СЫРА ӨНДІРІСІ ҮШІН БИДАЙ УЫТЫНЫҢ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-44
Аңдатпа
Зерттеу қазақстандық жоғары ақуызды бидай сорттарын сыралық уыт өндірісінде қолдану мүмкіндігін технологиялық тұрғыдан бағалауға арналған. Отандық бидайдың едәуір бөлігі ақуыз мөлшерінің жоғары болуымен сипатталатындықтан, мұндай шикізатты уыт алу процесіне тікелей енгізу әрдайым тұрақты нәтиже бермейді. Осы жұмыста «Казахстанская 10» және «Стекловидная-24» сорттары салыстырылып, дәстүрлі әдіспен қатар суландыру мен өсірудің үш тәжірибелік схемасы зертханалық жағдайда сыналды. Сынамалар 2024 жылғы өнімнен алынып, дәннің ылғалдану динамикасы, өсіру ұзақтығы, дайын уыттың органолептикалық және физикахимиялық көрсеткіштері бағаланды. Тәжірибе нәтижелері бойынша №1 схема ылғалдың жеткіліксіз жиналуына, ал №2 схема кейбір үлгілерде шамадан тыс ылғалдануға әкелетіні анықталды. Қысқа суландыру кезеңдері мен ауа үзілістерін үйлестірген № 3 схема екі сорт үшін де технологиялық тұрғыдан неғұрлым теңгерімді болды: соңғы ылғалдылық 44,4-52,2% аралығында қалыптасты, ал өсіру 96 сағатта аяқталды. Дайын уыттың экстрактивтілігі 78-79% болып, сыралық уытқа қойылатын нормативтік талаптардан жоғары нәтиже көрсетті. Екі сорт та қолдануға жарамды болғанымен, ақуыз мөлшерінің төмендігі және технологиялық тұрақтылығы бойынша «Стекловидная-24» сорты тиімдірек шикізат ретінде бағаланды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы жергілікті жоғары ақуызды бидай үшін суландыру-өсіру режимдерінің салыстырмалы бағалануы және № 3 схеманың практикалық қолдануға негізделуімен сипатталады.
Авторлар туралы
Д. Н. БакытжанҚазақстан
Дидар Нуртуғанұлы Бакытжан – «Нан өнімдері және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының докторанты
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Толе би көш, 100
Э. Б. Аскарбеков
Қазақстан
Эрик Бирликович Аскарбеков – PhD, қауымдастырылған профессор
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ, Қайым Мұхамедханов көш, 37А
А. К. Кекибаева
Қазақстан
Анара Канбековна Кекибаева – PhD, "Нан өнімдері
және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" кафедрасының қауымдастырылған профессоры
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Толе би көш, 100
Әдебиет тізімі
1. Shewry P.R. Wheat grain proteins: past, present, and future / P.R. Shewry // Cereal Chemistry. – 2023. – Vol. 100, № 4. – P. 821-838. https://doi.org/10.1002/cche.10585
2. Shevkani K. A comparative review of protein and starch characteristics and end-use quality of soft and hard wheat / K. Shevkani, M. Katyal, N. Singh // Journal of Cereal Science. – 2024. – Vol. 116. – Art. 103876. https://doi.org/10.1016/j.jcs.2024.103876.
3. GOST 29294-2021. Solod pivovarennyi. Tekhnicheskie usloviya. – M.: Standartinform, 2021. – 31 s. (in Russian).
4. The influence of texture type and grain milling degree on the attenuation limit, protein content, and degradation in wheat wort / V. Krstanović et al // Applied Sciences. – 2023. – Vol. 13, № 19. – Art. 10626. https://doi.org/10.3390/app131910626.
5. Ramanan M. Effects of genotype and environment on productivity and quality in Californian malting barley / M. Ramanan, S.J. Finnie, M. Gastl // Agronomy Journal. – 2023. – Vol. 115, № 4. – P. 1802-1818. https://doi.org/10.1002/agj2.21358.
6. Otero E.A. On-field assessment of the environmental modulation of malting quality in barley crops / E.A. Otero, C. Miralles, R. Savin // Field Crops Research. – 2021. – Vol. 271. – Art. 108252. https://doi.org/10.1016/j.fcr.2021.108252.
7. Belcar J. The influence of selected winter wheat cultivars grown in Poland and the growing season on the quality of wheat beers produced from them / J. Belcar, J. Gorzelany // Foods. – 2025. – Vol. 14, № 3. – Art. 601. https://doi.org/10.3390/foods14030601.
8. Fang Y. Genetic Analysis and Molecular Breeding Applications of Malting Quality QTLs in Barley / Y. Fang, X. Zhang, D. Xue // Frontiers in Genetics. – 2019. – Vol. 10. – Art. 352. https://doi.org/10.3389/fgene.2019.00352.
9. Rani H. Quality attributes for barley malt: The backbone of beer / H. Rani, R.D. Bhardwaj // Journal of Food Science. – 2021. – Vol. 86(8). – P. 3322-3340. https://doi.org/10.1111/1750-3841.15858.
10. Alyab'ev B.A. Obosnovanie i razrabotka tekhnologii pshenichnogo soloda i piva iz pshenitsy primorskoi selektsii: dis. ... kand. tekhn. nauk : 05.18.07 / B.A. Alyab'ev ; Dal'nevost. feder. un-t. – Vladivostok, 2022. – 192 s. https://dalrybvtuz.ru/nfiles/articles/33960.pdf. (in Russian).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Бакытжан Д.Н., Аскарбеков Э.Б., Кекибаева А.К. СЫРА ӨНДІРІСІ ҮШІН БИДАЙ УЫТЫНЫҢ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):457-466. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-44
For citation:
Bakytzhan D., Askarbekov E., Kekibaeva A. STUDY OF WHEAT MALT QUALITY FOR BREWING PRODUCTION. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):457-466. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-44
JATS XML















