"Тамақ инженериясы және биотехнология" және "Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар" бағыттары бойынша үшінші нөмірге жарияланымдарды қабылдау жабық!

Прием публикаций на третий номер по направлениям «Пищевая инженерия и биотехнология» и «Автоматизация и информационные технологии» закрыт!

The reception of publications for the third issue in the areas of "Food Engineering and Biotechnology" and "Automation and Information Technology" is closed!

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

ЭЛЕКТРОЛИТТІ-ПЛАЗМАЛЫҚ ҚАТАЙТУ КЕЗІНДЕГІ 65Г БОЛАТ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРІСІ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-26

Толық мәтін:

Аңдатпа

Осы жұмыста 65Г маркалы болатқа электролитті-плазмалық қатайту (ЭПҚ) әдісінің әсері зерттелді. Зерттеу алдында үлгілердің беті механикалық әдіспен тегістеліп, кейіннен жылтырату операцияларынан өткізіліп, бастапқы беткі ақаулар мен бөгде қабаттар толықтай жойылды. Зерттеу барысында натрий карбонатының 20%-дық ерітіндісі электролит ретінде қолданылып, үш үлгіге әртүрлі қыздыру уақыттарымен ЭПҚ жүзеге асырылды. Материалдың бастапқы микроқұрылымы феррит пен перлит құрылымдық бөлшектерінен тұратындығы көрсетілді. Шынықтыру нәтижесінде аустенит мартенситке айналып, өте ұсақ ине тәрізді құрылым қалыптасты. Сканерлеуші электронды микроскоп арқылы алынған бейнелер ЭПҚ өңдеуі беткі қабаттың құрылымын айтарлықтай өзгертетінін көрсетті: түйіршіктер ұсақталып, карбидтік фазалар түзіліп, беткі қабаттағы микроқаттылық едәуір артты. Мартенситтің түзілуі және марганец элементінің болатының қатаю қабілетіне әсері қаттылықты 3,1-3,56 есе арттыруға мүмкіндік беретіндігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелері 65Г болатының микроқұрылымы мен механикалық қасиеттерінің ЭПҚ әдісі арқылы өңделген болат бөлшектердің беріктігі мен сенімділігі артып, олардың қызмет ету мерзімі ұзартылады. Осыған байланысты аталған әдіс машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы техникасында ауыр жүктемелер мен үйкеліс жағдайында жұмыс істейтін серіппелер, біліктер, тісті доңғалақтар және басқа да жауапты бөлшектерді өндіруде перспективалы әрі тиімді технология ретінде қолданылуы мүмкін.

Авторлар туралы

А. Т. Рахметоллаева
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Ақнұр Тлеубекқызы Рахметоллаева – «Техникалық физика» мамандығының студенті, Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

071412, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



Д. А. Әскержанов
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Думан Әскержанов Аңсағанұлы – Шәкәрім университетінің «Техникалық физика» мамандығының магистранты , Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы; Шәкәрім университетінің университетінің «Қатайту технологиялар және жабындар» инженерлік орталығының ғылыми қызметкері 

071412, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



Н. Е. Қадырболат
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Нұрлат Ерболұлы Қадырболат – Шәкәрім университетінің «Жылу энергетикасы» мамандығының студенті, Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

071412, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



А. Ерболұлы
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Айқын Ерболұлы – Шәкәрім университетінің «Техникалық физика» мамандығының студенті, Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

071412, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А;
071412, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



Р. К. Құрманғалиев
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Ринат Хамитұлы Құрманғалиев – «Техникалық физика» мамандығының докторанты, Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

071412, Семей қ., Глинки к-сі, 20 А



Әдебиет тізімі

1. Belkin P.N. Plasma electrolytic hardening of steels: Review / P.N. Belkin, S.A. Kusmanov // Surface Engineering and Applied Electrochemistry. – 2016. – Vol. 52, № 6. Р. 531-546.

2. The Role of Current Density Distribution on Local Hardening of 20GL Steel During Electrolytic Plasma Processing / R. Kurmangaliyev et al // Materials. – 2025. – № 18(22). – Р. 5073.

3. Effect of electrolyte-plasma surface hardening on structure wheel steel 2 / B.K. Rakhadilov et al // Bulletin of the Karaganda University «Physics Series». – 2020. – Vol. 98, № 2. – P. 68-74.

4. Influence of plasma electrolytic hardening modes on the structure and properties of 65G steel / B.K. Rakhadilov et AL // Eurasian Journal of Physics and Functional Materials. – 2021. – Vol. 5, № 3. – Article 6.

5. Effect of Electrolytic-Plasma Hardening on the Microstructure and Tribological Properties of Low-Alloy Steels / B. Rakhadilov et al // Metals. – 2025. – Vol. 15, № 7. – Article 698.

6. The Effect of Electrolytic-Plasma Hardening Time on the Microstructure, Hardness, and Corrosion Behavior of Medium-Carbon Steel / Y. Mukhametov et al // Crystals. – 2025. – № 15(12). – Article 1058.

7. Metallographic Sample Preparation and Examination. Academia.edu. – 2015. – P. 12-36.

8. Electrolytic Plasma Hardening of 20GL Steel: Thermal Modeling and Experimental Characterization of Surface Modification / B. Rakhadilov et al // Applied Sciences. – 2025. – Vol. 15, № 15. – Article 8288.

9. GOST 9450-76. Metody opredeleniya mikrotverdosti. Vikkers. Moskva: Izdatel'stvo standartov, 1976. – 35 s. (In Russian).

10. Marček Ľ. Microscopic Analysis of Structure and Wear for Metallic Materials Using SEM / Ľ. Marček, J.Jr. Vavro, J. Vavro // Applied Sciences. – 2024. – Vol. 14, № 20. – Article 9378.

11. Reed-Hill R.E. Physical Metallurgy Principles. 4th edition / R.E. Reed-Hill, R. Abbaschian // Boston: Cengage Learning. – 1994. – P. 212-235.

12. Bhadeshia H.K.D.H. Steels: Microstructure and Properties. 4th edition / H.K.D.H. Bhadeshia // Oxford: Butterworth-Heinemann. – 2017. – P. 145-160.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Рахметоллаева А.Т., Әскержанов Д.А., Қадырболат Н.Е., Ерболұлы А., Құрманғалиев Р.К. ЭЛЕКТРОЛИТТІ-ПЛАЗМАЛЫҚ ҚАТАЙТУ КЕЗІНДЕГІ 65Г БОЛАТ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРІСІ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;1(1(21)):245-252. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-26

For citation:


Rakhmetollayeva A.T., Askerzhanov D.A., Kadyrbolat N.E., Yerboluly A., Kurmangaliev R.K. STRUCTURAL CHANGES OF 65G STEEL DURING ELECTROLYTIC PLASMA HARDENING. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;1(1(21)):245-252. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-26

Қараулар: 123

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X