4-санға «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік инженериясы және биотехнология», сондай-ақ «Химиялық технология» бағыттары бойынша мақалалар қабылдау жабылды.

Приём статей в четвёртый номер по направлениям «Автоматизация и информационные технологии», «Пищевая инженерия и биотехнология», а также «Химическая технология» закрыт.

Submissions for the fourth issue in the fields of Automation and Information Technology, Food Engineering and Biotechnology, as well as Chemical Technology, are now closed.

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

МЕХАНОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗДІГІНЕН ТАРАЛАТЫН ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ СИНТЕЗ КЕЗІНДЕ БОР КАРБИДІНІҢ ТҮЗІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-85

Толық мәтін:

Аңдатпа

B₂O₃–Al–C және B₂O₃–Mg–C жүйелерінде механохимиялық және өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез (ӨЖС) кезінде бор карбидінің түзілу заңдылықтары зерттелді. B₂O₃–Al–C жүйесін механохимиялық өңдеу планетарлық шарлы диірменде 350–500 айн/мин айналу жылдамдығында, 30–90 мин өңдеу ұзақтығында және шарлар массасының ұнтақ шихта массасына қатынасы (BPR) 10-30 болған жағдайда жүргізілді. Механикалық активтендіру ұнтақ қоспасының ұсақталуы және құрылымдануымен, сондай-ақ бороалюминаттық, оксидтік және карбидтік фазалардың түзілуімен жүретін қатты фазалық түрленулердің дамуымен қатар жүретіні анықталды. 450 айн/мин, 30 мин және BPR = 20 режимінде алынған өнімде рентгендік фазалық талдау арқылы Al₁₂B₆O₃₆, Al₂O₃, қалдық Al және алюминий-көміртекті фазамен қатар B₄C фазасы анықталды.
ӨЖС кезінде тотықсыздандырғыш металдың табиғаты жану параметрлері мен фазатүзілуге елеулі әсер ететіні анықталды. B₂O₃–Al–C жүйесі үшін фронт температурасы 2640-2750 °C, таралу жылдамдығы 6,0-8,9 мм/с болды, ал B₂O₃–Mg–C жүйесінде температура шамамен 3000 °C-қа, фронт жылдамдығы 10,9 мм/с-қа дейін жетті. Зерттелген өнімдердегі B₄C-тың ең жоғары мөлшері алюмотермиялық жүйе үшін 4 масс. %, магнийтермиялық жүйе үшін 5 масс. % құрады. ӨЖС өнімдерінде B₄C-пен қатар құрамы тотықсыздандырғыш табиғатына тәуелді оксидтік және бораттық фазалар түзіледі. Көпкомпонентті өнімдерден бор карбидін селективті химиялық өңдеу арқылы кейіннен бөліп алу мүмкіндігі көрсетілді. Алынған нәтижелер B₄C-құрамды материалдарды бағытталған түрде қалыптастыру үшін механикалық активтендіру мен металлотермиялық ӨЖС-ті үйлестірудің перспективалылығын көрсетеді.

Авторлар туралы

Д. Мұқталы
Жану проблемалары институты; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

Динара Мұқталы – PhD, қауымдастырылған профессор жетекші ғылыми қызметкері

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 172

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71 



Б. Х. Мусабаева
Астана халықаралық университеті
Қазақстан

Бинур Хабасовна Мусабаева – х.ғ.к., профессор

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 8



А. Батқал
Жану проблемалары институты
Қазақстан

Айсулу Батқал – ғылыми қызметкері

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 172

 



К. Қамұнұр
Жану проблемалары институты
Қазақстан

Қастер Қамұнұр – PhD, қауымдастырылған профессор. 
жетекші ғылыми қызметкері

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 172



А. Абылайхан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

Ақерке Абылайхан – х.ғ.к., 

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71



Әдебиет тізімі

1. Effects of boron oxide composition, structure, and morphology on B₄C formation via the SHS process in the B₂O₃–Mg–C ternary system / S. Aghili et al // Ceramics International. – 2020. – Vol. 46. – P. 7223-7234. https://doi.org/10.1016/j.ceramint.2019.11.217.

2. Novel Pathway for the Combustion Synthesis and Consolidation of Boron Carbide / M.K. Zakaryan et al // Materials. – 2022. – Vol. 15. – Р. 5042. https://doi.org/10.3390/ma15145042.

