Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

ӨСІМДІКТЕН ЖӘНЕ ЖАНУАРДАН АЛЫНАТЫН ФУНКЦИОНАЛДЫ БИӨНІМДЕРДІ ЕМДІКПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТАҒАМДА ПАЙДАЛАНУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-3(19)-27

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту ұлттық жобасы аясында функционалдық тағам өнімдерін, атап айтқанда йодпен байытылған қайнатылған шұжық өнімдерін жасау және олардың тағамдық құндылығын арттыру мәселесі қарастырылады. Зерттеу барысында өнімдердің химиялық, аминқышқылдық және энергетикалық құрамы сараланып, функционалдық және технологиялық қасиеттері талданды. Эксперимент нәтижелері бірінші нұсқаның ақуыз, кальций және йод мөлшері бойынша басым екенін көрсетті. Сонымен қатар, мақалада функционалдық биоөнімдерді өндіруде өсімдік пен жануар тектес шикізатты пайдалану арқылы оларды емдік-алдын алу мақсатында қолданудың технологиялық негіздері қарастырылады. Функционалдық тағам өнімдері дәстүрлі тағамдарға қарағанда денсаулыққа оң әсер ететін, арнайы модификацияланған өнімдер болып табылады. Бұл өнімдердің басты ерекшелігі – рецептураға енгізілетін биологиялық белсенді қоспалардың болуы. Емдік-профилактикалық бағыттағы тағамдар ағзадағы биологиялық белсенді заттар тапшылығын толықтырып, иммундық жүйені қолдауға, токсиндерді бейтараптандыруға және ағзадан шығаруға көмектеседі. Мұндай өнімдерді жасаудың үш негізгі тәсілі ұсынылады: кең таралған өнімдерге арнайы компоненттерді қосу, стандартты өнімдердің рецептурасын функционалдық бағытқа сәйкестендіру және мүлде жаңа өнімдерді модельдеу. Мақалада алынған нәтижелер негізінде жасалған шұжық өнімдерінің жоғары тағамдық және биологиялық құндылыққа ие екенін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері функционалдық өнімдерді денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу және халықтың тамақтану құрылымын оңтайландыру құралы ретінде қолдануға болатынын көрсетеді.

Авторлар туралы

Б. К. Асенова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Бахыткуль Кажкенқызы Асенова – техника ғылымдарының кандидаты, «Тамақ технологиясы» кафедрасының профессоры

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А 



А. Н. Нұрғазезова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Алмагуль Нургазезовна Нургазезова – техника ғылымдарының кандидаты, «Тамақ технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А



Г. Н. Нұрымхан
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Гулнур Несиптаевна Нурымхан – техника ғылымдарының кандидаты, «Тамақ технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А



А. С, Камбарова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Арай Сагинбекқызы Камбарова – PhD, «Тамақ технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А



Л. С. Бакирова
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Лайла Сапарбаевна Бакирова – 8D07202 «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының докторанты

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки көшесі, 20 А



Әдебиет тізімі

1. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған, ұлттық жобасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысы.

2. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» 2020 жылғы 1 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, 2020.

3. Окусханова Э.К. Функциональные мясные продукты: современные тенденции производства: Аналитический обзор / Э.К. Окусханова, Б.К. Асенова, М.Б. Ребезов. – Семей, ВКФ АО «НЦНТИ» 2015. – 34 б.

4. Iwatani S. Functional food products in Japan: A review / S. Iwatani, N. Yamamoto // Food Science and Human Wellness. – 2019. – Т. 8, № 2. – Р. 96-101.

5. Functional foods: Product development, technological trends, efficacy testing, and safety / D. Granato et al. // Annual review of food science and technology. – 2020. – Т. 11, № 1. – Р. 93-118.

6. Díaz L.D. An international regulatory review of food health-related claims in functional food products labeling / L.D. Díaz, V. Fernández-Ruiz, M. Cámara // Journal of Functional Foods. – 2020. – Т. 68. – Р. 103896.

7. Decker E.A. Healthier meat products as functional foods / E.A. Decker, Y. Park // Meat science. – 2010. – Т. 86, № 1. – Р. 49-55.

8. Ет өнімдерін өндірудің физика-химиялық және биохимиялық негіздері / Б.К. Асенова и др. – Халықаралық жазылым агентігі, Алматы. – 2013. – 130 б.

9. Advancements in metal-iodine batteries: progress and perspectives / Z.Z. Shen et al // Rare Metals. – 2025. – Р. 1-37.

10. Immunomodulatory Effects of Selected Non-Nutritive Bioactive Compounds and Their Role in Optimal Nutrition / K. Napiórkowska-Baran et al // Current Issues in Molecular Biology. – 2025. – Т. 47, № 2. – Р. 89.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Асенова Б.К., Нұрғазезова А.Н., Нұрымхан Г.Н., Камбарова А.С., Бакирова Л.С. ӨСІМДІКТЕН ЖӘНЕ ЖАНУАРДАН АЛЫНАТЫН ФУНКЦИОНАЛДЫ БИӨНІМДЕРДІ ЕМДІКПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТАҒАМДА ПАЙДАЛАНУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2025;(3(19)):239-246. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-3(19)-27

For citation:


Asenova B., Nurgazezova A., Nurymkhan G., Kambarova A., Bakirova L. APPLICATION OF FUNCTIONAL BIOPRODUCTS OF PLANT AND ANIMAL ORIGIN IN THERAPEUTIC AND PREVENTIVE NUTRITION. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2025;(3(19)):239-246. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-3(19)-27

Қараулар: 11


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X