ҚҰРТ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Аннотация
Мақалада құрт негізінде өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік беретін жоғары тағамдық және биологиялық құндылықтарға ие құрт өндіру тәсілдері қарастырылған.
Бүгінгі таңда сиыр, қой немесе ешкі сүтінен сүт қышқылды стрептокококтардың таза культураларымен ашытылған, сарысуды ұйытудан кейін бөліп және сүзбені кептіре отырып құрт өндіру әдісі белгілі. Жүргізілген зерттеу жұмыстары құрт шикізатына әр түрлі өсімдік қоспаларын қосып, оның химиялық, физико-химиялық құрамының, қасиетінің өзгерістерін зерттеуге арналған.
Зерттеу жұмысы барысында құрт өнімдерінің келесідей технологиясы ұсынылды: сүтті қалыпқа келтіру және пастерлеу, ашытқы енгізу және тығыз ұйытқыны алғанға дейін ашыту, екінші қыздыру, сарысуды төгу, ұйытқыны нығыздау, құртты қалыптау және кептіру, престелген ұйытқыны қалыптау алдында нұсқаға байланысты оған өсімдік қоспасын (ұсақталған сары өрік, сәбіз, сәбіз шырыны, қызылша, қызылша шырыны, жалбыз, шпинат) қосу, 10-15 минут бойы араластыру, өнімді қалыптау және кептіру.
Авторлар туралы
А. А. ДаутоваҚазақстан
Ж. К. Молдабаева
Қазақстан
С. К. Касымов
Қазақстан
А. Б. Әскер
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары. – Алматы: Қайнар, 1989. – 192 бет.
2. Твердохлеб Г.В., Диланян З.Х., Чекулаева Л.В., Шилер Г.Г. Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы − М.: ВО "Агропромиздат", 1991. – 463 бет.
3. Комарова Т.А. Тамақтану әліппесі. – Алматы: Қайнар, 1994. – 351 бет.
4. Анфимова Н.А., Татарская Л.Л. Аспазшылық. – Алматы: Просвещение, 2002. − 96 бет.
5. Афанасьева Л.Р., Базарова В.И. Товароведение продовольственных товаров. – Москва: экономика, 1982. – 376 бет.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Даутова А.А., Молдабаева Ж.К., Касымов С.К., Әскер А.Б. ҚҰРТ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2020;(3(91)):20-23.
For citation:
Dautova A., Moldabaeva Zh., Kasymov S., Asker A. IMPROVEMENT OF TECHNOLOGY OF QURT. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2020;(3(91)):20-23. (In Kazakh)