Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

СҮТОШАҒАН КҮНЖАРАСЫ МЕН СЫҒЫНДЫСЫН (ЭКСТРАКТ) ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ҚОЛДАНУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-4(20)-57

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада төмен калориялы ет өнімдерінің сапалық сипаттамаларын жетілдіру мақсатында сүтошаған күнжарасы мен сүтошаған тұқымының сығындысын қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. Сүтошаған (Silybum marianum) биологиялық белсенді заттарға, әсіресе гепатопротекторлық қасиетімен белгілі силимарин кешеніне бай өсімдік болып табылады. Зерттеу барысында оның күнжарасы мен тұқым сығындысын қосу арқылы дайын өнімнің химиялық құрамы, тағамдық құндылығы және функционалдық қасиеттеріне ықпалы жан-жақты зерделенді.
Эксперименттік жұмыстар барысында үлгілерге салыстырмалы талдау жүргізіліп, ақуыз, май, көмірсу мөлшері, сондай-ақ энергетикалық құндылығы анықталды. Зерттеу нәтижелері сүтошаған күнжарасы мен сығындысының ақуыз мөлшері шамалас (21,3% және 21,2%) болғанымен, май үлесі мен тұз деңгейінде айырмашылық байқалды: № 2 үлгіде май мөлшері 4,9%, ал № 1 үлгіде 4,2%; натрий хлориді сәйкесінше 2,07% және 1,5% құрады. Бұл энергетикалық құндылықтың да өзгеруіне әсер етіп, № 2 үлгіде 137,52 ккал/100 г, ал № 1 үлгіде 131,56 ккал/100 г болды. Сүтошаған қоспалары енгізілген үлгілерде биологиялық белсенді заттардың концентрациясы жоғарылап, өнімнің функционалдық артықшылықтары артқаны байқалды. Сонымен қатар, органолептикалық көрсеткіштер бойынша да оң нәтижелер тіркелді, бұл тұтынушылық қабылдауға жағымды әсер ететінін көрсетті.
Жүргізілген зерттеулер сүтошаған күнжарасы мен тұқым сығындысының төмен калориялы ет өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығын арттыратын тиімді ингредиент екенін дәлелдеді. Мұндай қоспаларды қолдану өнімді функционалдық тағамдар қатарына енгізуге мүмкіндік беріп, оны күнделікті тамақтану рационында қолданудың ғылыми негізділігін қамтамасыз етеді және сүтошаған күнжарасы немесе сүтошаған тұқымының сығындысы арасында таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы

А. М. Спанова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Асем Молдагалийкызы Спанова – ББ жобалау және әдістемелік сүйемелдеу бөлімі

071400 Қазақстан Республикасы, Семей қ,.

 



А. Н. Нургазезова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Алмагул Нургазезовна Нургазезова – техника ғылымдарының кандидаты, тамақ технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры

071400 Қазақстан Республикасы, Семей қ,.



М. Б. Ребезов
К.Г. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университеті
Ресей

Максим Борисович Ребезов – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

119991, Ресей Федерациясы, Мәскеу, Земляной Вал көшесі, 73



Ж. М. Атамбаева
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Жибек Манаповна Атамбаева – Тамақ технологиясы кафедрасының оқытушысы

071400 Қазақстан Республикасы, Семей қ,.



А. К. Зарлыкканова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Асем Канатбековна Зарлыкканова – ББ жобалау және әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы

071400 Қазақстан Республикасы, Семей қ,.



Әдебиет тізімі

1. Tuje sutі negіzіndegі kurgak biologiyalyk belsendі kospanyn sapalyk mіnezdemesі / U.Z. Sagyndykov et al // Vestnik KazNU. Seriya biologicheskaya. – 2012. – № 56 (4). – Р. 120-148. (In Kazakh).

2. Martirosyan D.M. Functional foods and chronic disease: a review / D.M. Martirosyan, J. Singh // Journal of Food Science and Human Wellness. – 2015. – Vol. 5, № 6. – P. 191-198. https://doi.org/10.31989/ffhd.v5i6.183. (In English).

3. Milk thistle (Silybum marianum L.) as a functional food ingredient / R.K. Goyal et al // Journal of Herbal Medicine. – 2020. – Vol. 23. – Article 100371. (In English).

