Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

ГЕРОДИЕТИКАЛЫҚ ТАМАҚТАНУҒА АРНАЛҒАН ФЕРМЕНТТЕЛГЕН СУСЫНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Толық мәтін:

Аннотация

Осы мақалада геродиетикалық тамақтануға арналған ферменттелген сусындарды дайындау технологиясы туралы баяндалған. Ғылыми – зерттеу жұмыстың барысында ірімшік сарысуы негізінде жасалған сүтқышқылды сусынның компонентік құрамы және технологиялық процесі құрастырылды.

Сүтті өңдеу барысында екінші ретті шикізат ресурстары түзіледі – майсыздандарылған сүт, майсу, сүт сарысуы. Бұлар бұл сала терминологиясы бойынша қосымшы өнімге жатқызылады. Соңғы жылдары бүкіл әлемде сүт сарысуының игерілуіне қызығушылықтар туындап отыр. Табиғи күйінде сүт сарысуының қолданылуы шектеулі, ол тек белгілі бір дәрежеде ғана тұтынуға ие., бірақ оны қоюлату, кептіру, ферментациялау, құрамындағы компоненттерін бөліп алу арқылы сүт сарысуының айтарлықтай игерілуіне қол жеткізуге болады. Құрғақ сүт сарысуы, табиғи сүттің бүкіл компоненттері сақталған, тағам өндірісінде үлкен сұранысқа ие.

Сарысудың толық игерілуі белоктың, лактозаның қосымша көздерінің пайда болуына әкеледі. Сарысу құрамындағы биологиялық құнды белоктың, минералдық тұздардың, дәрумендердің болуы тағам өндірісінің және азық өндіретін көптеген қызығушылығын тудыруда. Бұған сүт сарысуын сақтау, тасымалдау, өңдеу және жаңа өнімдер алу бойынша жарияланып жатқан ғылыми зерттеулер, көптеген патенттер, жаңа ұсыныстар мен өндіріс ошақтары дәлел.

Осылайша, екінші ретті сүт шикізаты сарысуды геродиетикалық сүтқышқылды өнімнің негізі ретінде пайдалану экономикалық, экологиялық тұрғыдан да пайдалы, ал сарысудың диетикалық құрамы егде жастағы адамдардың денсаулығын нығайтуға үлес қосады.

Авторлар туралы

Б. С. Туганова
ҚЕАҚ «Торайғыров университеті»
Қазақстан

Павлодар қаласы



Г. Т. Кажибаева
ҚЕАҚ «Торайғыров университеті»
Қазақстан

Павлодар қаласы



Н. А. Кудеринова
ҚЕАҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»
Қазақстан


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Туганова Б.С., Кажибаева Г.Т., Кудеринова Н.А. ГЕРОДИЕТИКАЛЫҚ ТАМАҚТАНУҒА АРНАЛҒАН ФЕРМЕНТТЕЛГЕН СУСЫНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2021;(1(1)):21-25.

For citation:


Tuganova B., Kagibaeva G., Kuderinova N. DEVELOPMENT OF TECHNOLOGY FOR THE PRODUCTION OF FERMENTED BEVERAGES FOR HERODIETIC NUTRITION. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2021;(1(1)):21-25. (In Kazakh)

Қараулар: 275


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X