4-санға «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік инженериясы және биотехнология», сондай-ақ «Химиялық технология» бағыттары бойынша мақалалар қабылдау жабылды.

Приём статей в четвёртый номер по направлениям «Автоматизация и информационные технологии», «Пищевая инженерия и биотехнология», а также «Химическая технология» закрыт.

Submissions for the fourth issue in the fields of Automation and Information Technology, Food Engineering and Biotechnology, as well as Chemical Technology, are now closed.

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

ӨҢІРДІҢ ТАРИХИ НЫСАНДАРЫН ЦИФРЛЫҚ ПАСПОРТТАУҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-17

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Семей қаласының тарихи нысандарын цифрлық паспорттауға арналған веббағдарланған ақпараттық жүйені әзірлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі тарихимәдени мұра нысандары туралы мәліметтердің әртүрлі дереккөздерде шашыраңқы сақталуына және оларды құрылымдалған түрде жинақтайтын, іздеуге, жаңартуға және көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық ортаның қажеттілігіне байланысты. Зерттеу объектісі – тарихи нысандар туралы ақпаратты цифрлық түрде есепке алу және ұсыну процесі, ал зерттеу пәні – осы мәліметтерді сақтау мен өңдеуге арналған ақпараттық жүйені әзірлеу әдістері мен бағдарламалық құралдары. Зерттеу барысында пәндік саланы талдау, деректерді модельдеу, дерекқорды жобалау, модульдік бағдарламалау және функционалдық тестілеу әдістері қолданылды. Нәтижесінде тарихи нысанның цифрлық паспортының құрылымы әзірленді. Ол сәйкестендіру, жіктеу, кеңістіктік, тарихи-сипаттамалық, визуалды және қызметтік деректерді қамтиды. Ұсынылған құрылым негізінде веб-қосымшаның архитектурасы мен дерекқордың логикалық моделі жасалып, Python, Flask, SQLite, HTML, CSS және JavaScript технологиялары арқылы бағдарламалық прототип іске асырылды. Жүйе жазбаларды қосу, өңдеу, қарау, іздеу және жою, фотоматериалдарды жүктеу, идентификаторларды автоматты түрде қалыптастыру және уақыт белгілерін тіркеу функцияларын орындайды. GIS-интеграция және QR-негізіндегі сәйкестендіру жүйені одан әрі дамыту бағыттары ретінде қарастырылады және қазіргі кезеңде толық іске асырылған функционалдық модульдер емес, ұсынылған деректер құрылымы деңгейінде қамтамасыз етіледі. Жұмыстың ғылыми құндылығы жергілікті қалалық контекске бейімделген цифрлық паспорттаудың құрылымдық-функционалдық моделін ұсынуымен айқындалады. Практикалық маңызы жүйені білім беру, музей, архив және өлкетану қызметінде, сондай-ақ Семей қаласының тарихи-мәдени мұрасының цифрлық инфрақұрылымын дамытуда қолдану мүмкіндігімен байланысты.

Авторлар туралы

Т. С. Жылқыбаев
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Тұрсынхан Саятұлы Жылқыбаев – техника ғылымдарының магистрі, «Автоматтандыру және
ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушы

Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



А. Ф. Даутова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Алма Фазылагзамовна Даутова – педагогика ғылымдарының магистрі, «Тарих» кафедрасының оқытушы

Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



Д. С. Жұмашева
Шәкәрім университеті
Ресей

Дана Серікқызы Жұмашева – техника ғылымдарының магистрі, «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы

Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



Г. Шуйтенов
Esil University
Ресей

Ғабит Шуйтенов – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

010008, ҚР, Астана, Жұбанов көшесі, 7



С. А. Алтынбек
Esil University
Ресей

Серік Атаконысұлы Алтынбек – PhD, «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

010008, ҚР, Астана, Жұбанов көшесі, 7



Әдебиет тізімі

1. Charter on the Preservation of the Digital Heritage [Electronic resource] / UNESCO. – Paris: UNESCO, 2003. https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000179529 (date of request: 24.05.2026).