4. Impact of silymarin supplements on liver enzyme levels: A systematic review / Е. Calderon Martinez et al // Cureus. – 2023. – Vol. 15, № 10. – e47608. – https://doi.org/10.7759/cureus.47608. (In English).

5. World Health Organization. Obesity and overweight: Fact sheet. – WHO, 2023. URL: 2023 QoC PB Multimedia/documents. (In English).

6. Popkin B.M. Global nutrition transition and the pandemic of obesity in developing countries / B.M. Popkin, L.S. Adair, S.W. Ng // Nutrition Reviews. – 2012. – Vol. 70, № 1. – P. 3-21. https://doi.org/10.1111/j.1753-4887.2011.00456.x. (In English).

7. Korhonen H. Bioactive compounds in milk and dairy products / H. Korhonen // Advances in Experimental Medicine and Biology. – 2019. – Vol. 1128. – P. 295-324. (In English).

8. Funkcionaldy onіmnіn sapasyna itmuryn sygyndysynyn aserіn zertteu / A.S. Borankulova et al // Mekhanika zhane tekhnologiyalar: gylymi zhurnal. – 2022. – № 2(76). https://doi.org/10.55956/XCFG6404. (In Kazakh).

9. Muhamedov T.ZH. Kazakstandagy halyktyn tamaktanu erekshelіkterі men tagam kauіpsіzdіgі / T.ZH. Muhamedov, A.K. Ibraeva // Vestnik KazNU. Seriya biologiya. – 2021. – № 1(86). – B. 45-52. (In Kazakh).

10. Shuzhyk onіmderіnіn tagamdyk kundylygyna osіmdіk komponentterіnіn aserіn zertteu / E.T. Kazhibaeva et al // Shakarіm universitetіnіn habarshysy. – 2025. – № 2(18). – P. 249-255. (In Kazakh).

11. Kozhahmetova L.K. Tomen kaloriyaly et onіmderіnіn tekhnologiyalyk negіzderі / L.K. Kozhahmetova, A.T. Omarova // Tagam onіmderі tekhnologiyasy gylymi zhurnaly. – 2023. – № 2. – B. 25-33. (In Kazakh).

12. «2030 zhylga karaj Kazakstanda artyk salmagy bar balalar zharty millionga zhetedі» // Kazinform (Energyprom) – 24 karasha 2023. https://kaz.inform.kz/news/2030-zhilga-karay-kazakstanda-artiksalmagi-bar-balalar-zharti-millionga-zheted-bdd5b1/ Казинформ+1. (In Kazakh).

13. Anartaeva A.M. Tekhnologiyalar: bolashaktagy talaptar men perspektivalar» halykaralyk gylymiadіstemelіk konferenciyasy. – Ontustіk-Kazakstan medicina akademiyasy. – 2025. – B. 55-60. (In Kazakh).

14. Shubar alatіken (Silybum marianum L. Gaertn.) – darіlіk osіmdіgіnіn kultivaciyasyn ujymdastyru zholdary / R.A. Kozykeeva et al // PHARMKAZ. – 2024. https://doi.org/10.53511/PHARMKAZ.2024.98.54.033. (In Kazakh).

15. Phytochemical study of milk thistle, Silybum marianum (L.) Gaertn / М. Tileshova et al // Caspian Journal of Environmental Sciences. – 2024. – Vol. 22, № 5. – P. 1293-1299. https://doi.org/10.22124/CJES.2024.8345. (In English).

16. Pearson A.M. Reduced and Low Fat Meat Products / A.M. Pearson, T.A. Gillett // Processed Meats. – Boston, MA: Springer, 1996. – P. 355-371. https://doi.org/10.1007/978-1-4615-7685-3_14. (In English).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Спанова А.М., Нургазезова А.Н., Ребезов М.Б., Атамбаева Ж.М., Зарлыкканова А.К. СҮТОШАҒАН КҮНЖАРАСЫ МЕН СЫҒЫНДЫСЫН (ЭКСТРАКТ) ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ҚОЛДАНУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2025;1(4(20)):481-486. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-4(20)-57

For citation:


Spanova A., Nurgazezova A., Rebezov M., Atambayeva Zh., Zarlykkanova A. APPLICATION OF MILKCAKE AND EXTRACT IN THE FOOD INDUSTRY. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2025;1(4(20)):481-486. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-4(20)-57

Қараулар: 110

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X