық биотехнологиядағы маңызды биологиялық кешен екендігі расталды. Оларды пестицидтермен ластанған топырақ пен су экожүйелерін тазарту үшін қолдану, қоршаған ортаны тұрақты басқарудың тиімді стратегияларының бірі болып табылады.

507-518 21
Аңдатпа

Мақалада қайталама ақуыз шикізатын қышқылды-ферментативті өңдеу әдісін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Жұмыстың мақсаты – биологиялық белсенділігі жоғары ақуыз гидролизі негізінде құрғақ пептон алудың технологиялық режимдері мен параметрлерін әзірлеу. Зерттеу нысаны гидролиз әдістері болды. Жануарлар протеазаларының ферменттік кешенінің гидролиздеу әсерінің ет және балық шикізатының қасиеттерінің өзгеруіне әсері зерттелді. Шикізатты ферментативті гидролиздеудің оңтайлы технологиялық режимдері мен параметрлері анықталды. Зерттеулерде жалпы қабылданған химиялық, органолептикалық, биохимиялық әдістер қолданылды. Гидролизаттың физика-химиялық, органолептикалық, биохимиялық көрсеткіштері зерттелді. Ақуыз гидролизатының сапалық көрсеткіштері нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Зерттеу нәтижелері мал шаруашылығы шикізатын өңдеу барысында ақуызды гидролиздеу үшін қолданылатын болады. Қосалқы өнімдерді өндіріске тарту шикізаттың барлық құнды компоненттерін бөліп алуға мүмкіндік береді, ферменттер кешенімен өңдеу кезінде пайдаланылатын ет және балық шикізатының ақуыз фракцияларының ыдырау дәрежесін арттыру есебінен гидролиздің тереңдігі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы қайта өңдеу кәсіпорындарында бактериялық қоректік ортаның негізі ретінде пайдалану үшін ақуыз гидролизаттарының жетілдірілген технологиясын пайдалану болып табылады.

518-525 17
Аңдатпа

Дәстүрлі сүт өнімдері ұзақ уақыт бойы сүтқышқылды бактериялардың (СҚБ) негізгі көзі болып келді. Алайда қазіргі тағамдық биотехнологияның даму үрдістері, оның ішінде лактозасыз және функционалды тағам өнімдерін жасау, осы микроорганизмдердің балама өсімдік текті көздерін іздеу қажеттілігін туындатады. Осы әдеби шолудың мақсаты – бидай өскіндерімен ассоциацияланған сүтқышқылды бактериялар туралы заманауи ғылыми мәліметтерді жинақтау, олардың биотехнологиялық әлеуетін талдау, сондай-ақ оларды бөліп алу және молекулалық идентификациялаудың жарияланған әдістерін қарастыру. Әдеби деректерді талдау негізінде бидай ұлпаларында мекендейтін Lactobacillus, Pediococcus және Weissella туыстарына жататын эндофитті сүтқышқылды бактериялардың ерекшеліктері, сондай-ақ олардың өсімдік шикізатын ферментациялау үдерістеріндегі рөлі қарастырылды. Ғылыми жарияланымдарға сәйкес, бидай өскіндерінің ерте даму кезеңі (ұзындығы 1–3 см) эндофитті СҚБ зерттеу үшін перспективалы нысан ретінде қарастырылады, себебі бұл кезең микроорганизмдердің жоғары метаболикалық белсенділігімен және сыртқы микрофлорамен ластану деңгейінің төмен болуымен сипатталады. Әдебиеттерде сипатталған штамдардың биоактивті қосылыстарды синтездеу, антиоксиданттық және антимикробтық қасиеттер көрсету, сондай-ақ дәнді дақылдар негізіндегі өнімдердің функционалдық құндылығын арттыру қабілеттері туралы мәліметтер жинақталды. Қорытындылай келе, бидай өскіндерінен ассоциацияланған эндофитті сүтқышқылды бактерияларды жаңа буын функционалды тағам өнімдерін, биоконсервация технологияларын және жаңа өсімдік текті ашытқыларды әзірлеуде қолдану перспективалы бағыт болып табылады.

525-534 19
Аңдатпа

Клиникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруде емдік қасиеті бар, тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары, әртүрлі ауруларды алдын алуға ықпал ететін шикізат түрлеріне соңғы уақытта ғалымдардың назары артып келеді. Нарықтағы көптеген дақылдармен салыстырғанда химиялық құрамы жағынан ерекше және тағамдық құндылығы жоғары шикізаттардың бірі амарант дәні болып табылады. Осыған орай, бұл жұмыста амарант дәндерінің химиялық құрамы мен функционалдық қасиеттері зерттелініп, оның клиникалық мақсаттағы өнімдер өндірісінде қолданылу мүмкіндіктері мен маңыздылығы бағаланды. Зерттеу нәтижесінде амарант дәндері, әсіресе астық дақылдарында жетіспейтін лизинге бай, сондай-ақ треонин, валин және басқа алмастырылмайтын аминқышқылдары да жеткілікті мөлшерде екендігі анықталынды. Минералдардың ішінен кальций, магний, темір және калий жоғары мәнді көрсетті, ал дәрумендердің ішінен Е дәруменінің жоғары мөлшері анықталынды және 1 кг шаққандағы мөлшері 11,29 мг құрады. Амарант липидтерінің май қышқылдық құрамында зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қанықпаған май қышқылдарының қаныққан қышқылдардан басым екендігі анықталынды. Қанықпаған май қышқылдарының ішінен линол қышқылы мен олейн қышқылдарының мөлшері басым екендігі зерттелініп, сәкесінше 34,56% және 24,82% көрсетті. Сонымен қатар амарант дәндерінде уытты заттар (Pb, As, Cd, Hg) мөлшері анықталмады. Осылайша, амарант дәндері жоғарыда атап өткен қасиеттері бойынша тағамдық және функционалдық қасиеттерінің жоғары екендігі анықталып, алдағы уақытта мамандандырылған өнімдер, яғни энтералды тамақтануға қолданылатылатын қолайлы өсімдік шикізаты ретінде қарастыруға негіз бола алады.

534-543 20
Аңдатпа

Осы мақалада маш бұршақтары мен ноқат қосылған қой етінің қосымша өнімдеріне негізделген паштет рецептурасын әзірлеу сипатталған. Зерттеу барысында өсімдік компоненттерінің, өнімнің органолептикалық, физика-химиялық және технологиялық қасиеттеріне әсері жан-жақты зерттелді. Өндірістің технологиялық сызбасы әзірленіп, пайдаланылған шикізаттың тағамдық құндылығы мен функционалдық ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Сонымен қатар, ет өнімдерінде бұршақ тұқымдас дақылдарды қолданудың ғылыми және практикалық артықшылықтары негізделді.
Зерттеу нәтижелері бойынша өнімнің оңтайлы рецептурасы анықталып, оның тағамдық құндылығының жоғарылауы, құрылымдық-механикалық қасиеттерінің жақсаруы және өндіріс шығындарының төмендеуі дәлелденді. Химиялық құрам мен технологиялық көрсеткіштерді талдау өсімдік компоненттерінің ет жүйесінің эмульгирлеу қабілетін арттырып, біртекті әрі тұрақты паста тәрізді құрылым қалыптастыратынын көрсетті. Маш бұршақтары мен ноқатты пайдалану өнімдегі май мөлшерін азайтып, тағамдық талшықтар, дәрумендер мен минералдардың деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сенсорлық бағалау нәтижелері әзірленген өнімнің дәмі, иісі, түсі және консистенциясы бойынша жоғары көрсеткіштерге ие екенін көрсетті. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастарды пайдалану өнімнің су байланыстыру және май ұстау қабілеттерін арттырып, сақтау барысында сапалық көрсеткіштердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Алынған нәтижелер ет және өсімдік тектес шикізатты тиімді үйлестіру арқылы жоғары сапалы, қауіпсіз және экономикалық тұрғыдан тиімді өнім өндіруге болатынын дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері әзірленген паштеттің функционалдық және диеталық қасиеттері жоғары өнім ретінде тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолдану әлеуетін растайды және жаңа ет-өсімдік өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге негіз болады.

543-553 19
Аңдатпа

Мақалада «Нәрлі-көже» қышқыл сүтті сусынының технологиясын әзірлеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау тұжырымдамасын іске асырумен және функционалдық тағам өнімдерінің ассортиментін кеңейту қажеттілігімен негізделеді. Негізгі шикізат ретінде сиыр сүті, күріш, тары және арпа жармалары пайдаланылды. Ашытқы ретінде YO-MIX 300TM300 LYO 100 DCU өндірістік ашытқысы қолданылды.
Тәжірибелік рецептуралар сынақтан өткізіліп, жоғары органолептикалық көрсеткіштерімен, біркелкі консистенциясымен және тағамдық құндылығының жоғарылығымен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін сүт және өсімдік текті шикізаттың оңтайлы арақатынасы анықталды. Зерттелген нұсқалардың ішінде № 2 рецептура сапа көрсеткіштері бойынша ең жоғары нәтижелер көрсетті.
Зерттеу нәтижелері әзірленген сусын құрамында адам денсаулығын қолдауға қажетті нәруыздар, майлар, көмірсулар, тағамдық талшықтар, дәрумендер мен минералдық заттардың бар екенін көрсетті. Өнімнің сақтау мерзімі 7 тәулікке дейін жететіні анықталды, ал оның ең жоғары сапа көрсеткіштері 36 сағат бойы сақталды.
Өнім тағамдық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша зерттеліп, олардың белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келетіні анықталды. Алынған қышқыл сүтті сусын кеңінен тұтынуға, соның ішінде диеталық және профилактикалық тамақтануда пайдалануға, сондай-ақ функционалдық тағам өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ұсынылады.
Әзірленген өнімге «Қышқыл сүтті сусын және оны өндіру тәсілі» атты пайдалы модельге №11751 патенті алынды.

554-565 22
Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстанда йод тапшылығынан болатын бұзылыстарды алдын алуға арналған перспективалы функционалдық өнім ретінде йодказеин түрінде йодпен байытылған ашытылған сүт сусынының (йогурттың) жан-жақты бағалауын ұсынады. Зерттеудің өзектілігі – тұзды міндетті йодтауға қарамастан, халықтың тағамында йод тапшылығының тұрақты мәселесі және елде дәстүрлі тұтынылатын осы микроэлементтің жаңа тағам көздерін анықтау қажеттілігі. Зерттеудің мақсаты – йодпен байытылған өнімнің қоректік құндылығы мен микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу. Зертханалық жағдайда пастеризацияланған сиыр сүтіне порциясына 25 мкг мөлшерінде йод қосылып, Streptococcus thermophilus және Lactobacillus delbrueckii subsp. Bulgaricus штаммдарымен егіліп, ферментация мен пісіру процесінен өткізілді. Өнімнің 100 г-ына 25 мкг йодокэзин қосу – ең тиімді доза екені анықталды. Талдау бекітілген ұлттық стандартта әдістеріне (физико-химиялық және микробиологиялық параметрлер, йод мөлшері) сәйкес жүргізілді. Алынған мәліметтер өнімнің барлық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетінін көрсетеді. Йод қосу өнімнің технологиялық сипаттамаларына әсер етпеді. Әзірленген йодталған йогурт – тұтынушыларға таныс қасиеттерін жоғалтпай, йод тапшылығын алдын алуда тиімді қолдануға болатын қауіпсіз, тұрақты және функционалдық тұрғыдан жетілдірілген өнім. Алынған нәтижелер технологияны Қазақстанның тамақ өнеркәсібінде өнеркәсіптік қолдану әлеуетін растайды.

