TI-6AL-4V ҚОРЫТПАСЫНАН ЖАСАЛҒАН КОРТИКАЛДЫ СҮЙЕК БҰРАНДАЛАРЫН СББ БІЛДЕКТЕРІНДЕ ӨНДІРУ КЕЗІНДЕ КЕСКІШ ҚҰРАЛ ТОЗУЫН БЕЙІМДЕЛМЕЛІ ӨТЕМДЕУ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-36
Аңдатпа
Мақалада сандық бағдарламалық басқаруы бар білдектерде Ti-6Al-4V титан қорытпасынан дайындалатын кортикальды сүйек бұрандаларының геометриялық параметрлерінің дәлдігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі медициналық имплантаттардың сапасына қойылатын жоғары талаптармен және кескіш құралдың жинақталған тозуы жағдайында бұранда қалыптастыру процесінің тұрақтылығын сақтау қажеттілігімен негізделген. Жұмыстың мақсаты – СББ жүйесінің құралдары арқылы бұрандакескіш бастиектің тозуын бейімделмелі өтемдеу әдісін әзірлеу және оны эксперименттік тұрғыдан растау. Зерттеулер Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Smart Engineering» құзыреттілік орталығының базасында орындалды. Тәжірибелік үлгілер MANURHIN K'MX 726 EVO бойлық жону автоматында дайындалды, ал бұранда геометриялық параметрлерін бақылау Mahr MarSurf CD 140 контурографы арқылы жүргізілді. Эксперименттік бағдарлама құралдың пайдаланылу кезеңдерін қамтитын тоғыз өңдеу режимін, сондай-ақ ең жоғары 57 м жинақталған өңдеу ұзындығын қамтыды. Зерттеу нәтижелері құралдың жинақталған жұмыс ұзындығы артқан сайын бұранда қадамының, профиль тереңдігінің және бүйір беттер бұрыштарының жүйелі өзгерістері байқалатынын көрсетті. Жинақталған өңдеу ұзындығына байланысты құралдың түзету ығысу шамасын анықтайтын эмпирикалық модель әзірленді. Ең жоғары зерттелген өңдеу ұзындығы үшін ΔZ = 0,0509 мм мәні алынды, бұл басқару бағдарламасында енгізілген 0,050 мм өтемдеумен іс жүзінде сәйкес келді. Есептік түзетуді енгізгеннен кейін бұранда қадамының ауытқуы номиналды 1,25 мм мәнінен 1,28 % құрап, құралды ауыстырмай-ақ бұранда профилінің тұрақты геометриясын сақтауға мүмкіндік берді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы медициналық имплантаттарды дайындау дәлдігін арттырумен, бұрандакескіш бастиектің тиімді пайдалану мерзімін ұлғайтумен және өндірістік шығындарды төмендетумен сипатталады. Болашақ зерттеулер кескіш құралдың тозуын автоматты бақылау жүйелерін әзірлеуге және бейімделмелі өтемдеу алгоритмдерін интеллектуалды цифрлық өндірістік жүйелерге енгізуге бағытталған.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
К. К. КомбаевҚазақстан
Kуат Kурганович Kомбаев – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық инженерия мектебі
070000, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Д.Серікбаев көшесі, 19
Ж. М. Мұхаметбек
Қазақстан
Жақсылық Мұхаметбекұлы Мұхаметбек – Докторант ББ – 8D07102 «Машина жасау» зерттеуші-инженер
070000, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Д.Серікбаев көшесі, 19
Б. Н. Азаматов
Қазақстан
Багдат Нурланович Азаматов – PhD, «SciMed» ЖШС бас директоры
070000, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Д.Серікбаев көшесі, 19
Д. И. Қалиев
Қазақстан
Данияр Исатайұлы Қалиев – PhD докторы, «Smart Engineering» ҚО жетекшісі
070000, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Д.Серікбаев көшесі, 19
Р. Ғабдысалық
Қазақстан
Риза Ғабдысалық – PhD, қауымдастырылған профессор
070000, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Д.Серікбаев көшесі, 19
Әдебиет тізімі
1. Biomaterials as implants in the orthopedic field for regenerative medicine: Metal versus synthetic polymers / F.D. Al-Shalawi et al // Polymers. – 2023. – № 15(12). – Р. 2601. https://doi.org/10.3390/polym15122601.
