4-санға «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік инженериясы және биотехнология», сондай-ақ «Химиялық технология» бағыттары бойынша мақалалар қабылдау жабылды.

Приём статей в четвёртый номер по направлениям «Автоматизация и информационные технологии», «Пищевая инженерия и биотехнология», а также «Химическая технология» закрыт.

Submissions for the fourth issue in the fields of Automation and Information Technology, Food Engineering and Biotechnology, as well as Chemical Technology, are now closed.

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

БН-350 РЕАКТОРЫНЫҢ ҚАТТЫ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ҮШІН ЭШП ҚОНДЫРҒЫСЫН ҚОЛДАНУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-76

Толық мәтін:

Аңдатпа

Ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару кезінде түзілетін металл қатты радиоактивті қалдықтарды (ҚРҚ) қайта өңдеу көмуге жататын қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік беретін өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Зерттеуде БН-350 реакторының металл ҚРҚ-сын қайта өңдеу үшін электрошлактық қайта балқыту (ЭШҚБ) әдісін қолдану мүмкіндігін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Эксперимент бұрын ИВГ.1М зерттеу реакторының болат жалын құбырларын радиоактивті ластанудан тазарту кезінде сынақтан өткен ЭШҚБ қондырғысында жүргізілді. БН-350 реакторының ҚРҚ үлгілерінің бірінің имитаторы ретінде өлшемі Ø50×5 мм болатын 12Х18Н10Т болатынан жасалған құбыр фрагменті пайдаланылды. Эксперимент алдында қондырғыны дайындау, жұмсалатын электродты орналастыру және шлак ваннасын қалыптастыру жұмыстары орындалды. Қайта балқыту барысында қондырғының электрлік параметрлері тіркеліп, процестің жүру ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Нәтижесінде 2,3 кг металл қайта балқытылып, диаметрі шамамен 60 мм цилиндр пішінді құйма алынды. Тіркелген ток пен кернеу мәндерін талдау процестің бастапқы кезеңіндегі тұрақсыздық электрод пен кристаллизатордың мыс кокилі арасындағы қысқа тұйықталулармен байланысты болғанын көрсетті. Қысқа тұйықталулар сақиналы саңылаудың аз болуынан және ондағы флюс мөлшерінің жеткіліксіздігінен туындаған. Қондырғының қолданыстағы конфигурациясы құбыр тәрізді металл бұйымдарды қайта балқытуға мүмкіндік беретіні анықталды, алайда қайта өңделетін үлгілердің геометриялық өлшемдері кристаллизатор параметрлерімен және қажетті сақиналы саңылау шамасымен шектеледі. Өлшемдері мен пішіні өзгеше ҚРҚ-ны қайта өңдеу үшін тиісті геометриялық және конструкциялық параметрлері бар кристаллизаторларды әзірлеу қажет.

Авторлар туралы

Е. А. Қабдылқақов
Филиал «Атом энергия институты» Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы
Қазақстан

Ержан Асқарұлы Қабдылқақов – сәулелендіру құрылғыларының жылуфизикалық және нейтрондықфизикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері; Shakarim University, Физика-химия ғылымдары зерттеу мектебінің «Техникалық физика» мамандығы бойынша 2-курс докторанты

180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі 10



Н. Е. Мухамедов
Филиал «Атом энергия институты» Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы
Қазақстан

Нұржан Еролович Мухамедов – реакторлық құрылғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің бастығы,
PhD, қауымдастырылған профессор

180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі 10



А. С. Сураев
Филиал «Атом энергия институты» Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы
Қазақстан

Артур Сергеевич Сураев – сәулелендіру құрылғыларының жылуфизикалық және нейтрондықфизикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор

180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі 10



С. А. Должиков
Филиал «Атом энергия институты» Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы
Қазақстан

Сергей Александрович Должиков – реакторлық отынды сынау зертханасының топ бастығы; Shakarim University, Физика-химия ғылымдары зерттеу мектебінің «Техникалық физика» мамандығы бойынша 2-курс докторанты

180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі 10



А. В. Пахниц
Филиал «Атом энергия институты» Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы
Қазақстан

Александр Владимирович Пахниц – реакторлық құрылғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің бастығының орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор

180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі 10



Әдебиет тізімі

1. Что такое радиоактивные отходы? / Ю. Амано и др. // IAEA Bulletin. – 2014. – Т. 55, № 3. – С. 3-4.

2. Radioactive Waste: A Review / D. Deng et al // Water Environment Research. – 2020. – Vol. 92, № 10. – P. 1818-1825.

3. Radioactive Waste Treatment Technology: A Review / G. Tochaikul et al // Kerntechnik. – 2022. – Vol. 87, № 2. – P. 208-225.

4. Methods of Thermal Treatment of Radioactive Waste / L. Fuks et al // Energies. – 2022. – Vol. 15, № 1, Art. 375.

5. Santana L.P. Management of Radioactive Waste: A Review / L.P. Santana // Proceedings of the International Academy of Ecology and Environmental Sciences. – 2016. – Vol. 6, № 2. – P. 38-43.

6. Walek J. Analysis of Thermophysical Properties of Electro Slag Remelting and Evaluation of Metallographic Cleanliness of Steel / J. Walek, A. Odehnalová, R. Kocich // Materials. – 2024. – Vol. 17, № 18, Art. 4613.

7. Numerical Investigation on the Electroslag Remelting of High Carbon Martensitic Stainless Steels / X. Liu et al // Metals. – 2023. – Vol. 13, № 3, Art. 482.

8. Должиков С.А. Применение электрошлакового переплава для очистки радиоактивно-загрязненного металла / С.А. Должиков, А.В. Пахниц, Н.Е. Мухамедов // Семипалатинский испытательный полигон: наследие и перспективы развития научно-технического потенциала: материалы X Международной конференции (12-14 сентября 2023 г.). – Курчатов: РГП НЯЦ РК, 2023. – С. 47.

9. Очистка стали от радиоактивного загрязнения методом электрошлакового переплава / А.Д. Вурим и др. // Вестник НЯЦ РК. – 2002. – № 1. – С. 34-39.

10. Моделирование омического нагрева электрода установки электрошлакового переплава в программном пакете ANSYS / Е.А. Қабдылқақов и др. // Вестник НЯЦ РК. – 2025. – № 3. – С. 147-155.

11. Моделирование теплового состояния кристаллизатора установки электрошлакового переплава после образования расплава металла / Е.А. Қабдылқақов и др. // Вестник НЯЦ РК. – 2026. – № 2. – С. 167-175.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қабдылқақов Е.А., Мухамедов Н.Е., Сураев А.С., Должиков С.А., Пахниц А.В. БН-350 РЕАКТОРЫНЫҢ ҚАТТЫ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ҮШІН ЭШП ҚОНДЫРҒЫСЫН ҚОЛДАНУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):754-765. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-76

For citation:


Kabdylkakov Y.A., Mukhamedov N.Y., Suraev A.S., Dolzhikov S.A., Pakhnits A.V. APPLICATION OF AN ELECTROSLAG REMELTING FACILITY FOR PROCESSING SOLID RADIOACTIVE WASTE FROM THE BN-350 REACTOR. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):754-765. (In Russ.) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-76

Қараулар: 14

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X