565-573 23
Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты – Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылы маңынан жиналған Salicornia europaea өсімдігінен алынған ұнтақтың физика-химиялық, минералдық және функционалды-технологиялық қасиеттерін зерттеу және оны тағам өнімдерінде табиғи тұз алмастырғыш ретінде қолдану мүмкіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зерттеу барысында өсімдік шикізатының ылғалдылығы 2,61%, жалпы күл мөлшері 15,17% екендігі анықталды. Минералдық құрамды талдау нәтижесінде натрий (Na) – 32,89% және хлор (Cl) – 33,51% элементтерінің басым екендігі, сондай-ақ Mg, Si, K және Ca элементтерінің бар екендігі көрсетілді. Ұнтақтың биологиялық белсенді қосылыстары анықталып, жалпы фенолдар мөлшері 2,41%, флавоноидтар мөлшері 1,37% болды. Ситалық талдау нәтижелері ұнтақтың негізгі бөлігі 0,25-0,5 мм фракциясына тиесілі екенін көрсетті, ал микроструктуралық зерттеу бөлшектер бетінің кеуекті құрылымымен сипатталатынын анықтады. Ұнтақтың ісіну коэффициенті 3,2 болып, су байланыстыру қабілетінің жоғары екендігін көрсетті. Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша токсикалық элементтер, пестицид қалдықтары және микробиологиялық көрсеткіштер нормативтік талаптарға сәйкес келді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – Түркістан облысы Созақ ауданы аумағында өсетін Salicornia europaea өсімдігінен алынған ұнтақтың химиялық құрамы мен функционалды-технологиялық қасиеттерінің кешенді түрде зерттелуі және оның тағам өнеркәсібінде табиғи тұз алмастырғыш ретінде қолдану мүмкіндігінің ғылыми тұрғыдан негізделуі болып табылады. Алынған нәтижелер Salicornia europaea ұнтағының табиғи тұз алмастырғыш және функционалды ингредиент ретінде тағам өнеркәсібінде қолдануға перспективалы екенін дәлелдейді.

574-584 18
Аңдатпа

Мақалада бидай ұнын өнген бидай дәндерінің сублимациялық кептірілген ұнтағымен алмастыру арқылы дайындалған құс етінен жасалған пісірілген сосискаларды әзірлеу нәтижелері келтірілген. Зерттеудің мақсаты өсімдік текті ингредиентті енгізудің дайын өнімнің тағамдық құндылығына, физика-химиялық, функционалдық-технологиялық, құрылымдық-механикалық және органолептикалық көрсеткіштеріне әсерін бағалау болды. Бақылау үлгісі бидай ұнын қолдану арқылы дайындалса, тәжірибелік үлгі өнген бидайды жібіту, өндіру, сублимациялық кептіру және ұнтақтау арқылы алынған ұнтақ қосу арқылы өндірілді. Зерттеу нәтижелері тәжірибелік үлгіде ақуыздың массалық үлесі 13,9%-дан 14,4%-ға, күл мөлшері 2,15%-дан 2,25%-ға, көмірсулар, оның ішінде тағамдық талшықтар 2,6%-дан 3,0%-ға дейін артқанын көрсетті, ал энергетикалық құндылығы аздап төмендеді. pH және су белсенділігі көрсеткіштері технологиялық тұрғыдан рұқсат етілген шектерде болды. Өсімдік компонентін енгізу ылғал ұстап тұру қабілетінің 108%-дан 120%-ға, май ұстап тұру қабілетінің 160%-дан 175%-ға дейін артуына, сондай-ақ қайнатудан кейінгі шығымның 93,8%-дан 96,1%-ға дейін жоғарылауына ықпал етті. Тәжірибелік үлгінің органолептикалық бағасы 23,6 балды құрады. Алынған нәтижелер өнген бидайдың сублимациялық кептірілген ұнтағын функционалдық бағыттағы қайнатылған шұжық өнімдерінің тағамдық құндылығы мен технологиялық тұрақтылығын арттыру мақсатында қолданудың тиімділігін дәлелдейді.

584-593 18
Аңдатпа

Мақалада аллергияға қарсы әсері бар емдік-профилактикалық мақсаттағы еттен жасалған туралған жартылай фабрикаттарды өндіру технологиясын әзірлеу мәселелері қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ететін, тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары функционалдық өнімдердің жаңа түрлерін жасаудың қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты – жоғары сапалы, теңгерімді химиялық құрамға ие және емдік қасиеттері бар ет өнімдерінің рецептуралық құрамын ғылыми негіздеу және оңтайландыру.
Зерттеу барысында жануар және өсімдік текті шикізаттардың тағамдық құрамы, биологиялық құндылығы және технологиялық қасиеттері зерттелді. Негізгі шикізат ретінде сиыр еті, құс еті, сүт өнімдері, көкөністер, дәнді дақылдар және дәрумендер мен минералдық заттарға бай өсімдік компоненттері пайдаланылды. Математикалық модельдеу әдістерінің көмегімен сүзбе, күріш және жеміс-көкөніс қоспалары қосылған ет зраздарының бірнеше рецептуралық нұсқалары әзірленді. Зерттеу нәтижелері табиғи биологиялық белсенді компоненттерді қолдану өнімнің тағамдық құндылығын арттыруға, аминқышқылдық құрамын жақсартуға және оның функционалдық қасиеттерін күшейтуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Әзірленген өнімдер емдік-профилактикалық тамақтану жүйесінде қолдануға перспективалы болып табылады.

593-600 17
Аңдатпа

Мақалада ұсақ және жұқа майдалау сатылары бір жұмыс кеңістігінде әрі бір жетектен дәйекті түрде орындалатын құрама қондырғыда ет-сүйекті шикізатты жұқа майдалау процесінің математикалық моделі ұсынылған. Модель Бингамның реологиялық денесі негізінде құрылған, сүйек қосындыларының лездік қайтымсыз деформациясын сипаттайтын элементпен толықтырылған және дәйекті жалғанған екі контур түрінде берілген; әрбір контур ығысу кезіндегі серпімділік модулімен, пластикалық тұтқырлығымен, аққыштық шегімен және лездік қайтымсыз деформация шегімен сипатталады. Контурлар бойынша ығысу жылдамдықтарын қосу эквивалентті (келтірілген) сипаттамалары бар ықшам теңдеуге әкеледі; бұл теңдеу кескіш механизмнің кинематикасымен байланыстырылып, процесс қуатын шекті ығысу кернеуі, кесу ауданы, пышақтардың радиусы мен айналу жиілігі арқылы өрнектеуге мүмкіндік береді. Модельдің сәйкестігі пенетрация әдісімен үш мәрте қайталанған сегіз тәжірибеде тексерілді: есептік Фишер критерийі Fi = 0,29164 кестелік Fкест = 1,02 мәнінен төмен (f1 = 3, f2 = 4, α = 0,1). Пышақтардың 16,7 с⁻ ¹ ұтымды айналу жиілігінде қондырғының өнімділігі 151,3 кг/сағ болды (бақылауда – 96,3 кг/сағ), 100-150 мкм бөлшектердің үлесі 36 %-ға қарсы 68 % құрады, меншікті энергия шығыны 31,15-тен 22,14 кВт·сағ/т-ға дейін төмендеді.

601-608 17
Аңдатпа

Қазіргі таңда жаһандық урбандалу және дұрыс тамақтанудың шектелуі теңгерімсіз тамақтану мен созылмалы аурулардың таралуына әсер етуде. Құндық көрсеткіші төмендетілген функционалдық тағам өнімдерінің жаңа технологияларын әзірлеу үшін екінші реттік ет шикізатын маңызды қосылыстармен және бейорганикалық элементтермен байыта отырып терең өңдеу өзекті болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты жалпы масса құрамына 10%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде жасымық ұнын қосу арқылы байытылған жаңа туралған жартылай дайын өнімдерді (котлеттерді) зерттеу болды. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылды: өнім өндіру технологиясын әзірлеу, сенсорлық бағалау жүргізу, органолептикалық және физика-химиялық қасиеттерін анықтау, сондай-ақ макро- және микроэлементтердің құрамын сканерлеуші электрондық микроскоп және индуктивті байланысқан плазмалы масс-спектрометрия әдісі арқылы зерттеу.
Екінші реттік шикізат ретінде ірі қара малдың субөнімдері – тіл, бүйрек, жүрек және месқарын пайдаланылды. Сонымен қатар отандық өсімдік шикізаты – жасымық (Lens culinaris) қолданылды. Органолептикалық және сенсорлық көрсеткіштер бойынша құрамында 70% ет субөнімдері және 30% жасымық ұны бар үлгі ең тиімді нұсқа ретінде таңдалды.
Зерттеу нәтижелері жасымық ұнын рецептураға енгізу ақуыздардың, көмірсулардың және минералдық заттардың мөлшерін арттыру арқылы котлеттердің тағамдық құндылығын жоғарылататынын көрсетті. Макро- және микроэлементтердің болуы масс-спектрометриялық әдіс және сканерлеуші электрондық микроскоп көмегімен анықталды. Ақуыз мөлшері бақылау үлгісіндегі 17,07±0,72 г/100 г көрсеткішпен салыстырғанда 17,95±1,15-тен 20,93±1,25 г/100 г аралығында өзгерді. Көмірсулар мөлшері бақылау үлгісіндегі 3,09±0,30 г/100 г көрсеткішпен салыстырғанда 3,64±0,33-тен 7,91±0,72 г/100 г аралығында болды.
Зерттелген үлгілерде натрий (16,68-23,45%), магний (0,89-2,15%), фосфор (5,09-9,48%), калий (8,14-13,50%) және кальций (0,75-2,25%) сияқты минералдық компоненттер анықталды. Жасымық ұнымен байытылған әзірленген ет жартылай дайын өнімі ақуыздарға, минералдық заттарға және дәрумендерге бай функционалдық тағам өнімі ретінде ұсынылуы мүмкін.

609-617 10
Аңдатпа

Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы йогуртқа қосылатын табиғи қантты табиғи тәттілендіргіштермен алмастыру арқылы ешкі сүтінен әзірленген йогурттың рецептурасын және өндіру технологиясын жетілдіруге арналған. Зерттеу барысында өнімнің төрт үлгісі дайындалып алынды: қант қосылған йогурттың бақылау үлгісі, топинамбур сығындысы, эритрит ұнтағы жәнне стевия сығындысы қосылған үлгілер дайындалды. Йогуртты ұйытындыны бақылау әдісімен өндірілді, содан кейін дайын өнімнің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері бағаланды. Табиғи тәттілендіргіш қосылған йогуртттардың көрсеткіштері бақылау үлгісіне сәйкес болды. Құрғақ заттардың мөлшері 15,4-тен 15,7% -ға дейін, титрленетін қышқылдығы 93-тен 106 °T-ге дейін, рН 4,5-тен 4,7-ге дейін, майдың массалық үлесі 4,0-ден 4,3% -ға дейін, лактоза 4,5-тен 4,8% -ға дейін, ақуыз 3,3-тен 3,5% -ға дейін өзгерді. Табиғи тәттілендіргіштерді қолдану йогуртты ұйыту процесіне немесе негізгі сапа параметрлеріне кері әсер етпестен органолептикалық қасиеттерін жақсартты. Топинамбур қосылған үлгі карамельді дәм мен қоңыр реңкті, эритрит қосылған үлгі сергітетін тәтті дәмді, ал стевия қосылған үлгі тәтті жеңіл қышқыл дәмі тәтті өнім болып табылды. Зерттеу нәтижелері ешкі сүтінен жасалған йогурт өндірісінде қажетті физика-химиялық және органолептикалық сипаттамаларды сақтай отырып, ақ қантты табиғи тәттілендіргіштермен алмастыру мүмкіндігін растайды. Зерттеу нәтижесінде ешкі сүті негізінде табиғи тәттілендіргіштер стевия, эритритол және топинамбур қосылған сүтқылды сусынның құрамындағы қанттың мөлшері аз және органолептикалық көрсеткіштері әртүрлә болатын сүтқышқылды өнімдер өндіруге негіз бола алады.

ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКАСЫ

618-626 18
Аңдатпа

Табиғи материалдардан жасалған кеуекті жабындардың жылулық жүктемелері олардың қасиеттеріне байланысты зерттелді. Зерттелген 26 жану камерасы мен саптамадан құрылғы таңдалды және металл бетіне шашырату үшін ұнтақ пен термитпен қоректендіру схемасы әзірленді. Жабындар тотықтырғыш артығының коэффициенті α<1 кезінде шашыратылды, ал жану камерасы мен саптамалардан шығатын дыбыстан жылдам пульсациялы жоғары температуралы детонациялық факелдер арқылы кеуекті жабын бетінде жанармайдың кейінгі жануы орын алды. Жабын бетіндегі меншікті жылулық ағындар кәдімгі ағындармен салыстырғанда 2 және одан да көп есе жоғары болды. Детонация құбылысы бір мезгілде жабын жасаудың нығайту технологиясы болып табылады. Жеті учаскеден тұратын құрылымдық спинді детонация байқалды; көлденең жылдамдықтың еңіс бұрышы 45 градусқа жақын, жылдамдықтың өзі детонация жылдамдығына жақын. Жабын бетіндегі қысымның тербеліс жиілігі шамамен 200 Гц. Кеуекті беттер жоғары критикалық жүктемелерге ие және шекті режимдер аймағында жақсы басқарылады. Жабындардың жылотехникалық бағалауы дәстүрлі жүйелер алдындағы артықшылықтарын растады. Детонациялық толқынның жабынмен өзара әрекеттесу моделі әзірленді және жабынның температурасы анықталды.

626-633 16
Аңдатпа

Мақалада жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау тәуекелдерін ғылыми түсіну құрылымы талданады. Web of Science дерекқорының (2015–2025) 4823 басылымының библиометриялық талдауы негізінде үш тұрақты тақырыптық кластер анықталды және белгісіздік жағдайында жүйені оңтайландыру парадигмасының басымдығы көрсетілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы жүйенің өзектілік индексін – библиометриялық желінің топологиясына негізделген тәуекелдерді азайту стратегияларын сандық бағалауға арналған метриканы әзірлеуде жатыр; ғылыми басымдықтар мен инвестициялық тәжірибе арасындағы алшақтық анықталды: бірқатар технологиялар үшін ол нормаланған шкала бойынша +0,6-ға жетеді. Үш кезеңдегі (2015-2018; 2019-2021; 2022-2025) жарияланымдардың динамикалық талдауы зерттеу күн тәртібіндегі реттеуші тәсілдерден жүйелік тәуекелдерді инженерлік басқаруға ауысуды тіркеді. Тор түзетін инверторлар мен машиналық оқыту алгоритмдері ғылыми салада орталық орын алатыны, нарыққа енуден 5–10 жылға озып кететіні көрсетілген, бұл инвестициялық саясаттың перспективалы бағыттарын көрсетеді.

633-643 14
Аңдатпа

Бұл жұмыста микродоғалық оксидтеу әдісімен АМГ6 алюминий қорытпасы бетінде алынған оксидті жабындардың қалыптасу процестері, құрылымы, фазалық құрамы және пайдалану қасиеттері кешенді түрде зерттелді. Өңдеу электрлік және жылулық режимдердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін импульстік қорек көзі мен температураны бақылау жүйесі бар зертханалық қондырғыда жүргізілді. Құрамы әртүрлі силикатты-сілтілі электролиттерді қолдану жабындардың морфологиясы мен қасиеттерін мақсатты түрде басқаруға мүмкіндік берді. Растрлық электрондық микроскопия және энергодисперсиялық талдау әдістері тығыз ішкі тосқауылдық қабаты және дамыған кеуекті сыртқы қабаты бар көпқабатты оксидті жабындардың қалыптасуын көрсетті. Жабындардың қалыңдығы 27-33 μm аралығында болды. Рентгенфазалық талдау энергиясы жоғары өңдеу режимдерінде алюминий оксидінің кристалдық модификациялары мен алюмосиликатты муллит фазасының түзілетінін растады. Трибологиялық сынақтар микродоғалық оксидтеудің әртүрлі режимдері әртүрлі функционалдық артықшылықтарды қамтамасыз ететінін көрсетті. Al-3 жабыны үйкеліс коэффициентінің ең төмен мәнімен (0,45-0,50) сипатталса, Al-1 жабыны ең аз тозу ауданын көрсетті. Электрохимиялық өлшеулер Al-1 жабынының зерттелген жабындар арасында коррозиялық ток тығыздығының ең төмен мәнімен сипатталып, ең жоғары коррозияға төзімділікке ие екенін де көрсетті. Алынған нәтижелер микродоғалық оксидтеудің оңтайлы режимін болжанатын пайдалану жағдайларына қойылатын нақты трибологиялық және коррозиялық талаптарды ескере отырып таңдау қажеттігін көрсетеді.

643-663 18
Аңдатпа

Мақалада техникалық жүйелердегі суару және бүрку құрылғыларының жұмыс істеуінің гидродинамикалық және жылуфизикалық аспектілеріне арналған заманауи зерттеулерге шолу ұсынылған. Жұмыстың мақсаты суару құрылғыларының конструкциялық, гидродинамикалық және жылуфизикалық параметрлерінің бүрку сипаттамалары мен жылу- және массаалмасу тиімділігіне әсері туралы заманауи ғылыми көзқарастарды жүйелеу болып табылады. Бүркілген ағынның қалыптасуын анықтайтын негізгі факторлар, соның ішінде жұмыс қысымы, сұйықтық шығыны, саптама геометриясы, бүріккіш түрі, тамшылардың өлшемі мен жылдамдығы, бүрку алауының ашылу бұрышы, сұйықтықтың таралу біркелкілігі және жұмыс ортасының қасиеттері қарастырылған. Суару құрылғыларының тиімділігі тек шығын мен қысыммен ғана емес, сонымен қатар тамшылы ағын құрылымымен және оның газдық ортамен, толтырмамен немесе жылуалмасу бетімен өзара әрекеттесу жағдайларымен анықталатыны көрсетілген. Тамшылы спектр, суару тығыздығы, саптаманың орналасуы, беттің күйі және жылуалмасу режимі шешуші рөл атқаратын бүрку арқылы салқындату мәселелеріне ерекше назар аударылған. Градирнялар мен буландырғыш жүйелер үшін жылу- және массаалмасу тиімділігін анықтайтын негізгі факторлардың бірі ретінде судың біркелкі таралуының маңызы көрсетілген. Сонымен қатар саптамалардағы ішкі ағынды және бүрку алауының қалыптасуын зерттеуге арналған CFD-модельдеу мүмкіндіктері қарастырылған. Суару құрылғыларын жобалау және оңтайландыру кезінде гидродинамикалық, жылуфизикалық және пайдалану параметрлерін кешенді түрде ескеру қажеттілігі туралы қорытынды жасалған.

663-670 21
Аңдатпа

Жұмыста γ-сәулеленудің кремний диоксидінің адсорбциялық қасиеттеріне әсері зерттелді. SiO2 бетінде оттегінің гамма-адсорбциясының спектралдық және температуралық тәуелділіктері анықталды, сәулеленудің гидроксилдік қабат күйіне ықпалы қарастырылды, парамагниттік және адсорбциялық орталықтар арасындағы өзара байланыс айқындалды, сондайақ радиациялық адсорбциядағы қоспалардың рөлі белгіленді. Вакуумда жүргізілген γ-сәулелену ИҚспектрдің түрін өзгертеді: оқшауланған және сутекпен байланысқан гидроксил топтарының (3750, 3605 см⁻¹) интенсивтілігі азаяды, су молекуласының деформациялық тербеліс аймағында жаңа жолақтар (1555, 1520, 1380 см⁻¹) пайда болады. γ-кванттарымен сәулеленген SiO2-ге (сәулелену дозасы 24 кГрей) оттегі жіберілгенде 3750 см⁻¹ жолақтың интенсивтілігі төмендейді. Сонымен қатар жұтылу максимумының аз жиіліктер жағына бірнеше см⁻¹-ге ығысуы байқалады.
Зерттеулер нәтижесінде γ-сәулеленген SiO2-нің ИҚ-спектрлерін талдау барысында мынадай құбылыстар анықталды: γ-сәулелену әсерінен дегидро қышқылдандыру және дегидрлеу процестері жүреді. Сонымен қатар, оттегінің γ-адсорбциясы кезінде басқа адсорбция түрлерімен қатар қалдық органиканың радиолизі жүріп, нәтижесінде әртүрлі формиаттәрізді қосылыстар мен су түзіледі.
SiO2 бетінің алдын ала активтендірілуі 200, 400, 600 және 800°C температураларда жүргізілді. Адсорбциялық сыйымдылықтың температуралық тәуелділігі 400–600 °C аралығында минимумға ие екендігі байқалды. Алдын ала прокалка температурасы артқан сайын γ-адсорбция жылдамдығы да, жалпы адсорбцияланған оттегінің мөлшері де өседі. Бұл температураларда ИҚспектроскопия деректері бойынша гидроксил топтарының бұзылуы жүреді.
Термодесорбциялық зерттеулер газ бөліну жылдамдығының максимумдары 100–120 °C және 200-400 °C аралығында байқалатынын көрсетті. Бұл бірнеше типті адсорбция орталықтарының бар екендігін дәлелдейді: бірінші максимум әдетте Н-орталықтарға, ал екіншісі координациялық орталықтарға сәйкес келеді.
ЭПР-спектрдің дозалық тәуелділігі белгілі заңдылыққа бағынады: сигнал формасы өзгермей, олардың интенсивтілігі доза артқан сайын ұлғаяды.
Алдын ала γ-сәулеленген SiO2 бетінде оттегінің адсорбциясы парамагниттік орталықтардың санын арттырады, бұл оттегінің радикалды формада да адсорбцияланатынын көрсетеді.
Парамагниттік орталықтардың температуралық тәуелділігі айқын максимумға ие – шамамен 400 °C-та байқалады. 120 °C -ге дейінгі температураларда парамагниттік орталықтар іс жүзінде жойылмайды. Ал 240 °C температурада олар толықтай күйдіруге ұшырап, жоғалады. Бұл деректер SiO2 бетінде әртүрлі типтегі адсорбциялық орталықтардың бар екенін және олардың тұрақтылығы температураға тәуелді екенін дәлелдейді.