2. Webb C. Guidelines for the Preservation of Digital Heritage [Electronic resource] / C. Webb // prepared by the National Library of Australia. – Paris: UNESCO, 2003. https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000130071 (date of request: 24.05.2026).

3. Proveden monitoring sostoyaniya pamyatnikov istorii i kul'tury na territorii goroda Semei [Ehlektronnyi resurs] // Semei Siti: gorodskoi portal Semeya. – 2023. – 13 aprelya. – https://semey.city/novosti-semeya/50297/ (data obrashcheniya: 24.05.2026). (In Russian).

4. Pamyatniki istorii i kultury [Ehlektronnyi resurs] // Ofitsial'nyi internet-resurs akimata goroda Semei. – 2021. – 13 avgusta. https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/article/details/59597 (data obrashcheniya: 24.05.2026). (In Russian).

5. A built heritage information system based on point cloud data: HIS-PC / F. Poux et al // ISPRS International Journal of Geo-Information. – 2020. – Vol. 9, № 10. – Art. 588. https://doi.org/10.3390/ijgi9100588.

6. Domínguez-Ruíz V. Contribution to the knowledge of cultural heritage via a Heritage Information System (HIS): the case of La Cultura del Agua in Valverde de Burguillos, Badajoz (Spain) / V. Domínguez-Ruíz, J. Rey-Pérez, G. Rivero-Lamela // Sustainability. – 2020. – Vol. 12, № 3. – Art. 1141. https://doi.org/10.3390/su12031141.

7. Yang C. A digital information system for cultural landscapes: the case of Slender West Lake scenic area in Yangzhou, China / C. Yang, F. Han // Built Heritage. – 2020. – Vol. 4. – Art. 3. https://doi.org/10.1186/s43238-020-00004-8.

8. Berg E. The use of GIS in the national system for cultural heritage management and dissemination to the general public in Norway: case study: the heritage management database “Askeladden” and the system for dissemination to the public, «Kulturminnesøk» / E. Berg // Progress in Cultural Heritage Preservation: EuroMed 2012. Lecture Notes in Computer Science. – Berlin; Heidelberg: Springer, 2012. – Vol. 7616. – P. 578-585. https://doi.org/10.1007/978-3-642-34234-9_59.

9. Ducatteeuw, V Mapping Ghent’s cultural heritage: a place-based approach with web GIS / V. Ducatteeuw, F. Danniau, C. Verbruggen // International Journal of Digital Humanities. – 2025. – Vol. 7. – P. 91-113. https://doi.org/10.1007/s42803-025-00099-4.

10. Pressman R.S. Software Engineering: A Practitioner’s Approach / R.S. Pressman, B.R. Maxim. – 9th ed. – New York: McGraw-Hill Education, 2019.

11. Sommerville I. Software Engineering / I. Sommerville. – 10th ed. – Boston: Pearson, 2016.

12. Elmasri R. Fundamentals of Database Systems / R. Elmasri, S.B. Navathe. – 7th ed. – Boston: Pearson, 2016.

13. Silberschatz, A. Database System Concepts / A. Silberschatz, H.F. Korth, S. Sudarshan. – 7th ed. – New York: McGraw-Hill Education, 2019.

14. Grinberg M. Flask Web Development: Developing Web Applications with Python / M. Grinberg. – 2nd ed. – Sebastopol: O’Reilly Media, 2018.

15. Date C.J. An Introduction to Database Systems / C.J. Date. – 8th ed. – Boston: Addison-Wesley, 2004.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жылқыбаев Т.С., Даутова А.Ф., Жұмашева Д.С., Шуйтенов Г., Алтынбек С.А. ӨҢІРДІҢ ТАРИХИ НЫСАНДАРЫН ЦИФРЛЫҚ ПАСПОРТТАУҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):168–179. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-17

For citation:


Zhylkybayev T., Dautova A., Zhumasheva D., Shuitenov G., Altynbek S.A. DEVELOPMENT OF AN INFORMATION SYSTEM FOR THE DIGITAL DOCUMENTATION OF HISTORICAL SITES IN A REGION. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):168–179. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-17

Қараулар: 15

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X