4-санға «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік инженериясы және биотехнология», сондай-ақ «Химиялық технология» бағыттары бойынша мақалалар қабылдау жабылды.

Приём статей в четвёртый номер по направлениям «Автоматизация и информационные технологии», «Пищевая инженерия и биотехнология», а также «Химическая технология» закрыт.

Submissions for the fourth issue in the fields of Automation and Information Technology, Food Engineering and Biotechnology, as well as Chemical Technology, are now closed.

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

65Г БОЛАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІНЕ ПЛАЗМАЛЫҚ ШЫНЫҚТЫРУ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-74

Аңдатпа

Бұл мақалада 65Г болатының құрылымы мен қасиеттеріне плазмалық шынықтыру параметрлерінің әсері зерттелген. Материалды жергілікті жоғары жылдамдықпен қыздыру және кейіннен өздігінен салқындату арқылы плазмалық өңдеудің беткі қабатта беріктендірілген қабат алуға тиімді екендігі көрсетілді. Зерттеулер плазмалық доға тогының 130-150 А және плазма түзуші газ шығынының 0,22-0,25 л/мин аралығындағы мәндерінде жүргізілді, бұл технологиялық параметрлердің қалыптасқан қабаттың сипаттамаларына әсерін бағалауға мүмкіндік берді. Құрылымдық және фазалық құрамды талдау үшін рентгендік дифракция және сканерлеуші электрондық микроскопия әдістері қолданылды, ал болаттың механикалық және трибологиялық сипаттамалары микроқаттылық өлшегіш пен трибометр көмегімен бағаланды. 65Г болатының бастапқы күйі мен плазмалық беттік өңдеуден кейінгі қасиеттеріне салыстырмалы зерттеу жүргізілді. Алынған нәтижелер плазмалық шынықтыру нәтижесінде мартенсит пен қалдық аустениттен тұратын, бастапқы құрылымға біртіндеп өтетін градиентті микрокұрылым қалыптасатынын көрсетті. Қатайған қабаттың максималды микрокаттылығы шамамен 670-700 HV0.1 мәніне жетеді. Сонымен қатар, өңделген қабаттың тозу жылдамдығы бастапқы күймен салыстырғанда 5-6 есе төмендейтіні анықталды. Зерттеу нәтижелері плазмалық шынықтырудың 65Г болатының беттік қасиеттерін жақсартудың тиімді әдісі екенін және оның қолдану әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.

Авторлар туралы

Д. Р. Байжан
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті; Шәкәрім университеті
Қазақстан

Дарын Рашитұлы Байжан – «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері; 8D05302 «Техникалық физика» білім беру
бағдарламасының докторанты

070002, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. Шәкәрім даңғ., 148

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ. Глинки к., 20А 



G. Erdogan
Сакария университеті
Түркия

Garip Erdogan – Metallurgical and Materials Engineering Department, Materials Under Extreme Conditions Lab.,

54050, Түркия, Сакария қ



Т. Әлімбекұлы
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті; Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Қазақстан

Темірлан Әлімбекұлы – «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері; 8D07102 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс докторанты

070002, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. Шәкәрім даңғ., 148

070000, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. Серікбаев к., 19



Н. С. Райсов
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті
Қазақстан

Нұрмаханбет Саятұлы Райсов – «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері

070002, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. Шәкәрім даңғ., 148



Е. Е. Біржан
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті
Қазақстан

Елжан Еркінұлы Біржан – 6B01509 – «Физика-Информатика» білім беру бағдарламасының 4 курс  студенті

070002, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. Шәкәрім даңғ., 148



Әдебиет тізімі

1. Totten G.E. Steel Heat Treatment: Metallurgy and Technologies / G.E. Totten. – Boca Raton: CRC Press, 2006. – 896 p.

2. Issledovanie izmeneniya struktury, pokazateli tverdosti i treshchinostoikosti plazmennouprochnennoi stali 65G / I.M. Kosanova i dr. // Izvestiya vysshikh uchebnykh zavedenii. Chernaya metallurgiya. – 2023. – Tom 66, № 5. – C. 516-521. https://doi.org/10.17073/0368-0797-2023-5-516-521. (in Russian).

3. Issledovaniya vliyaniya plazmennoi zakalki na protsessy uprochneniya tyazhelonagruzhennykh detalei pochvorezhushchikh mashin / I.M. Kosanova i dr. // Trudy universiteta. – 2023. – № 4(93). – C. 36-42. https://doi.org/10.52209/1609-1825_2023_4_36. (in Russian).

4. Sharifullin S.N. Features of plasma hardening of working bodies of tillage machinery in Kazakhstan / S.N. Sharifullin, A.T. Bainiyazova, M.M. Abzhaev // Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University. – 2023. – № 1(1). – P. 15-21. https://doi.org/10.52081/tst.2023.v01.i1.002.

5. Nanoparticle-strengthened-martensitic Surface Layered Constructed Steel by Plasma Hardening Rout / D. Orynbekov et al // Journal of Nanostructures. – 2021. – Vol. 11, № 4. – P. 814-824. https://doi.org/10.22052/JNS.2021.02.018.

6. Tyurin Yu.N. Electric heating using a liquid electrode / Yu.N. Tyurin, A.D. Pogrebnjak // Surface and Coatings Technology. – 2001. – Vol. 142-144. – P. 293-299. https://doi.org/10.1016/S0257-8972(01)01207-5.

7. GOST 14959-2016. Metalloproduktsiya iz ressorno-pruzhinnoi nelegirovannoi i legirovannoi stali. Tekhnicheskie usloviya. – Moskva: Standartinform, 2017. – 28 s. (in Russian).

8. Gulyarenko A. The Method of Calculating Ploughshares Durability in Agricultural Machines Verified on Plasma-Hardened Parts / A. Gulyarenko, M. Bembenek // Agriculture. – 2022. – Vol. 12, № 6. – 841. https://doi.org/10.3390/agriculture12060841.

9. ASTM G99-17; Standard Test Method for Wear Testing with a Pin-on-Disk Apparatus. ASTM International: West Conshohocken, PA, USA, 2016.

10. ISO 13565:1996; Geometrical Product Specifications (GPS) – Surface texture: Profile method; Surfaces having stratified functional properties. ISO: Geneva, Switzerland, 1996.

11. Koval' A.D. Issledovanie kinetiki obrazovaniya nizhnego beinita v strukture vysokouglerodistoi nizkolegirovannoi stali / A.D. Koval', M.N. Brykov, A.E. Kapustyan, D.N. Timofeenko // Novі materіali і tekhnologії v metalurgії ta mashinobuduvannі. – 2011. – (1) – S. 17-21. (in Ukrainian).


Қосымша файлдар

1. Неозаглавлен
Тақырыбы
Тип Өзгесі
Жүктеу (1MB)    
Метадеректер ▾

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Байжан Д.Р., Erdogan G., Әлімбекұлы Т., Райсов Н.С., Біржан Е.Е. 65Г БОЛАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІНЕ ПЛАЗМАЛЫҚ ШЫНЫҚТЫРУ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):741-748. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-74

For citation:


Baizhan D.R., Erdogan G., Alimbekuly Т., Raisov N.S., Birzhan Е.Е. EFFECT OF PLASMA HARDENING PARAMETERS ON 65G STEEL STRUCTURE AND PROPERTIES. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):741-748. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-74

Қараулар: 12

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X