670-678 16
Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі күрделі изотоптық құрамымен және қалдық белсенділігінің жоғары деңгейімен ерекшеленетін БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын (ПЯО) ұзақ уақыт сақтау кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген. Жұмыстың мақсаты – әртүрлі авария сценарийлерінде ПЯО-ны сақтау контейнерінің қорғаныш және ішкі конструктивтік элементтері зақымдалған кезде радиациялық ахуалды бағалау.
Жұмыста Монте-Карло әдісімен үш өлшемді модельдеу әдістері, сондай-ақ қабырғалары мен ішкі элементтерінің жергілікті бұзылуын, отынды қайта бөлуді және отын таблеткаларының төгілуін қоса алғанда, контейнердің бұзылуын сценарийлік талдау қолданылады. Дозаның қуатын және γ-сәулелену ағындарының тығыздығын есептеу сәулеленудің барлық шашырау және сіңіру процестерін ескере отырып жүргізілді.
Модельдеу нәтижесі контейнердің ішкі конструкциясының бұзылуы контейнердің биіктігі бойынша да, одан белгілі бір қашықтықта да доза өрісінің бірнеше есе ұлғаюына, γ-сәулеленудің айқын анизотропиясының және доза қуатының жергілікті шыңының қалыптасуына әкелетінін көрсетті. Бұл радиациялық қауіпсіздікті сақтау үшін ішкі элемент тұтастығының маңызды рөлін көрсетеді.
Зерттеу қорытындылары радиациялық тәуекелді бағалау, контейнерлердің жай-күйін бақылау регламенттерін әзірлеу және БН-350 ПЯО-ны ұзақ уақыт сақтау кезінде персоналды қорғау шараларын жоспарлау үшін пайдаланылуы мүмкін.

679-686 19
Аңдатпа

Жұмыста токарлық өңдеуден кейінгі әртүрлі маркалы коммерциялық қатты қорытпалы токарлық пластиналардың пайдалану қасиеттеріне кешенді салыстырмалы бағалау жүргізілді. Кескіш жиектің тозу механизмдері растрлық электрондық микроскопия (SEM) және энергиядисперсиялық рентгендік спектрлік талдау (EDS) әдістерімен зерттелді. Сонымен қатар, аспаптық индентирлеу әдісі арқылы жабындардың микрқаттылығы мен серпімділік модулі анықталды, ал прогрессивті скретч-сынақ әдісімен олардың адгезиялық беріктігі бағаланды. Зерттеу нәтижелері жабындардың бұзылу сипаты абразивтік және адгезиялық тозу механизмдерінің бірлескен әсерімен анықталатынын көрсетті. Бұл құбылыстар кескіш жиектің жергілікті мүжілуімен, кратерлік тозудың түзілуімен және өңделетін материалдың аспап бетіне тасымалдануымен қатар жүреді. Ең жоғары микрқаттылық мәндері (2258-2261 HV) YBC252 сериялы пластиналарда анықталды, бұл олардың пайдалану барысында жабынның аз дәрежеде бұзылуымен сәйкес келеді. Скретч-сынақ нәтижелері жоғары қаттылыққа ие жабындардың механикалық бұзылуға төзімділігі мен адгезиялық беріктігінің жоғары екенін көрсетті. Алынған нәтижелерді кешенді талдау жабындардың механикалық қасиеттері, олардың бұзылу механизмдері және коммерциялық қатты қорытпалы токарлық пластиналардың пайдалану төзімділігі арасында өзара байланыс бар екенін анықтауға мүмкіндік берді.

687-702 17
Аңдатпа

Электрондық жабдықтың (ЭЖ) сенімділігі авиация, ғарыш, медициналық және телекоммуникация салаларында маңызды параметр болып табылады, мұнда ақаулар елеулі экономикалық және қауіпсіздік салдарына әкеледі. Дәстүрлі стендтік сынақ әдістері нақты әлемдегі жұмыс әсерлерінің толық спектрін - діріл, жылу циклі, электромагниттік кедергілерді қамтымайды, бұл жасырын ақаулардың анықталмай қалуына әкеледі. Бұл мақалада ЭЖ сенімділігін жұмыс жағдайында тікелей тексеру әдістері мен құралдарына жүйелі сыни шолу ұсынылған. 2015-2024 жылдарға арналған Scopus, IEEE Xplore, Web of Science және eLIBRARY.RU дерекқорларында дереккөздерді іздеу жүргізілді; PRISMA критерийлерін қолдана отырып, терең талдау үшін 50 басылым таңдалды. Дереккөз деректер жиынтығының библиометриялық талдауы жүргізілді: басым ғылыми мектептер, ең көп басылымдары бар журналдар және ЭЖ әдістері бойынша мақалалар санының өсу динамикасы (2019-2024 жылдар аралығында жылына +38%) анықталды. Әдістердің төрт негізгі класы талданады - BIST, PHM/болжау, жеделдетілген тестілеу (HALT/ALT) және машиналық оқыту әдістері, сондай-ақ гибридті тәсілдер. Авторлардың мәлімдеген қалдық өмірді болжау (RUL) дәлдік көрсеткіштері сыни тұрғыдан салыстырылады: зертханалық деректер жиынтығындағы дәлдіктің жүйелі түрде шамадан тыс бағалануы және нақты жүйелерге ауыстырылған кезде айтарлықтай нашарлауы анықталды. Әдебиеттердегі үш негізгі шешілмеген қайшылық анықталды: зертханалық және пайдалану жағдайларындағы PHM әдістерінің нәтижелері арасындағы сәйкессіздіктер; болжамдық модельдердің сапасын бағалау үшін бірыңғай метрикалардың болмауы; және дәлдік өлшеу жүйелеріне (гироскоптар, IMU) арналған тәсілдердің жеткіліксіздігі. Әрі қарай зерттеулерге арналған ұсыныстар тұжырымдалған.

702-714 21
Аңдатпа

Мақалада Шығыс Қазақстан облысы мысалында орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде интеллектуалды жылу желілерін (Smart Heating Network, SHN) енгізу тиімділігін бағалаудың кешенді тәсілі ұсынылған. Зерттеу нысаны ретінде тозу деңгейі жоғары және жылу шығындары айтарлықтай болатын «Шығыс Жылу» АҚ жылумен жабдықтау жүйесі қарастырылған. Құбыр желілерінің жай-күйі, гидравликалық және температуралық режимдер талданып, жылу энергиясын тасымалдаудағы тиімсіздіктің негізгі себептері анықталды. Цифрлық датчиктерді, автоматтандырылған жылу пункттерін және болжамды басқаруды пайдалануға негізделген SHN енгізу тұжырымдамасы ұсынылды. SHN қолдану жылумен жабдықтау режимдерін өзгермелі жүктемелерге бейімдеуді, жылу шығындарын азайтуды және жүйенің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететіні анықталды. Цифрлық шешімдерді енгізудің техникалық-экономикалық негізділігі дәлелденді. Интеллектуалды басқаруды интеграциялау жылу энергиясын 15–30% үнемдеуге мүмкіндік беретіні көрсетілді. Жұмыстың практикалық маңызы жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту бойынша ұсынымдар әзірлеуде көрінеді.

715-722 20
Аңдатпа

Қатты радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз кондиционерлеу және ұзақ мерзімді сақтау үшін тұрақты қалдық формаларын алу атом энергетикасы объектілерін пайдаланудан шығару кезіндегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы жұмыстың мақсаты БН-350 реакторын пайдаланудан шығару кезінде пайда болатын қатты радиоактивті қалдықтарды модельдейтін имитаторды пайдалана отырып, цемент матрицасын толтырудың оңтайлы дәрежесін анықтау болды. Зерттеу барысында құрамында 15, 25 және 40 мас.% қатты радиоактивті қалдық имитаторы бар цемент компаундтары дайындалды. Үлгілердің физикалықмеханикалық қасиеттерін бағалау үшін микроқаттылық, сығымдау кезіндегі беріктік шегі және бұзылу сипаты зерттелді. Нәтижелер имитатор мөлшерінің цемент компаундтарының құрылымдық жай-күйі мен механикалық сипаттамаларына елеулі әсер ететінін көрсетті. Микроқаттылық пен сығымдау кезіндегі беріктіктің ең жоғары мәндері имитатор құрамы 15 мас.% болған жағдайда анықталды, бұл цемент матрицасының неғұрлым біртекті және берік құрылымының қалыптасуымен түсіндіріледі. Имитатор құрамын 25 мас.%-ға дейін арттыру механикалық қасиеттердің белгілі бір төмендеуіне әкелгенімен, олардың мәндері радиоактивті қалдықтардың цементтелген түрлеріне қойылатын талаптарға сәйкес деңгейде сақталды. Ал 40 мас.% имитатор кезінде цемент компаундының құрылымдық тұтастығы мен механикалық беріктігінің айтарлықтай төмендеуі байқалды. Алынған нәтижелер қатты радиоактивті қалдықтарды иммобилизациялауға арналған цемент матрицаларының құрамын оңтайландыру және оларды кондиционерлеу технологияларының тиімділігін арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

723-731 21
Аңдатпа

Бұл жұмыста TiO₂ /күнбағыс майы негізіндегі наномайлардың тығыздығы нанобөлшектердің 2, 4, 6 және 8 масс.% концентрацияларында, 20-60°C температура аралығында зерттелді. Үлгілер еріткіш-дисперсиялық әдіспен дайындалды: TiO₂ нанобөлшектері күнбағыс майы–гексан жүйесіне енгізіліп, қоспа магниттік араластырғышта араластырылды, содан кейін 30% қуатта 30 минут бойы ультрадыбыспен диспергирленді, ал гексан ротациялық буландырғышта жойылды. Тығыздық DIGIPOL-D50 цифрлық тығыздық өлшегішімен анықталды. Әрбір температуралық нүктеде бес қайталама өлшеу жүргізілді, бұл алынған нәтижелердің сенімділігін арттырып, эксперименттің қайталанғыштығын бағалауға мүмкіндік берді. TiO₂ массалық концентрациясының артуы наномай тығыздығын жоғарылататыны, ал температураның жоғарылауы оның біртіндеп төмендеуіне әкелетіні анықталды. 20 °C температурада тығыздық 2 масс.% үшін 917 кг/м3 мәнінен 8 масс.% үшін 974 кг/м3 мәніне дейін өсті. Бұл заңдылық TiO₂ нанобөлшектерінің меншікті тығыздығы базалық өсімдік майымен салыстырғанда жоғары болуымен түсіндіріледі. Температуралық тәуелділіктер ρ = a + bT сызықтық регрессиялық моделімен сипатталды; 6 және 8 масс.% үлгілері үшін детерминация коэффициенті R2 = 0,98462 болды. Pak-Cho моделімен салыстыру TiO₂ мөлшері артқан сайын ауытқудың өсетінін көрсетті: MAPE 6%-дан 22%-ға дейін артты. Алынған деректер жұмыс сұйықтықтарының тығыздығы туралы нақты мәліметтер қажет болатын жылуалмастырғыш жүйелерді жобалауда қолданылуы мүмкін. Бұл наномай құрамын таңдауда және оның нақты пайдалану жағдайларындағы мінез-құлқын болжауда ерекше маңызды.

732-741 20
Аңдатпа

Табиғи материалдардан жасалған жабындары бар салқындату жүйесінің шекті жылулық жүктемелері тотықтырғыш артығының коэффициентіне, жылу құралының сипаттамалары мен материал қасиеттеріне байланысты зерттелді. Зерттеулер бет балқуымен және онсыз жұмыс істейтін материалдарға (туф, мрамор) маңызды. Жылу құралы мен ұнтақты жалату шарттары таңдалды, жылу құралын қоректендірудің ығыстыру схемасы және эксперимент жүргізу шарттары әзірленді. Жабындардың деформациясы мен бұзылу үдерістері голография әдісімен қарастырылды. Детонациялық ағын алауының құрылымы тіркелді; кедергідегі тотықтырғыш артығының коэффициенті бірден аз, жанармайдың кейінгі жануы орын алды, бөлшектерді шашырату үдерісі 6 есеге дейін қарқындалды. Жабын бетіндегі меншікті жылулық ағындар сопло кесігінен 4×10⁻² м қашықтықта ағын осі бойынша (5÷12) МВт/м² құрады. Бұзылудың алдын алатын жоғары температуралы детонациялық ағындардан қорғайтын экрандар жасалды. Тең деформациялардың интерференциялық сызықтары туф пен мрамор жабындарының әртүрлі ауытқуларын диагностикалады. Шекті жылулық ағын 1,2×10⁶ Вт/м² кезінде 2,2 с ішінде өлшемі 2,5×10⁻³ м каверна пайда болған жабынның бұзылуы көрсетілді. Голографиялық зерттеулер жабынның ықтимал деградация үдерісін модельдейді және оның қызмет мерзімін болжайды.

