4-санға «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік инженериясы және биотехнология», сондай-ақ «Химиялық технология» бағыттары бойынша мақалалар қабылдау жабылды.

Приём статей в четвёртый номер по направлениям «Автоматизация и информационные технологии», «Пищевая инженерия и биотехнология», а также «Химическая технология» закрыт.

Submissions for the fourth issue in the fields of Automation and Information Technology, Food Engineering and Biotechnology, as well as Chemical Technology, are now closed.

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

SALICORNIA EUROPAEA ӨСІМДІГІ ҰНТАҒЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-56

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты – Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылы маңынан жиналған Salicornia europaea өсімдігінен алынған ұнтақтың физика-химиялық, минералдық және функционалды-технологиялық қасиеттерін зерттеу және оны тағам өнімдерінде табиғи тұз алмастырғыш ретінде қолдану мүмкіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зерттеу барысында өсімдік шикізатының ылғалдылығы 2,61%, жалпы күл мөлшері 15,17% екендігі анықталды. Минералдық құрамды талдау нәтижесінде натрий (Na) – 32,89% және хлор (Cl) – 33,51% элементтерінің басым екендігі, сондай-ақ Mg, Si, K және Ca элементтерінің бар екендігі көрсетілді. Ұнтақтың биологиялық белсенді қосылыстары анықталып, жалпы фенолдар мөлшері 2,41%, флавоноидтар мөлшері 1,37% болды. Ситалық талдау нәтижелері ұнтақтың негізгі бөлігі 0,25-0,5 мм фракциясына тиесілі екенін көрсетті, ал микроструктуралық зерттеу бөлшектер бетінің кеуекті құрылымымен сипатталатынын анықтады. Ұнтақтың ісіну коэффициенті 3,2 болып, су байланыстыру қабілетінің жоғары екендігін көрсетті. Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша токсикалық элементтер, пестицид қалдықтары және микробиологиялық көрсеткіштер нормативтік талаптарға сәйкес келді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – Түркістан облысы Созақ ауданы аумағында өсетін Salicornia europaea өсімдігінен алынған ұнтақтың химиялық құрамы мен функционалды-технологиялық қасиеттерінің кешенді түрде зерттелуі және оның тағам өнеркәсібінде табиғи тұз алмастырғыш ретінде қолдану мүмкіндігінің ғылыми тұрғыдан негізделуі болып табылады. Алынған нәтижелер Salicornia europaea ұнтағының табиғи тұз алмастырғыш және функционалды ингредиент ретінде тағам өнеркәсібінде қолдануға перспективалы екенін дәлелдейді.

Авторлар туралы

А. А. Қайсарова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Арайлым Алмасқызы Қайсарова – магистр, «Механика, машинажасау және мұнай газ ісі» факультеті 

160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5



А. У. Шингисов
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Азрет Утебаевич Шингисов – техника ғылымдарының докторы, «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры

160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5



Э. У. Майлыбаева
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Эльвира Урисбаевна Майлыбаева – магистр, «Тоқыма және тамақ инженериясы» Жоғары мектебі

160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5



М. Б. Кенжеханова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Мереке Батырханқызы Кенжеханова – phD докторы, «Механика, машинажасау және мұнай газ ісі» факультеті

160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5



Әдебиет тізімі

1. World Health Organization. Guideline: Sodium Intake for Adults and Children. – Geneva: WHO, 2012.

2. Kozhakhmetova G. Proper nutrition for a healthy lifestyle of the population of the Republic of Kazakhstan / G. Kozhakhmetova, O. Lashkareva // Problemy Agrorynka. – 2020. – № 3. – P. 102-108.

3. Decker E.A. Healthier meat products as functional foods / E. . Decker, Y. Park // Meat Science. – 2015. – Vol. 86. – P. 49-55.

4. Flowers T.J. Salinity tolerance in halophytes / T.J. Flowers, T.D. Colmer // New Phytologist. – 2015. – Vol. 206. – P. 90-103.

5. Patel S. Salicornia: evaluating the halophytic extremophile as a food and pharmaceutical candidate / S. Patel // 3 Biotech. – 2016. – Vol. 6. – Art. 104.

6. Ksouri R. Halophytes as a source of bioactive compounds / R. Ksouri, W. Megdiche, A. Debez // Food Chemistry. – 2012. – Vol. 135. – P. 1419-1425.

7. Kim H.J. Utilization of Salicornia herbacea as a salt substitute in processed foods / H.J. Kim, J.H. Lee, J.K. Kim // Food Science and Biotechnology. – 2014. – Vol. 23. – P. 123-130.

8. Barreira L. Halophytes: gourmet food with nutritional health benefits / L. Barreira, M.J. Rodrigues, H. Pereira // Journal of Food Composition and Analysis. – 2017. – Vol. 59. – P. 35-42.

9. Shishkina D.I. Analysis of technologies for functional meat products / D.I. Shishkina, A. Yu. Sokolov // Vestnik VGUIT. – 2018. – Vol. 80, № 2. – P. 189-194.

10. Ispol'zovanie rasteniya Salicornia v kachestve zamenitelya povarennoi soli v retsepture izgotovleniya myasnykh chipsov / A.A. Kaisarova i dr. // Vestnik Almatinskogo tekhnologicheskogo universiteta. – 2024. – № 3. – Р. 39-48. (in Russian).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қайсарова А.А., Шингисов А.У., Майлыбаева Э.У., Кенжеханова М.Б. SALICORNIA EUROPAEA ӨСІМДІГІ ҰНТАҒЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):565-573. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-56

For citation:


Kaisarova A.A., Shingisov A.U., Mailybayeva E.U., Kenzhekhanova M.B. STUDY OF THE CHEMICAL COMPOSITION AND FUNCTIONAL-TECHNOLOGICAL PROPERTIES OF SALICORNIA EUROPAEA PLANT POWDER. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):565-573. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-56

Қараулар: 18

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X