СҮТ САРЫСУЫНАН ЖАСАЛҒАН АҚУЫЗДЫ ӨНІМДЕР
Аңдатпа
Бұл мақала функционалдық азық-түлік өнімдерін, атап айтқанда, сиыр сүтін қайта өңдеу өнімдерін өндірудің перспективалық бағыттарын зерттеуге арналған. Сүтті өңдеу процесінде жанама өнімдер – құрамында ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералдар, дәрумендер жақсы теңдестірілген қатынаста және жеңіл сіңімді түрде болатын бағалы екіншілік шикізат болып табылатын майсыз сүт және сарысу түзіледі.
Мақалада диеталық ақуыздың негізгі көзі болып табылатын сарысуды өңдеу туралы айтылады. Теориялық зерттеулер көрсеткендей, адамның тамақтануындағы барлық танымал сарысу ақуыздары құнды болып табылады. Бұл жұмыста ақуыз концентраттарын алудың биотехнологиялық аспектісі – сарысу протеин концентраты қарастырылады, мақалада жаңа балғын сүзбе сарысуынан қышқыл-жылу әдіспен сарысу протеин концентратын алудың технологиялық процесі сипатталған, коагулянттық реагент ретінде рН 2,4 сірке қышқылы қолданылады.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
С. Е. БолатхановаҚазақстан
Ж. Х. Какимова
Қазақстан
Г. О. Мирашева
Қазақстан
С. С. Толеубекова
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Короткий И.А., Короткая Е.В., Неверов Е.Н. Разработка низкотемпературной технологии извлечения белка из творожной сыворотки // Вестник КрасГАУ. – 2020. – №2. – С. 148-154.
2. Гаврилова, Н.Б., Щетинин, М.П.. Технология молока и молочных продуктов: традиции и инновации. – М: Колос, 2012, 542 с.
3. https://dairyprocessinghandbook.tetrapak.com/ru/chapter/pererabotka-syvorotki
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Болатханова С.Е., Какимова Ж.Х., Мирашева Г.О., Толеубекова С.С. СҮТ САРЫСУЫНАН ЖАСАЛҒАН АҚУЫЗДЫ ӨНІМДЕР. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2021;(1(1)):37-39.
For citation:
Bolatkhanova S., Kakimova J., Mirasheva G., Toleubekova S. WHEY PROTEIN PRODUCTS. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2021;(1(1)):37-39. (In Kazakh)