ПЕСТИЦИДТЕРМЕН ЛАСТАНҒАН ОРТАЛАРДЫ БИОРЕМЕДИАЦИЯЛАУДАҒЫ PSEUDOMONAS БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ: ӘДЕБИ ШОЛУ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-49
Аңдатпа
Қазіргі уақытта агроөнеркәсіпте пестицидтердің қоршаған ортаға таралуы экожүйелердің тұрақтылығына, топырақ сапасына және адам денсаулығына елеулі қауіп төндіріп отыр. Бұл жаһандық экологиялық мәселені шешуде тиімді әдісі ретінде биоремедиация технологияларына деген қызығушылық артып келеді. Осы бағытта, жоғары метаболикалық белсенділігі мен жасанды химиялық заттарды ыдырату қабілеті бар Pseudomonas туысына жататын бактериялар ерекше ғылыми назар аударады. Бұл әдеби шолуда Pseudomonas бактерияларының пестицидтермен ластанған ортаны биоремедиациялаудағы рөлі туралы соңғы ғылыми зерттеулерге библиометриялық және мазмұндық талдау жасалды. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, бұл тақырыптағы ғылыми жарияланымдар саны соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді. Әсіресе, Индия мен Қытай бұл бағыттағы зерттеулерді қарқынды дамытып жатқан елдер ретінде айқындалды. Ғылыми еңбектердің басым бөлігі экология ғылымы, микробиология және биохимия салаларында шоғырланған. Осы зерттеу шеңберінде Prisma әдіснамасын қолдана отырып, Scopus дерекқоры негізінде 2010 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңдегі ғылыми жарияланымдарды іріктеу жүргізілді. Scopus деректер базасынан мақалаларды іздеу «pesticide stresss» және «pseudomonas» кілт сөздерін қолдану арқылы жүзеге асырылды. Кілт сөздермен іздеу барысында 91 мақала таңдап алынып, іріктеу кезінде ең маңызды 20 мақала қарастырылды. Талдауға тек ағылшын тілінде жарияланған рецензияланған мақалалар енгізілді.
Зерттеулер Pseudomonas бактерияларының пестицидтерді ыдыратуға, тотығу стрессін азайтуға және ластанған топырақ микрофлорасын қалпына келтіруге белсенді қатысатынын көрсетеді. Pseudomonas бактерияларының азотты фиксациялау, ауксин бөлу, фитогармондар түзу арқылы өсімдіктің өсуін ынталандыру, фитопатогендерді жою, антибиотик түзу қасиеттері көп зерттелген. Бактериялардың абиотикалық стресстерге (құрғақшылық, тұздану) әсері көп айтылғанымен, олардың пестицидтік стрессті жеңілдету қабілеті туралы мәліметтер әлі де аз. Сонымен қатар бактериялардың ферменттік жүйелері мен генетикалық механизмдерінің пестицидтерді түрлендіруде және минералдаудағы рөлі зерттелді. Әдеби деректерді талдау негізінде Pseudomonas бактерияларының экологиялық биотехнологиядағы маңызды биологиялық кешен екендігі расталды. Оларды пестицидтермен ластанған топырақ пен су экожүйелерін тазарту үшін қолдану, қоршаған ортаны тұрақты басқарудың тиімді стратегияларының бірі болып табылады.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
А. А. РамазановаҚазақстан
Алия Амангельдиевна Рамазанова – PhD, биология кафедрасының аға оқытушысы
050000, Қазақстан Республикасы, Алматы, Гоголя 114/1
С. А. Сапарбаева
Қазақстан
Сандугаш Арманкызы Сапарбаева – магистрант
050000, Қазақстан Республикасы, Алматы, Гоголя 114/1
Г. И. Ерназарова
Қазақстан
Гульзира Измухановна Ерназарова – биология ғылымдарының кандидаты, биотехнология кафедрасының профессоры
050040, Қазақстан Республикасы, Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71
С. К. Кабдрахманова
Қазақстан
Сана Канатбековна Кабдрахманова – химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедрасы Озық функционалды материалдар мен олардың композиттері Research & Development халықаралық орталығының жетекшісі, Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедрасы
050013, Қазақстан Республикасы, Алматы, Қ. Сәтбаев көшесі, 22
Х. Р. Айсакулова
Қазақстан
Хайриниса Рамазановна Айсакулова – биология ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер; химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедрасы Озық функционалды материалдар мен олардың композиттері Research & Development халықаралық орталығы, Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедрасы
050013, Қазақстан Республикасы, Алматы, Қ. Сәтбаев көшесі, 22
Әдебиет тізімі
1. Risk of pesticide pollution at the global scale / F.H.M. Tang et al // Nature Geoscience. – 2021. – V.14, № 4. – P. 206-210. https://doi.org/10.1038/s41561-021-00712-5.