2. Bamford E. Tool wear in turning of titanium alloy Ti–6Al–4V: Challenges and potential solutions for crater wear, diffusion and chip formation / E. Bamford // Master’s thesis, Uppsala University. – 2016.
3. Research of cutting temperature reducing of titanium alloy grade 5 below polymorphic transformation depending on calculation of cutting modes / M. Doudkin et al // International Journal of Mechanical and Production Engineering Research and Development. – 2020. – № 10(2). – Р. 747-758. https://doi.org/10.24247/ijmperdapr202074.
4. Ti based biomaterials, the ultimate choice for orthopaedic implants – A review / M. Geetha et al // Progress in Materials Science. – 2009. – № 54(3). – Р. 397-425. https://doi.org/10.1016/j.pmatsci.2008.06.004.
5. Development of biocompatible coatings for orthopedic joint implants / A.B. Kengesbekov et al // Physical Sciences and Technology. – 2025. – № 12(1-2). – Р. 84-94. https://doi.org/10.26577/phst20251218.
6. Microplasma sprayed tantalum coatings on Ti Grade 5 extra-low interstitials: Investigation of thickness and porosity control / K. Kombayev et al // Coatings. – 2025. – № 15(4). – Р. 464. https://doi.org/10.3390/coatings15040464.
7. The progress in titanium alloys used as biomedical implants: From the view of reactive oxygen species / J. Yang et al // Frontiers in Bioengineering and Biotechnology. – 2022. – № 10. – Р. 1092916. https://doi.org/10.3389/fbioe.2022.1092916.
8. DePuy Synthes. (2021). Small Fragment System: Surgical Technique. DePuy Synthes Companies.
9. International Organization for Standardization. (1991). ISO 5835:1991. Implants for surgery – Metal bone screws with hexagonal drive connection, spherical under-surface of head, asymmetrical thread – Dimensions. ISO.
10. Kumar A. Tool wear prediction using multi-sensor data fusion and attention-based deep learning / A. Kumar, V. Vasu // Production Engineering. – 2025. – № 19. – Р. 455-471. https://doi.org/10.1007/s11740-024-01319-6.
11. Machining accuracy prediction and adaptive compensation method of CNC machine tool under absence of machining process sensing / J. Sun et al // Journal of Intelligent Manufacturing. – 2025. – № 36. – Р. 3923-3940. https://doi.org/10.1007/s10845-024-02403-5.
12. ASTM International. (2026). ASTM F136-26: Standard specification for wrought titanium-6aluminum-4vanadium ELI (extra low interstitial) alloy for surgical implant applications (UNS R56401). ASTM International. https://doi.org/10.1520/F0136-26.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Комбаев К.К., Мұхаметбек Ж.М., Азаматов Б.Н., Қалиев Д.И., Ғабдысалық Р. TI-6AL-4V ҚОРЫТПАСЫНАН ЖАСАЛҒАН КОРТИКАЛДЫ СҮЙЕК БҰРАНДАЛАРЫН СББ БІЛДЕКТЕРІНДЕ ӨНДІРУ КЕЗІНДЕ КЕСКІШ ҚҰРАЛ ТОЗУЫН БЕЙІМДЕЛМЕЛІ ӨТЕМДЕУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):378-390. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-36
For citation:
Kombayev K., Mukhametbek Zh., Azamatov B.N., Kaliyev D., Gabdyssalyk R. ADAPTIVE CUTTING TOOL WEAR COMPENSATION IN CNC MANUFACTURING OF TI-6AL-4V CORTICAL BONE SCREWS. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):378-390. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-36
JATS XML















