Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

Журналдың тарихы

«Шәкәрім университетінің хабаршысы» ғылыми журналы 1997 жылы құрылған. Журналдың құрылтайшысы және шығарушысы «Шәкәрім университеті» КеАҚ болып табылады. 2012 жылы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (10.07.2012 жылғы № 1082 бұйрық) «Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізілді. 2021 жылы журнал «Шәкәрім университетінің хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы». Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 19.03.2021 ж. № KZ82VPY00033667 мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлік берді және сериалдық басылымдарды тіркеу жөніндегі халықаралық орталықпен (Франция, Париж қ.) ISSN 2788-7995 берілді.

«Clever Consult» ЖШС жеткізушісімен Crossref-ке мүшелік, ғылыми жарияланымға префикс алу және DOI беру туралы келісімге қол қойылды. 

Жарияланым индекстелетін деректер базасы – Қазақстандық дәйексөздер базасы (ҚазДБ); ICI World of Journals; "КиберЛенинка" ғылыми электронды кітапханасы; Scilit.



X