"Тамақ инженериясы және биотехнология" және "Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар" бағыттары бойынша үшінші нөмірге жарияланымдарды қабылдау жабық!

Прием публикаций на третий номер по направлениям «Пищевая инженерия и биотехнология» и «Автоматизация и информационные технологии» закрыт!

The reception of publications for the third issue in the areas of "Food Engineering and Biotechnology" and "Automation and Information Technology" is closed!

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

ШАНҚАНАЙ КЕН ОРНЫ ЦЕОЛИТТЕРІН РЕЗИНА ӨНДІРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-82

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада Шанқанай кен орнының табиғи және белсендірілген цеолиттерін резина қоспаларының толықтырғышы ретінде жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылған. Минералды қоспалардың эластомерлердің қасиеттеріне әсерін талдауға бағытталған кең ауқымды ғылыми зерттеулердің нәтижелері зерттеудің осы саласының жоғары әлеуеті мен болашақта даму мүмкіндіктерін растайды. Стандартты жағдайда резина матрицасына минералды қоспаларды енгізу іс-жүзінде қолдану сипаттамаларын жақсартуға жағдай жасайды, яғни материалдың құнын төмендетуге, оның серпімділік және беріктік қасиеттерін жақсартуға және технологиялық қасиеттерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың мақсаты – резина қоспаларының барлық қажетті қасиеттерін сақтай отырып, қымбат толықтырғыштарды қол жетімді баламалармен алмастыру. Беріктік, серпімділік, ескіруге төзімділік және басқа да маңызды көрсеткіштерін сақтай отырып алмастырғыштарды енгізу басты басымдық болып табылады, бұл өнім сапасын жоғалтпай шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ұсынылған ингредиенттер дайын өнімнің стандартқа сәйкестігі мен қолдану талаптарын орындауы үшін ұқсас немесе жақсартылған қасиеттерді қамтамасыз етуі қажет. Бұл зерттеудің нысандары – Шанқанай кен орнынан алынған цеолиттер және диэлектрлік төсеніштерді өндіру үшін қолданылатын резиналар, олар жоғары электр оқшаулағыш қасиетке мен механикалық беріктікке ие болуы қажет.
Ұнтақталған цеолиттік үлгілердің элементтік құрамын анықтау үшін энергия дисперсиялық спектроскопия қолданылды. Бұл ақпарат өте маңызды, себебі ол бізге цеолиттердің резина өндірісінде толықтырғыш ретіндегі тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Эксперименттік зерттеу нәтижесі, ақ күйені (40 масс.б.) Шанқанай кен орнының табиғи және белсендірілген цеолитімен ішінара алмастыру арқылы алынған вулканизаттардың қанағаттанарлықтай физика-механикалық қасиеттерге ие екенін көрсетті. Бұл резина өндірісінде табиғи және белсендірілген цеолиттерді пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, яғни шығындарды азайтуға және вулканизат сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Авторлар туралы

А. О. Оразымбетова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Альмира Омаркызы Оразымбетова – «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасының PhD докторанты 

160012, Шымкент қ., Тауке хан даңғылы, 5



Г. Ф. Сагитова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Гузалия Фаритовна Сагитова – техника ғылымдарының кандидаты, «Экология» кафедрасының профессоры 

160012, Шымкент қ., Тауке хан даңғылы, 5



А. С. Cидиков
И.М. Губкин. атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы
Өзбекстан

Абдужалол Сидикович Сидиков – Химия ғылымының докторы, «Жалпы химия, мұнай және газ химиясы» кафедрасының профессоры 

Ташкент қ., Дурмон йули көшесі, 34



С. А. Сакибаева
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Сауле Абдразаковна Сакибаева – техника ғылымдарының кандидаты, «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессоры 

160012, Шымкент қ., Тауке хан даңғылы, 5



А. Ж. Суйгенбаева
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Алия Жолдасбековна Суйгенбаева – техника ғылымдарының кандидаты, «Химия және фармацевтикалық инженерия» кафедрасының доценті 

160012, Шымкент қ., Тауке хан даңғылы, 5



Әдебиет тізімі

1. Дик Д.С. Технология резины: Рецептуростроение и испытания. Научные основы и технологии / Д.С. Дик. – СПб, 2010. – 620 с. https://1lib.sk/book/16384671/c41d5d.

2. Цеолиттердің әр түрлі салаларда қолдану мүмкіндіктері (шолу) / А.О. Оразымбетова және т.б. // Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. – 2025. – 1(17). Б. 376-397. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-1(17)-48.

3. Шанқанай кен орнындағы цеолиттердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу / А.О. Оразымбетова және т.б. // ҚР ҰҒА Хабарлары. Химия және технология сериясы. – 2024. – Т.2, № 459. – Б. 138-150. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1491.228.

