БАКТЕРИЯЛЫҚ Fe₂(SO₄)₃ ЖӘНЕ БЕНТОНИТ НЕГІЗІНДЕГІ КЕШЕНДІ ҚҰРАМДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-74
Аңдатпа
Мақалада бактериалды-химиялық жолмен алынған үш валентті темір мен бентониттің ағынды судағы оттегінің химиялық қажеттілігіне (ОХҚ) әсерін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Қазіргі таңда құрамында жуғыш заттары бар ағынды суларды тазартудың түрлі әдістері қолданылады. Солардың бірі – суды адсорбция әдісі арқылы өңдеу, оның ішінде көмір материалдарын адсорбент ретінде пайдалану кең тараған. Әдетте ағынды суларды коагуляция әдісімен тазарту барысында алюминий сульфаты мен темір тұздары сияқты коагулянттардың тиімділігі қарастырылады. Бұл реагенттер коллоидты және ұсақ дисперсті бөлшектерді ірі үлпектерге біріктіріп, судың мөлдірлігін арттырады және ластағыштардың шөгіндіге түсуін қамтамасыз етеді. Зерттеу жұмысының мақсаты – құрамында жуғыш заттары бар ағынды сулардың ОХҚ мөлшерін азайту үшін биокоагулянт пен бентонитті пайдалануды зерттеу. Зерттеу әдістері – бактерияларды оқшаулау және лақылдандыру шекті сұйылту әдісімен жүргізілді, судың химиялық оттегінің қажеттілігі МЕМСТ талаптарына сай жасалды, математикалық модельдеу жасанды интеллект арқылы құрастырылды, статистикалық өңдеу Microsoft Excel статистикалық бағдарламалық пакетін қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Acidithiobacillus ferrooxidans BIT1 бактерияларының тіршілік әрекетінен алынған үш валентті темірді пайдалану мүмкіндігі орнатылды. 1,75 г/л концентрациядағы бактериалды-химиялық жолмен алынған үш валентті темір мен 600 мг/л бентонитті бірлесіп қолдану нәтижесінде ағынды сулардың оттегінің химиялық қажеттілігі (ОХҚ) көрсеткішінің төмендеу дәрежесі 88,1±7,9% құрады. Мұндай жоғары тиімділік Fe³⁺ иондарының коллоидты және органикалық ластағыштармен әрекеттесіп, ірі үлпектер түзу қабілетімен, ал бентониттің адсорбциялық және коагуляциялық қасиеттерімен түсіндіріледі.
Авторлар туралы
А. М. ҚожахметоваҚазақстан
Айдана Маратовна Қожахметова – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, «Экология» кафедрасының аға оқытушысы
160021, Шымкент қ., Тауке хан 5
М. Н. Сыздыкова
Қазақстан
Маржан Нурлановна Сыздыкова – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, «Экология» кафедрасының докторанты
160021, Шымкент қ., Тауке хан 5
Әдебиет тізімі
1. Advancing on the promises of techno-ecological nature-based solutions: A framework for green technology in water supply and treatment / E.A.J. Blackburn et Al // Blue-Green Systems. – 2021. – № 3(1). – Р. 81-94. https://doi.org/10.2166/bgs.2021.008.
2. Mohseni-Bandpi A. Biological nitrate removal processes from drinking water supply-a review / A. Mohseni-Bandpi, D.J. Elliott, M.A. Zazouli // Journal of environmental health science & engineering. – 2013. – № 11(1). – Р. 35. https://doi.org/10.1186/2052-336X-11-35.
3. Self-heating of dried industrial tannery wastewater sludge induced by pyrophoric iron sulfides formation / R. Bertani et al // Journal of Hazardous Materials. – 2016. – № 305. – Р. 105-114.
4. Шамханов М.Ч. Адсорбенты на основе природного бентонита / М.Ч. Шамханов // Вестник магистратуры. – 2021. – № 5-5(116). – С. 34-37.
5. Садикова Н.К. Кинетические характеристики очистки сточных вод от нефтепродуктов / Н.К. Садикова, М.Р. Амонов // Universum: технические науки. – 2024. – vol. 6, № 10(127). – Р. 50-53.
6. Сатаева С.С. Применение сорбентов, приготовленных на основе растительного сырья, для очистки загрязненных вод / С.С. Сатаева, М.Е. Сидагалиев, Ф.Ж. Ахметова // Yessenov science journal. – 2024. – vol. 47, № 2. – Р. 15-26. https://doi.org/10.56525/MTZD8751.
7. Baciocchi R. Activated carbons application to remove nonionic surfactants from wastewater produced by an Italian metallurgic plant / R. Baciocchi, F. Lombardi, R. Torella // J Environ Sci Health A Tox Hazard Subst Environ Eng. – 2004. – № 39(4). – Р. 1095-106. https://doi.org/10.1081/ese120028416. PMID: 15137722.
8. Comparative Evaluation of Aluminum Sulfate and Ferric Sulfate-Induced Coagulations as Pretreatment of Microfiltration for Treatment of Surface Water / Y. Song et al // International Journal of Environmental Research and Public Health. – 2015. – № 12(6). – Р. 6700-6709. https://doi.org/10.3390/ijerph120606700.
9. Industrial Wastewater Treatment by Coagulation–Flocculation and Advanced Oxidation Processes: A Review / M.S. Lucas et al // Water. – 2025. – № 17(13). – Р. 1934. https://doi.org/10.3390/w17131934.
10. Use of combined coagulation-adsorption process as pretreatment of landfill leachate / R. Gandhimathi et al / J Environ Health Sci Engineer. – 2013. – № 10, 24. https://doi.org/10.1186/1735-2746-10-24.
11. Сыздыкова М.Н. Ағынды суды тазалауда пайдаланылатын Аcidithiobacillus ferrooxidans Аch 1 бактериялық штамының темірді биохимиялық тотықтыру жылдамдығын зерттеу / М.Н. Сыздыкова, А.У. Исаева // Вестник Университета Шакарима. Серия технические науки. – 2025. – № 1(17). – С.398-403. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-1(17)-49.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Қожахметова А.М., Сыздыкова М.Н. БАКТЕРИЯЛЫҚ Fe₂(SO₄)₃ ЖӘНЕ БЕНТОНИТ НЕГІЗІНДЕГІ КЕШЕНДІ ҚҰРАМДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;1(1(21)):685-691. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-74
For citation:
Kozhakhmetova A.M., Syzdykova M.N. STUDY OF THE EFFICIENCY OF WASTEWATER TREATMENT USING A COMPLEX COMPOSITION BASED ON BACTERIAL FE₂(SO₄)₃ AND BENTONITE. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;1(1(21)):685-691. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-74
JATS XML