2. Legacy and current pesticide residues in Syr Darya, Kazakhstan: Contamination status, seasonal variation and preliminary ecological risk assessment / D.D. Snow et al // Water Research. – 2020. – V. 188. – P. 116141. https://doi.org/10.1016/j.watres.2020.116141.
3. Sarker A. Environmental fate and sustainable management of pesticides in soils: A critical review focusing on sustainable agriculture / A. Sarker, D. Kim, W.-T. Jeong // Sustainability. – 2024. – V. 16, № 23. – P. 10741. https://doi.org/10.3390/su162310741.
4. Airborne pesticides from agricultural practices: A critical review of pathways, influencing factors, and human health implications / T. Boonupara et al // Toxics. – 2023. – V. 11, № 10. – P. 858. https://doi.org/10.3390/toxics11100858.
5. Progress in bioremediation of pesticide residues in the environment / B.S. Giri et al // Environmental Engineering Research. – 2021. – V. 26, № 6. – P. 200446. https://doi.org/10.4491/eer.2020.446.
6. Doolotkelvieva T. Microbial communities in pesticide-contaminated soils in Kyrgyzstan and bioremediation possibilities / T. Doolotkelvieva, M. Konurbaeva, S. Bobusheva // 13th HCH International HCH & Pesticides Forum: Mater. International Conference. – Zaragoza, Spain, 2015. – 3-6 Nov.
7. Dhakal G. Pesticide degradation by soil bacteria: Mechanisms, bioremediation strategies, and implications for sustainable agriculture / G. Dhakal, S.T. Magar, T. Fujino // Environments. – 2025. – V. 12, № 12. – P. 492. https://doi.org/10.3390/environments12120492.
8. Pesticide–microbe interaction: Investigating the response of Pseudomonas spp. to pesticide exposure / M. Kaarunya et al // International Journal for Multidisciplinary Research (IJFMR). – 2025. – V. 7, № 4. https://doi.org/10.36948/ijfmr.2025.v07i04.49515.
9. Tolerance of Pseudomonas strain to the 2,4-D herbicide through a peroxidase system / E.P. de Oliveira et al // PLOS ONE. – 2021. – V. 16, № 12. – P. e0257263. https://doi.org/10.1371/journal.pone.0257263.
10. Metal-tolerant rhizobacteria alleviate aluminum toxicity in maize via biosorption, antioxidant activation, and ROS reduction / T. Ilyas et al // Journal of Plant Biochemistry and Biotechnology. – 2025. https://doi.org/10.1002/jpb3.70018.
11. Comparing ordinary kriging and inverse distance weighting for soil As pollution in Beijing / P. Qiao et al // Environmental Science and Pollution Research. – 2018. – V. 25, № 7. https://doi.org/10.1007/s11356-018-1552-y.
12. Plant growth regulators: A sustainable approach to combat pesticide toxicity / S. Jan et al // 3 Biotech. – 2020. – V. 10, № 11. – P. 466. https://doi.org/10.1007/s13205-020-02454-4.
13. Metabolic engineering of Pseudomonas putida for simultaneous degradation of chlorpyrifos and 2,4-dichlorophenoxyacetic acid and its application in wastewater treatment / Y. Jiang et al // ACS ES&T Engineering. – 2025. – V. 5. – P. 2958-2966.
14. Tariq S. Physiological effects of silver nanoparticles and Pseudomonas stutzeri on Zea mays L. irrigated with effluent water from industry / S. Tariq, A. Bano, M. Billah // International Journal of Phytoremediation. – 2026. – V. 28, № 3. – P. 412-423. https://doi.org/10.1080/15226514.2025.2568114.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Рамазанова А.А., Сапарбаева С.А., Ерназарова Г.И., Кабдрахманова С.К., Айсакулова Х.Р. ПЕСТИЦИДТЕРМЕН ЛАСТАНҒАН ОРТАЛАРДЫ БИОРЕМЕДИАЦИЯЛАУДАҒЫ PSEUDOMONAS БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ: ӘДЕБИ ШОЛУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):497-507. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-49
For citation:
Ramazanova A.A., Saparbayeva S.A., Yernazarova G.I., Kabdrakhmanova S.K., Aisakulova Kh.R. THE ROLE OF PSEUDOMONAS BACTERIA IN THE BIOREMEDIATION OF PESTICIDECONTAMINATED ENVIRONMENTS: A LITERATURE REVIEW. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):497-507. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-49
JATS XML