741-748 16
Аңдатпа

Бұл мақалада 65Г болатының құрылымы мен қасиеттеріне плазмалық шынықтыру параметрлерінің әсері зерттелген. Материалды жергілікті жоғары жылдамдықпен қыздыру және кейіннен өздігінен салқындату арқылы плазмалық өңдеудің беткі қабатта беріктендірілген қабат алуға тиімді екендігі көрсетілді. Зерттеулер плазмалық доға тогының 130-150 А және плазма түзуші газ шығынының 0,22-0,25 л/мин аралығындағы мәндерінде жүргізілді, бұл технологиялық параметрлердің қалыптасқан қабаттың сипаттамаларына әсерін бағалауға мүмкіндік берді. Құрылымдық және фазалық құрамды талдау үшін рентгендік дифракция және сканерлеуші электрондық микроскопия әдістері қолданылды, ал болаттың механикалық және трибологиялық сипаттамалары микроқаттылық өлшегіш пен трибометр көмегімен бағаланды. 65Г болатының бастапқы күйі мен плазмалық беттік өңдеуден кейінгі қасиеттеріне салыстырмалы зерттеу жүргізілді. Алынған нәтижелер плазмалық шынықтыру нәтижесінде мартенсит пен қалдық аустениттен тұратын, бастапқы құрылымға біртіндеп өтетін градиентті микрокұрылым қалыптасатынын көрсетті. Қатайған қабаттың максималды микрокаттылығы шамамен 670-700 HV0.1 мәніне жетеді. Сонымен қатар, өңделген қабаттың тозу жылдамдығы бастапқы күймен салыстырғанда 5-6 есе төмендейтіні анықталды. Зерттеу нәтижелері плазмалық шынықтырудың 65Г болатының беттік қасиеттерін жақсартудың тиімді әдісі екенін және оның қолдану әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.

748-754 19
Аңдатпа

Өсімдік майлары негізіндегі наносұйықтықтарға қойылатын негізгі талаптардың бірі – қолайлы реологиялық сипаттамаларды сақтай отырып, жылу әкету тиімділігін арттыру. Осы жұмыста TiO2 және Al2O3 нанобөлшектерінің күнбағыс майының жылуөткізгіштік коэффициенті мен кинематикалық тұтқырлығына әсері салыстырмалы түрде зерттелді. 293-323 K температура аралығында нанобөлшектердің 4 және 8 масс.% концентрациялары қарастырылды. Нанобөлшектердің екі түрін де енгізу базалық сұйықтықтың жылуөткізгіштігін арттыратыны анықталды, бұл ретте TiO2 анағұрлым айқын әсер көрсетті. 4 масс.% TiO2 үшін жылуөткізгіштік коэффициентінің салыстырмалы артуы 8,2-8,5%-ды құраса, дәл осындай концентрациядағы Al2O3 үшін бұл көрсеткіш 6,1-6,4%-ды құрады. 8 масс.% концентрацияда өсім тиісінше 14,0-14,3 және 12,0-12,4% болды. Сонымен қатар, нанобөлшектерді қосу кинематикалық тұтқырлықтың артуымен қатар жүрді. Ең жоғары өсім 8 масс.% Al2O3 үшін байқалып, 95-97%-ды құрады, ал 8 масс.% TiO2 үшін бұл көрсеткіш 64-65 % аралығында болды. Алынған нәтижелер зерттелген жағдайларда TiO2 және Al2O3-пен салыстырғанда жылуөткізгіштіктің артуы мен тұтқырлық сипаттамаларының неғұрлым қолайлы үйлесімін қамтамасыз ететінін көрсетті. Байқалған айырмашылық фазааралық қабаттың түзілуі, нанобөлшектердің қозғалғыштығы және олардың майлы ортада агрегациялану ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылды.

754-765 19
Аңдатпа

Ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару кезінде түзілетін металл қатты радиоактивті қалдықтарды (ҚРҚ) қайта өңдеу көмуге жататын қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік беретін өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Зерттеуде БН-350 реакторының металл ҚРҚ-сын қайта өңдеу үшін электрошлактық қайта балқыту (ЭШҚБ) әдісін қолдану мүмкіндігін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Эксперимент бұрын ИВГ.1М зерттеу реакторының болат жалын құбырларын радиоактивті ластанудан тазарту кезінде сынақтан өткен ЭШҚБ қондырғысында жүргізілді. БН-350 реакторының ҚРҚ үлгілерінің бірінің имитаторы ретінде өлшемі Ø50×5 мм болатын 12Х18Н10Т болатынан жасалған құбыр фрагменті пайдаланылды. Эксперимент алдында қондырғыны дайындау, жұмсалатын электродты орналастыру және шлак ваннасын қалыптастыру жұмыстары орындалды. Қайта балқыту барысында қондырғының электрлік параметрлері тіркеліп, процестің жүру ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Нәтижесінде 2,3 кг металл қайта балқытылып, диаметрі шамамен 60 мм цилиндр пішінді құйма алынды. Тіркелген ток пен кернеу мәндерін талдау процестің бастапқы кезеңіндегі тұрақсыздық электрод пен кристаллизатордың мыс кокилі арасындағы қысқа тұйықталулармен байланысты болғанын көрсетті. Қысқа тұйықталулар сақиналы саңылаудың аз болуынан және ондағы флюс мөлшерінің жеткіліксіздігінен туындаған. Қондырғының қолданыстағы конфигурациясы құбыр тәрізді металл бұйымдарды қайта балқытуға мүмкіндік беретіні анықталды, алайда қайта өңделетін үлгілердің геометриялық өлшемдері кристаллизатор параметрлерімен және қажетті сақиналы саңылау шамасымен шектеледі. Өлшемдері мен пішіні өзгеше ҚРҚ-ны қайта өңдеу үшін тиісті геометриялық және конструкциялық параметрлері бар кристаллизаторларды әзірлеу қажет.

ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ (ТҮПНҰСҚА МАҚАЛА)

766-776 21
Аңдатпа

CO2-ні электрхимиялық тотықсыздандыруға (CO2RR) арналған белсенді мыс катализаторларын бағытты түрде алу үшін сүт қышқылы-натрий додецилсульфаты жүйесіндегі мыс электркристалдануының нуклеация-өсу заңдылықтары зерттелді. Электрхимиялық зерттеулер циклдық вольтамперометрия және хроноамперометрия әдістерімен жүргізілді. Мыс тұнбалары 0,04 М CuCl2 + 3 М C3H6O3 + 0,14 М SDS (pH 4,0) ерітіндісінен шыны көміртек электродына –0,35 В потенциалда және 60 °C температурада алынды. Тұндыру потенциалының – 0,15 В-тен – 0,35 В-қа дейін теріс ығысуы нуклеация орталықтарының түзілуін жеделдетіп, бөлшек радиусының 12,57-ден 1,34 мкм-ге дейін төмендеуіне әкелді.

Құрылымдық-морфологиялық талдау алынған мыс тұнбаларының көпқырлы құрылым түзетінін және Cu(111) басым кристаллографиялық бағдарланумен сипатталатынын көрсетті. CO2-мен қанықтырылған 0,5 М NaHCO3 ерітіндісінде бұл мыс тұнбалары поликристалды коммерциялық мыс электродымен салыстырғанда CO2RR-дің жоғары катодтық ток тығыздығын қамтамасыз етті. Электрхимиялық импеданстық спектроскопия (EIS) нәтижелері, заряд тасымалдау кедергісінің 107,8-ден 36,5 Ом·см2-ге дейін төмендеуі наноқұрылымды мыс бетінде электрод/электролит шекарасында заряд тасымалданудың жеңілдегенін көрсетті. Осылайша, сүт қышқылы- натрий додецилсульфаты ортасында электртұндыру арқылы алынған құрылымы реттелетін мыс тұнбалары CO2-нің электртотықсыздану реакциясына арзан әрі перспективалы электркатализаторлар ретінде қарастырылуы мүмкін.

776-784 20
Аңдатпа

Cirsium туысына жататын өсімдіктер биологиялық белсенді қосылыстардың перспективті көздері ретінде қарастырылып, фитохимиялық және фармакогностикалық зерттеулерде үлкен қызығушылық тудырады. Олардың ішінде Cirsium vulgare және Cirsium arvense Қазақстан аумағында кең таралған және халық медицинасында дәстүрлі түрде қолданылып келеді. Бұрын жүргізілген зерттеулерде бұл туыс өкілдерінің құрамында фенолды қосылыстар, май қышқылдары, дәрумендер және басқа да екіншілік метаболиттер бар екендігі көрсетілген, алайда аталған түрлер бойынша салыстырмалы фитохимиялық мәліметтер әлі де шектеулі.
Зерттеудің мақсаты Cirsium vulgare және Cirsium arvense өсімдіктерінің су-этанолды экстракттарындағы физика-химиялық көрсеткіштер мен биологиялық белсенді қосылыстарға салыстырмалы талдау жүргізу болды. Май қышқылдарының құрамы жалынды-ионизациялық детекторы бар газды хроматография әдісімен анықталды, фенолды қосылыстардың жалпы мөлшері Фолин-Чокальтеу спектрофотометриялық әдісі арқылы бағаланды, ал С дәруменінің мөлшері жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы әдісімен зерттелді. Стандартты аналитикалық әдістерге сәйкес өсімдік шикізатының ылғалдылығы мен жалпы күл мөлшері анықталды.
Зерттелген түрлердің фитохимиялық құрамында айқын айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Экстракттар құрамынан жалпы жиырма бір май қышқылы анықталды. Cirsium arvense құрамында линолен қышқылы мен С дәруменінің мөлшері жоғары болса, Cirsium vulgare құрамында жалпы фенолды қосылыстардың, сондай-ақ линол, эйкозен және пальмитин қышқылдарының мөлшері басым болды. Биологиялық белсенді қосылыстардың жиналуындағы анықталған айырмашылықтар метаболизмнің түрлік ерекшеліктерімен және қоршаған орта жағдайларымен байланысты болуы мүмкін.Зерттеу Cirsium туысының жергілікті өкілдерінің фитохимиялық құрамы туралы мәліметтерді толықтырады. Нәтижелер дәрілік өсімдік шикізаты мен биологиялық белсенді қосылыстарға байланысты болашақ фармакогностикалық, фитохимиялық және қолданбалы зерттеулер үшін алдын ала салыстырмалы деректер ретінде қарастырылуы мүмкін.

