"Тамақ инженериясы және биотехнология" және "Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар" бағыттары бойынша үшінші нөмірге жарияланымдарды қабылдау жабық!

Прием публикаций на третий номер по направлениям «Пищевая инженерия и биотехнология» и «Автоматизация и информационные технологии» закрыт!

The reception of publications for the third issue in the areas of "Food Engineering and Biotechnology" and "Automation and Information Technology" is closed!

Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ДЫБЫСТЫҚ ХАБАР ТАРАТУДЫ ЕНГІЗУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ЖӨНІНДЕ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-2

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының ескірген аналогтық радиожелісін жаңғырту және шалғай аудандарда да ақпараттық ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында DRM стандартына сәйкес цифрлық дыбыстық хабар таратуға көшу қажеттілігі қарастырылады. Мақсат – күрделі жер бедері мен халық тығыздығы төмен жағдайларда DRM технологиясын енгізудің техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық артықшылықтарын негіздеу. Осы мақсатқа жету үшін қазіргі аналогтық дыбыстық хабар тарату жүйесіне жан-жақты талдау жүргізіліп, оның аумақты қамту және энергия тиімділігі тұрғысынан кемшіліктері анықталды. ICS Telecom бағдарламалық қамтамасыздандыруын пайдалану арқылы цифрлық дыбыстық хабар таратудың қызмет көрсету аймағына модельдеу жүргізілді. Есептеулерде ITU-R радиотолқын таралу модельдері, соның ішінде ITU-R P.1546 және дифракциялық шығындарды бағалауға арналған Deygout әдісі ескерілді. Бұл Алма-Ата-549 кГц жиілігіне 100 кВт таратқыш қуатымен шамамен 250 км сенімді қабылдау аймағын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері DRM технологиясын енгізу ел аумағының қамтылуын едәуір кеңейтуге (ел аумағының 95%-ына дейін), таратқыштардың энергия тұтынуын аналогтық жүйелермен салыстырғанда кем дегенде 50%-ға азайтуға, дыбыс сапасын жақсартуға және төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйелері сияқты қосымша сервистерді интеграциялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – консервацияланған радиобекеттерді қайта жабдықтау және ұлттық жиілік ресурстарын тиімді пайдалану арқылы радиохабар тарату инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарын әзірлеуде. Бұл өз кезегінде күрделі және операциялық шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер DRM стандарты бойынша цифрлық дыбыстық хабар таратуға көшу – Қазақстан Республикасының медиаиндустриясын цифрландыруға бағытталған стратегиялық қадам екенін дәлелдейді.

Авторлар туралы

А. Е. Кулакаева
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан

Айгуль Ергалиевна Кулакаева – PhD, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры 

050040, Алматы қ., Манас 34/1 көшесі



А. З. Айтмагамбетов
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан

Алтай Зуфарович Айтмагамбетов – техникалық ғылымдар кандидаты, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессоры 

050040, Алматы қ., Манас 34/1 көшесі



Е. А. Дайнеко
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті; Satbayev University
Қазақстан

Евгения Александровна Дайнеко – PhD, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры; «Компьютерлік инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры 

050040, Алматы қ., Манас 34/1 көшесі;
Almaty, 22A K.Satbayev street



Г. Т. Джаканова
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан

Гаухар Талгатовна Джаканова – магистр, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының сениор-лекторы 

050040, Алматы қ., Манас 34/1 көшесі



Б. А. Кожахметова
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті; Almaty University of Power Engineering and and Telecommunications named after G.Daukeev
Қазақстан

Багдат Абдурашидовна Кожахметова – PhD докторанты, 3 курс студенті, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының ассистент-профессоры 

050040, Алматы қ., Манас 34/1 көшесі;
Almaty,126/1 Baitursynov street



Әдебиет тізімі

1. Годовой отчет Акционерного общества «Казтелерадио» за год, закончившийся 31 декабря 2022 г. – Утверждено Председателем Правления АО «Казтелерадио».

2. Identifying the regularities of the signal detection method using the Kalman filter / B. Medetov et al // Eastern-European Journal of Enterprise Technologies. – 2023. – Т. 125, № 9.

3. Improvement of signal reception reliability at satellite spectrum monitoring system / K. Aigul et al // IEEE Access. – 2022. – Т. 10. – Р. 101399-101407.

4. Harliantara H., Widiarto D. S., Prasetyo I. J. Analogue to Digital Radio Transition in Broadcasting [Электронный ресурс]. – 2024. – URL: https://ssrn.com/abstract=4998071 (дата обращения: 04.08.2025).

5. Comparative analysis of QoS management and technical requirements in 3GPP standards for cellular IoT technologies / V.O. Tikhvinskiy et al // Journal of Telecommunications and Information Technology. – 2018. – № 2. – Р. 41-47.

6. Zyka K. The Digital Audio Broadcasting Journey from the Lab to Listeners – the Czech Republic Case Study / K. Zyka // Radioengineering. – 2019.

7. Šulentić A. The Development of Digital Audio Broadcasting in Croatia: The Case of DAB+ / A. Šulentić, M. Mučalo // Journal of Radio & Audio Media. – 2024. – P. 1-18.

8. Varlamov O.V. A. Basis of Technical Design and Development a Single-Frequency DRM Digital Broadcasting Network for Venezuela / O.V. Varlamov, A.A. Bychkova // 2021 Systems of Signal Synchronization, Generating and Processing in Telecommunications (SYNCHROINFO). – IEEE, 2021. – P. 1-7.

9. Television in Norway [Электронный ресурс] // Wikipedia. –URL: https://en.wikipedia.org/wiki/Television_in_Norway (дата обращения: 04.08.2025).

10. Простякова В.А. Радиовещание в Норвегии: этапы развития / В.А. Простякова // Меди@льманах. – 2023. – № 5 (118). – С. 90-97.

11. Wamanji J.N. Analogue to Digital Broadcast Migration: Communication and Local Broadcast Audio-visual Content Ecosystem – University of Nairobi, 2022.

12. Falkowski-Gilski P. Digital Transformation of Terrestrial Radio: An Analysis of Simulcasted Broadcasts in FM and DAB+ for a Smart and Successful Switchover / P. Falkowski-Gilski // Applied Sciences. – 2021. – Т. 11, № 23. – Р. 11114. https://doi.org/10.3390/app112311114.

13. Varlamov O.V. Organization of single frequency DRM digital radio broadcasting networks. Features and results of practical tests / O.V. Varlamov // 2018 Systems of Signal Synchronization, Generating and Processing in Telecommunications (SYNCHROINFO). – Minsk, Belarus, 2018. – P. 1-8. – https://doi.org/10.1109/SYNCHROINFO.2018.8456925.

14. Международный союз электросвязи. Рекомендация ITU-R P.525. Распространение радиоволн на открытой местности: свободное пространство. – Женева: ITU.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кулакаева А.Е., Айтмагамбетов А.З., Дайнеко Е.А., Джаканова Г.Т., Кожахметова Б.А. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ДЫБЫСТЫҚ ХАБАР ТАРАТУДЫ ЕНГІЗУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ЖӨНІНДЕ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2026;1(1(21)):14-25. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-2

For citation:


Kulakayeva A., Aitmagambetov A., Daineko Ye., Dzhakanova G., Kozhakhmetova B. ON THE NEED TO INTRODUCING DIGITAL AUDIO BROADCASTING IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2026;1(1(21)):14-25. (In Russ.) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2026-1(21)-2

Қараулар: 124

JATS XML


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X