Preview

Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы

Кеңейтілген іздеу

СҮТ ҚҰРАМЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ МӨЛШЕРІН ТӨМЕНДЕТУГЕ АРНАЛҒАН АДСОРБЦИЯЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫНЫ ЖЕТІЛДІРУ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-3(19)-21

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада сүт құрамындағы радионуклидтер мен ауыр металл тұздарының мөлшерін төмендету мақсатында адсорбциялық әдіске негізделген жетілдірілген қондырғы ұсынылады. Зерттеудің мақсаты – сүтті қауіпсіз тұтынуға мүмкіндік беретін тиімді тазарту технологиясын жасау. Сүт – жоғары биологиялық және тағамдық құндылыққа ие бағалы тағам өнімі. Ол адам ағзасына қажетті ақуыздар, майлар, дәрумендер мен микроэлементтерді қамтиды, яғни күнделікті тағам рационының маңызды бөлігі. Алайда экологиялық тұрақсыздық пен техногендік ластану жағдайында сүт өнімдерінің құрамында радионуклидтер мен ауыр металл тұздары сияқты адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Сол себепті сүтті зиянды заттардан тазартудың тиімді әдістерін әзірлеу өзекті мәселе болып отыр.
Зерттеу жұмысында сүттегі зиянды заттардың мөлшерін азайтуға арналған адсорбция әдісіне негізделген эксперименттік қондырғыны жетілдіру ұсынылған. Сұйық тағам өнімдерін тазартуға арналған қондырғыны жетілдіру сұйықтықтың өту сызбасын түрлі комбинациялармен (бір, екі немесе үш баған арқылы) өзгерту мүмкіндігін іске асыруға мүмкіндік берді. Нақтылағанда тазарту процесін ластағыштардың деңгейі мен зиянды заттардың түріне қарай реттеуге жол ашады. Адсорбция әдісі ақуыздар, дәрумендер мен микроэлементтер сияқты құнды тағамдық заттарды төмендетпей, зиянды заттарды азайтуды қамтамасыз етеді. Қондырғы күрделі автоматиканы қажет етпейді және зертханалық жағдайда пайдалануға ыңғайлы. Қолжетімді және арзан табиғи сорбенттерді қолдану – тазарту процесінің өзіндік құнын төмендетеді.

Авторлар туралы

А. К. Базанова
Шәкәрім университет
Қазақстан

Арай Қайратқызы Базанова – «Биоинженерлік жүйелер» кафедрасының докторанты

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинка к-сі, 20 А 



А. Қ. Кәкімов
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Айтбек Қалиұлы Кәкімов – техника ғылымдарының докторы, «Биоинженерлік жүйелер» кафедрасының профессоры

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинка к-сі, 20 А



Н. К. Ибрагимов
Шәкәрім университеті
Қазақстан

Надир Кадырович Ибрагимов – техника ғылымдарының кандидаты, «Биоинженерлік жүйелер» кафедрасының оқытушысы

071412, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Глинка к-сі, 20 А



А. А. Майоров
ФААҒО Сібір ірімшік жасау ғылыми-зерттеу институты
Ресей

Александр Альбертович Майоров – техника ғылымдарының докторы, профессор

656016, Ресей Федерациясы, Алтай, Барнаул қ., Советская Армия көш., 66 үй



Әдебиет тізімі

1. Developing the process parameters of milk pasteurization for reducing the concentration of toxic elements and radionuclides / A. Kakimov et al // ARPN Journal of Engineering and Applied Sciences. – 2019. – № 14(13). – P. 2443-2447.

2. Моллобаева Д.С. Исследования швейцарских ученых о пользе молока и молочных продуктов / Д.С. Моллобаева, Е.В. Пономарёва // Электронный научно-методический журнал Омского ГАУ. – 2016. – № 4(7). – 4 с.

3. Сурков В.Д. Технологические оборудование предприятий молочной промышленности: учебник / В.Д. Сурков, Н.Н. Липатов, Ю.П. Золотин. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1983. – С. 47-57.

4. Pietrzak-Fiećko R. Evaluation of Cs-137 Content in Powdered Cow Milk form Four Regions Of Poland / R. Pietrzak-Fiećko, S. Smoczyń̃ski // Polish J. of Environ. Stud. – 2009. – Vol. 18, № 4. – P. 745-748.

5. Environmental issues: A challenge for wastewater treatment / М. Choudhary et al // In Green Materials for Wastewater Treatment. – Springer: Berlin/Heidelberg, Germany. – 2020. – P. 1-12.

6. Sharahi F.J. Melamine-based dendrimer amine-modified magnetic nanoparticles as an efficient Pb (II) adsorbent for wastewater treatment: Adsorption optimization by response surface methodology / F.J. Sharahi, A. Shahbazi // Chemosphere 2017. – № 189. – P. 291-300.

7. Андриенко П.Е. Проблемы различных методов очистки воды / П.Е. Андриенко, Ж.А. Арушанян // Научные исследования молодых ученых: сборник статей XXVI Международной научно-практической конференции. – Пенза: МЦНС Наука и Просвещение. – 2024. – С. 32-35.

8. Патент РК №30570, G01N 15/00 Стенд для моделирования фильтрации жидкостей. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственный университет им. Шакарима города Семей» / Какимов А.К., Ибрагимов Н.К., Какимова Ж.Х., Байбалинова Г.М. и другие. опубл.16.11.2015, бюл. № 11. – 3 с.

9. Базанова А.К. Сұйық тамақ өнімдерін улы заттардан тазартуға арналған қондырғы / А.К. Базанова, А.К. Какимов, Н.К. Ибрагимов //«Қазақстан – тоңазыту 2025» XIV халықаралық ғылыми-техникалық конференция баяндамаларының жинағы 29-30 сәуір 2025, – Б. 30.

10. Nanotechnology for sustainable wastewater treatment and use for agricultural production: A comparative long-term study / P.D.L.C. Bueno et al // Water Res. – 2017. – № 110. – P. 66-73.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Базанова А.К., Кәкімов А.Қ., Ибрагимов Н.К., Майоров А.А. СҮТ ҚҰРАМЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ МӨЛШЕРІН ТӨМЕНДЕТУГЕ АРНАЛҒАН АДСОРБЦИЯЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫНЫ ЖЕТІЛДІРУ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы. 2025;(3(19)):197-202. https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-3(19)-21

For citation:


Bazanova A.K., Kakimov A.K., Ibragimov N.K., Mayorov A. IMPROVEMENT OF AN ADSORPTION UNIT FOR REDUCING TOXIC SUBSTANCES IN MILK: A COMPARATIVE ANALYSIS. Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. 2025;(3(19)):197-202. (In Kazakh) https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-3(19)-21

Қараулар: 6


ISSN 2788-7995 (Print)
ISSN 3006-0524 (Online)
X