785-796 16
Аңдатпа

Мақалада LaSrCuVMnO7.5 құрамды қосылысының термодинамикалық және электрфизикалық сипаттамаларын зерттеу нәтижелері ұсынылған.
LaSrCuVMnO7.5 құрамды қосылысы жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігі ИТ-С-400 сериялық калориметрінде 298.15-673 К температуралар аралығында зерттелді. Жылу сыйымдылықтың температураға тәуелділігін сипаттайтын полином теңдеулері фазалық ауытқуларды ескере отырып анықталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей қосылыс 373 және 523 К температураларда, мүмкін II-текті ауысуға жататын λ-тәрізді әсерлер байқалады. Иондық инкременттер негізінде стандартты энтропиясы анықталып, әрі қарай зерттеліп отырған қосылыстың термодинамикалық функцияларының температураға тәуелділіктері H°(T) – H°(298,15), S°(T), Ф**(Т) жылу сыйымдылық теңдеулері көмегімен анықталды.
Электрфизикалық сипаттамалардың (диэлектрлік өтімділік пен электрліккедергі) температураға тәуелділіктерін зерттеу LaSrCuVMnO7.5 құрамды қосылысының электрсыйымдылығын LCR (Тайвань) сериялық құрылғысында 1, 5 және 10 кГц жұмыс жиіліктерінде, құрғақ ауада үздіксіз, әрбір бекітілген температурада белгілі бір уақыт ұстай отырып, термостаттық режимде өлшеу арқылы жүргізілді. Жоғары температура аймағында (шамамен 413 К және одан жоғары) электрлік сипаттамалардың күрт өзгеруі тіркелді, бұл фазалық ауысудың бар екендігін көрсетуі мүмкін, сондай-ақ өткізгіштік механизмдерінің және поляризациялық процестердің өзгеруімен қатар жүреді.
Зерттеу барысында қол жеткізілген деректер жиынтығы LaSrCuVMnO7.5 қосылысының теродинамикалық қасиеттерін болжауға арналған модельдеудің бастапқы негізін қалыптастырып, сондай-ақ қосылыстың зертханалық тәжірибелік үлгісін құжаттауға қажет маңызды ақпараттық база ретінде қызмет етеді.

796-804 16
Аңдатпа

Терең эвтектикалық еріткіштер (ТЭЕ) – экологиялық қауіпсіздігі, төмен уыттылығы және физика-химиялық қасиеттерін бағытты реттеу мүмкіндігі арқасында жасыл химия мен тұрақты дамуда кеңінен қолданылатын жаңа буын жүйелер. Жұмыстың мақсаты – глицерин негізіндегі ТЭЕ жүйелерін синтездеп, олардың физика-химиялық, спектрлік және термиялық сипаттамаларына компоненттер табиғаты мен молярлық қатынастың әсерін кешенді зерттеу.
Зерттеу барысында глицерин-лимон қышқылы (1:1-1:4) және глицерин-малон қышқылы (1:2-1:4) негізінде барлығы 7 эвтектикалық жүйе синтезделді. 1:2 молярлық қатынасы тұтқырлық пен термиялық тұрақтылықтың қолайлы теңгерімін көрсетті. Тығыздық ρ = 1,30-1,36 г/см³, тұтқырлық (25 °C) η = 550-1100 мПа·с аралығында өзгереді.
ИҚ-спектрлер гидроксил жолағының Δν = -30…-70 см⁻¹ төмен жиілікке ығысуы арқылы күшті сутектік байланыстардың түзілгенін көрсетті.
TGA/DTG/DSC зерттеулері ең жоғары термиялық тұрақтылықты глицерин–лимон қышқылы 1:2 жүйесі көрсеткенін анықтады (Tonset = 230 °C). Тиісті таза қышқылдармен салыстырғанда балқу температурасының төмендеуі ΔTm = -114…-125 °C құрап, эвтектикалық жүйелердің түзілуін растады.

804-812 24
Аңдатпа

Битумның өндіру және пайдалану процесіндегі қартаюы оттекті функционалдық топтардың түзілуіне, қаттылығының артуына және жол жабынының пайдалану қасиеттерінің төмендеуіне алып келеді. Осыған байланысты қартаюға ұшыраған битумның қасиеттерін қалпына келтіруге арналған тиімді әрі экологиялық қауіпсіз реювенаторларды әзірлеу асфальтбетонды регенерациялау технологияларындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл жұмыста олеин қышқылы мен имидазолин негізінде өсімдік текті реювенатор синтезделіп, оның БНД 70/100 маркалы қартаюға ұшыраған битум қасиеттеріне әсері зерттелді. Биоқоспа RTFOT әдісімен қысқа мерзімді қартаюға ұшыратылған битумға 1, 3 және 5 масс.% мөлшерінде енгізілді. Реювенатордың әсері ИҚ Фурье-спектроскопиясы, термогравиметриялық талдау және стандартты физика-механикалық сынақтар әдістерімен бағаланды.
FTIR талдауы карбонил және сульфоксид топтарына сәйкес келетін жұтылу жолақтарының қарқындылығы өзгеретінін көрсетті, бұл реювенатор компоненттерінің битум матрицасымен өзара әрекеттесуін дәлелдейді. Термогравиметриялық талдау модификацияланған үлгілердің 400°С-қа дейін жоғары термиялық тұрақтылығын сақтайтынын көрсетті. Биоқоспаны енгізу пенетрация мен созылғыштық көрсеткіштерінің артуына және жұмсару температурасының төмендеуіне ықпал етті. Ең жоғары тиімділік реювенатордың 5 масс.% мөлшерінде байқалды.
Алынған нәтижелер әзірленген өсімдік текті реювенаторды қартаюға ұшыраған битум тұтқырларының пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру және асфальтбетонды регенерациялау технологияларының тиімділігін арттыру үшін қолданудың перспективалы екенін көрсетті.

813-822 23
Аңдатпа

Жұмыста модификацияланған лигносульфонаттарды Сәтбаев кен орнының (Қазақстан) ильменит кенін селективті байытуға арналған флотациялық реагенттер ретінде қолдану мүмкіндігі зерттелді. Бастапқы кен құрамында силикатты бос жыныстардың мөлшері жоғары (SiO₂ – 71,5%) және TiO₂ мөлшері салыстырмалы түрде төмен (6,8%) болғандықтан, селективті жинағыштарды қолдану қажеттілігі туындайды. Модификацияланған лигносульфонаттардың үш сериясы синтезделді: терең сульфирленген (LS-S), пероксидті-тотықтырылған (LS-O1) және перманганатты-тотықтырылған (LS-O2). Реагенттер ИҚ-Фурье-спектроскопиясы, беттік керілу мен ζ-потенциалды өлшеу әдістерімен сипатталды.
Ең жоғары флотациялық көрсеткіштер натрий лигносульфонатын перманганатты тотықтыру арқылы алынған LS-O2 реагенті үшін анықталды. Аталған реагент үшін максималды шығым мен селективтілік, ең теріс ζ-потенциал (-31 мВ) және ең төменгі беттік керілу (40,9 мН/м) тіркелді. Ильменит флотациясының тиімділігіне пульпа pH-ының, реагент шығынының және температураның әсері зерттелді. Процестің оңтайлы шарттары: pH 7,5, LS-O2 шығыны – 0,25 кг/т және температура 30°C болып анықталды. Осы параметрлер кезінде ильмениттің шығымы 73,4%, концентраттағы TiO₂ мөлшері 20,8% және селективтілік 81,0% болды.
Алынған нәтижелер модификацияланған лигносульфонаттарды төмен титанды ильменит кендерін флотациялық байыту үшін тиімді әрі салыстырмалы түрде қолжетімді реагенттер ретінде қолданудың перспективалы екенін көрсетеді.

823-832 19
Аңдатпа

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) әлем бойынша ең кең таралған жұқпалы аурулардың бірі болып табылады, ал COVID-19 пандемиясы жаңа терапевтік баламаларды әзірлеудің өзекті қажеттілігін одан әрі айқындады. Соңғы in vitro зерттеулер Artemisia annua L. этанолдық экстрактларының SARS-CoV-2-ге қарсы синергетикалық көпкомпонентті механизмдер арқылы тежеуші белсенділігін көрсетті. Осы зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының (ҚР МФ), Еуропалық фармакопея мен АҚШ фармакопеясының талаптарына сәйкес изомальтты фармацевтикалық негіз ретінде пайдалана отырып, Artemisia annua L. биоактивті экстракттары негізінде стандартталған дәрілік карамель пастилкасын әзірлеу болды. Шикізат 2025 жылғы шілде–тамыз айларында жаппай гүлдеу кезеңінде Алматы облысы, Қазақстан, Іле Алатауының етегінде жиналды. Физика-химиялық сипаттама кептіру кезіндегі массасының жоғалуы 6,5%, экстрактивті заттардың мөлшері 40,2% және атомдықабсорбциялық спектрометрия бойынша ауыр металдардың толық болмауын растады. Эфир майының шығымы 0,4% (к./м., абсолютті құрғақ шикізатқа қайта есептегенде) құрады, бұл ретте 1,8-цинеолдың мөлшері газды хроматография–масс-спектрометрия (ГХ-МС) әдісімен 8,6% құрады. Этанолдық экстрактты ГХ-МС әдісімен профильдеу 50-ден астам биологиялық белсенді қосылысты анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде камфора (9,35%) және 1,8-цинеол (8,60%) басым болды. Антимикробтық, саңырауқұлаққа қарсы және иммуностимуляциялық қасиеттері бар тритерпен көмірсутегі, сквален анықталуы ерекше маңызға ие. Экстракт пен изомальттың оңтайлы 1:2 қатынасы ҚР МФ стандарттау параметрлерінің барлық бесеуіне сәйкес келетін термиялық тұрақты, этанолсыз, диабетпен үйлесімді дәрілік форманы алуға мүмкіндік берді: органолептикалық қасиеттер, масса біркелкілігі (орташа масса 1,7084 г; ең жоғары ауытқу <0,05%), ыдырау (<10 мин) және су мөлшері (<2,0%). Әзірленген дәрілік форма педиатриялық, егде жастағы және қант диабеті бар науқастарға қолдануға жарамды, тұрақты және қолжетімді балама болып табылады.

832-839 19
Аңдатпа

Мақалада нефелин кенi мен қызыл шлам қоспасын карбонатты-гидротермиялық белсендірудің сілтілік шаймалау алдындағы алюмосиликатты шикізатты алдын ала минералогиялық дайындаудың тиімді әдісі ретіндегі зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеудің өзектілігі алюминийдің алыну дәрежесін арттыру және сілтілік жүйелердегі калийдің мінез-құлқын реттеу мақсатында табиғи және техногендік шикізатты кешенді өңдеу тиімділігін жоғарылату қажеттілігімен негізделеді. Нефелин кені мен қызыл шламның массалық қатынасы 1:1 болатын қоспаны 260 °C температурада натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен өңдеудің әсері зерттелді. Белсендіру барысында елеулі минералогиялық түрленулер жүретіні анықталды, олар шамамен 19 масс.% канкринит пен 2,8 масс.% бемиттен тұратын екіншілік фазалардың түзілуімен қатар жүреді, бұл бастапқы алюмосиликаттардың ішінара қайта кристалданғанын көрсетеді. Белсендірілген материалды одан әрі өңдеу үшін кальций қосылған екі сатылы сілтілік шаймалау сызбасы ұсынылды, ол бірінші сатыда калийді селективті түрде жоюды, ал екінші сатыда алюминийді қарқынды түрде бөліп алуды қамтамасыз етеді. Минералогиялық түрленулер материалдың реакциялық қабілетін арттырып, негізгі компоненттердің қатты және сұйық фазалар арасындағы таралуын өзгертетіні көрсетілді. Қол жеткізілген глиноземді алу дәрежесі 92–94%-ды, ал калийді жою деңгейі 82-87%-ды құрайды. Алынған нәтижелер фазалық түрленулер мен бағалы компоненттерді бөліп алу тиімділігі арасындағы тығыз байланысты растайды және күрделі алюмосиликатты материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтардан глинозем өндірудің кешенді технологияларын жетілдірудің ғылыми негізін қалыптастырады.

