4-санға «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік инженериясы және биотехнология», сондай-ақ «Химиялық технология» бағыттары бойынша мақалалар қабылдау жабылды.

Приём статей в четвёртый номер по направлениям «Автоматизация и информационные технологии», «Пищевая инженерия и биотехнология», а также «Химическая технология» закрыт.

Submissions for the fourth issue in the fields of Automation and Information Technology, Food Engineering and Biotechnology, as well as Chemical Technology, are now closed.

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

ЦЕМЕНТ КОМПАУНДЫН ҚАУІПСІЗ КОНДИЦИОНЕРЛЕУ ҮШІН ОНЫ ҚАТТЫ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚ ИМИТАТОРЫМЕН ТОЛТЫРУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ДӘРЕЖЕСІН АНЫҚТАУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-71

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қатты радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз кондиционерлеу және ұзақ мерзімді сақтау үшін тұрақты қалдық формаларын алу атом энергетикасы объектілерін пайдаланудан шығару кезіндегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы жұмыстың мақсаты БН-350 реакторын пайдаланудан шығару кезінде пайда болатын қатты радиоактивті қалдықтарды модельдейтін имитаторды пайдалана отырып, цемент матрицасын толтырудың оңтайлы дәрежесін анықтау болды. Зерттеу барысында құрамында 15, 25 және 40 мас.% қатты радиоактивті қалдық имитаторы бар цемент компаундтары дайындалды. Үлгілердің физикалықмеханикалық қасиеттерін бағалау үшін микроқаттылық, сығымдау кезіндегі беріктік шегі және бұзылу сипаты зерттелді. Нәтижелер имитатор мөлшерінің цемент компаундтарының құрылымдық жай-күйі мен механикалық сипаттамаларына елеулі әсер ететінін көрсетті. Микроқаттылық пен сығымдау кезіндегі беріктіктің ең жоғары мәндері имитатор құрамы 15 мас.% болған жағдайда анықталды, бұл цемент матрицасының неғұрлым біртекті және берік құрылымының қалыптасуымен түсіндіріледі. Имитатор құрамын 25 мас.%-ға дейін арттыру механикалық қасиеттердің белгілі бір төмендеуіне әкелгенімен, олардың мәндері радиоактивті қалдықтардың цементтелген түрлеріне қойылатын талаптарға сәйкес деңгейде сақталды. Ал 40 мас.% имитатор кезінде цемент компаундының құрылымдық тұтастығы мен механикалық беріктігінің айтарлықтай төмендеуі байқалды. Алынған нәтижелер қатты радиоактивті қалдықтарды иммобилизациялауға арналған цемент матрицаларының құрамын оңтайландыру және оларды кондиционерлеу технологияларының тиімділігін арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Авторлар туралы

Н. Е. Мухамедов
ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының филиалы; Шәкәрім университеті
Қазақстан

Нуржан Еролович Мухамедов – PhD, қауымдастырылған профессор, бөлім бастығы

180010, Қазақстан Республикасы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 10.

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



О. Өкен
ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының филиалы
Қазақстан

Оспан Окен – инженері

180010, Қазақстан Республикасы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 10



С. А. Должиков
ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының филиалы; Шәкәрім университеті
Қазақстан

Сергей Александрович Должиков – зертханасының топ бастығы

180010, Қазақстан Республикасы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 10.

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



Д. М. Секен
ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының филиалы; Шәкәрім университеті
Қазақстан

Дархан Мұқаметтоқтарұлы Секен – инженері

180010, Қазақстан Республикасы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 10.

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



А. З. Райко
ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының филиалы
Қазақстан

Анель Зиннуровна Райко – инженері

180010, Қазақстан Республикасы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 10



Әдебиет тізімі

1. International Atomic Energy Agency. Classification of Radioactive Waste // IAEA Safety Standards Series No. GSG-1. – Vienna: IAEA. – 2009.

2. International Atomic Energy Agency. Predisposal Management of Radioactive Waste // IAEA Safety Standards Series No. GSR Part 5. – Vienna: IAEA. – 2009.

3. International Atomic Energy Agency. Disposal of Radioactive Waste // IAEA Safety Standards Series № SSR-5. – Vienna: IAEA. – 2011.

