4-санға «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік инженериясы және биотехнология», сондай-ақ «Химиялық технология» бағыттары бойынша мақалалар қабылдау жабылды.

Приём статей в четвёртый номер по направлениям «Автоматизация и информационные технологии», «Пищевая инженерия и биотехнология», а также «Химическая технология» закрыт.

Submissions for the fourth issue in the fields of Automation and Information Technology, Food Engineering and Biotechnology, as well as Chemical Technology, are now closed.

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

НӘРЛІ-КӨЖЕ СҮТҚЫШҚЫЛДЫ СУСЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-54

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада «Нәрлі-көже» қышқыл сүтті сусынының технологиясын әзірлеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау тұжырымдамасын іске асырумен және функционалдық тағам өнімдерінің ассортиментін кеңейту қажеттілігімен негізделеді. Негізгі шикізат ретінде сиыр сүті, күріш, тары және арпа жармалары пайдаланылды. Ашытқы ретінде YO-MIX 300TM300 LYO 100 DCU өндірістік ашытқысы қолданылды.
Тәжірибелік рецептуралар сынақтан өткізіліп, жоғары органолептикалық көрсеткіштерімен, біркелкі консистенциясымен және тағамдық құндылығының жоғарылығымен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін сүт және өсімдік текті шикізаттың оңтайлы арақатынасы анықталды. Зерттелген нұсқалардың ішінде № 2 рецептура сапа көрсеткіштері бойынша ең жоғары нәтижелер көрсетті.
Зерттеу нәтижелері әзірленген сусын құрамында адам денсаулығын қолдауға қажетті нәруыздар, майлар, көмірсулар, тағамдық талшықтар, дәрумендер мен минералдық заттардың бар екенін көрсетті. Өнімнің сақтау мерзімі 7 тәулікке дейін жететіні анықталды, ал оның ең жоғары сапа көрсеткіштері 36 сағат бойы сақталды.
Өнім тағамдық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша зерттеліп, олардың белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келетіні анықталды. Алынған қышқыл сүтті сусын кеңінен тұтынуға, соның ішінде диеталық және профилактикалық тамақтануда пайдалануға, сондай-ақ функционалдық тағам өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ұсынылады.
Әзірленген өнімге «Қышқыл сүтті сусын және оны өндіру тәсілі» атты пайдалы модельге №11751 патенті алынды.

Авторлар туралы

Ф. Х. Смольникова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Фарида Харисқызы Смольникова – техника  ғылымдарының кандидаты, «Тамақ технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А1



Ж. М. Атамбаева
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Жибек Манаповна Атамбаева – «Тамақ технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А1



А. О. Утегенова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Асия Оразбековна Утегенова – PhD, «Тамақ технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А1



А. А. Даутова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Асель Алибековна Даутова – «Тамақ технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А1



Н. Р. Муслимова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Назерке Рахифовна Муслимова – техника ғылымдарының магистрі, «Тамақ технологиясы» кафедрасының докторанты

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А1



Әдебиет тізімі

1. Технология производства йогурта с биологически активными добавками растительного происхождения / А.Е. Бепеева и др. // Вестник Университета Шакарима. Серия технические науки. – 2025. – №. 4. – Р. 273-281.

2. Influence of sugar composition in yoghurt on sweet receptor activation and sensory sweetness perception / R. Ahmad et al // Food Chemistry. – 2026. – 148351.

3. El Kahlout, K.E., El Quqa, I.M., El Hindi, M.W., & El Bashiti, T.A. Isolation, biochemical characterization and DNA identification of yogurt starters Streptococcus thermophilus & Lactobacillus delbrueckii ssp. Bulgaricus in Gaza strip //Adv. Microbiol. – 2018. – Т. 8. – №. 12. – С. 1005-1020.

4. Morelli L. Bacteria in Yogurt and Strain-Dependent Effects on Gut Health //Yogurt in Health and Disease Prevention. – Academic Press, 2017. – С. 395-410.

5. Effect of freeze-dried protectants on the survival rate and fermentation performance of fermented milk's directed vat set starters / Yue Tian et al //Cryobiology. – 2024. – Vol. 114. – 104811.

6. Скурихин И.М. Химический состав пищевых продуктов: Справочные таблицы содержания основных пищевых веществ и энергетической ценности пищевых продуктов / И.М. Скурихин, М.Н. Волгарева. – М.: ВО Агропромиздат. – 1987. – 224 с.

7. Ахмедов А.Д. Рис (лат. Oryza) [Электронный ресурс] // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. https://cyberleninka.ru/article/n/ris-lat-or-za.

8. Исследование крупяных зерновых культур / К.Ж. Амирханов и др. // Вестник Алматинского технологического университета. – 2016. – № 1(110). – С. 18-22.

9. Био-энергетические и экологические процессы повышения урожайных, семенных свойств и технологических качеств зерна / А.И. Изтаев и др. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2017. – 236 с..

10. Значение экструзионной технологии в производстве пищевых продуктов / М.Ж. Кизатова и др. // Вестник Алматинского технологического университета. – 2013. – С. 58-62.

11. ГОСТ 3624-92. Молоко и молочные продукты. Титриметрические методы определения кислотности. – М.: Госстандарт СССР. – 1992. – 8 с.

12. ГОСТ 30347-97. Молоко и молочные продукты. Методы определения Staphylococcus aureus. – М.: Госстандарт России. – 1997. – 14 с.

13. ГОСТ 3625-84. Молоко и молочные продукты. Методы определения плотности. – М.: Госстандарт СССР, 1984. – 12 с.

14. ГОСТ 30178-96. Сырье и продукты пищевые. Атомно-абсорбционный метод определения токсичных элементов. – М.: Госстандарт России, 1996. – 16 с.

15. Патент на полезную модель (РК) «Кисломолочный напиток и способ его производства» № 11751. Опубл. 06.02.2025. Авторы: Оралханов А.Ж., Смольникова Ф.Х., Асенова Б.К.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Смольникова Ф.Х., Атамбаева Ж.М., Утегенова А.О., Даутова А.А., Муслимова Н.Р. НӘРЛІ-КӨЖЕ СҮТҚЫШҚЫЛДЫ СУСЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):543-553. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-54

For citation:


Smolnikova F.H., Atambayeva J.M., Utegenova A.O., Dautova A.A., Muslimova N.R. TECHNOLOGY OF THE FERMENTED MILK DRINK «NАRLI-KOZHE». Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):543-553. (In Russ.) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-54

Қараулар: 14

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X