"Тамақ инженериясы және биотехнология" және "Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар" бағыттары бойынша үшінші нөмірге жарияланымдарды қабылдау жабық!

Прием публикаций на третий номер по направлениям «Пищевая инженерия и биотехнология» и «Автоматизация и информационные технологии» закрыт!

The reception of publications for the third issue in the areas of "Food Engineering and Biotechnology" and "Automation and Information Technology" is closed!

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫН БОЛЖАМДАУ МОДЕЛІ

https://doi.org/10.53360/10.53360/2788-7995-2026-2(22)-18

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында мектеп түлектерінің білім беру траекторияларын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлар негізінде болжау моделін әзірлеу қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі демографиялық өзгерістер мен білім беру жүйесінің трансформациясы жағдайында түлектерді әртүрлі білім алу бағыттары бойынша бөлу үдерістерін ғылыми тұрғыдан негіздеу қажеттілігімен айқындалады. Жұмыста 1992–2025 жылдар аралығындағы ресми статистикалық деректер пайдаланылды, оның ішінде туу деңгейі, халықтың өмір сүру деңгейі және мектеп түлектерінің білім беру траекториялары бойынша бөліну көрсеткіштері (жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім, шетелде білім алу және баламалы қызмет түрлері). Демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен білім беру бағытын таңдау арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін корреляциялық және дисперсиялық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері туу деңгейі, халық табыстары және түлектердің білім беру бағыттары бойынша бөлінуі арасында статистикалық тұрғыдан маңызды байланыс бар екенін көрсетті. Демографиялық ауытқулар түлектер санының көлемін қалыптастырса, әлеуметтікэкономикалық факторлар олардың білім беру таңдау құрылымын айқындайтыны анықталды. Ұсынылған болжау моделі білім беру жүйесіне түсетін болашақ жүктемені бағалауға және білім беру саясаты саласында негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы

А. Кулмагамбетов
Астана халықаралық университеті
Қазақстан

Адильжан Кулмагамбетов – 8D06101 «Есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» оқу бағдарламасының докторанты,

010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 8



Е. Ербаев
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қазақстан

Ербол Ербаев – PhD докторы, 

090009, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Жәңгір хан көшесі, 51



Г. Камалова
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қазақстан

Гаухар Камалова – Физика-математика ғылымдарының кандидаты, Цифрлық экономика және тұрақты даму» институтының доценті, «Цифрлық даму» орталығының директоры,

090009, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Жәңгір хан көшесі, 51



А. Тыныкулова
Астана халықаралық университеті
Қазақстан

Асемгуль Тыныкулова – (PhD) философия докторы, Ақпараттық технология және инженерий жоғары мектебінің қайымдастырылған профессор м.а., 

010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 8



С. Кашкинбаев
Астана халықаралық университеті
Қазақстан

Сексенбай Кашкинбаев – техника ғылымдарынның кандидаты, доцент, 

010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 8



Әдебиет тізімі

1. Кушербаев К.Е. Приоритетные направления развития образования и науки на ближайший период / К.Е. Кушербаев, Министр Образования и науки РК. Из выступления на расширенном заседании Коллегии Министерства // Актуальные проблемы высшей школы. – 2000 г.

2. Сатубалдин С. Бизнес-образование в Республике Казахстан: «Проблемы и стратегические ориентиры на XXI век» / С. Сатубалдин, исполнительный директор КИМЭП при Президенте Республики Казахстан, академик, доктор экономических наук, профессор // Актуальные проблемы высшей школы. – 2000 г.

3. Кушербаев К.Е. Стратегия развития высшего образования в Республике Казахстан / К.Е. Кушербаев, А.К. Ахметов, А.Е. Абылкасымова – Алматы: Изд.-во «Білім», 1998. – 232 с.

4. Приказ Министерства образования и науки РК «Об утверждении Правил о порядке планирования расходов на подготовку кадров с высшим профессиональным образованием и расходов на обучение одного студента». № 681 от 18 сентября 2002. – Астана.

5. Приказ Министерства образования и науки РК «Об утверждении финансовых нормативов по высшему образованию». № 467 от 13 июня 2002. – Астана.

6. Законодательство об образовании в Республике Казахстан. – Алматы: ЮРИСТ, 2005. – 212 с.

7. Аксельрод В.И. Моделирование и реализация системы дополнительного краеведческого образования учащихся / В.И. Аксельрод // Дополнительное образование. – 1999. – № 2. – С. 9-12.

8. Аксенова Л.И. Модель комплексного образовательного учреждения / Л.И. Аксенова //Дефектология. – 2002. – № 4. – С. 15-23.

9. Кундышева Е.С. Математическое моделирование в экономике: Учебное пособие для вузов / Под ред. Б.А. Суслакова. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Дашков и К, 2005. – 352 с.

10. Бондаревская Е.В. Ценностно-смысловые ориентиры и стратегические направления развития сельской школы Опытно-экспериментальная работа по моделированию образоват. пространства в сел. школе / Е.В. Бондаревская // Педагогика. – 2002. – № 5. – С. 52-64.

11. Artificial intelligence in education: A systematic review / S. Wang et al // Expert Systems with Applications. – 2024.

12. Cheah Y.H. Integrating generative artificial intelligence in K-12 education: practices and barriers / Y.H. Cheah, J. Lu, J. Kim // Computers and Education: Artificial Intelligence. – 2025.

13. Filiz O. Teachers and AI: Factors influencing AI integration in education / O. Filiz, M.H. Kaya, T. Adiguzel // Education and Information Technologies. – 2025.

14. Maheshwari G. Factors influencing students’ intention to adopt AI tools in higher education / G. Maheshwari // Education and Information Technologies. – 2023.

15. Hugerth M.W. Profiling students’ AI-use behavior in higher education / M.W. Hugerth // Computers and Education Open. – 2025.

16. Józsa G. School-level and demographic differences in AI use in education / G. Józsa // Education Sciences. – 2026.

17. Factors influencing students’ adoption of AI technologies in higher education / M.S. Rosli et al // IEEE Access. – 2026.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кулмагамбетов А., Ербаев Е., Камалова Г., Тыныкулова А., Кашкинбаев С. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫН БОЛЖАМДАУ МОДЕЛІ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(2(22)):168-181. https://doi.org/10.53360/10.53360/2788-7995-2026-2(22)-18

For citation:


Kulmagambetov A., Yerbayev Y., Kamalova G., Tynykulova A., Kashkinbaev S. MODEL FOR FORECASTING EDUCATIONAL PATHWAYS OF SCHOOL GRADUATES BASED ON DEMOGRAPHIC DATA AND BIG DATA ANALYTICS METHODS. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(2(22)):168-181. (In Russ.) https://doi.org/10.53360/10.53360/2788-7995-2026-2(22)-18

Қараулар: 3

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X