839-848 18
Аңдатпа

B₂O₃–Al–C және B₂O₃–Mg–C жүйелерінде механохимиялық және өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез (ӨЖС) кезінде бор карбидінің түзілу заңдылықтары зерттелді. B₂O₃–Al–C жүйесін механохимиялық өңдеу планетарлық шарлы диірменде 350–500 айн/мин айналу жылдамдығында, 30–90 мин өңдеу ұзақтығында және шарлар массасының ұнтақ шихта массасына қатынасы (BPR) 10-30 болған жағдайда жүргізілді. Механикалық активтендіру ұнтақ қоспасының ұсақталуы және құрылымдануымен, сондай-ақ бороалюминаттық, оксидтік және карбидтік фазалардың түзілуімен жүретін қатты фазалық түрленулердің дамуымен қатар жүретіні анықталды. 450 айн/мин, 30 мин және BPR = 20 режимінде алынған өнімде рентгендік фазалық талдау арқылы Al₁₂B₆O₃₆, Al₂O₃, қалдық Al және алюминий-көміртекті фазамен қатар B₄C фазасы анықталды.
ӨЖС кезінде тотықсыздандырғыш металдың табиғаты жану параметрлері мен фазатүзілуге елеулі әсер ететіні анықталды. B₂O₃–Al–C жүйесі үшін фронт температурасы 2640-2750 °C, таралу жылдамдығы 6,0-8,9 мм/с болды, ал B₂O₃–Mg–C жүйесінде температура шамамен 3000 °C-қа, фронт жылдамдығы 10,9 мм/с-қа дейін жетті. Зерттелген өнімдердегі B₄C-тың ең жоғары мөлшері алюмотермиялық жүйе үшін 4 масс. %, магнийтермиялық жүйе үшін 5 масс. % құрады. ӨЖС өнімдерінде B₄C-пен қатар құрамы тотықсыздандырғыш табиғатына тәуелді оксидтік және бораттық фазалар түзіледі. Көпкомпонентті өнімдерден бор карбидін селективті химиялық өңдеу арқылы кейіннен бөліп алу мүмкіндігі көрсетілді. Алынған нәтижелер B₄C-құрамды материалдарды бағытталған түрде қалыптастыру үшін механикалық активтендіру мен металлотермиялық ӨЖС-ті үйлестірудің перспективалылығын көрсетеді.

849-857 12
Аңдатпа

Металлургия өнеркәсібіндегі техногендік қалдықтар көлемінің артуы құрылыс материалдарында оларды қайта пайдалануға бағытталған технологиялық шешімдерді іздеуді қажет етеді. Бұл зерттеу қорғасын өндірісі қалдықтарын портландцемент өндірісінде технологиялық қоспа ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Зерттеу Standard Steel KZ (Шымкент) компаниясының қорғасын өндірісі қалдықтарына бағытталған. Материалдардың химиялық және фазалық құрамы XRF және XRD әдістерін қолдана отырып талданды. Қоспаның клинкерді ұнтақтауға, цемент тасының құрылымының қалыптасуына және цементтің беріктік қасиеттеріне әсері де зерттелді. Қалдықтардың құрамында цемент жүйесіндегі гидратация және құрылымның қалыптасу процестеріне қатыса алатын минералды компоненттер бар екені анықталды. Ең айқын оң әсер 10% қоспа қосқанда байқалды, бұл цементтің меншікті бетінің ауданының ұлғаюына және сығылу беріктігінің артуына әкелді. Алынған нәтижелер қорғасын өндірісі қалдықтарын цемент технологиясында экологиялық және технологиялық тұрғыдан пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.

858-874 14
Аңдатпа

Бұл мақалада күміс нанобөлшектерін (AgNPs) «жасыл» синтездеудің қазіргі заманғы тәсілдері, сондай-ақ сорбенттердің негізгі түрлері, оларды модификациялау әдістері және биомедициналық қолдану перспективалары қарастырылған. Күміс нанобөлшектері (AgNPs) бактерияға қарсы, қабынуға қарсы қасиеттері айқын көрінетін ең перспективалы наноматериалдар класының бірі болып табылады. Алайда оларды алудың дәстүрлі физикалық және химиялық әдістері улы реагенттерді қолданумен, жоғары температуралармен және едәуір энергетикалық шығындармен байланысты, бұл олардың экологиялық және практикалық қолданылуын шектейді.
Осыған байланысты соңғы жылдары өсімдік экстракттарын, микроорганизмдерді және табиғи биополимерлерді қолдануға негізделген «жасыл» синтез тәсілдері қарқынды дамуда. Өсімдіктердің биологиялық белсенді қосылыстары, соның ішінде полифенолдар, флавоноидтар, терпеноидтар, қанттар және ақуыздар, күміс нанобөлшектерін түзу кезінде табиғи тотықсыздандырғыш әрі тұрақтандырғыш агенттер ретінде қызмет етеді. AgNPs-ті әртүрлі сорбциялық материалдарға иммобилизациялау ерекше қызығушылық тудырады, себебі бұл бөлшектердің агрегациясын азайтып, олардың коллоидтық тұрақтылығын арттыруға және күміс иондарының бақыланатын босап шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сорбенттер негізіндегі күміс нанокомпозиттері жараларды емдеуге арналған таңғыштарда, дәрілік заттарды жергілікті жеткізу жүйелерінде, диагностикалық сенсорларда және бактерияға қарсы материалдарда жоғары әлеуетке ие.
Алынған нәтижелер «жасыл» синтез әдістері мен сорбциялық матрицаларды қолдану биомедициналық қасиеттері жақсартылған, экологиялық қауіпсіз және функционалды белсенді наноматериалдарды жасауға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

874-893 23
Аңдатпа

Мақалада суды тазарту үшін атмосфералық суық плазманың (ХАП) қазіргі мүмкіндіктеріне шолу жасалған. Өзектілік су объектілерінің тұрақты антропогендік заттармен – фармацевтикалық қосылыстармен, антибиотиктерге төзімділік гендерімен (ARG), микропластикпен, ауыр металл иондарымен және синтетикалық бояғыштармен ластануына байланысты. ХАП әсерінің физика-химиялық механизмдері қарастырылған: оттегі мен азоттың реактивті түрлерінің (RONS) генерациясы, УФ-сәулелену, импульстік электр өрістері, электрогидравликалық кавитация, сондай-ақ плазмамен белсендірілген су тұжырымдамасы. Негізгі реактор конфигурациялары – диэлектрлік кедергілік разряд (ДКР), атмосфералық плазмалық ағыс (АПА) және электрогидравликалық разряд (ЭГР) – олардың салыстырмалы сипаттамаларымен сипатталған. ХАП тиімділігі ластағыштардың төрт класы бойынша талданған. Антибиотиктер мен ARG үшін жою дәрежесі 72-99% және одан жоғарыға жетеді; микропластик үшін беттік тотығу және агрегация, сонымен бірге сорбцияланған поллютанттардың ыдырауы көрсетілген; ауыр металдар үшін – органометалл кешендерінің декомплексациясы және кейіннен тұндыру; синтетикалық бояғыштар үшін – 95%-дан астам түссіздену. Атап өткен жөн, ауыр металдар мен микропластик үшін ХАП негізінен ластағыштың химиялық түрі мен агрегаттық күйін түрлендіруді қамтамасыз етеді, ал оны судан нақты жою тұндыру, коагуляция немесе сүзу сияқты кейінгі кезеңдерде жүзеге асады; минерализацияға дейінгі қайтымсыз ыдырау негізінен органикалық ластағыштарға (антибиотиктер, бояғыштар) тән. ХАП дәстүрлі әдістермен (хлорлау, озондау, УФ, биологиялық тазарту) салыстырмалы талдауы жүргізілген. ХАП-тың басты артықшылығы – оның синергетикалық көп факторлы механизмі, бұл күрделі су матрицаларында әртекті ластағыштарды бір мезгілде ыдыратуға мүмкіндік береді, ал мұндай нәтижеге монофакторлы дәстүрлі әдістермен қол жеткізу мүмкін емес.

893-904 17
Аңдатпа

Бұл шолу жұмысы полиолефиндердің деструкциясы туралы соңғы ашық қолжетімді деректерді жүйелейді және полипропилен (ПП) мен полиэтиленнің (ПЭ), сондай-ақ бастапқы және қайталама материалдардың қартаю, өңдеу және қайта өңдеу кезіндегі айырмашылықтарына ерекше назар аударады. Талдауда фото-тотығу, термо-тотығу және термомеханикалық деструкция жолдары қарастырылып, олардың молекулалық архитектураға, молекулалық массаға, балқыма реологиясына, жылулық тұрақтылыққа және механикалық қасиеттерге әсері салыстырылды. Көрсетілгендей, полипропилен негізінен тізбектің үзілуі арқылы ыдырайды, өйткені үшінші реттік көміртек атомдары жоғары реакциялық қабілетке ие; соның салдарынан орташа молекулалық масса төмендеп, балқыма ағынының индексі көбіне артады. Полиэтиленде үзілу процестері тармақталумен және ішінара торланумен қатар жүреді, сондықтан тұтқырлықтың өзгерісі сызықтық емес сипат алып, тотығудың терең сатысында морттану қаупі өседі. Салыстырмалы деректер қайталама PE мен PP-де созылу беріктігі, соққыға төзімділік және үзілу кезіндегі салыстырмалы ұзару әдетте бастапқы материалдарға қарағанда төмендейтінін көрсетті. Дегенмен қоспа құрамын дұрыс таңдау, антиоксиданттық тұрақтандыру және реологияға негізделген сапаны бақылау қайта өңделген материалдардың қолданылу мүмкіндігін едәуір жақсартады. Практикалық тұрғыдан екіншілік полиолефиндерді бір ғана технологиялық көрсеткішке сүйенбей, деградация механизмдеріне негізделген кешенді диагностика арқылы, оның ішінде Фурье-түрлендіру инфрақызыл спектроскопиясы (FTIR), дифференциалды сканерлеуші калориметрия (DSC), эксклюзиялық хроматография (SEC), тотығу индукциясының температурасы (OIT) және реологиялық критерийлерді пайдалана отырып бағалау қажет.

904-914 17
Аңдатпа

Шығыс Қазақстан облысы Таган кен орнындағы бентонит балшықтары жоғары сорбциялық сыйымдылыққа ие болғандықтан тау-кен өнеркәсібі шахта суларынан ауыр металл иондарын, балық шаруашылығы үшін белгіленген шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) деңгейіне дейін тазарта алады. Дегенмен, бентонитті қолдану тазартылған судың лайлылығын арттырып, практикалық қолданылуына кедергі келтіреді.
Бұл мәселені шешу үшін суда еритін полиэлектролиттер (СЕП) – катиондық (Zetag-89) және аниондық (Magnoflok-156) полиакриамид туындыларын қолдану ұсынылады. Нәтижесінде, катиондық және аниондық СЕП-ді кезекпен енгізу арқылы жоғары компактизацияланған бірінші және екінші реттік флокулалар түзіледі. Бұл судың лайлылығын төмендетіп, ауыр металл иондарын сорбциялау тиімділігін сақтай отырып, тұндыру үрдісін жылдамдатады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы табиғи минералдар мен синтетикалық полимерлерді біріктіретін жаңа буын - органоминералды композициялық материалды өндірістік суларды ШРК дейін терең тазартуға мүмкіндік береді. Практикалық маңызы – ұсынылған технология тау-кен өнеркәсібі шахта суларын кешенді тазарту үшін қолдану мүмкіндігі, әрі қоршаған ортаны қорғаудың Халықаралық тұрақты даму концепциясына сәйкес келеді.

