4-санға «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік инженериясы және биотехнология», сондай-ақ «Химиялық технология» бағыттары бойынша мақалалар қабылдау жабылды.

Приём статей в четвёртый номер по направлениям «Автоматизация и информационные технологии», «Пищевая инженерия и биотехнология», а также «Химическая технология» закрыт.

Submissions for the fourth issue in the fields of Automation and Information Technology, Food Engineering and Biotechnology, as well as Chemical Technology, are now closed.

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

КРЕМНИЙ ДИОКСИДІНІҢ (SIO2) ГИДРОКСИЛ ҚАБАТЫНА ɤ-СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ӘСЕРІ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-66

Толық мәтін:

Аңдатпа

Жұмыста γ-сәулеленудің кремний диоксидінің адсорбциялық қасиеттеріне әсері зерттелді. SiO2 бетінде оттегінің гамма-адсорбциясының спектралдық және температуралық тәуелділіктері анықталды, сәулеленудің гидроксилдік қабат күйіне ықпалы қарастырылды, парамагниттік және адсорбциялық орталықтар арасындағы өзара байланыс айқындалды, сондайақ радиациялық адсорбциядағы қоспалардың рөлі белгіленді. Вакуумда жүргізілген γ-сәулелену ИҚспектрдің түрін өзгертеді: оқшауланған және сутекпен байланысқан гидроксил топтарының (3750, 3605 см⁻¹) интенсивтілігі азаяды, су молекуласының деформациялық тербеліс аймағында жаңа жолақтар (1555, 1520, 1380 см⁻¹) пайда болады. γ-кванттарымен сәулеленген SiO2-ге (сәулелену дозасы 24 кГрей) оттегі жіберілгенде 3750 см⁻¹ жолақтың интенсивтілігі төмендейді. Сонымен қатар жұтылу максимумының аз жиіліктер жағына бірнеше см⁻¹-ге ығысуы байқалады.
Зерттеулер нәтижесінде γ-сәулеленген SiO2-нің ИҚ-спектрлерін талдау барысында мынадай құбылыстар анықталды: γ-сәулелену әсерінен дегидро қышқылдандыру және дегидрлеу процестері жүреді. Сонымен қатар, оттегінің γ-адсорбциясы кезінде басқа адсорбция түрлерімен қатар қалдық органиканың радиолизі жүріп, нәтижесінде әртүрлі формиаттәрізді қосылыстар мен су түзіледі.
SiO2 бетінің алдын ала активтендірілуі 200, 400, 600 және 800°C температураларда жүргізілді. Адсорбциялық сыйымдылықтың температуралық тәуелділігі 400–600 °C аралығында минимумға ие екендігі байқалды. Алдын ала прокалка температурасы артқан сайын γ-адсорбция жылдамдығы да, жалпы адсорбцияланған оттегінің мөлшері де өседі. Бұл температураларда ИҚспектроскопия деректері бойынша гидроксил топтарының бұзылуы жүреді.
Термодесорбциялық зерттеулер газ бөліну жылдамдығының максимумдары 100–120 °C және 200-400 °C аралығында байқалатынын көрсетті. Бұл бірнеше типті адсорбция орталықтарының бар екендігін дәлелдейді: бірінші максимум әдетте Н-орталықтарға, ал екіншісі координациялық орталықтарға сәйкес келеді.
ЭПР-спектрдің дозалық тәуелділігі белгілі заңдылыққа бағынады: сигнал формасы өзгермей, олардың интенсивтілігі доза артқан сайын ұлғаяды.
Алдын ала γ-сәулеленген SiO2 бетінде оттегінің адсорбциясы парамагниттік орталықтардың санын арттырады, бұл оттегінің радикалды формада да адсорбцияланатынын көрсетеді.
Парамагниттік орталықтардың температуралық тәуелділігі айқын максимумға ие – шамамен 400 °C-та байқалады. 120 °C -ге дейінгі температураларда парамагниттік орталықтар іс жүзінде жойылмайды. Ал 240 °C температурада олар толықтай күйдіруге ұшырап, жоғалады. Бұл деректер SiO2 бетінде әртүрлі типтегі адсорбциялық орталықтардың бар екенін және олардың тұрақтылығы температураға тәуелді екенін дәлелдейді.

