ЛЕҢГЕР ӨЗЕНІНІҢ СУ БИОЦЕНОЗДАРЫНА ФОСФОРҚҰРАМДЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БИОИНДИКАЦИЯЛАУ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-45
Аңдатпа
Бұл мақалада техногендік шығу тегі бар фосфор қосылыстарының қалдықтарының Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Ленгер өзенінің су экожүйесінің экологиялық жағдайына әсері зерттелді. Су үлгілері 2025 жылдың маусым айында антропогендік жүктеме деңгейі әртүрлі бес нүктеден алынды. Өзен суы мен тау жыныстарының техногендік үйінділерінен алынған үлгілер негізінде фосфор қалдықтарын 0,1%, 0,3%, 0,5% және 1,0% концентрацияларын қосу арқылы зертханалық тәжірибе жүргізілді; бақылау үлгілерінде басқа да қоспалар болған жоқ. Инкубация 22- 24 °C температурада және табиғи жарық жағдайында 72 сағатқа созылды.
Таксономиялық талдау барысында фитопланктон мен қарапайымдылардың Chlorophyta, Euglenophyta, Bacillariophyta, Cyanophyta және Protozoa бөлімдеріне жататын өкілдері анықталды. Жасыл балдырлардың ішінде Chlorella vulgaris пен Scenedesmus quadricauda басым болды, диатомды балдырлардан – Navicula vulpina мен Fragillaria austriaca, эвгленалықтардан – Euglena agilis пен Phacus brevicaudatus түрлері тіркелді. Үлгілерде сондай-ақ цианопрокариоттардың (Oscillatoria, Anabaena) және қарапайымдылардың (Paramecium, Arcella, Euplotes) өкілдері кездесіп, судың жоғары трофтылығын және органикалық ластануын көрсетті.
0,1-0,3% концентрацияларында Chlorella vulgaris пен Scenedesmus quadricauda белсенді дамыды, ал 0,5-1,0% кезінде түрлердің көпшілігінің тежелуі, судың мөлдірлігінің төмендеуі және органо-минералдық тұнбалардың түзілуі байқалды. Диатомды балдырлар фосфатты ластануға ең жоғары сезімталдық танытты.
Алынған нәтижелер көрсеткендей, фосфор қалдықтарының төмен концентрацияларында микробалдырлардың фотосинтетикалық белсенділігі артады, бұл олардың қоректік элементтер көзі ретінде түскен заттарды пайдалана алу қабілетін көрсетеді. Алайда концентрациялардың шекті деңгейге дейін жоғарылауы су қауымдастығының тұрақтылығының бұзылуына және биоценоздың деградациясына әкеледі. Осылайша, анықталған заңдылықтар микробалдырлар мен қарапайымдыларды Қазақстанның шағын өзен экожүйелеріндегі антропогендік әсер мен экологиялық жағдайдың сенімді биоиндикаторлары ретінде пайдалануға болатынын дәлелдейді.
Авторлар туралы
Ж. Қ. ОспановаҚазақстан
Жанна Хожановна Оспанова – биология ғылымдарының кандидаты, PhD, доцент м.а.
160021, Шымкент қ., Мәделі Қожа көш., 137/1;
160031, Шымкент қ., Жібек Жолы көш., 131
Л. К. Асамбаева
Қазақстан
Лаззат Каликбаевна Асамбаева – биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
160031, Шымкент қ., Жібек Жолы көш., 131
Ж. Ш. Рахимбердиева
Қазақстан
Жанар Шерахметовна Рахимбердиева
160031, Шымкент қ., Жібек Жолы көш., 131;
160018, Шымкент қ., Тәуке хан даңғ., 5
М. Д. Касимбекова
Қазақстан
Мереке Даулетбековна Касимбекова – PhD, фармацевтік өндірістің технологиясы кафедрасының доцент м.а.
160019, Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы, 1/1
Әдебиет тізімі
1. Eutrophication: Causes, Consequencesand Controlsin Aquatic Ecosystems. Nature Education Knowledge Project (Scitable). Дата обращения: 8 октября 2025. https://www.nature.com/scitable/knowledge/library/eutrophication-causes-consequences-andcontrols-in-aquatic-102364466/.
2. Indicators: Phosphorus. U.S. Environmental Protection Agency (EPA), 2013. 8 октября 2025. https://www.epa.gov/national-aquatic-resource-surveys/indicators-phosphorus.