914-922 19
Аңдатпа

Бұл жұмыста медицина және фармацевтика саласында қолдануға кең әлеуеті бар гетероциклді қосылыстардың маңызды түрі болып табылатын 4H-1,2,4-оксадиазин-5(6H)-онның жаңа туындыларын синтездеудің жетілдірілген әдісі ұсынылған. Синтез N’-гидрокси-4-метилбензимид және N’-гидрокси-5-метилтиофен-2-карбоксимидидтің карбон қышқылдарының метил және этил галоген туындыларымен әрекеттесуіне негізделген. Зерттеу барысында диметиосульфоксид ерітіндісіндегі натрий трет-бутилатын бөлме температурасында қолдану 76%-ға дейінгі шығыммен мақсатты өнімдердің түзілуі кезіндегі тиімді цикл түзілуді қамтамасыз ететіні анықталды. Бастапқы амидоксимдердің ароматты немесе гетероциклді фрагментіндегі орынбасарлардың әсері реакцияның жүруіне айтарлықтай әсер етпейтіндігі анықталды, бұл ұсынылған тәсілдің жан-жақтылығын көрсетеді. Барлық синтезделген қосылыстар ядролық магниттік резонанс және жоғары дәлдіктегі масс-спектрометр сияқты заманауи талдау әдістерімен сипатталды, бұл олардың құрылымы мен тазалығын толық растады. Әзірленген әдіс улы реагенттерді немесе метал катализаторларын пайдалануды қажет етпейтіндіктен, жұмсақ жағдайларымен, реакцияны жүргізудің қарапайымдылығымен және экологиялық тазалығымен сипатталады. Алынған оксадиазин туындылары жоғары биологиялық қасиеті бойынша, бактерияға қарсы, ісікке қарсы және нейропроткеторлық қасиеттері бар перспективалы фармакофорлар ретінде ерекше қызығушылық тудырады. Жүргізілген бағытталған синтез нәтижелері құрылымды түрлендіру және жаңа гетероциклді жүйелердің биологиялық белсенділігін зерттеу бағытындағы ғылыми жұмыстарды әрі қарай дамытуға негіз болады.

923-934 13
Аңдатпа

Экологиялық талаптардың күшеюі және зиянды организмдердің төзімділігінің артуы жағдайында өнеркәсіптік қалдықтар негізінде экологиялық қауіпсіз өсімдіктерді қорғау құралдарын әзірлеу өзекті міндет болып табылады. Күкірт қышқылы өндірісінің күкіртқұрамды кектері биологиялық белсенді қосылыстар алуға арналған әлеуетті шикізат ретінде ерекше қызығушылық тудырады. Кальций гидроксидін пайдалана отырып, 90-95°C температурада және компоненттердің 2,5 : 1 : 10 арақатынасында күкіртті кекті сілтілік экстракциялау технологиясы әзірленді. Алынған кальций полисульфидтері негізіндегі полисульфидтік композиция зертханалық және далалық әдістерді (ұяшықтық және дискілі-диффузиялық әдістер, алма бақтарының фитосанитарлық мониторингі) қолдана отырып, антибактериялық, фунгицидтік және инсектицидтік белсенділігі бойынша зерттелді. Алынған құрамның Erwinia amylovora-ға қарсы дозаға тәуелді антибактериялық әсері бар екені анықталды, ал Fusarium sp. және Alternaria sp. қарсы айқын фунгицидтік белсенділік байқалмады. Далалық жағдайда алма дақылдарының негізгі зиянкестеріне қарсы жоғары инсектицидтік және акарицидтік тиімділік (90 %-ға дейін) тіркелді. Алынған нәтижелер өсімдіктерді фитосанитарлық қорғауға арналған көпфункционалды полисульфидтік композиция алу және екінші реттік ресурстарды ұтымды пайдалану үшін өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің перспективалы бағыт екенін растайды.

935-955 15
Аңдатпа

Шолуда органикалық қосылыстармен және ауыр металдармен ластанған топырақтарды ремедиациялау үшін суық (термиялық емес) плазманы қолдану жөніндегі заманауи зерттеулер жүйеленді. Плазмалық разрядтарда оттегі мен азоттың белсенді түрлерінің түзілу механизмдері, олардың кеуекті топырақ ортасында тасымалдануы және органикалық ластағыштардың тотығу деструкциясына, pH пен тотығу-тотықсыздану потенциалының өзгеруіне, сондай-ақ бейорганикалық компоненттердің химиялық формаларының трансформациясына қатысуы қарастырылды. Диэлектрлік тосқауылдық және тәждік разрядтар, тікелей және қашықтан әсер ету тәсілдері разряд параметрлерін, топырақтың ылғалдылығы мен қасиеттерін, ластағыштың табиғаты мен концентрациясын, өңдеу ұзақтығын және энергетикалық сипаттамаларды ескере отырып салыстырылды. Зертханалық зерттеулерде жекелеген органикалық ластағыштардың деструкция дәрежесі 85-99 %-ға жететіні көрсетілді, алайда бастапқы қосылыс концентрациясының төмендеуі әрқашан оның минералдану дәрежесіне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ремедиация тиімділігін қалдық концентрация, жалпы органикалық көміртек, трансформация өнімдері және энергетикалық шығындар бойынша бағалау қажет. Ауыр металдар үшін плазмалық әсер элементтің деструкциясы немесе жойылуымен емес, негізінен оның химиялық формаларының, қозғалғыштығының, шайылғыштығының және биожетімділігінің өзгеруімен байланысты. Әсер ету тәсіліне қарай металдардың иммобилизациясы да, олардың өсімдіктерге қолжетімділігінің өзгеруі де мүмкін. Суық плазмамен өңдеудің тиімділігі белсенді бөлшектердің ену тереңдігімен және топырақ ортасының біртекті еместігімен шектелетіні анықталды. Суық плазманың беткі және жер бетіне жақын ремедиацияның интеграцияланған технологияларының құрамдас бөлігі ретінде перспективалы екені және тиімділік пен энергия тұтыну критерийлерін стандарттау қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

955-963 18
Аңдатпа

Мақалада битумдау әдісімен төмен және орташа деңгейдегі сұйық радиоактивті қалдықтарды (СРҚ) кондициялау мен иммобилизациялаудың заманауи ғылыми-техникалық тәсілдеріне кешенді талдау шолуы берілген. Авторлар гетерогенді көмірсутекті байланыстырғыш матрицаларды пайдаланудың пайдалану артықшылықтары мен макрокинетикалық шектеулерін егжей-тегжейлі сипаттаған, сондай-ақ қосылыстардың физика-химиялық қасиеттеріне және бекітілетін технологиялық флюидтердің тұз құрамына қойылатын қатаң нормативтік талаптарды тұжырымдаған. Өнеркәсіптік битумдардың әртүрлі маркаларының, соның ішінде «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өнімдерінің фракциялық құрамына егжей-тегжейлі салыстырмалы талдау жүргізілді. Жұмыста мерзімді және үздіксіз экструзиялық процестердің параметрлері жүйеленген. Тұзбен толтырылу шегін, қоспалардың динамикалық тұтқырлығын, олардың радиациялық төзімділігін, термотұрақтылығын және жер асты суларымен жанасу жағдайында ұзақ мерзімді гидрофобтылығын анықтайтын негізгі ішкі факторлар талданды. Экзотермиялық реакциялардың алдын алу үшін СРҚ фазалық құрамын алдын ала зерттеу және олардың битуммен үйлесімділігін бағалау қажеттілігі көрсетілген. Битумдалған қалдықтарды қауіпсіз аралық сақтау және кейіннен өңдеу жағдайларына қойылатын талаптар қарастырылған. Оңтайлы қатыру технологиясын таңдау кезінде матрицаның өрт қауіптілігін, оның қасиеттерінің радиация әсерінен өзгеруін (радиолиз әсерлері) және ұзақ мерзімді биодеградация тәуекелдерін ескеру қажеттігі атап өтілген. Жұмыстың ғылыми құндылығы Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде битумдау әдісін шектеулі қолдану бойынша негізделген ұсынымдарды қалыптастыруда болып табылады.

964-976 17
Аңдатпа

Мақалада суды тазарту процестерінде қолданылатын суық термиялық емес плазма реакторларының негізгі түрлеріне нарративтік шолу берілген. Суды плазмалық өңдеудің физикахимиялық негіздері, соның ішінде оттегі мен азоттың реактивті түрлерінің (ОАРТ) түзілу механизмдері және фазааралық тасымалдың рөлі қарастырылған. Диэлектрлік тосқауылды разряд реакторлары, тәждік және импульстік разряд жүйелері, сырғымалы доғалы реакторлар, атмосфералық плазмалық ағындар, сұйықфазалы және көпіршікті реакторлар, сондай-ақ гибридті плазмалық-каталитикалық аппараттар талданған. Плазмалық тазарту нәтижесі разрядтың түзілу аймағына, газ–сұйықтық фазааралық контактісінің ауданына, ағын гидродинамикасына, судың плазма-белсенді аймақта болу уақытына және меншікті энергия шығындарына тәуелді екені көрсетілген. Су матрицасының өңдеу тиімділігіне әсері талқыланған. Үш кестеге негізделген салыстырмалы талдау су тазартудың барлық міндеттері үшін әмбебап реактор жоқ екенін көрсетті: әрбір аппарат түрінің өзіндік ұтымды қолдану саласы бар. Гибридті плазмалықкаталитикалық жүйелер ластағыштардың минералдану дәрежесін арттыру және энергия шығындарын төмендету тұрғысынан ең жоғары практикалық қызығушылық тудырады. Болашақ зерттеулердің басымдығы бақыланатын газ-сұйықтық массаалмасуы бар және жанама өнімдердің түзілуі барынша төмен масштабталатын реакторларды жасау болуы тиіс деген қорытынды жасалды.

976-986 19
Аңдатпа

Акриламид (AAm) және натрий акрилаты (SA) негізіндегі полиэлектролит гидрогельдерінің сериясы синтезделіп, n,n'-метилен-бис-акриламидпен өзара байланысқан, мономерлердің әртүрлі қатынасы бар. Үлгілер еркін радикалды сополимерлеу әдісімен алынады, содан кейін олардың судағы ісіну дәрежесі, ортаның иондық күшіне, температураға және рН сезімталдығы, механикалық сипаттамалары мен термиялық тұрақтылығы зерттеледі. Натрий акрилатының үлесінің жоғарылауы иондалған карбоксилат топтарының концентрациясының жоғарылауына және полимерлі тор фрагменттері арасындағы электростатикалық итерудің жоғарылауына байланысты судың сіңуінің жоғарылауына әкелетіні анықталды. Сонымен қатар, Юнг Модулінің төмендеуі байқалады, бұл материалдың қаттылығының төмендеуін көрсетеді. Тұз концентрациясының жоғарылауы зарядтардың антиондармен қорғалуына байланысты ісіну дәрежесінің шамамен үш есе төмендеуіне әкеледі. Керісінше, температураның 80 °C дейін көтерілуі және ортаның рН жоғарылауы гидрогельдердің ісінуіне ықпал етеді. Термогравиметриялық талдау термиялық деструкцияның көп сатылы сипатын және үлгілердің жоғары тұрақтылығын 200°C дейін сақтауды көрсетті. алынған нәтижелер гидрогельдердің физика-химиялық және механикалық қасиеттерін AAm/SA қатынасын өзгерту арқылы бағытталған реттеу мүмкіндігін растайды және оларды пайдаланудың практикалық жағдайларында әртүрлі құрамдағы сұйық радиоактивті қалдықтарды тазарту және өңдеу үшін тиімді сорбенттер ретінде әзірленген материалдардың перспективасын көрсетеді.



ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X