Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

АРНАЙЫ ТАМАҚТАНУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТҮРЛІ МҰЗДАТЫЛҒАН КЕПТІРІЛГЕН СҮТ ӨНІМНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-1(13)-27

Толық мәтін:

Аннотация

Бұл ғылыми-зерттеу жұмысы ерекше жұмыс жағдайындағы адамдарды арнайы тамақтандыру үшін жаңа түрлі сүтқышқылды өнімін жасау кезінде бие сүтін пайдалану мәселелеріне арналған.
Осы мақалада жаңа биообъектілері мен өсімдік ингредиенттерін пайдалана отырып, бие сүті негізінде өндірілген арнайы тамақтану үшін биологиялық құндылығы жоғары мұздатылған кептірілген сүт өнімін өндірудің технологиялық параметрлері мен режимдерін және компоненттік құрамы мен технологиялық процесін әзірлеу бойынша орындалған эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Жұмыстың мақсаты – арнайы тамақтануға арналған, бие сүті негізінде жасалған мұздатылған кептірілген сүтқышқылды сусын технологиясын әзірлеу және жетілдіру болып табылады. Жобаның ғылыми жаңалығы Павлодар өңірінің бие сүтінің сапалық көрсеткіштері мен технологиялық қасиеттері зерттеуде болып табылады. Сүтқышқылды сусынының қажетті пробиотикалық қасиеттерін қамтамасыз ететін ашытқылар мен оның концентрациясы таңдалды. Арнайы тамақтану үшін бие сүтінен жасалған сүтқышқылды өнімнің органолептикалық қасиеттері мен түрін құрайтын өсімдік құрамымен байытудың жаңа әдісі жасалды. Арнайы тамақтану үшін тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары жаңа мұздатылған кептірілген сүтқышқылды өнімін өндірудің компоненттік құрамы мен технологиялық процесі әзірленді және оңтайландырылды. «Биотехнология» кафедрасының зертханалық жағдайында арнайы тамақтануға арналған бие сүтінен жасалған сүтқышқылды өнімнің жаңа түрлерінің рецептуралары апробацияланып, дайын өнімнің сапалық корсеткіштері зерттелді.

Автор туралы

Б. С. Туганова
Торайғыров университеті
Қазақстан

Бакыт Сагатовна Туганова – техника ғылымдарының кандидаты, «Биотехнология» кафедрасының профессоры

140003, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломова көшесі, 64 



Әдебиет тізімі

1. Семёнов Г.В. Сублимационная сушка: монография / Г.В. Семёнов, И.С. Краснова. – Москва: ДеЛи плюс, 2021. – 326 с.

2. Семёнов Г.В. Сублимационная сушка пищевых продуктов (консервное производство): монография / Г.В. Семенов. – Москва: ДеЛи, 2018. – 291 с.

3. Жангабылов А. Исцеляющие свойства саумал [Электронный ресурс] https://pharm.reviews/ru/stati/aktualnye-intervyu/item/2106-istselyayushchie-svojstva-saumal (дата обращения: 12.01.2024).

4. Ахатова И.А. Опыт и перспективы использования продуктов коневодства для оздоровления населения 8 И.А. Ахатова // Проблемы востоковедения. – 2011. – С. 36-44.

5. Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК: бюллетень. – 2020 г.

6. Канарейкина С.Г. Лечебно-профилактические свойства кобыльего молока / С.Г.

7. Канарейкина, А.А. Давыдова, В.И. Канарейкин // Вестник мясного скотоводства. – 2016. – № 3(95) – С. 99-102.

8. СТ РК 1005-98. Молоко кобылье. Требования при закупках / Комитет по стандартизации, метрологии и сертификации РК. – Алматы, 1998. – 11 с.

9. Состав кобыльего молока SAUMAL® [Электронный ресурс] https://saumal.kz/composition (дата обращения: 16.01.2024).

10. СТ РК 32280-2018. Молоко кобылье сухое / Комитет технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию РК. – Астана, 2015. – 54 с.

11. ГОСТ 32065-2013 Овощи сушеные. Общие технические условия. – М.: Стандартинформ, 2014. – 15 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Туганова Б.С. АРНАЙЫ ТАМАҚТАНУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТҮРЛІ МҰЗДАТЫЛҒАН КЕПТІРІЛГЕН СҮТ ӨНІМНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2024;(1(13)):217-224. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-1(13)-27

For citation:


Tuganova B.S. TECHNOLOGY OF ENVIRONMENTALLY FRIENDLY FERMENTED MILK PRODUCT A NEW GENERATION FOR SPECIAL NUTRITION. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2024;(1(13)):217-224. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2024-1(13)-27

Қараулар: 200


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X