ТҮЙЕ СҮТІНЕН ДАЙЫНДАЛАТЫН ШҰБАТ ӨНІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫН АНЫҚТАУ
Аннотация
Бұл мақалада еліміздегі сүт өнімдерінің арасында түйе сүтінен алынатын ерекше шұбат өнімін алу технологиясы және бұл өнімнің құрамындағы адам денсаулығына пайдалы қосылыстары жайында қарастырылады. Қазіргі таңда елімізде халықтың күнделікті рационында әртүрлі бояғыштар мен табиғи емес қосылыстардың мөлшерінің көбеюі әртүрлі аурулардың себебі болып жатыр. Сондықтан да неғұрлым табиғи өнімдерді соның ішінде сүт өнімдерін көбірек қолдану және оның құрамындағы адамға пайдалы өнімдерді зерттеу арқылы сол өнімдерді күнделікті рационға қосу еліміздің денсаулығын жақсартуға үлкен үлес қосатын еді. Ол табиғи өнімдер халықтың назарына ұсынылып, денсаулығына жақсы әсер ететіні анықталатын болса сол өнімдердің сапасы мен санын көбейту шаралары жүргізу де өте маңызды.
Сүт өнімдерін қолдануды одан әрі дамыту мақсатында қазіргі таңда әртүрлі технологиялар ойлап табылды. Технологиялар одан әрі жетілдіріліп, бір табиғи өнімнен әртүрлі жаңа өнімдерді жасап шығару күннен күнге дамуда. Түйе сүтінің құрамы жан-жақты зерттеліп, оның құрамындағы пайдалы химиялық және физикалық қосылыстардың мөлшерлемесі анықталуда. Сонымен қатар мақалада түйе сүтінен алынатын шұбат өнімінің құрамын жан-жақты зерттеу қарастырылған. Бұл өнімнен біз күнделікті тұтынып жүрген тәтті өнімдерді де жасай алатындығы анықталуда.
Әдебиет тізімі
1. Лифляндский В.Г. Новейшая энциклопедия здорового питания. – СПб.: Издательский дом «Нева», 2004 г.
2. Bazckowski, Halina The beasts that beat the drought: Camels sought after for meat, milk and cheese. ABC News, 22 марта 2020.
3. Асембаева Э.К., Галстан А.Г., Хуршудян С.А., Нурмуханбетова Д.Е., Велямов М.Т., Аленова А.Б., Сейдахметова З.Ж. Разработка технологии и исследование иммунобиологических свойств кисломолочного напитка на основе верблюжьего молока.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жұмабекова З.А. ТҮЙЕ СҮТІНЕН ДАЙЫНДАЛАТЫН ШҰБАТ ӨНІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫН АНЫҚТАУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2021;(4(4)):12-15.
For citation:
Zhumabekova Z. IMPROVEMENT OF CAMEL MILK PRODUCTS AND DETERMINATION OF THE BENEFITS OF ITS COMPOSITION FOR HUMAN HEALTH. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2021;(4(4)):12-15. (In Kazakh)