3. Influence of Sintering Process Conditions on Microstructural and Mechanical Properties of Boron Carbide Ceramics Synthesized by Spark Plasma Sintering / Y. Liu et al // Materials. – 2021. – № 14. – Р. 1100. https://doi.org/10.3390/ma14051100.

4. Avcioglu S. Effect of elemental nano boron on the transformation and morphology of boron carbide (B4C) powders synthesized from polymeric precursors / S. Avcioglu, F. Kaya, C. Kaya // Ceram. Int. – 2020. – № 46. – Р. 17938-17950. https://doi.org/10.1016/j.ceramint.2020.04.104.

5. Construction of a Novel Barium Free Green Light Emitting Illuminant Based on Boron Carbide / Z. Huang et al // Propellants, Explosives, Pyrotechnics. – 2021. – Т. 46, № 9. – Р. 1480-1488. https://doi.org/10.1002/prep.202100038.

6. Walters I.T. Environmentally friendly boron-based pyrotechnic delays: an additive manufacturing approach / I.T. Walters, L.J. Groven // ACS Sustainable Chemistry & Engineering. – 2019. – Т. 7, № 4. – Р. 4360-4367. https://doi.org/10.1021/acssuschemeng.8b06204.

7. Horiuchi K. Reactivity of boron carbide and metal oxide mixtures / K. Horiuchi, A. Huynh, J. Kalman // Proceedings of the Combustion Institute. – 2023. – Т. 39, № 3. – Р. 3313-3321. https://doi.org/10.1016/j.proci.2022.07.107.

8. Yaghoubi M. Effect of the magnesium content on the mechanochemical behavior in ternary system Mg–B2O3–C / M. Yaghoubi, O. Torabi // International Journal of Refractory Metals and Hard Materials. – 2014. – P. 132-140. https://doi.org/10.1016/j.ijrmhm.2013.11.014.

9. Combustion and Radiation Properties of B4C/PTFE Based Pyrolants Under the Influence of Various Oxidants / B. Zhou et al //Combustion Science and Technology. – 2025. – P. 1-23. https://doi.org/10.1080/00102202.2025.2536218.

10. Boron Carbide Composites Produced by Self-Propagating High-Temperature Synthesis / R.G. Abdulkarimova et al // Revista Ingeniería UC. – 2021. – Vol. 28, № 1. https://doi.org/10.54139/revinguc.v28i1.5.

11. Influences of mechanical activation and tartaric acid addition on the efficiency of B₄C synthesis / S.F. Feiz et al // Synthesis and Sintering. – 2023. – Vol. 3. – P. 54-59. https://doi.org/10.53063/synsint.2023.31140.

12. Influence of Kinetic Factors on Preparation of Boron Carbide by Magnesiothermic SelfPropagation Synthesis / H. Shi et al // J. Cent. South Univ. – 2023. – № 30. – Р. 735-748. https://journal.hep.com.cn/jocsu/EN/10.1007/s11771-023-5264-1.

13. Wang Self-propagating high-temperature synthesis of B4C: integrating combustion wave features and crystallization kinetics / Wang, D. Zhihe, Zh. Tingan // Ceramics International. – 2025. – Issue 30. – P. 65856-65870. https://doi.org/10.1016/j.ceramint.2025.11.265.

14. The synthesis and characterization of B6O, B4C and ZrB2 at a pressure of 6 GPa / D. Chu et al // International Journal of Refractory Metals and Hard Materials. – 2025. – Р. 107070. https://doi.org/10.1016/j.ijrmhm.2025.107070.

15. Wang C. Effect of carbon sources on morphology of B4C powders synthesized by magnesiothermic SHS / C. Wang, Zh. Dou, T. Zhang // Powder Technology. – 2026. – P. 122524. https://doi.org/10.1016/j.powtec.2026.122524.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мұқталы Д., Мусабаева Б.Х., Батқал А., Қамұнұр К., Абылайхан А. МЕХАНОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗДІГІНЕН ТАРАЛАТЫН ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ СИНТЕЗ КЕЗІНДЕ БОР КАРБИДІНІҢ ТҮЗІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):839-848. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-85

For citation:


Muktaly D., Musabayeva B.X., Batkal A., Kamunur K., Abylaikhan A. FEATURES OF BORON CARBIDE FORMATION DURING MECHANOCHEMICAL AND SELF-PROPAGATING HIGH-TEMPERATURE SYNTHESIS. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):839-848. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-85

Қараулар: 13

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X