ЖУСАННЫҢ АНТИОКСИДАНТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ (ARTEMÍSIA VULGÁRIS)
Аннотация
Мақала тотықтырғыш реагент натрийдің 2,6-дихлорфенолиндофенолятымен кәдімгі жусанның (Artemísia vulgáris) сулы ерітіндісінің антиоксиданттық белсенділігін анықтауға арналған. Реакция ерітіндісінің оптикалық тығыздығының өзгеру шамасын фотоколориметриялық әдіспен анықтау толқын ұзындығы 500-520 нм болған кезде жүргізілді. Жусанның (Artemísia vulgáris) тотығуға қарсы белсенділігін анықтау кверцетин бойынша есептеу арқылы жүргізілді.
Зерттеудің келесі кезеңдері жүргізілді: дәрілік өсімдік шикізатын (ДӨШ) дайындау; талдау үшін зерттелетін материалдың сынамасын алу әдістемесі; ылғалдылығы мен күлділігін анықтау. Дәрілік өсімдіктің құрғақ және дымқыл күлдену әдістері жасалды. Кәдімгі жусанды (Artemísia vulgáris) бензолмен экстракциялау әдісі көрсетілген.
Дәрілік заттардың құрамындағы негізгі биологиялық белсенді заттардың әсері өсімдіктің табиғи минералды құрамын анықтайтын макро- және микроэлементтердің әсерімен бірге көрінеді. Мақалада зерттелген дәрілік шөп құрамында калий, кальций, натрий, магний және мыс, темір, марганец сияқты минералды затардың бар екендігі көрсетілген. Олардың құрамы дәрілік шөптер құрамындағы көрсеткіштерге сәйкес келеді.
Авторлар туралы
К. К. КабдулкаримоваҚазақстан
Р. А. Аубакирова
Қазақстан
Б. К. Шаихова
Қазақстан
А. А. Каримова
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Кабдулкаримова К.К., Акимханова Ж.К. Polygonaceae Juss. тұқымдасына жататын өсімдіктердің кейбір түрлерінің химиялық құрамын зерттеу. «Химия ғылымы мен химиялық білім берудің өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы. – Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2022. – Б. 64-67.
2. ГОСТ 24 027.2 Сырье лекарственное растительное. Методы определения влажности, содержание золы, экстрактивных и дубильных веществ, эфирных масла. Лекарственное растительное сырье. M.: 1980. С. 284-294.
3. Скрипник Л.Н., Курашова А.А. Сравнительное исследование антиоксидантных свойств растений некоторых видов рода Sambucus L. Химия растительного сырья. 2019. N 1. С.127-137.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Кабдулкаримова К.К., Аубакирова Р.А., Шаихова Б.К., Каримова А.А. ЖУСАННЫҢ АНТИОКСИДАНТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ (ARTEMÍSIA VULGÁRIS). Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2021;(1(1)):50-53.
For citation:
Kabdulkarimova K., Aubakirova R., Shaikhova B., Karimova A. DETERMINATION OF ANTIOXIDANT ACTIVITY OF COMMON WORMWOOD (ARTEMISIA VULGARIS). Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2021;(1(1)):50-53. (In Russ.)