"Тамақ инженериясы және биотехнология" және "Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар" бағыттары бойынша үшінші нөмірге жарияланымдарды қабылдау жабық!

Прием публикаций на третий номер по направлениям «Пищевая инженерия и биотехнология» и «Автоматизация и информационные технологии» закрыт!

The reception of publications for the third issue in the areas of "Food Engineering and Biotechnology" and "Automation and Information Technology" is closed!

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУДИТІ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-56

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Семей қаласындағы көпқабатты тұрғын үйге жүргізілген энергетикалық аудиттің нәтижелері келтірілген. Зерттеу нысаны ретінде Физкультура көшесінде орналасқан панельді тұрғын үй таңдалды, себебі оның жылу тұтынуы ұқсас ғимараттарға қарағанда жоғары және қасбеттерінде жылу шығынының көрінетін белгілері байқалады. Жұмыстың мақсаты – ғимараттың қоршаушы құрылымдарындағы жылу шығындарын термография әдісімен анықтап, жылуэнергетикалық тиімділікті арттыруға бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды негіздеу.
Әдіс ретінде инфрақызыл термография (Easir-9 жылу бейнегішінің көмегімен), жылутехникалық есептеулер және жылу энергиясының жылдық шығынын бағалаудың нормативтік тәсілдері қолданылды. Өлшеулер жүргізу кезінде сыртқы және ішкі ауа температурасы, эмиссия коэффициенті, қашықтық пен аспаптың негізгі метрологиялық сипаттамалары ескерілді. Нәтижесінде панель түйіспелерінде, терезе ойықтарында, цоколь аймағында және кіреберіс тораптарында «суық көпірлердің» шоғырланған аймақтары анықталды, олар жалпы жылу шығындарының елеулі үлесін құрайды.
Ұсынылған энергия үнемдеу іс-шараларына қасбеттерді жылу оқшаулау, жылыту жүйесін гидравликалық теңгерімдеу, радиаторлық терморегуляторларды орнату және жылу энергиясын есепке алу құралдарын енгізу жатады. Экономикалық бағалау бұл шараларды іске асыру кезінде жылу энергиясын тұтынуды шамамен 15-20%-ға дейін қысқартуға және тұрғын үй иелері үшін қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Жұмыстың практикалық маңыздылығы нақты тұрғын үй қоры үшін қолдануға болатын кешенді тәсіл ұсынуымен, сондай-ақ Семей қаласының және Қазақстан Республикасының басқа да қалаларының ұқсас ғимараттары үшін әдістемелік негіз қалыптастыруымен сипатталады.

Авторлар туралы

Ж. К. Алдажуманов
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Жан Касенович Алдажуманов – техника ғылымдарының магистрі, «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушы 

071412, Семей қ., Глинки 20А көш



Е. Н. Мясоедова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Екатерина Николаевна Мясоедова – техника ғылымдарының магистрі, «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының оқытушы 

071412, Семей қ., Глинки 20А көш



Д. В. Мясоедов
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Дмитрий Викторович Мясоедов – техника ғылымдарының магистрі, «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушы 

071412, Семей қ., Глинки 20А көш



К. С. Зарыкбаева
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Камшат Серикхановна Зарыкбаева – техника ғылымдарының магистрі, «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушы 

071412, Семей қ., Глинки 20А көш



А. Е. Сатыбалдинова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Айгерим Еркеновна Сатыбалдинова – техника ғылымдарының магистрі, «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының оқытушы 

071412, Семей қ., Глинки 20А көш



Әдебиет тізімі

1. СН РК 2.04-07-2022. Тепловая защита зданий (ҚР ҚН 2.04-07-2022 «Ғимараттардың жылу қорғанысы») [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=35669805&doc_id2=31741316#pos=1;-16&sel_link=1009335515 (дата обращения: 01.12.2025).

2. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңы (өзгертулері мен толықтыруларымен) [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000541 (дата обращения: 01.12.2025).

3. ГОСТ 30494-2011. Здания жилые и общественные. Параметры микроклимата в помещениях [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31335849 (дата обращения: 01.12.2025).

4. ISO 50002:2014. «Аудит в области энергетики. Требования и руководство по его проведению» [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38306545 (дата обращения: 01.12.2025).

5. Республика Казахстан. РК 1.04-101-2012. Обследование и оценка технического состояния зданий и сооружений. – Астана: KAZGOR, 2015.

6. Романенко Е.Ю. Повышение энергетической эффективности ограждающих конструкций – путь повышения эффективности эксплуатации зданий и сооружений / Е.Ю. Романенко // Инженерный вестник Дона. – 2013. – № 4. – С. 255-260.

7. Теребов Д.Н. Обследование зданий и сооружений / Д.Н. Теребов, Д.Н. Лазарев, Д.В. Зорин // Инновационная наука. – 2016. – № 4. – С. 174-176.

8. Морозов А.А. Обзор методик наблюдения за деформациями при инструментальном обследовании зданий и сооружений / А.А. Морозов, Л.А. Грибкова, В.Л. Шаповалов // Научные труды КубГТУ. – 2016. – № 8. – С. 64-74.

9. К вопросу обследования технического состояния гражданских зданий / Л.А. Сулейманова и др. // Вестник Белгородского государственного технологического университета им. В.Г. Шухова. – 2016. – № 7. – С. 32-36.

10. Krarti M. Energy Audit of Building Systems: An Engineering Approach / M. Krarti // 3rd ed. Boca Raton: CRC Press, 2020. 658 p.

11. Capehart B.L. Guide to Energy Management / B.L. Capehart, W.C. Turner, W.J. Kennedy // 8th ed. Lilburn: Fairmont Press, 2016. – 630 p.

12. Thumann A. Handbook of Energy Audits / A. Thumann, W.J. Younger, T. Niehus // 9th ed. Lilburn: Fairmont Press, 2020. – 460 p.

13. Rossiter A.P. Energy Management and Efficiency for the Process Industries / A.P. Rossiter // Hoboken: Wiley, 2015. – 400 p.

14. American Society of Heating, Refrigerating and Air-Conditioning Engineers (ASHRAE). Procedures for Commercial Building Energy Audits. 2nd ed. Atlanta: ASHRAE, 2011. – 162 p.

15. International Organization for Standardization (ISO). ISO 50002:2014. Energy audits – Requirements with guidance for use. Geneva: ISO, 2014. – 22 p.

16. Shapiro I.M. Energy Audits and Improvements for Commercial Buildings / I.M. Shapiro // Hoboken: Wiley, 2016. – 384 p.

17. Wulfinghoff D.R. Energy Efficiency Manual / D.R. Wulfinghoff // Energy Institute Press, 2000. – 1512 p.

18. Doty S. Commercial Energy Auditing Reference Handbook / S. Doty // 3rd ed. Boca Raton: CRC Press, 2016. – 1102 p.

19. International Organization for Standardization (ISO). ISO/DIS 50002-1. Energy audits – Part 1: General requirements with guidance for use. Geneva: ISO, 2024.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Алдажуманов Ж.К., Мясоедова Е.Н., Мясоедов Д.В., Зарыкбаева К.С., Сатыбалдинова А.Е. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУДИТІ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;1(1(21)):497-509. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-56

For citation:


Aldazhumanov Zh., Myassoedova E., Myassoedov D., Zarykbaeva K., Satybaldinova A. ENERGY AUDIT OF A RESIDENTIAL BUILDING IN THE CITY OF SEMEY. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;1(1(21)):497-509. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-56

Қараулар: 104

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X