4. Шанқанай кен орны табиғи минералын физикалық және химиялық модификациялау / А.О. Оразымбетова және т.б. // Вестник Университета Шакарима. Технические науки. – 2025. – № 2(18). – Б. 459-469.

5. Myrzalieva S.K. Wastewater treatment using natural zeolite materials / S.K. Myrzalieva, G.N.I.P. Pratama, A.G. Khamidulla // Complex Use of Mineral Resources. – 2021. – № 2(317). – P. 64-68.

6. Al-Waste-Based Zeolite Adsorbent Used for the Removal of Ammonium from Aqueous Solutions / R. Sanchez-Hernandez et al // International Journal of Chemical Engineering. – 2018. – P. 1-11.

7. Туребекова Г.З. Цеолит в резиновой промышленности / Г.З.Туребекова, Н.О. Джакипбекова, С.А. Сакибаева. – ЮКГУ им. М. Ауэзова, г Шымкент, http://www.dpzzz.com/en/publications/10.html.

8. Ескараева Г.З., Сакибаева С.А., Хлебова С.В., Таутанов Х.Б. Брекерная резиновая смесь. Описания изобретения к предварительному патенту. РК, 2001. – бюлл. № 5. https://kz.patents.su/patents/hlebova-svetlana-vasilevna.

9. Применение природных цеолитов в производстве диэлектрических ковриков / Б.Ш. Хасанходжаева и др. // Вестник университета Шакарима. Технические науки. – 2024. – № 4(16). – С.379-388.

10. Experimental Study on the Effect of Waste Rubber Powder and Zeolite Replacement on Cemented Sandy Soil / A. Karimi et al // AUT Journal of Civil Engineering. – 2024. https://ajce.aut.ac.ir/article_5541.html.

11. Molecular sieving effect of the zeolite-filled silicone rubber membranes in gas permeation / M. Jia et al // Journal of Membrane Science. – 1991. – V. 57, Issues 2-3. – P. 289-292. https://doi.org/10.1016/S0376-7388(00)80684-5.

12. Application Characteristics of Zeolite-Based Stuffing for Nanofluidic Packer Rubber / Y. Zhang et al // Energies. – 2022. – № 15(21). – Р. 7962. https://doi.org/10.3390/en15217962.

13. Application of Organic Amine Modified Natural Zeolite in Filling Natural Rubber / X. Chen et al // Nanomaterials. – 2022 – № 12(16). – Р. 2784. https://doi.org/10.3390/nano12162784.

14. Перспективы применения природного цеолита месторождения Даубаба (Казахстан) для наполнения полимеров / Г.Ф. Сагитова и др. // Технология текстильной промышленности. Известия высших учебных заведений. – 2021. – № 6(396). – С. 327-332.

15. Сагитова Г.Ф. Цеолитті қолдана отырып резина қоспаларына арналған құрама оқшаулаушы композицияларын әзірлеу: монография / Г.Ф. Сагитова. – Шымкент: Издательский центр «Aсем», 2021. – 160 с.

16. Аcid and heat modification of kazakhstani zeolite / V.G. Tsitsishvili et al // South Kazakhstan Science Herald. – 2025. – № 1(29). – Р.63-76 .

17. Acid Resistance and Ion-Exchange Capacity of Natural Mixtures of Heulandite and Chabazite. / V. Tsitsishvili et al // Minerals. – 2023. – № 13. – Р. 364. https://doi.org/10.3390/min13030364.

18. Acid treatment of Georgian, Kazakhstani and Armenian natural heulandite-clinoptilolites II / V. Tsitsishvili et al // Adsorption and porous structure. (Scientific Collection «InterConf+», 31(147): with the Proceedings of the 6th International Scientific and Practical Conference «International Scientific Discussion: Problems, Tasks and Prospects» (March 19-20, 2023; Brighton, United Kingdom), InterConf, 2023. – № 147. – Р. 483-502. https://doi.org/10.51582/interconf.19-20.03.2023.052.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Оразымбетова А.О., Сагитова Г.Ф., Cидиков А.С., Сакибаева С.А., Суйгенбаева А.Ж. ШАНҚАНАЙ КЕН ОРНЫ ЦЕОЛИТТЕРІН РЕЗИНА ӨНДІРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;1(1(21)):776-788. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-82

For citation:


Оrazymbetova A.О., Sagitova G.F., Sidikov A.S., Sakibayeva S.A., Suigenbaуeva A.Zh. APPLICATION OF ZEOLITES FROM THE CHANKANAI DEPOSIT IN RUBBER PRODUCTION. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;1(1(21)):776-788. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-82

Қараулар: 87

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X