4. International Atomic Energy Agency. Development of Waste Acceptance Criteria for Low and Intermediate Level Radioactive Waste // IAEA Nuclear Energy Series No. NW-T-1.29. – Vienna: IAEA. – 2025.

5. Li J. Solidification of radioactive wastes by cement-based materials / J. Li, L. Chen, J. Wang // Progress in Nuclear Energy. 2021.– V.141. https://doi.org/10.1016/j.pnucene.2021.103957.

6. Byeon J. Statistical analysis of effects of test conditions on compressive strength of cement solidified radioactive waste / J. Byeon, S. Park // Nuclear Engineering and Technology. – 2023. – № 55(3). – P. 876-883. https://doi.org/10.1016/j.net.2022.11.008.

7. Cementitious Materials for Nuclear Waste Immobilization / R.O. Abdel Rahman et al // Chichester: John Wiley & Sons. – 2015. https://doi.org/10.1002/9781118511992.

8. Abdel Rahman R.O. Toward Sustainable Cementitious Radioactive Waste Forms: Immobilization of Problematic Operational Wastes / R.O. Abdel Rahman, M.I. Ojovan // Sustainability. – 2021. – № 13(21). – 11992. https://doi.org/10.3390/su132111992.

9. Ojovan M.I. An Introduction to Nuclear Waste Immobilisation / M.I. Ojovan, W.E. Lee. – Elsevier, 2nd ed.: 2013. – ISBN 9780080993935.

10. Pilania R.K., Dube C.L. Matrices for Radioactive Waste Immobilization: A Review // Frontiers in Materials. – 2023. – Vol. 10. https://doi.org/10.3389/fmats.2023.1236470.

11. I,Luhar, S.Luhar, M.Abdullah, A.Sandu et.al. Solidification/Stabilization Technology for Radioactive Wastes Using Cement: An Appraisal // Materials. – 2023. – Vol.16(3). – https://doi.org/10.3390/ma16030954.

12. Advances in immobilization of radionuclide wastes by alkali-activated cement and related materials / Y. Zhu et al // Cement and Concrete Composites. – 2022. – Vol. 126. https://doi.org/10.1016/j.cemconcomp.2021.104377.

13. Decommissioning of the BN-350 fast neutron reactor: history review and current status / N. Mukhamedov et al // Energies.– Vol. 18. – 2025. https://doi.org/10.3390/en18133486.

14. The BN-350 reactor decommissioning: quantitative analysis and prospects for solid radioactive waste management / N. Mukhamedov et al // Energies. – Vol. 18(17). – 2025. https://doi.org/10.3390/en18174651.

15. Sorption-thermal immobilization of salt-bearing liquid radioactive waste via spark plasma sintering of perlite / V. Baklanov et al // Nuclear Engineering and Design. – 2026. – Vol. 415. – Article 115051. https://doi.org/10.1016/j.nucengdes.2026.115051.

16. Semey Cement Plant. (n.d.). Production. https://semeycement.com/production/.

17. Federal Agency on Technical Regulating and Metrology. (2020). GOST 31108-2020. Common cements. Specifications. Standartinform.

18. ASTM International. (2022). ASTM E384 22: Standard Test Method for Microindentation Hardness of Materials. West Conshohocken, PA, USA: ASTM International. Retrieved from https://store.astm.org/e0384-22.html.

19. ASTM C39/C39M-26. Standard Test Method for Compressive Strength of Cylindrical Concrete Specimens. ASTM International, West Conshohocken, PA, USA, 2026.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мухамедов Н.Е., Өкен О., Должиков С.А., Секен Д.М., Райко А.З. ЦЕМЕНТ КОМПАУНДЫН ҚАУІПСІЗ КОНДИЦИОНЕРЛЕУ ҮШІН ОНЫ ҚАТТЫ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚ ИМИТАТОРЫМЕН ТОЛТЫРУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ДӘРЕЖЕСІН АНЫҚТАУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):715-722. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-71

For citation:


Mukhamedov N., Oken O., Dolzhikov S., Seken D.M., Raiko A. DETERMINATION OF THE OPTIMAL FILLING DEGREE OF A CEMENT COMPOUND WITH A SIMULANT OF SOLID RADIOACTIVE WASTE FOR RADIOACTIVE WASTE IMMOBILIZATION. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):715-722. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-71

Қараулар: 15

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X