3. Strokal, Vita, и Anastasia Hats. 2025. «Biogenic Pollution of the Unava River Waterbody» Scientific Reportsofthe National University of Life and Environmental Sciences of Ukraine (aheadofprint). https://doi.org/10.31548/dopovidi/1.2025.09.
4. Rajkumar V. Effect of Agricultural Activities on Surface Water Quality of Kolthur and Sampambole Lakes of Medchal Malkajgiri District, Telangana India / V. Rajkumar, K. Shailaja, S. Gangadhar Rao // Environmental Reports. – 2024. https://doi.org/10.51470/er.2024.6.2.01.
5. Environmental pollution loads on surface water chemistry and potentially ecological risks of inland aquatic ecosystem in South-Eastern State, Nigeria / E.A. Ubuoh, F.U. Nwogu, Cosmas Ofoegbu, P.C. Chikezie // Environmental Systems Research. – 2023. – № 12(1). https://doi.org/10.1186/s40068-023-00302-x.
6. Study of the Possibility of Biorecultivation of Soils Contaminated with Brown Coal Waste / A. Issayeva et al // Journal of Ecological Engineering. – 2024. – № 25(4). – Р. 314-322. https://doi.org/10.12911/22998993/185294.
7. Минсаринова Б.Қ. Жалпы гидробиология: оқуқұралы / Б.Қ. Минсаринова, Б.Е. Есжанов. – 2017. – Алматы: Қазақуниверситеті.
8. Inhibition effects of petroleum products on nitrogen and phosphorous removal / V. Dubovik et al // IOP Conference Series: Earth and Environmental Science. – 2022. – № 981(042008). https://doi.org/10.1088/1755-1315/981/4/042008.
9. Biomonitoring and Bioassessment / Moog et al // В Riverine Ecosystem Management: Science for Governing Towards a Sustainable Future. – 2018. – Р. 415-436. Cham: Springer International Publishing. https://doi.org/10.1007/978-3-319-73250-3_19.
10. Identification of River Water Pollution Based on Saprobic Index of Macrozoobenthos in Anggokoine River, Oheo Sub-District North Konawe District. 2025.
11. Ciliatesas Bioindicators of Water Quality: A Case Study in the Neotropical Region and Evidence of Phylogenetic Signals (18S-rDNA) / Dias, Roberto Júnio Pedroso et al // Environmental Pollution. – 2021. – № 268 (Pt A). – Vol. 115760. https://doi.org/10.1016/j.envpol.2020.115760.
12. Protozoan Communities Serveas a Strong Indicator of Water Quality in the Nile River / ElTohamy et al // Scientific Reports. – 2024. – № 14 (July). –Р. 16382. https://doi.org/10.1038/s41598-024-66583-z.
13. Analysis of water quality, bioindicators, contaminants and their cytogenetic impacts in a Cerrado reservoir / Benicio, Sarah Haysa et al // Revista Brasileirade Ciências Ambientais (aheadofprint). – 2025. https://doi.org/10.5327/z2176-94782115.
14. The Influence of Abiotic Factorson Organisms-Hydrobionts of Activated Sludge / Sh. Baimukasheva et al // Journal of Ecological Engineering. – 2023. – № 24(10). – Р. 125-133. https://doi.org/10.12911/22998993/170165.
15. Rashed M.N. Photocatalytic Degradation of Rhodamine-B Dye Using Composite Preparedfrom Drinking Water Treatment Sludge and Nano-TiO₂ / M.N. Rashed, M.A.E.-D. El-Taher, S.M.M. Fadlalla // Environmental Quality Management. – 2022. – № 31(3). – Р. 175-185. https://doi.org/10.1002/tqem.21772.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Оспанова Ж.Қ., Асамбаева Л.К., Рахимбердиева Ж.Ш., Касимбекова М.Д. ЛЕҢГЕР ӨЗЕНІНІҢ СУ БИОЦЕНОЗДАРЫНА ФОСФОРҚҰРАМДЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БИОИНДИКАЦИЯЛАУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;1(1(21)):406-415. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-45
For citation:
Ospanova Zh.K., Asambaeva L.K., Rakhimberdieva Zh.Sh., Kassimbekova M.D. BIOINDICATION OF THE EFFECT OF PHOSPHORUS-CONTAINING WASTES ON AQUATIC BIOCENOSES OF THE LENGER RIVER. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;1(1(21)):406-415. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-45
JATS XML