Авторлар туралы

Т. Тусеев
Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Унивepcитeтi
Қазақстан

Тугара Тусеев – ф.-м.ғ.д., доценті, физикатехникалық факультеті, жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы

050040, Қaзaқcтaн Pecпyбликacы, Aлмaты қ. әл-Фapaби дaңғылы, 71



А. А. Куйкабаева
Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Унивepcитeтi
Қазақстан

Айжан Амангалиевна Куйкабаева – PhD, доценті, физика-техникалық факультеті, жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы

050040, Қaзaқcтaн Pecпyбликacы, Aлмaты қ. әл-Фapaби дaңғылы, 71



А. К. Данлыбаева
Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Унивepcитeтi
Қазақстан

Актолқын Кентаевна Данлыбаева – аға оқытушы, физика-техникалық факультеті, жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы

050040, Қaзaқcтaн Pecпyбликacы, Aлмaты қ. әл-Фapaби дaңғылы, 71



Э. М. Зульбухарова
Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Унивepcитeтi
Қазақстан

Эльмира Мукановна Зульбухарова – аға оқытушы, физика-техникалық факультеті, жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы

050040, Қaзaқcтaн Pecпyбликacы, Aлмaты қ. әл-Фapaби дaңғылы, 71



Қ. М. Омаров
Әскери бөлім 18292
Қазақстан

Қуандық Мейрамгалиевич Омаров – магистр

2050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 275 а



Әдебиет тізімі

1. Bondarenko G.G. Radiatsionnaya fizika, struktura i prochnost' tverdykh tel: uchebnoe posobie / G.G. Bondarenko. – 3-e izd. – M. : Laboratoriya znanii, 2024. – 465 s. (in Russian).

2. Impact of Gamma-Ray Radiation on SiO₂ Hydroxyl Cover / T. Tusseyev et al // AIP Conference Proceedings. – 2024. – Vol. 3020, iss. 1. – Art. 030009. https://doi.org/10.1063/5.0193755.

3. Meng D. Gamma-ray irradiation-induced oxidation and disproportionation at the amorphous SiO₂/Si interfaces / D. Meng, M. Lan, Z. Yang // Journal of Materials Chemistry C. – 2020. – Vol. 8, № 47. – P. 17065-17073. https://doi.org/10.1039/D0TC03942J.

4. Polymerization, grafting and adsorption in the presence of inorganic substrates: thermal polymerization of styrene with untreated and γ-irradiated silica gel as a case study / F. D’Acunzo et al // Polymer. – 2013. – Vol. 54, iss. 25. – P. 6695-6701. https://doi.org/10.1016/j.polymer.2013.10.044.

5. Performance degradation mechanism of γ-ray irradiated sol-gel silica film / B. Li et al // Journal of Non-Crystalline Solids. – 2023. – Vol. 622. – Art. 122666. https://doi.org/10.1016/j.jnoncrysol.2023.122666.

6. The effect of γ-ray radiation on surface physicochemical processes on Al₂O₃ / T.T. Tusseyev et al // Journal of Physics: Conference Series. – 2025. – Vol. 2984. – Art. 012021. https://doi.org/10.1088/1742-6596/2984/1/012021.

7. Sn/SnO₂/MWCNT composite anode and electrochemical impedance spectroscopy studies for Li-ion batteries / M. Alaf et al // Fullerenes, Nanotubes and Carbon Nanostructures. – 2016. – Vol. 24, № 10. – P. 630-634. https://doi.org/10.1080/1536383X.2016.1221403.

8. Radtsig V.A. Hydrogenation of the silanone groups (≡Si–O)₂Si=O: experimental and quantumchemical studies / V.A. Radtsig, I.N. Senchenya // Russian Chemical Bulletin. – 1996. – Vol. 45, № 8. – P. 1849-1856. https://doi.org/10.1007/BF01457762.

9. Li C. Radiation stability of SiO₂ micro- and nanopowders under electron and proton exposure / C. Li, M.M. Mikhailov, V.V. Neshchimenko // Nuclear Instruments and Methods in Physics Research. Section B: Beam Interactions with Materials and Atoms. – 2014. – Vol. 319. – P. 123–127. https://doi.org/10.1016/j.nimb.2013.11.007.

10. Radiation-stimulated adsorption processes on the surface of beryllium oxide / T.T. Tusseyev et al // Chimica Techno Acta. – 2022. – Vol. 9, № 1. – Art. 20229106. – P. 1-5. https://doi.org/10.15826/chimtech.2022.9.1.06.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Тусеев Т., Куйкабаева А.А., Данлыбаева А.К., Зульбухарова Э.М., Омаров Қ.М. КРЕМНИЙ ДИОКСИДІНІҢ (SIO2) ГИДРОКСИЛ ҚАБАТЫНА ɤ-СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ӘСЕРІ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;(3(23)):663-670. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-66

For citation:


Tusseyev T., Kuykabaeva A., Danlybaeva A., Zulbukharova E., Omarov K. THE EFFECT OF γ IRRADIATION ON THE HYDROXYL LAYER OF SILICON DIOXIDE (SIO2). Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;(3(23)):663-670. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-3(23)-66

Қараулар: 17

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X