Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

МЕДИАӨНЕРДЕ ДЕРЕКТЕРДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ҮДЕРІСТЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-4(20)-24

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада медиаөнер саласында деректерді визуализациялау үдерістерін цифрландырудың мәні мен оның шығармашылық тәжірибеге ықпалы қарастырылады. Қазіргі таңда ақпарат көлемінің ұлғаюы мен күрделене түсуі визуалды деректермен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін қажет етеді. Осы тұрғыда растрлық, векторлық, үшөлшемді (3D) және фракталды графика сияқты негізгі визуализация құралдары талданып, олардың медиаөнердегі орны сипатталады. Сондай-ақ анимация, интерактивті инфографика, виртуалды және толықтырылған шындық (VR/AR), бұлттық жүйелер секілді ІТ-технологиялардың шығармашылық жобаларды дамытудағы маңызы ерекше аталып өтеді.
Мақалада ақпараттық және салыстырмалы талдау әдістері негізінде медиаөнер мен арттерапиядағы цифрлық тәжірибелер зерделенді. Еуропа, АҚШ және Азия елдеріндегі көрмелер, онлайн платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылып отырған арт-терапия тәжірибесі қарастырылып, олардың артықшылықтары сипатталды. Әсіресе халықаралық деңгейде кең таралған онлайн арт-терапияның психологиялық қолдау мен шығармашылық қабілеттерді дамытудағы рөліне назар аударылды. Сонымен қатар Қазақстан жағдайындағы алғашқы қадамдар баяндалып, шетелдік үлгілермен салыстырмалы түрде талқыланды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, медиаөнерде цифрландыруды енгізудегі негізгі қиындықтар техникалық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, кадрлық әлеуеттің әлсіздігі және әдістемелік тұрғыдағы шектеулермен байланысты. Дегенмен интеграциялық мүмкіндіктер кең: халықаралық тәжірибені енгізу, заманауи технологияларды бейімдеу және кәсіби мамандарды даярлау бұл саланың дамуына жол ашады. Қорытынды бөлімде медиаөнер мен арт-терапияны цифрлық форматта дамытуға арналған ұсыныстар ұсынылып, олардың практикалық маңызы айқындалды.

Авторлар туралы

Г. Ж. Есенбекова
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Қазақстан

Гүлжанат Жумагазиевна Есенбекова – техника ғылымдарының кандидаты, профессор

050000, Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Панфилова, 127



К. М. Райымқұл
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Қазақстан

Құралай Маратқызы Райымқұл – «Медиаөнер» мамандығының 2-курс магистранты

050000, Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Панфилова, 127



Әдебиет тізімі

1. Комилова З.Х. Компьютерлік графиканың түрлері және оның заманауи қоғамдағы рөлі / З.Х. Комилова, Ш. Мухаммаджонова // Ғылымдағы даму мен инновациялар. – 2025. – Т. 4, № 4. – С. 21-24.

2. Мусабекова Л. Мета-кеңістіктегі заманауи өнер / Л. Мусабекова, А. Еспенова // Central Asian Journal of Art Studies. – 2023. – Т. 8, № 4. – Б. 163-178.

3. National Gallery Singapore. https://www.nationalgallery.sg.

4. M+ мұражайы, Гонконг. https://www.mplus.org.hk.

5. Nicole LePera. The Holistic Psychologist. Instagram парақшасы. https://www.instagram.com/the.holistic.psychologist?igsh=czlkZmZkeXptb2hu.

6. Art Therapy Alliance. Facebook қауымдастығы. https://www.facebook.com/@ArtTherapyAlliance/.

7. Art Therapy The Movie. YouTube арнасы. https://youtube.com/@arttherapythemovie?si=wtf-_f815jTMdhO3.

8. The Art Station. Арт-терапиялық платформа. https://www.theartstation.org.

9. Art Of Our Soul. Арт-терапиялық бағдарлама. https://artofoursoul.com.

10. Art Therapy Resources. Арт-терапияға арналған ресурстар. https://arttherapyresources.com.au.

11. American Art Therapy Association. Арт-терапия қауымдастығы. https://arttherapy.org.

12. Tykhoniuk O. және т.б. Заманауи өнердегі шығармашылыққа цифрлық революцияның әсерін талдау: технологиялық өзгерістер, интерактивтілік және виртуалды эстетика. – 2024.

13. Zubala A. Цифрлық ортадағы арт-терапия: қазіргі тәжірибеге шолу және болашақ бағыттар / A. Zubala, N. Kennell, S. Hackett // Frontiers in Psychology. – 2021. – Т. 12, № 595536.

14. Лунга И. Қазақстан мәдениет нысандарына цифрлық білім беру технологияларын енгізу тәжірибесіне шолу / И. Лунга, М. Жангужинова // Central Asian Journal of Art Studies. – 2023. – Т. 8, № 2. – Б. 96-113.

15. Shiferaw R.M. Цифрлық технологиялар және адами ресурстарды басқару тәжірибесі: жүйелі әдеби шолу / R.M. Shiferaw, Z.A. Birbirsa // Heliyon. – 2025. – Т. 11, № 2.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Есенбекова Г.Ж., Райымқұл К.М. МЕДИАӨНЕРДЕ ДЕРЕКТЕРДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ҮДЕРІСТЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2025;1(4(20)):203-210. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-4(20)-24

For citation:


Yessenbekova G.Zh., Raiymkul K.M. DIGITALIZATION OF DATA VISUALIZATION PROCESSES IN MEDIA ART. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2025;1(4(20)):203-210. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-4(20)-24

Қараулар: 77

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X