Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

АХМАД ӘЛ-ИСФИДЖАБИ – ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ХАНАФИ МӘЗҺАБЫНЫҢ ӨКІЛІ РЕТІНДЕ

Толық мәтін:

Аннотация

Аталған ғылыми мақалада орта ғасырларда Қазақ даласындағы Исфиджаб қаласынан шыққан ханафи мәзһабының құқықтанушысы, үлкен ғалым – Әбу Насыр Ахмад ибн Мансур әл-Исфиджабидің өмірі мен шығармашылығы баяндалады. Атап айтар болсақ, ғалымның есімі мен лақабтары, туылған жылы, шыққан өлкесі және ондағы саяси-діни ахуал мен халықтың әлеуметтік жағдайлары зерттеледі. Сонымен қатар оның білім алған жолы мен қызметі, соңында қалдырған іргелі еңбектері мен өмірден өткен жылы, ғалымның Орта Азия ханафи фиқһ мектебіне қосқан үлесі көрсетіледі.

Сонымен қатар Ахмад ибн Мансур әл-Исфиджабидің еңбектерінің аты мен саны тарихи және биографиялық еңбектерге жүгіну арқылы нақтыланады. Олардың қаншасы күні бүгінге дейін қолжазба күйінде жеткендігі әрі әлемнің қандай кітапханаларында сақталғандығы жайлы нақты мәліметтер беріледі. Биографиялық әдебиеттердегі ғалымның еңбектері мен өмірден өткендігі жайлы мәліметтер тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы сараланады.

Ахмад ибн Мансур әл-Исфиджабидің күні бүгінде қолжазба күйінде жеткен еңбектері жүйеленіп, оларға идентификация жасалады. Сондай-ақ ғалымның аталған қолжазба еңбектерін өңдеп, қазақ тіліне аудару және қазақстандық исламтану мектебіне негіз ету мен ғылыми айналымға енгізу мәселелері қарастырылады.

Авторлар туралы

Б. Илесбеков
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Қазақстан

докторант

Алматы



Ш. Керім
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Қазақстан

жанындағы «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығынің директоры, докторы, профессор

Алматы



А. Жамашев
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Қазақстан


Е. Алпысбаев
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Қазақстан

PhD

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Мұстафа ибн Абдулла Хажи Халифа. Сулләм әл-усул илә табақат әл-фухул. ‒ Станбул: «Мактабат Ирсика», 2010. ‒ 645 б.

2. Салахуддин әс-Сафади. Уафи би әл-Уафаят. ‒ Бейрут: «Дәр ихия әт-турас әл-араби», 2000. ‒ 534 б.

3. Абу Исхақ Ибраһим әл-Истахри. әл-Мәсәлик уа әл-Мәмәлик. ‒ Бейрут: «Дәру Садир», 2004. ‒ 220 б.

4. Ғимадуддин Әбу әл-Фидә. Тақуим әл-булдән. ‒ Бейрут: «Дәру Садир», 1840. ‒ 602 б.

5. Ахмад ибн Яхия әл-Бәләзури. Футух әл-Булдән. ‒ Бейрут: «Дәру уа мактабату әл-хиләл», 1988. 320 б.

6. Абдулкарим әс-Самғани. әл-Әнсәб. ‒ Хайдар Абад: «әл-Мағариф әл-Османия», 1962. ‒ 260 б.

7. Нуртазина Н. Ислам в истории средневекового Казахстана (историко-культурологическое исследование). Алматы: «Фараб», 2000. ‒ 312 с.

8. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. ‒ Алматы: «Рауан», 1995. ‒ 237 б.

9. Абу-л-Хасанат әл-Ләкнәуи. Фауаид әл-бәһия фи таражум әл-ханафия. ‒ Мысыр: «Дәру әс-сағада», 1984. ‒ 305 б.

10. Муминов А.К. Ханафитский мазхаб в истории Центральной Азии. ‒ Алматы: «Қазақ энциклопедясы», 2015. ‒ 400 с.

11. Нәжмуддин Омар ән-Нәсәфи. Қанд фи зикри уләмәи Самарқанд. ‒ Иран: «Мират әт-турас», 1999. ‒ 542 б.

12. Ахмад ибн Мансур әл-Исфиджаби. Шарх Мухтасар әт-Тахауи. Қолжазба: Станбул: «Копрулу / Фазил Ахмад Паша», 588. ‒ 380 б.

13. Абу-л-Уафа әл-Афғани. Мухтасар әт-Тахауи. ‒ Индия: «Лажнату ихия әл-мағариф ән-нуғмания», 1986. ‒ 478 б.

14. Али ибн Мухаммад әл-Исфиджаби. Шарх Мухтасар әт-Тахауи. Қолжазба: Станбул: «Сулеймание / Шеһид Али Паша», 816. ‒ 211 б.

15. Абу Абдулла Мухаммад ибн Қаиим әл-Жаузия. Әт-Туруқ әл-хукмия фи сиясат әш-шарғия. Мекке: «Дәру алам әл-фауаид», 2005. ‒ 520 б.

16. Мухаммад Зәһид әл-Кәусари. Әл-Хауи фи сират әл-имам Әби Жағфар әт-Тахауи. Каир: «Матбағат әл-Ануар», 1949. ‒ 43 б.

17. Али ибн Мухаммад әл-Исфиджаби. Шарх Мухтасар әт-Тахауи. Қолжазба: Станбул: «Миллет Женел / Жарулла», 682. ‒ 172 б.

18. Али ибн Мухаммад әл-Исфиджаби. Шарх мухтасар әт-Тахауи. Қолжазба: Станбул: «Миллет Женел / Жарулла», 683. ‒ 336 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Илесбеков Б., Керім Ш., Жамашев А., Алпысбаев Е. АХМАД ӘЛ-ИСФИДЖАБИ – ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ХАНАФИ МӘЗҺАБЫНЫҢ ӨКІЛІ РЕТІНДЕ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2020;(3(91)):373-378.

For citation:


Ilesbekov B.,  ,  , Alpysbaev E. AHMAD AL-ISFIJABI – AS A REPRESENTATIVE OF THE HANAFI MAZHAB IN THE TURKESTAN. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2020;(3(91)):373-378. (In Kazakh)

Қараулар: 172


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X